Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi, бақылау функцияларын және заңнамада әрi осы Кеңсе туралы ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган болып табылады.
Кеңсенің миссиясы: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ақпараттық-талдау және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау саласында бірыңғай саясатты жүзеге асыру.
Кеңсенiң негізгi мiндеттерi мыналар
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi мен Үкiметiнің қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, құжаттамалық және өзге де қамтамасыз ету;
мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шараларды әзірлеу;
мемлекеттiк органдарды ақпараттық-телекоммуникациялық қамтамасыз етудiң бiрыңғай жүйесiн, оның iшiнде ақпараттық дерекқор құру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру;
Yкiмет пен Премьер-Министрдің актілерін дайындау және орындау процесінде мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру;
Мемлекет басшысының актілері мен Үкiметке берiлген тапсырмаларының, Yкiмет пен Премьер-Министр шешiмдерiнің, Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Кеңсе Басшысы және оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалу мерзiмiн бақылау;
Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы үшiн олар тиiстi құжаттарға қол қою не оларды келiсу туралы шешiм қабылдауы кезiнде оның нәтижелерi бойынша қорытындының ақпараттық-ұсынымдық сипаты болатын Үкiмет пен Премьер-Министрдің шешiмдерi жобаларының қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де аспектiлерiне сараптама жүргізу.
Этика жөніндегі уәкілетті
Асқар Серікжанұлы Жәкенов
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесі бойынша Этика жөніндегі уәкілетті ‒ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары
Байланыс ақпараты:
Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел к., А 509 кабинет.
Мемлекеттік қызметкерлерді қабылдау әр айдың алғашқы сәрсенбісінде сағат 17:00-ден 18:30 аралығында жүргізіледі. Басқа азаматтарды қабылдау маусым, қыркүйек және желтоқсан айларының екінші сәрсенбісінде сағат 17:00-ден 18:30 аралығында жүргізіледі.
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы
Ғалымжан Қойшыбаев 1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететін тәмамдаған.
1995–2004 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі, Кеңесші-Уәкілі болып қызмет еткен.
2004 жылы — Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымының жанындағы Өкілетті өкілі болған. 2004–2006 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Бас инспекторы.
2006–2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі.
2008–2012 жылдары — Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы, Эстония Республикасындағы және Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы).
2012–2016 жылдары — Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасы мен Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы).
2016 жылдан бастап — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.
2019 жылғы 26 наурызда Үкімет қаулысымен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.
2019 жылғы 18 қыркүйекте ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.
ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары
1963 жылы 12 наурызда ҚазКСР-да туылған.
Еңбек өтілі:
1979 жылы – Маңғыстау облысындағы Ералиев поселкісіндегі орта мектеп оқытушысы.
1985–86 жылдары – Қазақстанның Орталық Мемлекеттік музейінің ғылыми қызметкері;
1986–88 жылдары – Қазақ Энциклопедиясының ғылыми редакторы;
1988–91 жылдары – «Жалын» журналының жауапты хатшысы;
1991–95 жылдары – ҚазМУ аға оқытушысы;
1995–97 жылдары – Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының жауапты қызметкері;
1997–2000 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі канцеляриясы консультанты, сектор меңгерушісі, бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
2000–2002 жылдары – Астана қаласындағы мәдениет департаменті бастығы;
2002–2003 жылдары – Мәдениет Комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат пен қоғамдық келісім вице-министрі;
2003–2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрі;
2004–2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат пен спорт вице-министрі;
2006 жылдын мамыр-қыркүйек айларында – Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары;
2006–2008 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары;
2008 жылдын сәуір-мамыр – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Акционерлік қоғамы аппаратының жетекшісі;
2008-2019 жылдары – Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» Акционерлік қоғамының президенті.
2019 жылдың шілде айынан бастап ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары.
ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары
1983 жылы Қостанай облысында туған.
Қостанай бизнес колледжін «Менеджмент және бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Монтана университетін (Монтана штаты, АҚШ) мемлекеттік басқару магистрі дәрежесімен бітірген, Гарвард бизнес мектебінде жоғарғы басшыларды даярлаудың үш жылдық бағдарламасын тәмамдаған.
2002-2007 жж. мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға белсене қатысқан. Қазақстан студенттер альянсын басқарған, Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры қызметін атқарған.
