3 қыркүйекте Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.
— Отырыста Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру шаралары, сондай-ақ, 2019 жылғы егін жинау жұмысының барысы қаралды.
— Бірінші сұрақ бойынша ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайыловтың, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбектің, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың баяндамалары тыңдалды.
— 2019 жылғы егін жинау барысы туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров пен ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев баяндады.
— ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың, ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы м.а. Алмабек Марстың, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ринат Ақбердиннің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
— Баспасөз конференциясы барысында ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров пен «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ринат Ақбердин егін жинау жұмыстарының барысы, экспортты дамыту және отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау шаралары туралы айтып берді.
— Сондай-ақ, ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров астық нарығындағы ахуал мен нан бағасы туралы айтып берді.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз
«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасының әзірленуі мен жүзеге асырылуына қатысты депутаттық сауал