Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 20 мыңнан аса өтінім мақұлданды — Ұлттық Банк

Сейсенбі, 11 Тамыз 2020, 10:13:00

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Ұлттық Банікінің төрағасы Ерболат Досаев ҚР 2020 жылғы қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндама жасады.

Е. Досаев атап өткендей, коронавирус пандемиясының салдары дамыған және дамушы елдер экономикасының рекордтық төмендеуіне алып келді. Ағымдағы жылғы екінші тоқсанда АҚШ-тың ІЖӨ өткен тоқсанға қарағанда 9,5%-ға, Еуроодақта - 14,4%-ға, оның ішінде Испанияда - 18,5%-ға, Германияда - 10,1%-ға төмендеді, бұл екі ел үшін тоқсандық есептеулер тарихындағы ең төменгі мән болып табылады.

Дүниежүзілік Банктің бағалауы бойынша, әлемдік экономика Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең терең құлдырауға тап болды, ол ағымдағы жылдың соңына қарай 5,2%-ға төмендеуі мүмкін.

«Соған қарамастан, әлемнің ірі экономикалары бизнес пен халықты қолдауға арналған ауқымды мемлекеттік шығындар есебінен әлемдік экономиканың құлдыраудан өтуі мен жандана бастауы туралы мәлімдеуде. Қытай, Еуроодақ елдері және АҚШ-тың өнеркәсіптегі іскерлік белсенділік көсеткіштері айтарлықтай жақсарғаны тіркелді. Global Manufacturing PMI индексі 2020 жылғы қаңтардан бастап алғаш рет оң аймаққа өтіп, 50,3 тармаққа жетті», — деді Е. Досаев.

Экономикалардың біртіндеп қалпына келуі және энергия ресурстарын тұтынудың өсуі аясында ағымдағы жылғы шілдеде мұнай бағасы бір баррель үшін $41,2-дан $43,3 дейін 5,2%-ға өсті.

Бұл ретте әлемдік экономиканың қалпына келуіне қарамастан, әлемде коронавирустың екінші толқынының қаупі сақталуда. Ағымдағы жылғы шілдеде коронавирус таралуының өсуіне байланысты сыртқы нарықтарда белгісіздік өсті. Бұл инвесторлардың экономикалық перспективаларға қатысты алаңдаушылығын арттырды және алтын сияқты қорғаныс активтері құнының өсуіне, сондай-ақ дамушы елдер валюталарының әлсіреуіне алып келді.

Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі ағымдағы жылғы маусымда 46,8 тармаққа дейін қалпына келгеннен кейін, енгізілген карантиндік шектеулер аясында ағымдағы жылғы шілдеде 44,7 тармаққа дейін төмендеді, бұл қызмет көрсету саласындағы белсенділіктің қысқаруына байланысты.

«Жедел деректер бойынша, 2020 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ Ұлттық Банктің болжамына сәйкес -1,5%-бен салыстырғанда, жылдық мәнде 1,8%-ға қысқарды, бұл қызмет көрсету секторындағы, атап айтқанда сауда мен көлік секторындағы терең құлдырауға байланысты болды. Осыған орай, инфляциялық күтулердің тұрақтануын ескере отырып, Ұлттық Банк ағымдағы жылғы 20 шілдеде Қазақстан экономикасының өсуін қалпына келтіруді қолдау үшін пайыздық дәлізді +/- 1,5 пайыздық тармаққа дейін тарылта отырып, базалық ставканы 9,0%-ға дейін төмендетті», — деді Е. Досаев.

Жылдық инфляция ағымдағы жылғы шілдеде 7,1% құрап, Ұлттық Банктің болжамдарына сәйкес қалыптасады. Азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсуі 11,3% болды және инфляцияға негізгі үлесті қосуын жалғастыруда. Нан-тоқаш өнімдері мен жармаларда, жеміс-көкөніс өнімдерінде өсудің барынша жоғары қарқыны сақталуда, бұл ретте ет және ет өнімдері бағасының өсу қарқыны біршама баяулады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының жылдық өсуі жанар-жағар май бағасының төмендеуі аясында 5,4% деңгейінде сақталды. Төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызмет тарифтерін уақытша төмендету әсерінің біртіндеп жойылуы аясында ақылы көрсетілетін қызмет бағасының жылдық өсуі 3,0%-дан шілдеде 3,2%-ға дейін артты. Реттелетін коммуналдық қызметтердің тарифтері ағымдағы жылғы шілдеде 0,9%-ға өсті.

