Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Б. Сапарбаев Токиода өтетін Олимпиада‒2020-ға дайындық мәселелерін талқылады

Бейсенбі, 31 Қазан 2019, 13:01:35

Сәрсенбі күні, 30 қазанда, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев дене шынықтыру мен спортты дамыту мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді.

Кеңеске қатысушылар бұқаралық спортты дамытудың одан әрі дамыту шараларын, ұлттық құрама командалардың 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындары мен Паралимпиада ойындарына дайындығы және басқа да өзекті мәселелерді талқылады.

Кеңесте ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Ұлттық Олимпиада комитетінің спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов, Ұлттық Паралимпиада комитеттің атқарушы директоры Ерлан Сүлейменов, сондай-ақ, спорт федерацияларының өкілдері мен ұлттық құрама командалардың бас жаттықтырушылары сөз сөйледі.

«Өздеріңіз білетіндей, ел басшылығы бұқаралық спортты және жоғары жетістіктер спортын дамыту жөнінде нақты міндеттер қойды. Бұқаралық спорт саласындағы басым бағыт ‒ ел халқының жүйелі дене шынықтырумен және спортпен айналысуын арттыру. Биыл бұл көрсеткіш 30%-ға жетуі керек», — деді Б. Сапарбаев.

Сонымен қатар, ол 2020 жылғы Олимпиада ойындарына лицензиялардың аз алынғанына назар аударды.

«Олимпиада ойындарына 8 ай қалды, біздің спортшылар 21 лицензия жеңіп алды. Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға дейін бізде осындай уақытта 45 лицензия болған. Сіздердің алдарыңызда кем дегенде 100 лицензияны жеңіп алу міндеті тұр», — деді вице-премьер.

А. Райымқұлованың айтуынша, елімізде 38 мың спорт ғимараты бар, оның ішінде 27 мыңы ‒ білім беру нысандары, 11 мыңы ‒ спорт нысандары. Статистикаға сәйкес, 5,5 млн қазақстандық дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысады.

Министр бұқаралық спортты дамытуға кедергі келтіретін мәселелердің қатарында нұсқаушылар мен әдіскерлердің жетіспейтіндігіне тоқталды. Әсіресе, Ақмола облысында мамандар жетіспейді.

«Спорттық құрал-жабдықтармен жарақтандыруды да жақсарту артық етпейді. Біздің мәліметтеріміз бойынша мектептердің тек 66%-ы ғана арнайы спорттық жабдықтармен жарақтандырылған», — деді ол.

Өз кезегінде Е. Қанағатов Токио Олимпиадасында 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы ойналатынын айтты. Алғаш рет 5 спорт түрі қосылды, атап айтсақ: каратэ, құзға өрмелеу, бейсбол, скейтбординг және серфинг.

«Рио-де-Жанейродағы Олимпиададан кейін алдағы Олимпиада ойындарына дайындық бойынша кешенді шаралар әзірленді. Ең алдымен, біздегі әлсіз позициялар бар салаларға назар аудардық ‒ бұл спорт медицинасы және спортшылардың жаттығуы үшін жағдай жасау. Қазір спорттың барлық түрлерінде құрама командаларда дәрігерлер, массаж жасаушылар, диетологтар және басқа да мамандар бар, олар жаттығу жиындары мен жарыстарда командаларды сүйемелдеп жүреді. Бүгінде біз 100-ден астам спорт медицинасы мамандарын тарттық, олар жаттықтырушылар құрамымен бірге ұлттық құрама командаларды дайындауға қатысуда», — деді Е. Қанағатов.

Оның айтуынша, допингке қарсы жұмысқа ерекше назар аударылады. Осы тоқсанның өзінде 15 семинар өткізілді. Қазақстанның ұлттық допингке қарсы орталығымен белсенді ынтымақтастық орнатылған.

Биыл қазақстандық спортшылар әлем чемпионаттарында рекордты 19 медаль жеңіп алды, бұл жақсы әлеуеттің барын көрсетеді.

Кеңесті қорытындылай келе, вице-премьер барлық мүдделі тараптардың өзара әрекеттесуі қажет екенін атап өтті.

«Бейінді министрлік, ұлттық олимпиада комитеті, федерациялар және өңірлер арасында тығыз өзара іс-қимыл орнауы керек. Сонда біз жақсы нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Сонымен қатар, бұқаралық спортты дамытуға белсенді араласу қажет. Қазақстанда 11 мыңнан астам спорт нысаны бар, мектептердің 86%-ы спорт залдарымен жабдықталған. Болашақ чемпиондарды тәрбиелеу үшін балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту қажет, халық арасында спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау керек. Барлық мүмкіндіктер жасалған. Үкімет федерацияларды үнемі қолдап келді және одан әрі қолдай бермек. Біздің басты міндетіміз ‒ Токио Олимпиадасында Қазақстанды лайықты түрде көрсету», — деп түйіндеді Б. Сапарбаев.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
28 Қыркүйек 2020, 17:28
30 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
28 Қыркүйек 2020, 15:11
Ә. Смайылов инвестиция тарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
28 Қыркүйек 2020, 14:56
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға барды
28 Қыркүйек 2020, 08:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №79
27 Қыркүйек 2020, 19:34
Машина жасау, ШОБ қолдау және индустриялық жобаларды дамыту — Қостанай облысы пандемия кезеңінде қалай дамыды
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.