2009-2011 жж. мемлекеттік басқару саласында жұмыс істеді. «Мемлекеттік қызметшілер персоналын басқару бойынша ұлттық орталық» АҚ департамент директоры, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ректорының кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтының директорының орынбасары болып тағайындалған. Мемлекеттік басқару реформалары жөніндегі Еуропалық комиссияның ұлттық сарапшысы болды.
2011-2013 жж. «Apex Consult» ЖШС — 2010 жылы құрған стратегиялық маркетингтік коммуникациялар саласындағы консалтингтік агенттіктің бас директоры қызметін атқарды.
2013-2014 жж. — Хатшылық басшысы – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі.
2014-2016 жж. — «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы.
2016-2017 жж. — «Apex Consult» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы.
2017 ж. қараша айынан — «Нұр Отан» партиясының саяси жұмыстар департаменті директорының орынбасары, 2018 ж. — департамент директоры болып тағайындалды.
2018 жылғы шілде айынан 2019 жылғы тамыз айы аралығында — Шымкент қаласының әкімінің орынбасары лауазымын атқарды, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және инвестициялар, ауыл шаруашылығы, туризм, цифрландыру мәселелеріне жетекшілік етті.
ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары
1975 жылы 13 қыркүйекте Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және «Қайнар» университетін тәмамдаған.
1998-1999 жылдары — Қарағанды қаласындағы «Каргормаш-ИТЭКС» ЖТАҚ сыртқы экономикалық байланыстар, кеден ісі және банк бойынша жетекші маман.
1999-2002 жылдары — ҚР Әділет министрлігінде жетекші маман, бас маман, басқарма басшысы.
2002-2003 жылдары — ҚР Әділет министрлігі басқарма басшысының орынбасары.
2003-2004 жылдары — ҚР Әділет министрлігі басқармасының басшысы.
2004-2012 жылдары — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2012-2013 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2013-2019 жылдары — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.
Айдын Мейрамбекұлы Кәрімов
ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары
1988 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазақ қаржы-экономика академиясын, КАЗГЮУ университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы бастаған.
Түрлі жылдары ҚР ТЖМ «Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, информатика және ситуациялық талдау» РМК, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Телекоммуникациялар саласындағы техникалық сүйемелдеу орталығы» РМК жұмыс істеген.
2010-2011 жылдары — Астана қ. әкімінің аппаратында ақпараттық технологиялар бөлімінің меңгерушісі.
2011-2012 жылдары — Семей қаласы әкімінің көмекшісі.
2012-2013 жылдары — ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің Халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу департаментінің ЕурАзЭҚ және Кеден одағы қызметі мәселелері жөніндегі басқармасының бас сарапшысы;
2013-2014 жылдары — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Халықаралық экономикалық интеграция департаментінің Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік аясындағы Шешімдерді талдау және мониторинг басқармасының бас сарапшысы;
2014 жылы — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Халықаралық экономикалық интеграция департаментінің ЕурАзЭҚ және Кеден одағы қызметі мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы;
2014-2015 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Халықаралық экономикалық интеграция департаментінің ЕурАзЭҚ және Кеден одағы қызметі мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы;
2015-2016 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Халықаралық экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары;
2016-2017 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
2017-2019 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісі – ҚР Премьер-Министрінің хаттама шефі.
2019 жылдың сәуір айынан 2019 жылдың қараша айына дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және хаттама бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды.
Олжас Мұхтарұлы Смағұлов
ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары
1989 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Америкалық құрлықаралық университетін, Калифорния мемлекеттік политехникалық университетін, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін, Лондон экономика және саясаттану ғылымдары мектебін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2013 жылы бастаған.
Түрлі жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының бас маманы, Атырау облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы қызметтерін атқарған.
2015-2017 жылдары — Ақтөбе облысының әкімі аппараты басшысының орынбасары;
2017-2018 жылдары — Ақтөбе облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.
2018-2019 жылдары — Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың стратегиялық бастамаларын және
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталған жаңа күн тәртібін әзірледі.
Үкіметтің жаңа күн тәртібін тиімді іске асыру мақсатында БАӘ, Малайзия және Ұлыбритания сияқты елдердің үздік халықаралық тәжірибелері негізінде Үкіметтің Жобалық офисі құрылды.
Үкіметтің Жобалық офисі қызметінің негізгі артықшылықтары негізгі ұлттық сын-қатерлерге назар аудару, артық бюрократиясыз шешімдер қабылдау мүмкіндігі, икемді ұжымдық жоспарлау, сценарийлік болжау және т. б. болып табылады.
