Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды

Дүйсенбі, 23 Қараша 2020, 18:29:44

Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан салынған 1200 орындық мектеп-гимназияны аралап көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Жаңа білім ошағына жақын жерлердегі қазақ мектептерінен 900 оқушы ауыстырылған. Бұл үш ауысымда оқыту мәселесін шешуге бағытталған маңызды қадам болып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуымен танысып, бастауыш сынып оқушылары оқитын кезекші сыныптарды аралады.

Мемлекет басшысына заманауи құралдармен жабдықталған кабинеттер, STEM-лаборатория, роботтық техника және зияткерлік бөлмелер, мектеп телестудиясы мен медиастудия көрсетілді. Мектепте сабақтан тыс ұйымдастырылатын үйірме жұмыстары үшін ART-студия және хореография залы салынған.

Президент жаңа мектеп-гимназияға Абайдың есімін беру жөніндегі ұсынысты қолдады. Оқу ошағы ұлы ақын әрі ойшылдың мұраларын зерттеу, насихаттау орталығына айналады. Мектеп базасында қалалық қана емес, облыстық іс-шаралар да өткізіледі. Ол үшін 700 орындық акт залы бар. Оның іші Абай шығармашылығымен безендірілген.

Сонымен қатар Президентке коронавирус пандемиясы кезіндегі оқу үдерісінің ұйымдастырылуы жөнінде мәлімет берілді. Жаңа оқу жылында өңірдегі 504 мектепте 204 мың оқушы, соның ішінде, 22 мың бірінші сынып оқушысы білім алуда.

Контингенті 300-ден аспайтын 279 мектеп штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Мұндай оқу орындарында 29 мыңға жуық оқушы оқиды. Бастауыш және бесінші сынып оқушылары үшін 6166 кезекші сыныптар ұйымдастырған. Бұл сыныптарда 77 мыңнан астам бала оқып жатыр. Бүкіл білім беру мекемелерінде санитарлық режим барынша күшейтілген.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қарағандыдағы бірқатар спорт нысанын аралап көрді. Қазақстан Президенті Қарағанды қаласындағы жаңадан салынған теннис орталығының жұмысымен танысты. Орталықта бір мезгілде 650 бала жаттыға алады.

Нысанның инфрақұрылымы әлемнің ең озық стандарттарына сай келеді. Мұнда 11 корт бар, оның 7-уі жабық. Сонымен қатар жалпы және арнайы дене шынықтыру жұмыстарына арналған залдар бар.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа орталықтың техникалық жабдықталуы туралы егжей-тегжейлі баяндалды. Атап айтқанда, орталықта ATP/WTA Challenger деңгейіндегі әлемнің үздік 100 ойыншысы қатысатын халықаралық және республикалық теннис жарыстарын өткізуге, сондай-ақ, отандық спортшылардың кәсіби шеберлігін шыңдауға мүмкіндік жасалған.

«Қала өміріндегі осындай маңызды нысанның пайдалануға берілуімен құттықтаймын. Біз қазір бұқаралық спортты дамытуды мақсат етіп отырмыз. Мына спорт орталығы барлық балалардың үлкен тенниспен шұғылданып, денсаулығын күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл көпжақты әрі ыңғайлы нысан. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Жәмішұлы Өтемұратовқа ризашылығымды білдіремін», – деді Мемлекет басшысы.

Орталықтың жалпы көлемі 7,8 мың шаршы метрді құрайды. Онда мәжіліс залы мен 2 кафетерий және қонақ үй кешені бар.

Шаһар шаруашылығын дамытудың үздік әлемдік тәжірибелеріне сәйкес теннис орталығының айналасындағы 1,5 гектар аумақ толығымен абаттандарылып, көгалдандырылған. Нысан құрылысына жеке инвесторлар 2,4 млрд теңге көлеміндегі қаражат салған.