Келесі айларда жылдық инфляцияның 2020 жылдың соңына дейін 8-8,5% болжамды траекториясы шеңберінде бұдан әрі жылдамдай түсуі күтіледі.

«Ұлттық Банк жұмысының басым бағыттарының бірі артық өтімділікті экономикадағы қажеттілікке қайта бағыттау болып табылады. Ол үшін өткен жылдан бастап Ұлттық Банк Қаржы министрлігімен бірлесіп ұзақ мерзімді қағаздар шығарылым санын қысқарту кезінде мемлекеттік бағалы қағаздардың (МБҚ) орта мерзімді сегменттегі ұсынысын ұлғайту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде», — деді Е. Досаев.

Үйлестірілген жұмыс нәтижесінде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарынан Қаржы минстрлігінің мемлекеттік қағаздарына өтімділікті қайта теңдестіру жұмысы жүргізілуде. Ағымдағы жылғы мамырдан бастап Қаржы министрлігі 3 жылға дейінгі мерзімі бар қысқа мерзімді МБҚ шығара бастады. Өз кезегінде, Ұлттық Банк ағымдағы жылғы шілдеден бастап 1 жылдық мерзімі бар ноттар шығарылымын тоқтатты, бұл Қаржы министрлігінің тиісті МБҚ сатып алуға инвесторлардың мүддесін ынталандырады.

Нәтижесінде ағымдағы жылғы шілдеде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының көлемі 2,8 трлн теңгеге дейін 13,5%-ға төмендеді. Ағымдағы жылғы 21 ақпандағы ең жоғары мәнмен салыстырғанда төмендеу 31,6%, жыл басынан бастап – 16,9% құрады.

Бір мезгілде Қаржы министрлігі облигацияларының шығарылымы көлемінің ұлғаюы орын алды. Қаржы министрлігінің МБҚ көлемі ағымдағы жылдың басынан бастап 8,2 трлн теңгеден 9,8 трлн теңгеге дейін 19,9%-ға ұлғайды.

 Ұлттық Банктің ұсынысы бойынша Қаржы министрлігі 1 жылдан 3 жылға дейінгі барынша талап етілетін өтеу мерзімі бар МБҚ шығарылымы жоспарын 1 трлн теңге сомасына жаңартты.

Кейіннен кірістілік қисығын қалыптастырып, қазақстандық МБҚ-ны дамушы елдердің халықаралық индекстеріне енгізе отырып, МБҚ нарығын одан әрі дамыту инвесторларды тартуға, қаржы нарығын дамытуға және бюджет тапшылығын қаржыландыру көздерін әртараптандыра отырып, экономиканы тұрақтандыруға жәрдемдесетін болады.

Ұлттық Банк төрағасы атап өткендей, инвесторлардың коронавирустың екінші толқынынан алаңдаушылығының өсуіне байланысты дамушы елдер валюталарының жалпы әлсіреу үрдісі сақталуда.

«Ағымдағы жылғы маусымның соңынан 10 тамыз аралығындағы кезеңде түрік лирасы 6,9%-ға, Индонезия рупиясы – 3%-ға, Аргентина песосы – 3,3%-ға арзандады. Жалпы үрдіс аясында Ресей рублі де 3,6%-ға әлсіреді, бұған бюджеттік ереже шеңберінде Ресей Федерациясы Орталық Банкінің валютасын сатудың төмендеуі, негізгі ставка төмендегеннен кейін инвесторлардың федералдық қарыз облигацияларынан шығуы, сондай-ақ инвесторлар алған Ресей компаниялары дивидендтерінің валютасына конвертациялау ықпал етті», — деді Е. Досаев.

Дамушы елдер валюталарының әлсіреуі аясында теңгенің айырбастау бағамы ағымдағы жылғы шілдеден бастап ағымдағы жылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша бір АҚШ доллары үшін 404,07 теңгеден 418,31 теңгеге дейін 3,5%-ға әлсіреді.

Теңгенің әлсіреуі бір баррель үшін $40-тан жоғары деңгейде тіркелген мұнай бағасын белгілеумен тежеледі. 7 тамызда мұнай бағасы мұнай қорының төмендеуі және ОПЕК+ мәмілесінің сақталуы аясында бір баррель үшін $44,4 деңгейінде бекіді.

