Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Әлихан Смайылов ЕЭК Кеңесінің онлайн отырысына қатысты

Жұма, 27 Қараша 2020, 10:12:04

Ұшақтар мен олардың қосалқы бөлшектерін әкету мерзімін ұзарту, ЕАЭО-да жұмыс іздеу үшін бірыңғай алаң құру, мемлекеттік сатып алу үшін тауарлардың шығарылған елін анықтау. Осы және тағы басқа мәселелерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің премьер-министрлерінің орынбасарлары Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің онлайн отырысында талқылады. Қазақстандық тарап Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов төрағалығымен қатысты.

Жалпы, қатысушылар халықаралық ынтымақтастық, мемлекеттік сатып алу, техникалық және кедендік реттеу салаларындағы 33 мәселені қарады.

Атап айтқанда, ЕЭК Кеңесінің шешімімен ұшақтар мен олардың қосалқы бөлшектерін уақытша әкету мерзімі 1 жылға дейін ұзартылды, бұл шара 2020-2021 жылдар ішінде қолданылатын болады. Бүгінге дейін бұрын жөндеу немесе техникалық қызмет көрсету үшін әкетілген ұшақтар мен олардың қосалқы бөлшектері (оның ішінде қозғалтқыштар) қайта әкелу кезінде оларды 6 ай ішінде кері әкелу шартымен кедендік әкелу баждарын төлеуден босатылатын. Бірақ, карантиндік шектеулерді ескере отырып, белгіленген мерзімде қайтаруды жүзеге асыру қиынға соқты. ЕЭК Кеңесінің шешімімен мерзімі 1 жылға айға дейін ұзартылды бұл шара 2020-2021 жылдар ішінде қолданылатын болады.

Отырысқа қатысушылар мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларының жобасын мақұлдады. 

Қағидалар бір мүше мемлекеттің өнім берушісі ЕАЭО-ның басқа елінің мемлекеттік сатып алуларына қатысқан кезде тауарлардың шығарылған елін айқындау тәртібін реттейтін болады. Тауарлардың осы талаптарға сәйкестігі белгіленген преференцияларды алуға және шектеулер мен тыйым салуларға ұшырамауға мүмкіндік береді. Ереже ағымдағы жылдың соңында бекітілетін болады.

ЕЭК кеңесі жобаның үлгілік бағдарламалық қамтылымын пайдалану құқығын, техникалық және пайдалану құжаттамасын ЕАЭО елдеріне ұлттық ақпараттық жүйелерде өтеусіз негізде беру бөлігінде «Шекарасыз жұмыс» іздестірудің біріздендірілген жүйесі» жобасының паспортына өзгерістер енгізді.

Жобаның мақсаты ЕАЭО елдерінің жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту саласындағы ақпараттық жүйелерінде қамтылған бос жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын іздеушілер туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін іздестіру жүйесін құру болып табылады. Жобаға барлық мүше мемлекеттердің ұлттық жүйелері тартылған. Осы жобаны іске асыру ЕАЭО азаматтарына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағындағы бос орындар мен түйіндемелерге қол жеткізуге, сондай-ақ лицензиялық шартқа қол қойылғаннан кейін интерактивті өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, Кеңес мүшелері Еуразиялық «бестік» елдерінде цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесін қалыптастыру және іске қосу үшін сервистер мен цифрлық инфрақұрылым тізбесін бекітті. ЕАЭО цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесі іскер әріптестерге тиімді қорғалған ортада жеткізілімдердің бүкіл тізбегі бойынша логистикалық ақпаратпен алмасуға көмектесуге, сондай-ақ елдер ішіндегі және халықаралық деңгейдегі уәкілетті органдармен заңдық маңызы бар электрондық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған. Экожүйені 2025 жылға қарай қалыптастыру жоспарлануда.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
22 Қаңтар 2021, 19:30
Жандос Бүркітбаев ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 19:22
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді
22 Қаңтар 2021, 17:11
Мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады
22 Қаңтар 2021, 16:46
Марат Оразаев ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 12:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №935 Қаулысы
22 Қаңтар 2021, 12:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 қаңтардағы №11 Қаулысы
22 Қаңтар 2021, 10:19
Талғат Момышев ҚР Энергетика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 09:33
Аида Құрманғалиева ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды 
22 Қаңтар 2021, 09:25
Жәнібек Нөпіров ҚР Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 09:04
Ералы Тоғжанов Жамбыл облысының Қордай ауданында жұмыс сапарымен болды
21 Қаңтар 2021, 19:26
Арман Жұмабеков ҚР Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
21 Қаңтар 2021, 19:02
Ғабидолла Әбдірахымов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
21 Қаңтар 2021, 18:35
Өркен Бисақаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды
21 Қаңтар 2021, 17:25
АӨК көрсеткіштерінің тұрақты өсімі және бизнес жүргізудің көшбасшы позициялары — Түркістан облысының 2020 жылғы даму қорытындылары
21 Қаңтар 2021, 15:34
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан қаласының даму барысын тексерді
20 Қаңтар 2021, 21:10
Медициналық сақтандыруды іске асырудың бірінші жылы: қорытындылар мен 2021 жылға арналған міндеттер
20 Қаңтар 2021, 17:49
Инвестициялар өсімі, өнеркәсіп өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын ашу — 2020 жылы Солтүстік Қазақстан облысының дамуы
20 Қаңтар 2021, 16:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы №7 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №4 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы №2 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:16
Қазақстан Президенті Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
20 Қаңтар 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы №1 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы №12 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы №9 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №3 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
19 Қаңтар 2021, 21:40
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
19 Қаңтар 2021, 19:42
Әсет Тұрысов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды
19 Қаңтар 2021, 19:02
Абылайхан Оспанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды
19 Қаңтар 2021, 18:40
Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады
19 Қаңтар 2021, 18:14
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
19 Қаңтар 2021, 11:10
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.01.2021
19 Қаңтар 2021, 11:02
2021 жылдың соңына дейін 6 млн жуық қазақстандықты вакциналау көзделген — ҚР ДСМ
19 Қаңтар 2021, 10:58
Карантиндік шараларға 10 мыңнан аса полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылған — Е. Тұрғымбаев
19 Қаңтар 2021, 09:45
Қазақстанда 1 ақпанда халықты жаппай вакциналау басталады
18 Қаңтар 2021, 20:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жаңа тағайындалған ұлттық экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерін таныстырды    
18 Қаңтар 2021, 17:46
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Жарлыққа қол қойды
18 Қаңтар 2021, 16:15
19 қаңтар күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қаңтар 2021, 10:29
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №95
16 Қаңтар 2021, 12:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №937 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №949 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №915 Қаулысы
15 Қаңтар 2021, 19:07
Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
15 Қаңтар 2021, 17:08
Бақытжан Темірболат «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директоры қызметіне тағайындалды
15 Қаңтар 2021, 16:25
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
15 Қаңтар 2021, 12:55
Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысты
15 Қаңтар 2021, 11:56
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі
15 Қаңтар 2021, 10:04
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Жарлыққа қол қойды
14 Қаңтар 2021, 19:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №965 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 19:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №950 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.