Қазақстанның теннис федерациясы орталықты әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етіп, операциялық басқару қызметін үйлестіреді.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Үстел теннисі орталығының жұмысымен танысты. Жаңадан ашылған спорт нысанында 18 үстелге арналған ойын залы, 9 теннис үстелі орналасқан жаттығу залы, медицина және массаж кабинеттері, жаттығу залы, әкімшілік ғимараты, төрешілер мен бапкерлердің бөлмелері, мәжіліс залы мен VIP-орындар бар.

Заманауи үстел теннисі орталығының ашылуы оқу-жаттығу жұмыстарын сапалы өткізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ, республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде ел спортшыларының шеберлігін шыңдауға ықпал етеді. Орталықта күніне 400 адам үстел теннисін ойнай алады.

Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамытудың, дене шынықтырумен және спортпен айналысатын халықтың санын арттырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар Президент аталған орталықтың салауатты өмір салтын насихаттауға, аймақтағы үстел теннисімен шұғылданатын адамдардың қатарын арттыруға және оны дамытуға зор ықпал етеді деп сенім білдірді.

«Бұл тек жаттығып қана қоймай, халықаралық жарыс өткізуге барлық жағдай жасалған әдемі орталық екен. Үстел теннисінің президенті Данияр Әбілғазинге, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекке, Қазақстан үстел теннисі құрамасының бас бапкері Эльмира Әлиеваға алғыс айтқым келеді. Болашақта үлкен жеңіске жетесіздер деп үміттенемін. Көп жаттықсаңыздар, жетістік те мол болады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Орталық құрылысына Қазақстан Республикасының Үстел теннисі федерациясы 1 млрд 950 млн теңге қаржы жұмсаған.

Биыл Қарағанды облысында 85 спорт нысаны пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Мемлекет басшысы Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары аясында «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының даму перспективасымен танысты.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Президентке арнайы экономикалық аймақтағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы, тұрақты жұмыс орындарын ашу, жеке және шетелдік инвестицияларды тарту, сондай-ақ,  Қазақстан мен Германияның бірлескен кәсіпорнының жұмысы туралы баяндады.

Техникалық газ өндірумен айналысатын «ЛиндеГаз Қазақстан» ЖШС-нің, күн электростанциясы бағытында қызмет ететін «ҚазСолар-50» ЖШС-нің, жылу өткізбейтін құбырлар өндіретін «Изоплюс» ЖШС-нің және шарлы крандар шығаратын «Бёмер Арматура» ЖШС-нің жетекшілері Мемлекет басшысына өз зауыттарының жұмысы және өнім өндіру көлемін ұлғайту жөніндегі жоспарлары жайында ақпарат берді. Сонымен қатар бүкіл әлемде қалыптасқан экономикалық ахуалды ескере отырып, пандемия кезіндегі жұмыс жағдайы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мен қайырымдылық істері туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазсолар-50» компаниясының өкілімен әңгіме барысында жаңартылатын энергия көздеріне қатысты жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығына назар аударды.

«Балама электр энергиясы бағытын қолдаймын. Жолдауда біртіндеп көміртек пайдалануды азайту саясатын жүргізу керек екенін айттым. Бұл бағыттың болашағы зор. Бүкіл әлем аталған бағытта дамып жатыр. Мен Германияға барғанымда осы тақырыпта неміс компанияларының жетекшілерімен сөйлестім. Жалпы олармен ынтымақтастыққа назар аудару керек деп санаймын. Күн электр энергиясы болашақта бірқатар проблеманы шеше алатын қуатты көзге айналады. Ол сонысымен тартымды», – деді Президент.

Содан кейін Президент канадалық заманауи технология бойынша өнім шығаратын «Steel Manufacturing» ЖШС-нің өндіріс аумағын аралап көрді. Зауыт жылына латуньнан жасалған 30 миллион бұйым шығарады.

Қазақстан Президенті «YDD CORPORATION» ЖШС-нің ферроқорытпа зауытына барды. Мемлекет басшысы жоғары сапалы ферросилиция (FeSi75) өндірісімен танысты. Бұл өнімнің қоспасы болат, шойын қорыту кезінде металлдардың механикалық және коррозиялық төзімділігін жақсарту үшін қолданылады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өндіріс процесі мен өндірісте, құрылыста, кеме, әуе көліктерін және автомобиль жасауда қолданылатын дайын өнімдер көрсетілді.