Үкіметтің Жобалық офисінің негізгі міндеттері Үкіметтің жаңа күн тәртібіндегі шараларды әзірлеу мен іске асыруға бақылауды жүзеге асыру және мониторинг жүргізу, сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты мен Қазақстанның экономикалық өсуіне әсер ететін жаңа шараларды әзірлеу болып табылады.
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі
Амангүл Құмарбекқызы Ыбыраева
1968 жылы Семей облысында дүниеге келген. Алматы сәулет-құрылыс институтын тәмамдаған. London School of Economics (Ұлыбритания), Duke University (АҚШ) қайта даярлаудан өтті.
1994-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің инспекторы, бас инспекторы, референті, бас референті, консультанты, бас сарапшысы болып қызмет еткен.
2007-2012 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі, Бөлім меңгерушісінің орынбасары.
2012-2013 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Қаржы-шаруашылық және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2013-2019 жылдары — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшылығы Хатшылығының меңгерушісі.
2019 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі.
Баспасөз қызметінің негізгі міндеттері мен функциялары:
1. Премьер-Министрдің және Үкіметтің жұмысын жариялау мақсатында отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл орнату:
2. Премьер-Министрдің қызметін ақпараттық қамтамасыз ету.
3. Премьер-Министр мен Үкіметтің жұмысын БАҚ-та жариялау мәселелерінде мемлекеттік саясатты іске асыру
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметінің басшысы
Нұрланова Зарина Нұрланқызы
1986 жылы 12 желтоқсанда Талдықорған қаласында туған. 2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Әлеуметтану» мамандығы бойынша, 2017 жылы ‒ ҚазМЗУ және UBIS университетін «Іскерлік әкімшілендіру» мамандығы бойынша бітірген.
2009-2011 жылдары коммерциялық секторда жұмыс істеді.
2011-2018 жж. «Қазконтент» АҚ құрылымында медиа жобалар бойынша атқарушы, басқарушы директор, басқарма төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарды.
2018 жылы Еуразиялық интеграция институтын басқарды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметінің басшысы қызметіне тағайындалғанға дейін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесшісі болып қызмет етті.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз хатшысы
Әкіжанов Садық Санатұлы
1984 жылы Павлодар қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «журналистика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Түрлі жылдары ҚР Президенттік мәдениет орталығының «Президенттік институтының» ғылыми қызметкері, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің бас сарапшысы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық экологиялық аудиторлар палатасы» кәсіби аудиторлық ұйымының БАҚ-пен байланыс және экономикалық мәселелер жөніндегі менеджері, «Қазақпарат» ХАА тілшісі болып қызмет атқарды.
2014-2019 жж. «Қазақпарат» ХАА-ның Пекиндегі (ҚХР) тілшілер қосынын басқарды.
Өкілдік Үкіметтің заңнамалық бастамаларын іске асыруға қатысады, депутаттардың талқылауы барысында Үкіметтің ресми позициясын ұстанады және үкіметтік және өзге де заң жобаларын Парламентте қарау барысында уәкілетті мемлекеттік органдардың Үкімет Регламентінің талаптарын орындауы бойынша бақылауды жүзеге асырады.
Өкілдік Парламентте мемлекеттік органдардың заң жобалау жұмыстарын мониторингінің қорытындысы бойынша Үкімет енгізген заң жобаларының, басқа да заңдар жобаларының өтуі және Парламент қарап жатқан және Үкіметтің қызметіне қатысы бар өзге де мәселелер туралы Премьер-Министрді, оның орынбасарларын және Кеңсе Басшысын жүйелі түрде хабардар етеді.
Өкілдік Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Үкімет мүшелерінің Парламент палаталарының пленарлық (бөлек) және бірлескен отырыстарына қатысуын және сөйлеуін, олардың депутаттармен және олардың бірлестіктерімен кездесулерін ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарын жүргізеді.
Өкілдік Парламентте қарастыратын Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша, сондай-ақ қажет болған жағдайда Үкіметтің заңнамалық бастамасын іске асыру және басқа да мәселелер бойынша Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне ақпарат береді және Кеңсені Қазақстан Сенат және Мәжіліс аппараттарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Ермек Әмірханұлы Аманшаев
1963 жылы 12 наурызда ҚазКСР-да туылған.
Еңбек өтілі:
Жиынтық-талдау бөлімінің негізгі міндеттері мен функциялары:
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Жиынтық-талдау бөлімінің меңгерушісі
Дмитрий Сергеевич Глухих
1974 жылы 19 сәуірде ҚазКСР Целиноград қаласында туған. 1996 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған.
