Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Биылғы қыркүйекте нақты сектордың өсуімен қатар қызмет көрсету саласында белсенділік қалпына келе бастады — А. Мамин

Сейсенбі, 13 Қазан 2020, 09:49:36

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының және 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралды.

Экономиканың, банк саласының жай-күйі, республикалық бюджеттің атқарылуы, мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту туралы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев, қаржы министрі Е. Жамаубаев, өнеркәсіп пен энергетика секторындағы ахуал туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов және энергетика министрі Н. Ноғаев, агроөнеркәсіптік кешендегі жағдай туралы ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров баяндады.

Экономиканың базалық салаларында қабылданып жатқан шаралардың арқасында осы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша өсудің оң серпіні сақталуда. Өңдеу өнеркәсібінде 3,3%-ға, оның ішінде фармацевтикада 39,8%-ға, дайын металл бұйымдарын өндіруде 18,9%-ға, машина жасауда 16,6%-ға, оның ішінде автомобиль жасауда 51,6%-ға, сондай-ақ қағаз өнімдері өндірісінде 15,1%-ға және жеңіл өнеркәсіпте 14,1%-ға өсім қамтамасыз етілді.

Құрылыс көлемі 10,5%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру 9%-ға немесе шамамен 9,6 млн шаршы метрге ұлғайды. Ауыл шаруашылығында 5%-ға тұрақты өсім қамтамасыз етілді, жақсы өнім жиналды. ҚР алтын-валюта резервтері мен Ұлттық қордың активтері биылғы 1 қазанда $91,1 млрд құрады.

Металл кенін (+1,2%) және өзге де пайдалы қазбаларды (+0,4%) өндіру секілді тау-кен секторының маңызды бағыттары бойынша оң динамика сақталуда. Бұл ретте ОПЕК+ қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау қажеттілігі жағдайында мұнай өндірудің төмендеуі (-3,5%) байқалады.

Қыркүйекте қызмет көрсету секторы белсенді түрде жандана бастады – тамыз айымен салыстырғанда, сауда-саттық 2,7%-ға, байланыс 1,3%-ға, көлік және қоймалау 1,2%-ға өсті. Қызмет көрсету секторының өсуі шағын және орта бизнестің белсенділігін көрсетеді, бұл жаңа жұмыс орындарын құруға және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді.

«Көрсеткіштердің тұрақты өсу үрдісі жалпы экономиканың қалпына келуін көрсетеді», — деді А. Мамин.

Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Шымкент қаласы негізгі 7 көрсеткіштің 5-і бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың өсуін қамтамасыз етті. Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 4 көрсеткіш бойынша оң динамикаға қол жеткізілді. Мұнай-газ секторындағы өндірістің төмендеуіне байланысты артта қалған өңірлер арасында Қызылорда, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары бар.

«Жалпы, Қазақстан экономикасы пандемия мен жаһандық экономикалық дағдарыстың елеулі әсеріне қарамастан, нақты секторда да, қызмет көрсету саласында да көрсеткіштердің өсуін көрсетуде», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы өңірлердің әкімдеріне Мемлекет басшысы алға қойған барлық міндеттерді тиімді іске асыруды қамтамасыз ету үшін жұмысты жандандыруды тапсырды.