Зауыттың қуаттылығы жылына 180 мың тонна өнім өндіруге жетеді. Онда қолданылатын технология ферросилиция мен ферромарганец өндіруге мүмкіндік береді. Жобадағы отандық өнімнің үлесі 95 пайыздан асады.

Зауыттың акционерлері Е. Нығматулин, Д. Кемертелидзе және Ж. Аппаз аталған жобаның жергілікті және жаһандық сұранысты қамтамасыз ететінін айтты. Атап айтқанда, мұнда өндірілген ферросилиция Қазақстаннан бөлек, Еуропа, Оңтүстік Шығыс Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінің нарығына шығарылады.

Кәсіпорынның өнімі сапасы жағынан ең жоғары әлемдік талапқа сай келеді. Пандемия кезінде компания өнімнің сатылу аумағын 15 елге арттырып, Қазақстанның экспорттық әлеуетін көтеруге үлес қосты. Қазіргі таңда зауыт өз өнімін әлемнің 37 еліне экспорттайды.

Компания COVID-19 пандемиясының бірінші толқыны кезінде жұмыс кестесін вахталық әдіске көшіріп, барлық қажетті жағдай жасағанының арқасында қазіргі өндіріс көлемін сақтап қалды.

Сонымен қатар Президент өндірісті басқару орталығын аралап көріп, «Qaz Qarbon» ЖШС-нің жаңа жобасымен танысты.

«Бұл өте қажетті және жақсы жоба. Құтты болсын. Қазақстанды индустриаландыруға қомақты үлес қосқанын айтпағанның өзінде, ел экономикасының маңызды активі саналады. Өндірісті жылдам көріп шықтық. Бірақ бұған қатысты үлкен жоспарларымыз бар. Бақылап, көмектесіп отырамыз», – деді Мемлекет басшысы.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ферроқорытпа зауытының еңбек ұжымына табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургия комбинатындағы мырышпен және алюминиймен қаптау цехының жұмысымен танысты.

Кәсіпорынның атқарушы директоры Вадим Басин Президентке өндіріс процесін ұйымдастыру және жабдықтау жұмысының қағидалары туралы айтты.

Цех мырышпен қапталған орамды және табақша өнімдерін өндіреді. Цехтың жалпы өндірістік қуаты жылына 700 мың тонна өнім шығаруға жетеді.

Мемлекет басшысы цехтың дайын өнімдері мен жұмыс жүктемесін қарап көрді. Мырышпен қапталған табақшаларға конструкциялық материалдар өндірісі мен құрылыста сұраныс жоғары. Металлургия өндірісіндегі бұл өнімнің қосымша құны қымбат.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Наир Биджу Мемлекет басшысына кәсіпорынды одан ары дамыту перспективасы, жаңа кокс батареясы құрылысының жоспары, экологиялық қалдықтарды азайту жөнінде қабылданып жатқан шаралар жайында мәлімет берді.

«Бұл қазақстандық металлургиядағы көшбасшы кәсіпорын. Мұнда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің еңбек жолын бастаған. Біз өндіріс қуатын арттыруды мақсат етіп отырмыз. Маған жаңа инвестициялық жобалар, өндірісті жаңғырту, әлеуметтік жағдайды жақсарту жайында баяндады. Кәсіпорынның алдында тұрған міндеттер аз емес. Сондықтан оны ретіне қарай шешу керек. Ол жайында бұған дейін Премьер-Министрмен сөйлестім. Жаңа облыс әкімімен де бірқатар мәселені талқыладық. Барлық мәселені ақырындап шешу қажет», – деді Қазақстан Президенті.

Сонан соң Қасым-Жомарт Тоқаев металлургия зауытының еңбек ұжымымен әңгімелесіп, жұмыстарына табыс тіледі.


