10 қыркүйекте Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.
— Үкімет отырысында Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы, сондай-ақ, 2019 жылғы қаңтар–тамыздағы ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің орындалуының қорытындылары қаралды.
— Мемлекет басшысының биылғы 2 қыркүйектегі «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасымен ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов таныстырды.
— 2019 жылғы қаңтар–тамыздағы ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің орындалуының қорытындылары бойынша Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов, ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, сондай-ақ, Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев баяндама жасады.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз
«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасының әзірленуі мен жүзеге асырылуына қатысты депутаттық сауал