Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Президенті Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті

Сенбі, 01 Ақпан 2020, 12:46:10

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Мишустинді Ресей Үкіметінің төрағалығына тағайындалуымен құттықтап, Ресей Федерациясымен арадағы екіжақты стратегиялық және одақтастық қатынастарды одан әрі тереңдете берудің маңыздылығын атап өтті.

«Сіз Үкімет Төрағасы ретіндегі алғашқы шетелдік сапарыңызды Қазақстанға жасап отырсыз. Бұның символикалық мәні бар әрі біздің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы стратегиялық ынтымақтастықты және өзара іс-қимылдарды дамыту тұрғысынан да маңызы зор», — деді Президент.

Кездесуде 31 қаңтар күні Алматы қаласында Еуразиялық экономикалық одақты одан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланған Еуразиялық Үкіметаралық Кеңес отырысының қорытындылары сөз болды.

«Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің отырысына қатысқаныңызды білемін. Онда бүгінгі күннің өте өзекті мәселесі – цифрландыру талқыланды. Қазақстан бұл іспен белсенді айналысуда. Дәл осы сала бойынша сіздердің тәжірибелеріңіз мол. Сондықтан ынтымақтастыққа ниеттіміз», — деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті қабылданған келісімдер Еуразиялық экономикалық одақтың өркендеуіне тың серпін беретініне сенім білдірді.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев тауар айналымының, қызмет көрсетудің, капитал және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін кедергілерді біртіндеп жою шараларын қабылдау қажеттігін атап өтті.

Ресей Премьер-Министрі Мемлекет басшысына Нұр-Сұлтан қаласына сапарлап келуге мүмкіндік жасағаны үшін алғыс білдірді.

«Ресей мен Қазақстанды бауырластық, серіктестік және одақтастық қарым-қатынастар байланыстырады. Сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылдар қарқынды дамып, аймақаралық байланыстар мен іскерлік топтардың қарым-қатынастары нығайып келеді. Еуразиялық экономикалық интеграциялар процесінде, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ және басқа да көпжақты байланыстарда біздің елдеріміз жетекші рөл атқарады», — деді Михаил Мишустин.

Ресей Үкіметінің Төрағасы Қазақстан Президентіне Владимир Путиннің сәлемін жеткізіп, 2020 жылдың 9 мамыр күні Мәскеу қаласында өтетін Жеңіс күніне арналған шараға қатысуға шақырды.

«Жеңістің 75-жылдығына шақыруды үлкен ықыласпен қабылдап, дәл сол күні Қызыл Алаңда өтетін Жеңіс парадын тамашалауға барамын. Бұл біздің ортақ мерекеміз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы ықпалдастықтың басым бағыттарын, атап айтқанда, Жайық трансшекаралық өзенінің су ресурстарын тиімді пайдалану және экология мәселелерін талқылады.

Қазақстан Президенті екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту мақсатында екі ел Үкіметтерінің тығыз жұмыс істеуі қажет екенін айтты.

Мемлекет басшысы биыл күзде Көкшетауда өтетін, экология мәселелеріне арналған XVII Аймақаралық ынтымақтастық форумына Ресей Президенті Владимир Путиннің қатысатынына сенім білдірді. 

 


Жаңалықтар тізбегі
09 Шілде 2020, 16:13
COVID-19 бойынша жедел штаб өңірлердегі жағдайды бақылауда ұстауда
08 Шілде 2020, 19:25
Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары: экономика өсімін қалпына келтіру және ШОБ-ты қолдау
08 Шілде 2020, 18:30
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты
07 Шілде 2020, 18:40
Айгүл Шайымова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды
07 Шілде 2020, 18:35
Мәдина Жүнісбекова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:29
Нариман Мұқышев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:20
Пандемия жағдайында АХҚО қаржы нарықтарының даму көрсеткіштері қалай өзгерді
07 Шілде 2020, 12:10
Ақылы трассалардың пайда болуы, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау, жаңа технологияларды енгізу — Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С. Бармақовпен сұхбат
06 Шілде 2020, 20:15
Инвестиция тарту, ауқымды құрылыс жұмыстары және әлемде танылу — Қазақстанның бас қаласы қалай дамуда
05 Шілде 2020, 09:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №68
05 Шілде 2020, 09:37
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
04 Шілде 2020, 21:26
Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен қайта өрлеуі — түркі әлемінің рухани астанасы ретінде қалыптасудың жаңа кезеңі
03 Шілде 2020, 13:58
Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты
03 Шілде 2020, 09:16
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі
02 Шілде 2020, 16:42
Келісім жасасудың жаңа форматы және қашықтан білім беруге көшу — пандемия кезеңінде әлемдік экономиканы онлайн-талқылау қалай өтті
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
30 Маусым 2020, 11:18
АХҚО EduTech орталығын және Білім беру АТ Альянсын құруды ұсынады
30 Маусым 2020, 11:08
2030 жылға қарай Қазақстанның оқу орындары 3 млн-нан астам жаңа формациядағы маманды дайындайды — ҚР БҒМ
30 Маусым 2020, 11:06
2019 жылы көлеңкелі экономиканы қысқарту ҚР бюджетіне 1,5 трлн теңге қосымша табыс әкелді 
30 Маусым 2020, 10:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі «Цифрлық білім» ауқымды жобасын жүзеге асыруды тапсырды
30 Маусым 2020, 10:32
2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика деңгейі 20%-ға дейін төмендейді — Р. Дәленов
30 Маусым 2020, 10:12
Кәсіпкерлердің 97% онлайн-ККМ көшті — Қаржы министрлігі
29 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөнінде кеңес өткізді
29 Маусым 2020, 16:44
30 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Маусым 2020, 15:52
Волонтерлер жылы қалай өтуде, отандық БАҚ-қа қандай қолдау көрсетіледі және азаматтық қоғам қалай дамиды — А. Балаева халық алдында есеп берді
28 Маусым 2020, 09:54
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №67
27 Маусым 2020, 13:18
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
27 Маусым 2020, 12:09
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
27 Маусым 2020, 10:28
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
26 Маусым 2020, 18:59
Болат Тілепов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды
26 Маусым 2020, 18:49
Данияр Есин ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
26 Маусым 2020, 15:30
«Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін орындау Мәжілістегі фракцияның тұрақты бақылауында
26 Маусым 2020, 14:14
Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 14:12
Лязат Ақтаева ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды
26 Маусым 2020, 14:06
Марат Шоранов ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 13:39
Данияр Вагапов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 19:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді
25 Маусым 2020, 18:24
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды таныстырды
25 Маусым 2020, 18:20
Алексей Цой ҚР денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 16:18
2020 жылдың 5 айындағы әлеуметтік сала қорытындылары: жұмыспен қамтуды қалпына келтіру және қолдаудың жаңа түрлері
25 Маусым 2020, 08:58
Роман Скляр неміс компанияларымен ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады
24 Маусым 2020, 18:00
Премьер-Министр А. Мамин ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді 
24 Маусым 2020, 17:06
Қазақстан Президенті Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.