Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 10 айда 24 млн астам қызмет көрсетілді

Сейсенбі, 26 Қараша 2019, 11:12:20

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кезекті Үкімет отырысында «электронды үкіметті» дамыту және тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру мәселелері қаралды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрайымы Әсемгүл Балташева Мемлекеттік корпорацияның жұмысының қорытындылары туралы айтып берді. 

Бүгінгі күнде Мемлекеттік корпорация азаматтарға 648 (89,6%) мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Ағымдағы жылдың 10 айы көлемінде 24 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілсе, азаматтарды электрондық қызметтерге оқыту бойынша ауқымды жұмыстардың нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда Корпорацияға келіп алынатын қызметтер 4,1 млн-ға азайды. Әлеуметтік зерттеу нәтижесінде халықтың қанағаттану деңгейі – 85,7 % құрады.

«Республика бойынша 16 мамандырылған орталық пен 86 сектор жұмыс істейді, 10 айда 2 млн-нан аса қызмет түрі көрсетілді, жүргізуші куәлігін беру бойынша 32% жуық қызмет (111 мың) онлайн форматта алынды. 1 шілдеден бастап Ішкі істер министірлігінің ақпараттық жүйелерді интеграциялауының арқасында, жүргізуші куәлігін алу мен автокөлікті қашықтықтан тіркеудің жаңа бизнес-процесс іске қосылды», — деді Ә. Балташева.

Мемлекеттік корпорация төрайымының айтуынша, шетелдік азаматтарға қызметтерді жеңілдету үшін 17 көші-қон орталығы жұмыс жасайды. Ағымдағы жылда 246 мың қызмет көрсетілген. Процесс 5 күннен 1 сағатқа қысқарды. Ішкі істер министірлігімен бірге мемлекеттік қызметтерді жетілдіру жалғастырылады.

Сонымен қоса, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Зерде» холдингі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, цифрлық сауаттылыққа оқыту курстарын өткізіп жатыр. 2019 жылы 664 мың кәсіби маман және 532 мың азамат оқытылды, оның ішінде 78 мыңнан аса әлеуметтік осал топтардың азаматтары оқытылды.

«Тұрғындарға EGOV порталын үйрету жұмысы – Корпорацияның тікелей міндеті. Бұл мақсатта біздің өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары мен цифрлық ХҚКО-ларды атап өту қажет. Тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін фронт-офистерді жаңадан трансформациялау жүргізілді, яғни орталықтардың 60%-ы – өзіне-өзі қызмет көрсету секторы, қалған 40% – операторлардың жұмыс орындары», — деп түсіндірді Ә. Балташева.

Барлық өңірлерде «Connection point» секторлары 13 млн-нан аса азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Өткен жылмен салыстырғанда, кеңес берулер саны 3 млн қызметке артты.

Сонымен қатар, «Қалтадағы ХҚКО» концепциясын ілгерілету үшін фронт-офистерде мобильді тіркеу секторлары жұмыс істейді, онда тұрғындар Мобильді азаматтар базасына тіркеледі және әлеуметтік желілердегі Chat-боттар, Egov, Mgov мобильді қосымшаларын орнатуды және олар арқылы қызмет алуды үйретуде көмек көрсетіледі. 

«Бүгінде 7 млн аса пайдаланушы мобильді азаматтар базасында тіркелді, 645 мыңнан астам азамат телеграм-ботты, eGov mobile жаңа мобильдік қосымшасын 205 мың азамат жүктеп алды», — деді ол.

Сонымен қатар, электрондық қызметтерді алу дағдылары бойынша 18 цифрлық ХҚКО енгізілді, яғни электрондық қызметтерді операторсыз өз бетінше алып оқытуға сыныптары бар.

Халықты оқыту бойынша 73 мыңнан астам семинар өткізіліп, оның ішінде 29 мыңын цифрлық орталықтарда және 44 мың адамды жұмыс орындарында шығу топтары барып оқытты, электронды қызметтерді (EGOV.KZ, Mgov, Chat-боттар) пайдалану дағдыларына тереңінен оқыту бойынша 1,3 млн астам сертификат берілді. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
15 Қыркүйек 2020, 10:27
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жыл соңына дейін 6%-дан аспайды — ҚР СИМ
15 Қыркүйек 2020, 10:07
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының тұрақтылығына қатаң бақылау орнатуды тапсырды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.