Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ

Сейсенбі, 26 Мамыр 2020, 11:43:13

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында мал шаруашылығын дамыту мәселелері қаралды. Саланың қазіргі жағдайы туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров баяндады.

Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталып отыр. Жылдың қорытындысы бойынша жалпы өнім 2,3 трлн тг дейін өсті. 

Несиелендіру және қосымша субсидиялау арқылы былтыр жүзеге асырылған шаралар өзінің оң нәтижесін берді.

Министр атап өткендей, осы жылдың төрт айы бойынша ауыл шаруашылығы малдарының өсімінің оң қарқыны байқалады: ірі қара мал 4,1%-ға, қой мен ешкі 2,7%-ға, жылқылар 7,6%-ға өсті.

«Ет өндірісі 3,6%-ға өсіп, 314 мың тоннаны құрады, сондай-ақ сүт өндірісі 3,2%-ға өсіп, 1,5 млн тоннаны құрады. Жұмыртқа өндірісі сыртқы нарықта сұраныстың төмендеуі салдарынан 6%-ға азайып отыр», — деді С. Омаров.

Қайта өнделген мал өнімдерін өндіру көлемі де артып отыр. Мәселен, шұжық өнімдері 20,9%-ға (18,8 мың тонна), ет консервілері 9%-ға (3 мың тонна), өнделген балық 51,3%-ға (3,9 мың тонна) өскен. Сүт өнімдері бойынша орташа өсім 10% деңгейінде сақталып отыр, тек өнделген сүт өндірісінің көлемі карантин кезіндегі сұраныстың төмендеуінен және негізгі шикізатты ұзақ мерзімге сақталатын сүт өнімдеріне бағдарлауға байланысты төмендеп отыр.

Министрліктің жоспарына сәйкес биыл мал шаруашылығы өнімдері көлемінің қосымша өсімі 4,2%-ға (НКИ) немесе 2,6 трлн тг болжамданып отыр. Осы жылдың төрт айы бойынша жалпы өнім көлемі 656 млрд тг, жалпы өнім индексі 2,2%-ға артып отыр. Барлық өңір бойынша жоспарлы индикативтер белгіленген және оған қол жеткізуге барлық мүмкіндіктер бар.

С. Омаровтың айтуынша, мал шаруашылығы секторында негізгі шаралар ірі қара малының аналық басын көбейтуге бағытталған. 2018 жылдан бастап аналық мал басын сатып алуға арналған фермерлік шаруашылықтарды несиелендіру бағдарламасы басталды.

«Осы уақыт ішінде 1,5 мың фермерлік шаруашылық несие алып мал сатып алды. Орта мерзімді перспективада трансұлттық компанияларды тарту арқылы зәкірлік кооперацияны дамыту міндеті бар. Фермерлік шаруашылықтарды құрудан күтілетін инвестициялар көлемі 350 млрд тг және сиыр етін экспорттау 2025 жылы $370 млн құрайды. Фермерлік шаруашылықтармен 42 мыңнан астам жұмыс орындары құрылады», — деді министр.

Етті мал шаруашылығы бойынша үш негізгі индикативті белгіленген:

  • фермерлерді несиелендіру арқылы ІҚМ аналық басының қарқынды өсуі;
  • мал басының өнімділігін аналық мал басын тұқымдық түрлендіру арқылы өсіру;
  • бұқашықтарды өндірістік бордақылау алаңдарына және ет комбинаттарына тапсыру жолымен сиыр еті өндірісінің тізбегін дамыту.

2019 жылы фермерлік шаруашылықтар 63 мың бас ірі қара мал әкелген. Соның нәтижесінде асыл тұқымды мал басының үлес салмағы 12%-ға жетті.

«Биыл 95 мың бас аналық малды сатып алуға фермерлік шаруашылықтарды несиелендіруді жоспарлап отырмыз. Жалпы әкімдіктерге фермерлік шаруашылықтарды ІҚМ әкелуге қатысты жұмыстарды белсендету керек, соның ішінде дайын инфрақұрылымы бар шаруа қожалықтарында қарастыру қажет. Былтыр пилотты түрде сатып алынатын малды кепілге қою арқылы қаржыландыру механизмі тәжиребеден өткізілді және аталған механизм биыл кеңінен қолданылатын болады», — деді С. Омаров.

Басты міндеттердің бірі — сиыр еті өндірісінің тізбегін үздіксіз жүргізу. Республикада 279 мың мал орнына арналған бордақылау алаңдарының желісі және қуаты 240 мың тоннаға ет комбинаттары бар. Олардың жүктемелігін арттыру үшін бұқашықтарды тапсыру жоспары қарастырылған. Бұқашықтарды тапсыру кезеңі негізінен күз мезгіліне қарай, бірақ оған қарамастан жыл басынан бері фермерлік шаруашылықтар бордақылау алаңдарына 41,7 мың бас бұқашықтарды өткізді. 