Жаңалықтар тізбегі
27 Қаңтар 2021, 20:09
Серік Қожаниязов ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
27 Қаңтар 2021, 11:05
Қанат Сәрсембаев ҚР Білім және ғылым министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
26 Қаңтар 2021, 16:48
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді
26 Қаңтар 2021, 13:45
Ковидті емдейтін дәрі-дәрмектердің бағасы 27%-ға төмендеді — А. Цой
26 Қаңтар 2021, 13:05
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Президент Қ. Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі
26 Қаңтар 2021, 13:01
Әрбір ұлттық жоба жалпыұлттық басымдықты орындауға бағытталуы тиіс — Қ. Келімбетов
26 Қаңтар 2021, 12:36
ҚР БҚДА бәсекелестікті дамыту жолындағы 58 жүйелік кедергіні анықтады — С. Жұманғарин
26 Қаңтар 2021, 12:16
2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық банк 10,9% деңгейінде зейнетақы активтерінің кірістілігін қамтамасыз етті —  Е. Досаев
25 Қаңтар 2021, 23:27
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді
25 Қаңтар 2021, 12:54
Сергей Громов ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды
24 Қаңтар 2021, 10:03
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №96
22 Қаңтар 2021, 19:30
Жандос Бүркітбаев ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 19:22
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді
22 Қаңтар 2021, 17:11
Мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады
22 Қаңтар 2021, 16:46
Марат Оразаев ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 12:50
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №935 Қаулысы
22 Қаңтар 2021, 12:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 16 қаңтардағы №11 Қаулысы
22 Қаңтар 2021, 10:19
Талғат Момышев ҚР Энергетика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 09:33
Аида Құрманғалиева ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды 
22 Қаңтар 2021, 09:25
Жәнібек Нөпіров ҚР Сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
22 Қаңтар 2021, 09:04
Ералы Тоғжанов Жамбыл облысының Қордай ауданында жұмыс сапарымен болды
21 Қаңтар 2021, 19:26
Арман Жұмабеков ҚР Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
21 Қаңтар 2021, 19:02
Ғабидолла Әбдірахымов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды
21 Қаңтар 2021, 18:35
Өркен Бисақаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылды
21 Қаңтар 2021, 17:25
АӨК көрсеткіштерінің тұрақты өсімі және бизнес жүргізудің көшбасшы позициялары — Түркістан облысының 2020 жылғы даму қорытындылары
21 Қаңтар 2021, 15:34
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан қаласының даму барысын тексерді
20 Қаңтар 2021, 21:10
Медициналық сақтандыруды іске асырудың бірінші жылы: қорытындылар мен 2021 жылға арналған міндеттер
20 Қаңтар 2021, 17:49
Инвестициялар өсімі, өнеркәсіп өнімдерін өндіру және жұмыс орындарын ашу — 2020 жылы Солтүстік Қазақстан облысының дамуы
20 Қаңтар 2021, 16:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы №7 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №4 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы №2 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 16:16
Қазақстан Президенті Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
20 Қаңтар 2021, 15:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы №1 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы №12 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 15:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы №9 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №3 Қаулысы
20 Қаңтар 2021, 14:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
19 Қаңтар 2021, 21:40
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
19 Қаңтар 2021, 19:42
Әсет Тұрысов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды
19 Қаңтар 2021, 19:02
Абылайхан Оспанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды
19 Қаңтар 2021, 18:40
Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады
19 Қаңтар 2021, 18:14
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
19 Қаңтар 2021, 11:10
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.01.2021
19 Қаңтар 2021, 11:02
2021 жылдың соңына дейін 6 млн жуық қазақстандықты вакциналау көзделген — ҚР ДСМ
19 Қаңтар 2021, 10:58
Карантиндік шараларға 10 мыңнан аса полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылған — Е. Тұрғымбаев
19 Қаңтар 2021, 09:45
Қазақстанда 1 ақпанда халықты жаппай вакциналау басталады
18 Қаңтар 2021, 20:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жаңа тағайындалған ұлттық экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерін таныстырды    
18 Қаңтар 2021, 17:46
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Жарлыққа қол қойды
18 Қаңтар 2021, 16:15
19 қаңтар күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
17 Қаңтар 2021, 10:29
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №95
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.