Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты

Жұма, 08 Қараша 2019, 09:04:19

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелеріне арналған форум жұмысына өңірлер мен облыстардың басшылары, салалық мемлекеттік органдар мен екі елдің іскер топтарының өкілдері қатысты.

Қазақстан Президенті Форумның мемлекеттер арасындағы өзара ықпалдастықты дамытуға бағытталған игі дәстүрге және толыққанды механизмге айналғанын, өткен жылдардағы ынтымақтастықтың нәтижесі осының айқын дәлелі екенін атап өтті.

«Өзара сауда-инвестициялық ықпалдастығымыз айтарлықтай кеңейді. 2003-2018 жылдар аралығында сауда көлемі 3,5 есе ұлғайды. 2018 жылы тауар айналымы 6,5 триллион теңгеден асты немесе 19 миллиард АҚШ долларына жетті», — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика, мұнай-газ салаларындағы екіжақты іс-қимылдардың өсу қарқынына оң баға берді.

«Каспий құбыр консорциумы құрылған сәттен бастап «Теңіз-Новороссийск» мұнай құбыры арқылы әлемдік нарыққа 500 миллион тоннадан астам мұнай жеткізілді. Бұл – айтарлықтай көрсеткіш. Сонымен қатар консорциум біздің елдеріміздің күш-жігерін біріктіру және сенімді шетелдік инвесторларды тарту арқылы алынатын синергия тұрғысынан тиімді. Біздің кәсіпорындарымыз Қазақстанның «Теңіз», «Королевское» және «Қарашығанақ» кен орындарында, сондай-ақ, трансшекаралық «Хвалынское», «Центральное» және «Құрманғазы» кен орындарында бірлескен жұмыстар жүргізуде», — деді Президент.

Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ аясында жүргізіліп жатқан ықпалдастықтардың нәтижелеріне тоқталды. Оның айтуынша, өңірлердің Еуразиялық экономикалық одақтың мүмкіндіктерін белсенді пайдалануы өзара сауда-саттықтың артуына, жеткізілетін тауар номенклатурасының кеңеюіне және инвестицияның ұлғаюына ықпал етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығы экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз етудің және халықтың әл-ауқатын арттырудың негізгі тетігі бола алады деп есептейді.

«Екі елде де инвестиция тарту және экспортқа ықпал ету үшін құрылған арнайы даму институттары жеткілікті. Бұл институттар тауарларды жеткізу үшін перспективалы нарықтар мен өңірлеріміздің инвестициялық және инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін сараптап, ол жайында бизнесті ақпараттандырып, елдеріміздің шекаралас өңірлерінің нарықтарын зерттеу жөніндегі бірлескен бағдарламаны әзірлеп, іске асыра алады. Бұл жұмысты тұрақты әрі жүйелі жүргізу керек деп есептеймін», — деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті шекара маңындағы өңірлердің инфрақұрылымдық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік беретін шекара маңы ынтымақтастығының бағдарламасын әзірлеуді ұсынды.

«Шекара маңы аймақтарының инфрақұрылымдық әлеуетін кеңейту және дамыту қажет. Қолданыстағы инфрақұрылым заманауи талаптарға сай келмейді. Сондықтан алдымызда ауқымды жұмыс бар. Құрылған трансұлттық дәліздерді, соның ішінде «Бір белдеу, бір жол» және «Солтүстік – Оңтүстік» мегажобаларын ескере отырып, шекаралық өткізу бекеттерін жаңғырту керек. Бүгінде өткізу бекеттерін кеңейтіп, қосымша бірнешеуін ашу қажеттігі туындап отыр», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Баяндамада екі елдің өндірістік кооперациясы саласындағы Бірлескен іс-қимылдар бағдарламасының маңызды рөл атқаратынына баса мән берілді. Президент салалық министрліктерді, өңірлерді, экспортты дамыту және қолдау институттарын үшінші елдердің нарықтарына бірлесе шығу кезінде өзара белсенді іс-қимыл жасауға шақырды. Сонымен қатар ол екі елдің бақылаушы органдарының арасында тығыз ынтымақтастық орнату пайдалы деп санайды.