«Бюджеттің кіріс бөлігіне қатысты жыл соңына дейін бекітілген жоспардың 100% орындалуына қол жеткізу қажет. Қазіргі жағдайларда бюджеттің атқарылуы тұрғысынан орталық және жергілікті органдардың басшылары жыл соңына дейін тиімді және уақытылы игеруді қамтамасыз етуі тиіс. Жыл соңына дейін 3 ай қалды және барлық жобаларды аяқтап, жоспарларды іске асыру үшін барлық күш-жігерді жұмсау қажет», — деп атап өтті Премьер-Министр.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
24 Қараша 2020, 19:53
ЖЭК дамыту және процестерді цифрландыру — ҚР Президентінің энергетика саласын дамыту жөніндегі тапсырмалары қалай іске асырылуда
24 Қараша 2020, 16:13
ЕАЭО нарығы, өнеркәсіптік кооперация және тауар айналымы: Қазақстан экономикалық интеграция жүйесінде қалай дамуда
24 Қараша 2020, 14:07
ҚР Үкіметінің отырысы, 24.11.2020
24 Қараша 2020, 12:11
Қазақстанда орманды алқаптарда 2 млрд және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызылады - ЭГТРМ
24 Қараша 2020, 11:47
Е. Тоғжанов COVID-19 қарсы отандық вакцина шығаратын зауыттың салыну барысымен танысты
24 Қараша 2020, 11:36
Соңғы 5 жылда ҚР-да 1 334 км магистральдық газ құбыры және 20 мың км астам тарату желілері салынды 
24 Қараша 2020, 10:01
А. Мамин: елдегі экологиялық ахуалды жақсарту — Үкіметтің басым міндеті
24 Қараша 2020, 09:39
Үкіметте елді мекендерді газдандыру мәселесі қаралды
23 Қараша 2020, 19:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 жөніндегі ВАК отырысын өткізді 
23 Қараша 2020, 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды
23 Қараша 2020, 17:02
Электромобильдер өндірісі, жаңа зауыт және экспорттық нарықтарға шығу — Қазақстанның машина жасау саласын жаңа шынайылық жағдайында дамыту
23 Қараша 2020, 14:30
24 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
23 Қараша 2020, 14:21
Сенат депутаттарының шағын және орта бизнесті дамыту туралы сауалы
23 Қараша 2020, 13:46
Үкімет отандық бизнестің қызметінің жағдайын жақсарту шараларын қарастыруда
22 Қараша 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №87
21 Қараша 2020, 16:38
Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері Түркістан қаласында келіссөз өткізді
20 Қараша 2020, 18:25
Асқар Жамбакин ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды
20 Қараша 2020, 16:09
Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті
20 Қараша 2020, 13:40
Инновациялық технологиялар, электрондық құжаттама және шығындарды азайту: денсаулық сақтау саласында цифрландыру қалай дамуда
19 Қараша 2020, 20:20
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:49
Мемлекет басшысы «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы Ахметқал Медеуді қабылдады
19 Қараша 2020, 18:48
Елбасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:41
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
19 Қараша 2020, 17:53
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты
19 Қараша 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №762 Қаулысы
18 Қараша 2020, 21:19
Қазақстан Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиынына қатысты
18 Қараша 2020, 16:22
Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады
18 Қараша 2020, 14:44
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
17 Қараша 2020, 19:37
ВАК Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында COVID-19 таралуына жол бермеу жөнінде бірқатар шешім қабылдады  
17 Қараша 2020, 18:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №760 Қаулысы
17 Қараша 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №758 Қаулысы
17 Қараша 2020, 15:58
Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады
17 Қараша 2020, 13:39
ҚР Үкіметінің отырысы, 17.11.2020
17 Қараша 2020, 13:29
Сатып алушы мобильді қосымша арқылы тауардың заңдылығын тексере алады — Е. Жамаубаев
17 Қараша 2020, 13:03
Қазақстан бірқатар тауарларды міндетті таңбалауды енгізуде — Б. Сұлтанов
17 Қараша 2020, 11:34
Қазақстан «цифрлық» жұмыспен қамту орталықтарының және сырттай мүгедектікті белгілеу форматына көшуде — ҚР ЕХӘҚМ
17 Қараша 2020, 11:19
Жыл соңына дейін онлайн режимінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 90%-ға дейін жеткізіледі — ЦДИАӨМ
17 Қараша 2020, 10:02
Үкімет тауарларды таңбалау және қадағалау мәселелерін қарады
17 Қараша 2020, 09:48
2021 жылы қағаз анықтамаларды толығымен алып тастауымыз керек — А. Мамин
17 Қараша 2020, 08:50
Қазақстан Қырғызстанға COVID-19-бен күресу үшін медициналық бұйымдар жібереді
16 Қараша 2020, 18:46
Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде кеңес өткізді
16 Қараша 2020, 17:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 11 қарашадағы №752 Қаулысы
16 Қараша 2020, 11:08
17 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
15 Қараша 2020, 09:56
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №86
14 Қараша 2020, 12:56
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин елордада тұрғын үй құрылысының барысын тексерді
13 Қараша 2020, 23:00
Елбасының төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті
13 Қараша 2020, 10:43
БҚО-ға ресми сапар: Роман Скляр бірқатар индустриялық нысандарды тексерді
13 Қараша 2020, 10:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 қарашадағы №746 Қаулысы
13 Қараша 2020, 10:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 қарашадағы №745 Қаулысы
12 Қараша 2020, 12:33
А. Мамин ҚР-дағы Азия даму банкінің жаңа директоры Н. Маннапбековті қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.