Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Аса қажетті медициналық қызметтерді қаржыландыруды ұлғайту арқылы олардың қолжетімділігін арттыруды көздейміз — А. Жұмағұлов МӘМС туралы

Жұма, 15 Қараша 2019, 13:09:19

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады. Бұл жүйенің артықшылықтары мен тиімділіктері қандай екені туралы PrimeMinister.kz-ке берген сұхбатында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов айтып берді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігі қандай? Жаңа жүйе қолданысқа енгеннен кейін медициналық қызмет саласында сақтандыру полисін алғандар үшін қандай өзгерістер болады қалады?

— 2025 жылға дейін медицина саласын қаржыландыруды жалпы ішкі өнімнің 5%-ына дейін жеткізу міндеті қойылды. Бүгінгі күні тұрғындар үшін кейбір медициналық қызметтер қолжетімді емес. Сол себепті 2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің арқасында денсаулық сақтау жүйесіне шамамен 500 млрд теңгеден астам қосымша қаражат құйылады. Салыстырмалы түрде айтсақ, биыл кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде 1 трлн теңгеге жуық қаржы бөлінген болса, енді соған қосымша тағы 500 млрд теңге бөлінеді, яғни, бөлінетін қаржы мөлшері 1,5 есе өседі. Тағы айта кететін бір мәселе, 2020 жылы кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шамамен 1 трлн теңге көлемінде, сол деңгейде қалады. Бюджетте бүгінгі күнде келесі жылға 988 млрд теңге қаражат қарастырылған. Сондықтан, тегін медициналық көмек көлемі сол күйінде қалады, кез келген азамат бұл көмекті қажет кезінде пайдалана алады. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне келетін болсақ, қаражат тапшылығына байланысты бұрын қымбат медициналық диагностикалық қызметтер, әсіресе, компьютерлік томография, МРТ, басқа да қызметтер халық үшін қолжетімді болмады немесе көптеген кезектерді күту қажет болды. Әсіресе, жоспарлы түрде жасалатын операциялар кезегін кейбір уақытта 2-3 айдан аса уақыт күту керек болатын. Енді біздің мақсатымыз ‒ аса қажет медициналық қызметтердің көлемін қаржыландыруды арттыру арқылы олардың қолжетімді болуын қамтамасыз ету. Айналып келгенде, тұрғындарға медициналық қызметтің қолжетімділігін және сапасын арттыру. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі мақсаты осы.

— Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне қандай қызметтер кіреді?

— Айта берсек, олар ‒ көп, бірақ негізгілерін атап өтейін. Олардың қатарында диагностикалық қызметтер, әсіресе, қымбат диагностикалық қызметтер, компьютерлік томография, МРТ, басқа да анализдер бар. Мысалы, онкологиялық ауруларға байланысты (қымбат бөлігіне ғана) диагностика жасау, одан бөлек, жоспарлы түрде жасалатын операциялар, мысалы, ортопедияда буындардың имплантаттарын өзгерту арқылы ота жасау бар. Оларға да қаржы бөлінетін болады. Сонымен қатар дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету қамтылады. Қысқаша айтқанда, негізгі медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық қызметтерді осындай топтарға біріктіруге болады.

— Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жарна мөлшері қандай? Ол барлық азаматтар үшін бірдей бола ма?

— Жарна мөлшеріне келетін болсақ, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұл тұста «әлеуметтік» деген сөзге көңіл бөлулеріңізді сұраймын, себебі, басқа елдердегі сақтандыру жүйесіне қарағанда, Қазақстандағы медициналық сақтандыру жүйесі «әлеуметтік» деп сараланады) азаматтардың шамамен 58-60%-ын мемлекет тарапынан сақтандырумен қамтитын боламыз. Олар ‒ 15 санаттағы азаматтар, оның ішіндегі ең көп бөлігі, әрине, балалар, студенттер, зейнеткерлер, мүгедектер, осы санаттағы азаматтарға сақтандыру жарнасы мемлекет тарапынан төленеді. Ең негізгі санаттағы азаматтар ‒ жұмыс істейтін азаматтардың жарнасы жұмыс берушінің тарапынан төленеді. Бүгінгі күні жарна мөлшері еңбекақыдан 1,5% құрайды, оны жұмыс беруші төлейді. Келесі жылдан бастап ол жарна жұмыс беруші тарапынан 2%, ал жалдамалы жұмыскердің тарапынан 1% көлемінде төленетін болады. 

— Ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің көптеген түрлерінің қолжетімсіз екені жасырын емес. Жаңа жүйе енгізілгеннен кейін ауылдарда медициналық қызметтерді алу сапасына кім жауап береді?

— Жалпы, медициналық қызметтердің қолжетімсіздігі бірінші кезекте қаржылдандырудың шектелуіне байланысты. Қаржыландыру көбейсе барлық медициналық ұйымдарда инфрақұрылымдық жағынан, әсіресе, қымбат медициналық қызметтер бойынша өзгерістер болады деп күтіліп отыр. Одан бөлек, «мамандық аясында» дейміз ғой, лор, окулист сияқты дәрігерлердің консультациясын біз бөлек статья ретінде шығарып, оны міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы қаржыландырмақ ойымыз бар. Бұл ауылдағы медицинаға қосымша қаражат алып келеді. Демек, қаржыландыру артқан кезде әрбір азаматқа қызмет көрсету көлемі мен сапасы да артады деп ойлаймыз. Ауылдық жерлерде тұратын азаматтар тек сол жердегі аудандық ауруханамен ғана шектеліп қоймай, егер қандай да бір күрделі дәрігерлік ем-шара керек болатын болса, облыс деңгейіне немесе республикалық деңгейге шығып, сол қызметті алуға мүмкіндігі бар. Бұл жағынан ешқандай шектеу жоқ.

— Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында қанша адамды қамту жоспарлануда? Қазір қанша адам есепке алынды?

— Бізде күн сайын есеп жүргізіліп отырады. Біздің есебіміз бойынша, тұрғындардың 95%-ына дейін сақтандырумен қамтылады деген жоспарымыз бар. Әрине, бұл ауқымды жұмыстар жүргізуді талап етеді. Соның ішінде, жұмыскердің тарапынан немесе жұмыс берушінің тарапынан МӘМС жарнасы кейбір кездері төленбей қалатындай жағдайлар болса, төлену жиілігін нақтылап қарап отыру сияқты жұмыстарды бүгінгі күнде біз Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп пысықтап жатырмыз. Бұл, әрине, үлкен жұмыс. Жалпы, жұмыстардың барлығы ретке қойылған соң, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылатындар саны біздің есебіміз бойынша 95%-дан асуы тиіс. 

— Осыдан бірнеше ай бұрын Қарағанды облысы тәжірибе жүзінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне өтті. Пилоттық режимдегі бұл жоба нені көрсетті? МӘМС жүйесінің қандай кемшін тұстары анықталды және олар жойылды ма?

— Өз басым, бұл пилоттық жобаны осы Қарағанды өңірінде жүзеге асырғанымыз дұрыс болды деп ойлаймын. Себебі, Қарағанды өңірінің дайындық деңгейі жоғары болды облыс әкімшілігінің тарапынан қолдау көрсетілуінің арқасында пилоттық жүйе өз нәтижесін беріп отыр. Бұл жерде негізгі мәселе ‒сақтандыру есебі туралы. Себебі, келесі жылдан бастап бізге көрсетілетін қызметтер екіге бөлінетін болады. Біріншісі ‒ кепілдендірілген тегін медициналық көмек, екіншісі ‒ сақтандыру жүйесі арқылы көрсетілетін медициналық көмек. Бөлек есебі және медициналық ұйымдармен есеп айырысу, медициналық қызметкерлердің дайындығы жағынан үлкен жұмыстар жасалды. Менің бағалауым бойынша, пилоттық жоба өзінің оң нәтижесін берді. Осы жоба негізінде нормативтік-құқықтық актілердің кейбіреулеріне өзгерістер де енгізілді, кейбір қызметтердің кейбір олқылықтары түзетілді, енді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін республика бойынша тарататын кезеңге дайындалып отырмыз. Бұдан басқа, әрбір облыстағы әкімдердің орынбасарлары мен денсаулық сақтау басқармаларының басшыларын жинап, Қарағанды өңірінде өтіп жатқан пилоттық жобаны оларға үлгі ретінде көрсете білдік. Бүгінгі күні көп аймақтар одан өзіне қажеттісін алды. 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін олар да осы жүйені енгізуге дайын болады деп ойлаймын. Бұл ретте, Үкімет тарапынан да, министрлік тарапынан да өңірлерге қойылған міндеттер бар. Ол міндеттер бойынша бүгінгі күні жұмыстар жүргізіліп жатыр.

— Жаңа жүйеден қандай нәтиже күтеміз?

— Бірінші ретте, әрине, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы артады. Осы негізгі екі көрсеткіш ‒ Қордың алдында тұрған негізгі көрсеткіштер. Сондықтан біз осы нәтижелерге қол жеткізуіміз керек деп есептеймін.