«Есіл», «Столичный проспект», «Нива», «Азамат times», «Вечерняя Астана» газеттерінде, «Хабар» Агенттігі» АҚ-да журналист болып жұмыс істеген.
1999 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бас инспекторы қызметтерін атқарды.
2005 жылдан бастап Ақпараттық және парламентаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметінің жетекшісі болды.
2007 жыл — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі.
2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Жиынтық-талдау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқаруда.
Өңірлік даму бөлімі қызметінің негізгі бағыттары:
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі
Ерхан Болатжанұлы Омаров
1979 жылы Ақтөбе облысында туған. Қазақ көлік және коммуникация академиясын және Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
2001-2005 жылдары — Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты әртүрлі лауазымдарды атқарған, Ақтөбе қаласының «Тазалық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының «Ремсервис» ЖШС басқарған;
2005-2006 жылдары — Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мемлекеттік басқармасы бастығының орынбасары;
2006-2008 жылдары — Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мемлекеттік мекемесінің бастығы;
2008-2011 жылдары — Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары;
2011-2012 жылдары — Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары;
2012 жылы Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды;
2012-2015 жылдары — Ақтөбе қаласының әкімі;
2015-2016 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы;
2016-2017 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары;
2017 жылғы 10 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
Экономикалық бөлімнің негізгі міндеттері:
Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары:
Функциялары:
Функциялары:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі
Ғазиз Қоршабекұлы Шыналиев
1960 жылы 1 мамырда Қазақ КСР Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Түрксіб ауылында дүниеге келген. 1986 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, 1994 жылы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын тәмамдаған.
1977-1978, 1980-1981 жылдары «Поршень» Алма-Ата зауытының 2-санаттағы жартылай автоматты токарі болып жұмыс істеді.
1986-1992 жылдары — жұмысшы, шебер, аға шебер, 1-санаттағы инженер-технолог және «Қаратау» өндірістік бірлестігінің байыту фабрикасы бөлімінің бастығы.
1994-1995 жылдары — Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Аппаратының Мемлекеттік басқару басқармасының аға референті.
1995 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Аппаратының Өнеркәсіптік саясат және сауда бөлімінің аға референті болып қызмет атқарған.
1995-1996 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі бірінші орынбасарының кеңесшісі.
1996 жылы — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі.
1996-1997 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі.
1997 жылы — Энергетика және табиғи ресурстар министрінің көмекшісі, даму бағдарламаларының жетекшісі.
1997-1998 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Сараптамалық-талдау бөлімінің консультанты.
1998-1999 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Қаржы-экономикалық сараптама бөлімінің консультанты.
1999-2000 — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Өндіріс бөлімінің консультанты.
2000-2001 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі өндіріс секторының меңгерушісі.
2001 жылы — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі өндірістік сфера және инфрақұрылым секторының меңгерушісі.
2001-2007 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық бөлімі бастығының орынбасары.
2007-2019 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі қызметін атқаруда.
Бөлім қызметінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері:
Міндеті — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметінің қорғаныс қабілеттілігі, құқық тәртібі, қылмысқа және құқық бұзушылықтарға қарсы күрес, азаматтық қорғау (өнеркәсіптік қауіпсіздіктен басқа), сондай-ақ, жұмылдыру дайындығы мәселелері жөніндегі қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету.
Функциялары — ақпараттық-талдау, статистикалық, анықтамалық және өзге де материалдарды жинақтап, жүйелейді, қорытындысы бойынша жиынтық анықтамалар дайындайды.
Міндеті — инспекциялауды, бағдарламалық құжаттарды, сондай-ақ, Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшылығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Кеңсе Басшысының қорғаныс қабілеттілігі, құқық тәртібі, қылмысқа және құқық бұзушылықтарға қарсы күрес, азаматтық қорғау (өнеркәсіптік қауіпсіздіктен басқа), сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мәселелері жөніндегі актілері мен тапсырмаларын іске асыруды қоса алғанда, бақылау және мониторинг.
Функциялары:
бағдарламалық құжаттардың, сондай-ақ Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының, Үкіметінің және Кеңсе Басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпаратты, оның ішінде инспекциялау шеңберінде қарауды жүзеге асырады, қорытындылар бойынша талдамалық жазбаларды (анықтамаларды) және/немесе қарарлардың жобаларын дайындайды;
Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшылығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Кеңсе Басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау процесінде Мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Міндеті — қорғаныс қабілеттілігі, құқық тәртібі, қылмысқа және құқық бұзушылықтарға қарсы күрес, азаматтық қорғау (өнеркәсіптік қауіпсіздіктен басқа), сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мәселелері бойынша кіріс хат-хабарлармен және нормативтік құқықтық актілердің жобаларымен жұмыс.