Фермерлерді ынталандыру үшін өнеркәсіптік бордақылау алаңдарына немесе ет комбинаттарына тапсырылған бұқашықтарды тірілей салмағына субсидиялау механизмі қарастырылған. Сонымен қатар, ет комбинаттары және бордақылау алаңдарында экспорттық контрактісі болған жағдайда айналым қаражатын толықтыруды қаржыландыру қарастырылған.

Қой шаруашылығында негізгі міндет — мал басы санын көбейту және зәкірлік кооперацияны дамыту. Қой шаруашылығындағы зәкірлік кооперацияның жобасы Жамбыл облысында сәтті жүзеге асырылуда.

Казіргі уақытта Алматы облысында «Bauman» неміс компаниясымен қой етін қайта өндейтін заманауи ет комбинатын салу жобасы пысықталып жатыр.

Кәсіпорынды жыл бойына жұмыспен қамтамасыз етуге бес өңірде бордақылау алаңдарының желісін құру жоспарланған. Осы орайда, бордақылау алаңдарын салу кезінде инвестициялық шығындарды өтеу бойынша субсидиялауды Министрлік қарастырды. 

«Былтыр 1059 шаруашылық 374 мың бас аналық қойды сатып алуға қаржыландырылды. Осы жылы жоспарға сәйкес 360 мың бас қойды сатып алуға қаржыландыру жоспарланған. Казіргі уақытта нақты 28 мың бас қаржыландырылды», — деді ауыл шаруашылығы министрі.

Экспортты арттыруда қой шаруашылығының әлеуеті жоғары. Біздің кәсіпорындардың қозы етін Парсы шығанағы елдеріне және ҚХР нарығына экспорттауда оң тәжірибесі бар. 

Алайда, фермерлік шаруашылықтардың мал басын көбейтуге төмен қызығушылығын ескеріп, осы жылы Министрлік қой шаруашылығының қолданыстағы қолдау шараларын қайта қарады. Субсидиялау механизмдері пысықталды. Тиісті өзгерістер жобасы мемлекеттік органдарда келісілуде.

Сүтті мал шаруашылығы секторында импортты алмастыру міндетіне сәйкес сүтті-тауарлы фермалар желісін құру және кеңейту жобалары жүзеге асырылып жатыр. 2019 жылы қуаттылығы 44 мың тонна сүт өндіретін 8 өнеркәсіптік және 14 отбасылық фермалар қолданысқа берілді (салыстыра кетсек, алдыңғы жылдары республика бойынша 3 ферма тапсырылған). Алайда, 464 мың тонна көлемінде импорт бар.

Министрлік алдында жыл сайын 25 сүтті-тауарлы фермаларды жүзеге асыру бойынша үлкен міндет тұр. Жалпы 5 жыл ішінде қайта өнделген сүт өндірісі көлемін 500 мың тоннаға арттыру арқылы импортты алмастыру мәселесін толық жабу жоспарланған.

Облыс әкімдіктерімен бірлесіп әлеуетті сүтті-тауарлы фермалардың жобалары пысықталды. Өңірлер осы жылы 29 өнеркәсіптік сүтті-тауарлы фермаларды салу және 39 отбасылық фермаларды қайта жабдықтауға қаржыландыру ұсынылды. 7 өнеркәсіптік сүт фермасы жобалары бойынша қаржыландыру мәселесі шешілді, бір жоба өз қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатыр. Басқа жобалар бойынша қаржыландыру биыл «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша қосымша бөлінген 400 млрд тг шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Сонымен қатар, министрлік тарапынан «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ бірлесіп, казіргі уақытта инвестициялық жобаларды қаржыландыру кезінде кепілдік талаптары оңтайландырылды, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезінде кепілдік жетпеген жағдайда екінші деңгейлі банктердің несие сомасының 85%-на дейін кепілдік беру механизмі енгізілді және де ірі қара мал, техника және құрал-жабдықтар өзі кепіл ретінде алынып қаржыландырылатын болады.

«Сүтті-тауарлы фермаларды жүзеге асырған инвесторларға инвестициялық жоба бойынша жұмсалған шығындарын субсидиялау түріндегі қолдаулар және де қайта өндеуге өткізілген сүт бағасын арзандату бойынша субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау көрсетіледі», — деді С. Омаров.

Министрлік негізгі егін салатын өңірлерге анализ жасап, жалпы 4 млн га егістік алқабы бар 270 шаруашылықтың мал шаруашылығымен айналыспайтыны аңықталды. Бұл әлеуетті пайдалану қажет, себебі оларда мал шаруашылығы жобаларын жүзеге асыру кезінде азық өндіру тәжірибелері бар.