Республикалық бюджетке кепілдік берілген трансфертті бөлу мақсатында Ұлттық қор активтерін конвертациялау, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор компанияларының экспорттық валюталық түсімінің бір бөлігін міндетті сату жөніндегі ұзартылған шаралар ұлттық валютаға ішкі қолдау көрсетті.

Алдын ала бағалау бойынша, төлем балансының ағымдағы шоты ағымдағы жылғы 1 жартыжылдық үшін тікелей инвесторларға төленетін кірістердің 3,5 есе азаюы есебінен $1,2 млрд профицитімен қалыптасты.

Сауда балансының профициті 2019 жылғы 1 жартыжылдықпен салыстырғанда $9,9 млрд дейін 12,3%-ға төмендеді. Тауарлар экспорты 10,7%-ға немесе $3,1 млрд қысқарды, бұл келісімшарттарттық бағалардың төмендеуі есебінен мұнай мен газ конденсаты экспортының 8,5%-ға немесе $1,4 млрд төмендеуіне байланысты болды.

Тауарлар импорты инвестициялық тауарларды әкелудің 15,8%-ға немесе $1,1 млрд қысқаруы нәтижесінде 9,7%-ға немесе $1,7 млрд қысқарды.

Жалпы алғанда, ағымдағы жылғы 1 жартыжылдықта төлем балансының ағымдағы шотының профициті мұнайдың салыстырмалы түрде жоғары бағасына және жыл басында оны жеткізудің өсуіне, сондай-ақ тікелей инвесторлар кірістерінің айтарлықтай төмендеуіне байланысты болды. Жылдың екінші жартысында мұндай ықпал ету тоқтайды және біздің болжам бойынша ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша төлем балансының тапшылығына алып келеді.

Алдын ала деректер бойынша ағымдағы жылғы шілденің соңында халықаралық жалпы резервтер 3,2%-ға ұлғайып, $93,5 млрд құрады.

Ұлттық Банктің алтынвалюта резервтері ағымдағы жылғы шілдеде, ең алдымен, алтын бағасының өсуіне байланысты $35,3 млрд дейін 7,3%-ға немесе $2,4 млрд ұлғайды.

Ұлттық қордың активтері ағымдағы жылғы шілдеде $1,6 млрд сомасында алған инвестициялық кіріс есебінен бір айда $0,5 млрд (+0,9%) ұлғайып, $58,2 млрд құрады, бұл ретте кепілді трансферт бөлу мақсатында Ұлттық қордың активтерін $1,1 млрд конвертациялау жүзеге асырылды.

Ағымдағы жылғы маусымның соңында банк жүйесіндегі депозиттер теңгедегі салымдардың өсуі есебінен жыл басынан бері 4,4%-ға немесе 846 млрд теңгеге ұлғайып, 19,9 трлн теңге болды.

Ұлттық валютадағы салымдар 11,9 трлн теңгеге дейін 10,2%-ға (немесе 1 104 млрд теңгеге) өсті. Валюталық салымдар ағымдағы жылғы маусымның соңында 3,1%-ға (немесе 258 млрд теңгеге) азайып, 7,9 трлн теңге болды.

Нәтижесінде депозиттердің долларлану деңгейі ағымдағы жылғы маусымда 40%-ға дейін төмендеді (2019 жылғы желтоқсанда 43,1%).

Жыл басынан бері экономикаға берілетін кредиттер ұзақ мерзімді кредиттердің 11,9 трлн теңгеге дейін 0,4%-ға немесе 52,4 млрд теңгеге өсуі нәтижесінде ағымдағы жылғы маусымның соңында 13,9 трлн теңгеге дейін 0,4%-ға ұлғайды. Қысқа мерзімді кредиттер 2,1 трлн теңгеге дейін 9,8 млрд теңгеге немесе 0,5%-ға шамалы өсті. Бұл ретте, іскерлік белсенділіктің бәсеңдеуі аясында экономиканы кредиттеудің өсу қарқынының баяулағаны байқалады.

Заңды тұлғалардың теңгедегі кредиттері бойынша ставка ағымдағы жылғы мамырдағы 11,4%-дан ағымдағы жылғы маусымда 11%-ға дейін, қысқа мерзімді кредиттер бойынша – 11%-ға дейін, ұзақ мерзімді кредиттер бойынша ставка 11,1%-ға дейін төмендеді.