Функциялары:
Міндеті — Ережеге сәйкес жұмылдыру тапсырмасын ескере отырып, Кеңседе және ведомстволық бағынысты ұйымда жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды бейбіт уақытта өткізуді ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі
Олег Анатольевич Федоров
Олег Анатольевич 1963 жылы ҚазКСР Алма-Ата қаласында дүниеге келген. КСРО Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған. Еңбек жолын 1984 жылы бастады.
Түрлі жылдары әртүрлі лауазымдарды атқарды, соның ішінде ішкі істер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
2008-2009 жылдары — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары;
2009-2013 жылдары — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі;
2013-2016 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі;
2016-2019 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасарының кеңесшісі;
2019 жылғы сәуір айынан бастап қазіргі дейін — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі.
Бөлім қызметінің негізгі бағыты — Кеңседе мемлекеттік құпияларды қорғау және құпиялылық режимін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Мемлекеттік құпияларды қорғау және арнайы байланыс түрлері бөлімінің меңгерушісі
Бейбітқали Айткешұлы
1997 жылғы 15 қарашада Қарағанды облысында дүниеге келген. С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін, «Тұран-Астана» университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Мемлекеттік құпияларды қорғау агенттігінен бастаған.
2002-2013 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі, бас инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары;
2013-2017 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің сектор меңгерушісі;
2017 жылғы шілде-желтоқсан — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
2018 жылғы қаңтардан бастап — Мемлекеттік құпияларды қорғау және арнайы байланыс түрлері бөлімінің меңгерушісі.
Қаржы-шаруашылық бөлімінің қызметінің негізгі бағыттары
Қаржы-шаруашылық бөлімі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім өз қызметінде Конституцияны, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және Премьер-Министрінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Кеңсе туралы ережені және бөлім туралы ережені басшылыққа алады.
Бөлімнің құрылымын, штат кестесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Кеңсе Басшысы бекітеді.
Қаржы-шаруашылық бөлімінің негізгі қызметі:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің қызметін қаржылық жағынан қамтамасыз ету, сондай-ақ ведомство жанындағы мекемелердің қаржылық және бухгалтерлік есептілік қызметін үйлестіру;
Басшылық пен Кеңсе қызметкерлерінің қызметін шаруашылық, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
Үкімет мәжілістеріне, селекторлық және кеңейтілген отырыстарға, осы іс-шараны дайындауға жауапты Кеңсенің құрылымдық бөлімдерімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы «Инженерлік-техникалық орталығы» АҚ «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК, «ҰАТ» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ және басқа ұйымдардың тиісті қызметтерімен бірге залдарды дайындауды ұйымдастыру;
Басшылық пен Кеңсе қызметкерлерін көлік қызметімен қамтамасыз ету;
Барлық ресми Үкіметтік басылымдарды («Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы», «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені» және «Үкімет бюллетені») дайындау және уақтылы шығару және оларды жазылушыларға жеткізілуін бақылау;
Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес бөлімге жүктелген басқа да функционалдық міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді.
Бөлім меңгерушісі - Мейірбеков Бердібек Қуанұлы
1962 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін және Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген, экономикалық ғылымдарының кандидаты.
1983-1991 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында Мемлекеттік банк бөлімінде әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
1991-1998 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Таукент кентінде Агромпромбанк филиалының басшысы, «Қазақстан Әлем Банкі» АҚ жетекші экономист, бас экономист, басқарма бастығы, Басқарма төрағасының орынбасары, Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің вице-президенті.
1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
1999-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі.
2012-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Қаржы-шаруашылық және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2014 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің негізгі міндеттері, функциялары
1. Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысы мен Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік органдардың іс жүргізу және мұрағат ісін ұйымдастыру мен жетілдіру жөніндегі жұмысын үйлестіру.
2. Мемлекет басшысы мен Президент Әкімшілігінің актілері мен Үкіметке берген тапсырмаларының, Үкімет пен Премьер-Министр шешімдерінің, Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Кеңсе Басшысы мен оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалу мерзімдерін бақылау.
