Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Дүйсенбі, 11 Қараша 2019, 20:05:09

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нидерланд Корольдігінің елшісі Андрей Карстенс, Мажарстан елшісі Антал Хейзер, Грекия Республикасының елшісі Адам Георгиос Адамидис, Египет Араб Республикасының елшісі Манал Ехия Әл Шиннауи, Катар Мемлекетінің елшісі Абдулазиз бен Сұлтан Джасем Маджид Әл-Румейхи сенім грамоталарын тапсырды.

Мемлекет басшысы елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық қызметтерінің ресми түрде басталуымен құттықтап, игі миссияларына табыс тіледі.

Салтанатты шара барысында Президент шетелдік дипломаттармен шағын сұхбат құрды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нидерланд елшісіне аталған мемлекет Қазақстанның Еуропадағы негізгі серіктестерінің бірі екенін айтты.

«Біздің еліміздің «Шелл» және тағы да басқа ірі мұнай компанияларымен қарым-қатынасы өте жақсы. Мұндай ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғаса береді деп ойлаймын. Біз Нидерландының Қазақстанмен тығыз ықпалдастық орнатуға ұмтылысын жоғары бағалаймыз. Сіздің еліңіздің инвестициялық әлеуеті орасан зор», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Антал Хейзермен кездесу барысында Қазақстанның Мажарстанды Орталық Еуропадағы және Еуропалық одақ аясындағы негізгі әрі маңызды серіктесі ретінде қарастыратынын атап өтті. Президент Мажарстан Үкіметінің Будапештте Түркі Кеңесінің офисін ашу жөніндегі шешімін құптап, оған тарихи әділеттіліктің орнауы деп баға берді.

«Екі ел арасында гуманитарлық байланыстар нығайып келеді. Ал экономика саласы бойынша даму қарқыны өте жоғары. Біздің үкіметтеріміз бірге жұмыс атқаруға ерекше құлшыныс білдіріп отыр», – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Адам Георгиос Адамидиспен әңгімелесу кезінде Қазақстанның Грекиямен арадағы ынтымақтастықты дамытуға зор мән беретінін айтты.

«Біз Грекиямен осыған дейін қалыптасқан ынтымақтастықты одан әрі өркендетуге зор қызығушылық танытамыз. Сіз елші ретінде екі ел арасындағы байланысты әрі қарай дамытуға елеулі үлес қосасыз деп ойлаймын», – деді Президент.

Египет дипломатиялық миссиясының жетекшісін қабылдау сәтінде Мемлекет басшысы Президент Абдель Фаттах ас-Сисидің 2016 жылғы Қазақстанға жасаған сапары табысты болғанын атап өтіп, оған ізгі тілегін жолдады.

«Елдеріміз екіжақты қатынастарды дамыту бағытында оң нәтижелерге қол жеткізді. Халықаралық күн тәртібіндегі көптеген мәселе бойынша мемлекеттеріміздің ұстанымы ортақ», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Катар елшісіне 2019 жылдың маусым айында Душанбеде өткен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммиті аясында Әмір Тамим бен Хамад Әл-Танимен табысты кездесу өткізгенін айтты. Сондай-ақ аталған елмен ынтымақтастықтың нығая беретініне сенім білдірді.

«Біз Qatar Airways компаниясының Нұр-Сұлтан мен Доха арасында әуе қатынастарын іске қосу жөніндегі шешімін құптаймыз. Мемлекет басшысы ретінде өзім және Қазақстан Үкіметі Катармен байланыстарды нығайту үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 


Жаңалықтар тізбегі
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
15 Қыркүйек 2020, 10:27
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жыл соңына дейін 6%-дан аспайды — ҚР СИМ
15 Қыркүйек 2020, 10:07
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының тұрақтылығына қатаң бақылау орнатуды тапсырды
15 Қыркүйек 2020, 09:44
Биыл Қазақстанда Индустрияландыру картасы аясында құны 1 трлн теңге болатын 206 жоба іске қосылады
15 Қыркүйек 2020, 09:29
2020 жылдың 8 айында Индустрияландыру картасы бойынша 4,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды — ҚР ИИДМ
14 Қыркүйек 2020, 19:23
Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев бірқатар кадрлық тағайындау жасады
14 Қыркүйек 2020, 18:42
Ведомствоаралық комиссия бизнес нысандарының жұмысын жеңілдету бойынша шешімдер қабылдады
14 Қыркүйек 2020, 11:55
Қазақстанда Индустрия 4.0 енгізу немесе «ақылды» зауыттар карантин мен әлемдік пандемия кезеңінде өз жұмыстарын қалай атқарды
14 Қыркүйек 2020, 11:12
15 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
14 Қыркүйек 2020, 10:51
ЕЭК Кеңесінің отырысында еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары қаралды
13 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №77
11 Қыркүйек 2020, 16:18
Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
11 Қыркүйек 2020, 13:07
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді таныстырды
10 Қыркүйек 2020, 23:02
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды
10 Қыркүйек 2020, 19:20
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды
10 Қыркүйек 2020, 18:59
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді
10 Қыркүйек 2020, 17:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 Қаулысы
10 Қыркүйек 2020, 17:06
Қашықтан білім беру, мектептердегі эпидемиологиялық ахуал, ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету — Қазақстанда оқу үдерісі қалай ұйымдастырылған
10 Қыркүйек 2020, 13:12
Қазақстанда электронды өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3 жылда 8,5 есе өседі
09 Қыркүйек 2020, 20:31
Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 17:36
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 17:23
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.