2020 жылғы шілдеде базалық ставканы төмендету кредиттер құнын азайтуға және банк жүйесінде өсіп келе жатқан кредиттік тәуекелдерді өтеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ Қазақстан экономикасын қалпына келтіру процесін қолдайды. 

Экономиканы қолдау шеңберінде Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру жалғасуда.

1. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылғы 7 тамыздағы жағдай бойынша банктер жалпы сомасы 454,3 млрд теңгеге 618 өтінімді мақұлдап, 266,6 млрд теңге сомасына 536 қарыз берді.

2. Төтенше жағдайдың енгізілуінен зардап шеккен шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы бойынша ағымдағы жылғы 6 тамызға кәсіпкерлер 535,9 млрд теңге сомасына 2 207 өтінім берді, 341,4 млрд теңгеге 1 279 өтінім берілді.

Сонымен қатар, Е. Досаев «7-20-25» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылғы 6 тамызға 240,7 млрд теңгеге 20 693 өтінім мақұлданғанын, оның ішінде 199,3 млрд теңге сомасына 16 868 қарыз берілгенін айтты. 

«Баспана Хит» нарықтық ипотекалық бағдарлама бойынша ағымдағы жылғы 6 тамыздағы жағдай бойынша 296,4 млрд теңге сомасына 34 904 өтінім мақұлданды, 235,6 млрд теңгеге 28 347 қарыз берілді.

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
01 Қазан 2020, 17:47
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады
01 Қазан 2020, 17:32
Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Жансейіт Түймебаевты қабылдады
01 Қазан 2020, 17:16
Қазақстан Президенті бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
01 Қазан 2020, 16:59
Үкіметте «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру барысы қаралды
01 Қазан 2020, 15:46
Мемлекет басшысы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовті қабылдады
30 Қыркүйек 2020, 18:46
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ЕАДБ басшысы Н. Подгузовпен Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
30 Қыркүйек 2020, 18:04
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірқатар елшілері мен тұрақты өкілдерін тағайындады
30 Қыркүйек 2020, 15:41
Қазақстан Президенті қайырымдылық, волонтерлік ұйымдардың және бизнес-сектордың өкілдерімен онлайн форматта кездесу өткізді
30 Қыркүйек 2020, 15:26
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.09.2020
30 Қыркүйек 2020, 14:53
Тұтынушылардың энергетика компанияларының алдындағы дебиторлық қарызы 17 млрд теңгені құрайды — Б. Атамқұлов
30 Қыркүйек 2020, 13:15
Қазақстанда заңсыз айналымнан 98,2 мың медициналық препарат пен жарты миллионға жуық медициналық маска алынды — ҚР ІІМ
30 Қыркүйек 2020, 12:22
Қазақстанда халықтың интернет сапасын бақылауына арналған сервис іске қосылды
30 Қыркүйек 2020, 11:32
Денсаулық сақтау министрлігі 5 қазаннан басқа елдермен қосымша әуе қатынасын қайта жаңғыртуды тоқтатуды ұсынды
30 Қыркүйек 2020, 10:59
33 қазақстандық фармкомпания 922 атаумен дәрілік препарат шығарады — ҚР ИИДМ
30 Қыркүйек 2020, 10:44
2020 жылдың қорытындысы бойынша ауыл халқының 99%-ына кең жолақты интернет қолжетімді болады – А. Мамин
30 Қыркүйек 2020, 10:20
4 мыңнан астам қазақстандық тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді — «СҚ-Фармация» ЖШС
30 Қыркүйек 2020, 10:17
Үкімет өңірлердің жылыту маусымына дайындығын қарастырды 
30 Қыркүйек 2020, 09:59
А. Мамин санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралардың 100% әзірлігін қамтамасыз етуді тапсырды
29 Қыркүйек 2020, 15:23
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке барды
29 Қыркүйек 2020, 15:18
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады
28 Қыркүйек 2020, 17:28
30 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
28 Қыркүйек 2020, 15:11
Ә. Смайылов инвестиция тарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
28 Қыркүйек 2020, 14:56
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға барды
28 Қыркүйек 2020, 08:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №79
27 Қыркүйек 2020, 19:34
Машина жасау, ШОБ қолдау және индустриялық жобаларды дамыту — Қостанай облысы пандемия кезеңінде қалай дамыды
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.