Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Бердібек Сапарбаев балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Жұма, 29 Қараша 2019, 09:35:22

Бейсенбіде, 28 қарашада, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарларының қатысуымен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді.

ҚР білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринованың берген мәліметіне сәйкес, осы жылдың 10 айында республикада кәмелетке толмағандарға қатысты 1931 қылмыс тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгеймен бірдей. Өсім Алматы қаласында – 46,6%, Жамбыл – 27,8%, Атырау – 23% облыстарында байқалады.

Вице-министр балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларының бірі — білім беру мекемелерін бейнекамералармен жабдықтау екенін атап өтті. Осылайша, мектепке дейінгі мекемелердің 74,5%-ы және мектептердің шамамен 80%-ы бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. Қамтамасыз етудің төмен пайызы Солтүстік Қазақстан облысында, Ақмола және Қостанай облыстарында байқалады.

Сонымен қатар, мектептердің 33% астамында аула дәретханалары бар. Атап айтқанда, Түркістан облысында мпектептердің 60,3%, Жамбыл облысында — 59,7%, Алматы облысында — 54,6%. Балаларды тасымалдау үшін қосымша 186 мектеп автобусы қажет. 

Сонымен бірге, Шолпан Каринова балалар суициді, балалардың қазасы мен жарақаттануы туралы бірқатар сұрақтарға тоқталды. Осы проблемаларды шешу үшін кәмелетке толмағандардың құқығын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу және жасөспірімдер арасындағы суицидтік мәселелерін шешу бойынша Жол картасы жасалып жатыр.

Атап айтқанда, ата-аналардың жауапкершілігін және мектептегі психологиялық қызметтің жауапкершілігін арттыруды, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатайтуды, білім беру мекемелері мен балалар жаппай баратын орындардың жанында жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты фото және видеоға түсірудің стационарлық жүйелерін қамтамасыз етуді қарастырады.

Сондай-ақ, балалар аттракциондары мен батуттарын орнату, пайдалану және олардың техникалық жағдайы үшін жауапкершілікті арттыру күтілуде.

Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғали Заппаров кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар 4%-ға, оның ішінде зорлау 40%-ға және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық 24%-ға өскенін атап өтті.

Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық қылмысының артуы БҚО-да 140%, Павлодар облысында — 75%, Қостанай облысында — 54%, Алматы облысында — 49%, Жамбыл облысында — 28%, Ақмола облысында — 17% құрап отыр. 

«Мұндай қылмыстардың 75%-ға жуығын жақын-жуықтары жасайды: өгей әкелері, әкелері, бірге тұрып жатқан адамы, туыстары, көршілері мен таныстары. Ал ата-аналар болса құқықтық салдарынан қашып, бұл фактілер туралы құқық қорғау органдарына хабарламайды», — деді А. Заппаров.

Оның айтуынша, жасөспірімдер арасындағы қылмыс жыл сайын орта есеппен 6%-ға төмендеп келеді, ал биылғы жылдың өткен кезеңінде 9%-ға азайған. 

«Барлық қылмыстарды дерлік мектептер мен колледждердің оқушылары жасайды – 88%. Оқушылардың жасаған қылмыстарының өсуі Жамбыл облысында 30%, Маңғыстау облысында — 18%, Қызылорда облысында — 13% тіркелді. Оқу мекемелерінің қабырғасында 15 қылмыс жасалды», — деді ол. 

Сонымен қатар А. Заппаров оқу мекемелерінде қауіпсіздік деңгейін арттыру қажеттігіне назар аударды. 

«Еліміз бойынша мектептердің тек 8% немесе 535 мектеп күзет фирмаларымен келісімшарт жасасқан. Қалған мектептерде күзет қызметін вахтерлер, ал көп жағдайда олар – зейнеткерлер, атқарған. Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Шымкент қаласында күзет фирмаларымен бірде-бір келісімшарт жасалмаған», — деді ол.

Мектеп аумағында құқықтық тәртіпті сақтау үшін мектеп полиция инспекторлары бірлігі енгізілген, қазір олардың саны 2 мыңнан асады. Бірақ тағы сонша маман жетіспейді. 

Сөз өйлегендердің баяндамаларын тыңдаған соң Бердібек Сапарбаев балаларға қатысты бұл қайғылы жағдайлардың жауапты мемлекеттік органдардың үйлесімді, алдын алу және жүйелі жұмыстардың жүргізбеуінің салдары екенін айтты. 

«Біздің балаларымыздың қауіпсіздігі біз үшін әрқашан бірінші орында. Мәселе мынада, біз өрт сөндіру командасы сияқты жұмыс істейміз, қайғылы жағдай орын алған соң барып қарбаласамыз. Ең қолайлы жауап – ақша жоқ. Бірақ, біздің проблемаларымызды шешкісі келмейтін басшылар ғана осылай жауап береді. Барлық әкімдерге келесі жылдың 1 қыркүйегіне дейін мектептерді жылы дәретханалармен және бейнебақылау жүйесімен жабдықтау, мамандандырылған арнайы күзетпен қамтамасыз ету тапсырылды», — деді Б. Сапарбаев.

Сонымен қатар 2020 жылдың 1 наурызына дейін Ішкі сітер, білім және ғылым министрліктеріне, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарға мектептерді ішкі резервтер есебінен полиция инспекторларымен қамтамасыз ету мәселесін шешу тапсырылды. Вице-премьер электр желілері мен трансформаторларды қоршау, білім беру мекемелерінің периметрі бойынша қоршаулар орнату, жолдардағы балалар қауіпсіздігі шараларын күшейту, азаматтардың әлеуметтік әлсіз санаттарындағы тұрғын үйлердің газ анализаторлары мен газ датчиктерімен жарақтандыру және т.б. мәселелерге назар аударды.

Сонымен қатар, кеңесте жалақы бойынша берешекті өтеу, әлеуметтік аударымдарды уақытылы қамтамасыз ету, медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектердің сапасы мәселелері қаралды.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
28 Қыркүйек 2020, 17:28
30 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
28 Қыркүйек 2020, 15:11
Ә. Смайылов инвестиция тарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
28 Қыркүйек 2020, 14:56
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға барды
28 Қыркүйек 2020, 08:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №79
27 Қыркүйек 2020, 19:34
Машина жасау, ШОБ қолдау және индустриялық жобаларды дамыту — Қостанай облысы пандемия кезеңінде қалай дамыды
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.