«Ауыл шаруашылығы – кез келген экономиканың аса маңызды секторларының бірі екені жасырын емес. Бақылаушы органдардың осы салаға ерекше назар аударуы түсінікті және тиімді. Бірақ ол шектен шықпауы тиіс. Сондықтан әкімшілік кедергілерді болдырмау, туындайтын мәселелерді шешуде жеделдікті қамтамасыз ету үшін тиісті министрліктер мен ведомстволар арасында толыққанды, күнделікті байланыс қажет», — деді Мемлекет басшысы.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Спорт саласындағы ынтымақтастық бағдарламасын әзірлеуді, сондай-ақ, Қазақстан астанасында Бауман атындағы университеттің базасында физика-математика мектебін ашу жөніндегі бастаманы қолдады. Сәйкесінше, Ресейдің шекаралас аймақтарының бірінде «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» филиалын ашуға болады деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің соңында экологиялық проблемаларды шешудің маңыздылығын айта келе, келесі өңіраралық форумды 2020 жылы Көкшетау қаласында өткізуді, сондай-ақ, оның тақырыбын «Экология және жасыл өсім саласындағы ынтымақтастық» деп атауды ұсынды.


Форум қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:

  • «Қазақстан-Ресей» шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасының тұжырымдамасы;
  • Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігі арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы;
  • Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Ресей Федерациясының Көлік министрлігі арасындағы Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу бекеттерінің жұмысы жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасы;
  • Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Ресей Федерациясының Жастар ісі жөніндегі федералдық агенттігі арасындағы Жастар саясаты саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  • Қостанай облысының әкімдігі мен Челябі облысының үкіметі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісім;
  • Павлодар облысының әкімдігі мен Қорған облысының үкіметі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және өзге де салалардағы ынтымақтастық туралы келісім;
  • Қазақстан Республикасы Павлодар облысының әкімдігі мен Ресей Федерациясы Новосібір облысының әкімшілігі арасындағы 2019-2021 жылдарға арналған сауда-экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы мен «Ресейдің шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау банкі» акционерлік қоғамы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.