3. Мемлекеттік тілде іс жүргізуді кезең-кезеңімен енгізу.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі
Гүлнар Амангелдіқызы Жәутікова
1972 жылғы 24 тамызда Ақмола облысында туған.
«Тарих және құқық» мамандығы бойынша Ақмола мемлекеттік педагогикалық институтын, «юриспруденция» мамандығы бойынша Еуразия гуманитарлық институтын бітірген.
1994-2006 жылдары — Ақмола облысының және Астана қаласының білім беру ұйымдарында тарих және құқық пәндерінің мұғалімі, мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары.
2006-2014 жылдары — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бас маманы, бас сарапшысы, басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары.
2014 жылдары — қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі.
Бекітемін
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Кеңсесінің Басшысы
_______ Ғ.Т. Қойшыбаев
2019 жылғы « 23 » қыркүйек
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде бөлім меңгерушілердің орынбасарлары және Өңірлік даму бөлімі бас инспекторларының, бас консультанттарының
2019 жылғы IV тоқсанға арналған азаматтарды қабылдау
КЕСТЕСІ
Қабылдау өткізетін адамның тегі, аты, әкесінің аты |
Лауазымы |
Қабылдайтын күні |
---|---|---|
Қожахметов Асхат Маратұлы |
Мемлекеттік құпияларды қорғау және арнайы байланыс түрлері бөлімі меңгерушісінің орынбасары |
2 қазан |
Әлмәдиев Бекболат Бақбергенұлы |
Бас инспектор |
4 қазан |
Әбдіхалық Абзал Жомартұлы |
Қорғаныс және құқықтық тәртібі бөлімі меңгерушісінің орынбасары |
9 қазан |
Мәдиев Олжас Хасенұлы |
Бас инспектор |
11 қазан |
Сапанов Дархан Бақытжанұлы |
Индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары |
16 қазан |
Әскеев Абылқаир Ғабитұлы |
Бас инспектор |
18 қазан |
Cәрсенбина Айнаш Тілеулесқызы |
Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары |
23 қазан |
Сұлтанғалиев Марат Қырғызалиұлы |
Бас инспектор |
25 қазан |
Сапарғалиев Талғат Болатұлы |
Экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары |
30 қазан |
Қалибеков Қанат Темірбекұлы |
Бас инспектор |
1 қараша |
Жылгелды Алдан Зашитұлы |
Бас инспектор |
6 қараша |
Өмірсерікұлы Нұржан |
Бас инспектор |
8 қараша |
Сыдықов Архат Ардақұлы |
Сыртқы-экономикалық ынтымақтастық және протокол бөлімі меңгерушісінің орынбасары |
13 қараша |
Ғазалиев Асқар Арыстанұлы |
Бас инспектор |
15 қараша |
Қарақұлова Сәулем Шапайқызы |
Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары |
20 қараша |
Таутеев Әуесбек Зпашұлы |
Бас инспектор |
22 қараша |
Төлебаева Қорлан Абайқызы |
Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары |
27 қараша |
Нұртаза Серік Жансейітұлы |
Бас инспектор |
29 қараша |
Хамитова Зағифа Әбжәлелқызы |
Кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары |
4 желтоқсан |
Қабашев Сәкен Сағынғалиұлы |
Бас инспектор |
6 желтоқсан |
Байменов Ержан Мерекеұлы |
Қорғаныс және құқықтық тәртібі бөлімі меңгерушісінің орынбасары |
11 желтоқсан |
Әлмәдиев Бекболат Бақбергенұлы |
Бас инспектор |
13 желтоқсан |
Даутов Дархан Алтайұлы |
Индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары |
18 желтоқсан |
Мәдиев Олжас Хасенұлы |
Бас инспектор |
20 желтоқсан |
Жамбулов Ержан Диасұлы |
Экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары |
25 желтоқсан |
Әскеев Абылқаир Ғабитұлы |
Бас инспектор |
27 желтоқсан |
Қабылдау сағ.10.00-ден 17.00-ге дейін өткізіледі
Өндірістік қажеттілікке байланысты азаматтарды қабылдауды жүзеге асыратын адамдарды ауыстыруға рұқсат етіледі
Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 6, «Үкімет үйі».
Жалпы хат-хабар мәселелері бойынша байланыс телефоны: 74-52-61
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен сұрау салулары бойынша байланыс телефоны: 75-01-13
Ауылда шағын құрылыстар салуға рұқсат құжаттарын жеңілдету туралы депутаттық сауал