— Бұл жүйе енгізілгенге дейін азаматтар қандай дайындықта болуы керек? Қандай кеңес бересіз?

— Алдымен, әрбір азамат өзінің сақтандырылу статусын білуі қажет деп ойлаймын. Бүгінгі күні ондай мүмкіндіктер бар, оны біздің сайтқа (fms.kz) кіріп қарасаңыздар да болады. Телеграм жүйесі арқылы сақтандыру боты (SaqtandyryBot) қызмет көрсетеді. Әрбір азаматтың бүгінгі күннен бастап өзінің болашақта қай санатта болатынын, сақтандырылғанын немесе сақтандырылмағанын білуге мүмкіндігі бар. Егер азамат бұл жүйеде жоқ болса, оның себебін анықтап, бүгіннен бастап дайындалуы керек деп ойлаймын.

— Сұхбатыңызға рахмет!


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
15 Қыркүйек 2020, 10:27
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жыл соңына дейін 6%-дан аспайды — ҚР СИМ
15 Қыркүйек 2020, 10:07
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының тұрақтылығына қатаң бақылау орнатуды тапсырды
15 Қыркүйек 2020, 09:44
Биыл Қазақстанда Индустрияландыру картасы аясында құны 1 трлн теңге болатын 206 жоба іске қосылады
15 Қыркүйек 2020, 09:29
2020 жылдың 8 айында Индустрияландыру картасы бойынша 4,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды — ҚР ИИДМ
14 Қыркүйек 2020, 19:23
Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев бірқатар кадрлық тағайындау жасады
14 Қыркүйек 2020, 18:42
Ведомствоаралық комиссия бизнес нысандарының жұмысын жеңілдету бойынша шешімдер қабылдады
14 Қыркүйек 2020, 11:55
Қазақстанда Индустрия 4.0 енгізу немесе «ақылды» зауыттар карантин мен әлемдік пандемия кезеңінде өз жұмыстарын қалай атқарды
14 Қыркүйек 2020, 11:12
15 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
14 Қыркүйек 2020, 10:51
ЕЭК Кеңесінің отырысында еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары қаралды
13 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №77
11 Қыркүйек 2020, 16:18
Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
11 Қыркүйек 2020, 13:07
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді таныстырды
10 Қыркүйек 2020, 23:02
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды
10 Қыркүйек 2020, 19:20
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды
10 Қыркүйек 2020, 18:59
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді
10 Қыркүйек 2020, 17:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 Қаулысы
10 Қыркүйек 2020, 17:06
Қашықтан білім беру, мектептердегі эпидемиологиялық ахуал, ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету — Қазақстанда оқу үдерісі қалай ұйымдастырылған
10 Қыркүйек 2020, 13:12
Қазақстанда электронды өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3 жылда 8,5 есе өседі
09 Қыркүйек 2020, 20:31
Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 17:36
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 17:23
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 16:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі №560 Қаулысы
09 Қыркүйек 2020, 15:06
Роман Скляр жұмыс сапарымен Атырау облысына барды
09 Қыркүйек 2020, 12:50
ҚР Үкіметінің отырысы, 09.09.2020
09 Қыркүйек 2020, 11:59
Денсаулық сақтау министрлігі КВИ туралы: Қазақстанда емдеу мекемелерінде төсек-орындардың бос болмауы 6 есе төмендеді
09 Қыркүйек 2020, 11:31
2020 жылдың 8 айында азық-түлік өнімдері өндірісі 3,6%-ға артты — ҚР АШМ
09 Қыркүйек 2020, 11:21
Қазақстанның ішкі нарығы өзімізде өндірілген мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етілген — Н. Ноғаев
09 Қыркүйек 2020, 11:19
Қазақстанда контейнерлерді жалпы транзиттік тасымалдау көлемі 37%-ға артты — ИИДМ
09 Қыркүйек 2020, 11:02
Қабылданған шаралар еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандырды – ҚР Премьер-Министрі А. Мамин 
09 Қыркүйек 2020, 10:54
Биыл 8 айдың қорытындысы бойынша ҚР экономикасының негізгі салаларында оң динамика сақталып отыр  
09 Қыркүйек 2020, 10:53
Үкімет Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарды қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 10:25
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 604 қарыз берілді — Ұлттық банк
09 Қыркүйек 2020, 10:20
2020 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 5,5 трлн теңге кіріс түсті — Қаржы министрлігі
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.