Жаңалықтар тізбегі
03 Тамыз 2020, 18:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
03 Тамыз 2020, 14:20
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
03 Тамыз 2020, 14:10
2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде беруді жоспарлап отыр
03 Тамыз 2020, 12:52
4 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
03 Тамыз 2020, 10:47
Шахмардан Байманов ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
03 Тамыз 2020, 09:32
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Тамыз 2020, 20:14
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
02 Тамыз 2020, 17:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71
31 Шілде 2020, 08:29
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
31 Шілде 2020, 08:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
30 Шілде 2020, 18:30
Ербол Оспанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 16:04
Аллен Шәйжүнісов «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 13:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды
30 Шілде 2020, 10:33
Егіннің түсімділігін арттыру, фитосанитарлық қауіпсіздік және ғылыми кадрлар даярлау - Қазақстанда аграрлық ғылым қалай дамуда
30 Шілде 2020, 08:58
Р. Склярдың Татарстанға жұмыс сапары: бірлескен өндірістер құру және инвестициялық жобаларды іске асыру
29 Шілде 2020, 20:56
Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын ерекше бақылауға алды
29 Шілде 2020, 16:57
ШОБ-ты несиелендіруді арттыру, жұмыспен қамту және әлеуметтік төлемдер төлеу — Р. Дәленов экономиканы қолдау шаралары туралы 
29 Шілде 2020, 12:11
Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді
28 Шілде 2020, 19:03
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қызылорда облысының даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді 
28 Шілде 2020, 17:32
Тиімді шарттармен ипотека беру және қолжетімді баспана салу — Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
28 Шілде 2020, 14:49
ҚР Үкіметінің отырысы, 28.07.2020
28 Шілде 2020, 11:17
Пандемия кезінде интернет пен электрондық мемлекеттік қызметтер бірінші сатыдағы қажеттілікке айналды — Б. Мусин
28 Шілде 2020, 10:20
2020 жылдың І жартыжылдығында электронды сауда нарығының көлемі 435 млрд теңгені құрады
28 Шілде 2020, 10:13
Биыл бірінші жартыжылдықта Қазақстанда электронды сауда көлемі бір жарым есе өсті
28 Шілде 2020, 10:06
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақталуда
28 Шілде 2020, 10:00
Қазақстанда карантин енгізілгеннен бастап КВИ жағдайларының 29%-ға төмендегені тіркелді
27 Шілде 2020, 13:01
28 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
27 Шілде 2020, 12:12
Алматыда медициналық көмек көрсету тәсілдерін өзгерту төсек-орын қорының жүктемесін азайтты — К. Надыров
27 Шілде 2020, 12:05
Алматыда реаниматологтардың көшпелі мобильді топтарының іске қосылуына байланысты COVID-19-дан өлім-жітім саны азайды
25 Шілде 2020, 13:19
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №70
24 Шілде 2020, 18:45
Е. Тоғжанов Маңғыстау облысында: медицина қызметкерлерімен кездесу және «СҚ-Фармация» қоймаларын тексеру
23 Шілде 2020, 19:07
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Шілде 2020, 13:03
Кадрлар даярлау, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, ауылда шағын несиелендіруді арттыру — Қазақстанда «Еңбек» бағдарламасы қалай іске асырылуда
23 Шілде 2020, 09:07
COVID-19 бойынша жедел штаб өңірлерде бақылауды күшейтуде
22 Шілде 2020, 18:42
Заңсыз қоқыстарды жою, тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлу және табиғатты қорғау — ЭГТРМ Президент тапсырмасының орындалуы туралы есеп берді
22 Шілде 2020, 15:48
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
21 Шілде 2020, 22:49
ҚР-да COVID-19-ға қатысты жағдай тұрақталды: күн сайын ауруды жұқтырғандар азайды, емделіп шыққандардың саны артты
21 Шілде 2020, 22:03
Жамбыл облысында 1200 жаңа жұмыс орнын ашумен Қазақстан-Ресей зауыты салынады
21 Шілде 2020, 15:29
ҚР Үкіметінің отырысы, 21.07.2020
21 Шілде 2020, 14:09
Өңірлер жобаларды субсидияланған статусына дейін сүймелдеу бойынша қарқынды жұмыс жүргізуі тиіс — «Атамекен» ҰКП
21 Шілде 2020, 12:19
Қазақстанда құрылыс материалдарын өндіру көлемі 3,3 есе ұлғайды — ҚР ИИДМ
21 Шілде 2020, 11:05
«Қарапайым заттар экономикасы» аясында жарты трлн теңгеге 2 мыңнан аса жоба мақұлданды
21 Шілде 2020, 11:04
Екі апта ішінде жедел жәрдемді шақырулар саны 23%-ға азайған — ҚР ДСМ
21 Шілде 2020, 10:54
Қазақстан эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру деңгейіне шықты
20 Шілде 2020, 18:39
Әсел Жанасова ҚР сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды
20 Шілде 2020, 17:47
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин цифрлық даму бірінші вице-министрі Бағдат Мусинді таныстырды
20 Шілде 2020, 15:10
21 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Шілде 2020, 11:00
Ішкі істер министрі Қазақстан Президентіне дәрі-дәрмекті заңсыз сатудың жолын кесу және карантин шараларын бұзу фактілері туралы баяндады
19 Шілде 2020, 10:08
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №69
18 Шілде 2020, 09:02
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Минскіде ЕҮАК отырысына қатысып, БР Президенті А. Лукашенкомен кездесу өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.