Президент «Бижан» ет өңдеу зауыты» ЖШС-на барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысы өндіріс ғимаратын аралап көріп, облыстың ет өңдеу зауыты өндірген өнімдермен танысты. «Бижан» ЖШС – өңірдегі ет өнімін өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі. Зауытта шұжықтың 15 түрі, ет консервілері мен жартылай фабрикаттар және тағы да басқа өнім түрлері өндіріледі. Кәсіпорын 115-тен астам адамды жұмыспен қамтып отыр.
Нысанды аралау барысында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Президентке өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласын дамыту жайында мәлімет берді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев «Новопэк» ЖШС-ның жұмысымен танысты.
Мемлекет басшысы полипропилен бұйымдарын жасайтын кәсіпорындағы өнім шығару жұмысының технологиялық процесімен танысты.
Өндірілетін өнім әлемдік стандарттарға сай келеді және Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан елдеріне экспортталады. Зауытта 940-тан астам адам жұмыс істейді.
Компанияның бас директоры Рүстем Османов Президентке кәсіпорын қызметкерлеріне арналған 600 орындық жатақхананың құрылысы туралы және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынатын балабақша жайында баяндады.
Мемлекет басшысы «Ақай» тігін шеберханасына барды. Президент Ақмола облысына сапары барысында «Ақай» тігін шеберханасының жұмысымен танысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев шығарылып жатқан өнімдердің сапасын жоғары бағалап, ұжымға табыс пен өркендей беруді тіледі.
Кәсіпорын қызметкерлері Мемлекет басшысына шағын және орта бизнеске көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты.
Ауылда шағын құрылыстар салуға рұқсат құжаттарын жеңілдету туралы депутаттық сауал