Құс етін өндіруде былтыр 1 жаңа құс фабрикасын және 5 жобаны жаңғырту арқылы құс етінің өндірісінде 14%-ға (223 мың тоннаға дейін) өсім қамтамасыз етіліп отыр. Дегенмен, импорт үлесі 45% құрайды. Бұл ретте құс етін өндіру бойынша жаңа қосымша өндіріс қуаттарын іске қосу арқылы импорт алмастыру шаралары жалғасатын болады. Орташа мерзімдегі перспективада өндіріс қуаттылығы 174 мың тоннаны құрайтын 12 бройлерлік құс фабрикаларын жүзеге асыру жоспарлануда. Осы шаралар есебінен және құс фабрикаларының қуаттылығын толық жүктеу арқылы құс етінің өндірісі 2,2 есе өсетін болады. Бастапқы инвестициялар 110 млрд тг құрайды және 4,7 мың жұмыс орыны құрылады

Министрдің айтуынша, мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттырудағы перспективалық бағыт — шошқа етін өндіру. 2019 жылы министрлік халықаралық эпизоотиялық бюро деңгейінде еліміз шошқаның африкалық обасынан таза деген статус алды. Сонымен бірге ҚХР-мен шошқа етін экспорттауға ветеринариялық сертификатқа қол қойылды. 2019 жылы Қытайдың Бас кедендік қызметі тарапынан инспекциялық жұмыстардың бірінші кезеңі жүргізілді.

«Экономиканы қалпына келтірудің Кешенді жоспары шеңберінде ҚХР Бас кедендік қызметімен қазақстандық кәсіпорындарды импортерлер реестріне қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сөйтіп ҚХР-ға шошқа етін жеткізу жұмыстары соңына дейін жүзеге асырылатын болады», — деді С. Омаров.

Осы шаралар арқасында шетелдік компаниялардың шошқа етінің өндірісіне инвестицияларды салуға қызығушылықтары артып отыр. Казіргі таңда қуаттылығы 187 мың тонна болатын 11 жоба жүзеге асыру және жобалау кезеңінде. 6 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Көпшілігінде жеке инвестициялар. Жалпы аталған жобалар есебінен жақын жылдары өндіріс көлемдерін 2,7 есе арттыру жоспарлануда. Инвестициялар көлемі 271 млрд тг құрайды. Қосымша 3,8 мың жұмыс орындары құрылатын болады.

Министрлік облыс әкімдіктерімен бірлесіп, трансұлттық компанияларды және стратегиялық инвесторларды мал шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу секторына зәкірлік негізде тарту бойынша шаралар қабылдап жатыр.

 «Tyson Foods» компаниясын сиыр етін қайта өндеу секторына тарту бойынша келіссөздер жүргізілуде. Жобалау кезеңінде қозы етін қайта өндеу бойынша германиялық «Bauman» компаниясының жобасы бар.

Жыл соңына дейін Нұр-Сұлтан және Қостанай қалаларында 2 заманауи ет өндеу кешендері қолданысқа беріледі. Америкалық «AGCO» компаниясымен индустриалды балық шаруашылығы бойынша жобаның қаржыландырылуы басталды. Сүтті қайта өндеу секторында «United Green» еуропалық компаниясымен инвестициялық жобаны жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Жалпы аталған жобаларды жүзеге асыру 717,2 млрд тг көлемінде қосымша инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
14 Тамыз 2020, 15:39
Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады
14 Тамыз 2020, 14:58
Қазақстан Президенті индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады
14 Тамыз 2020, 14:41
Түйе шаруашылығын мемлекеттік қолдау: Қазақстанда түйе шаруашылығының әлеуеті жоғары
13 Тамыз 2020, 18:48
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Премьер-Министр Асқар Маминмен кездесті
13 Тамыз 2020, 18:07
Мемлекеттік комиссия 2020 жылғы 17 тамыздан бастап Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын бекітті
13 Тамыз 2020, 11:39
Арман Абдрасилов «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
12 Тамыз 2020, 18:46
Қазақстан мен БҰҰ 2021-2025 жылдарға арналған негіздемелік бағдарламаға қол қойды
12 Тамыз 2020, 16:31
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады
12 Тамыз 2020, 13:54
Электр желілерінің тозуы мен апаттылығын төмендету —  алдағы жылыту маусымында басымдыққа ие
11 Тамыз 2020, 20:34
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласындағы бірқатар кәсіпкерлік нысанын аралады
11 Тамыз 2020, 19:56
ВАК карантин шараларын кезең-кезеңмен алып тастауға дайындықты қарастырды
11 Тамыз 2020, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 11.08.2020
11 Тамыз 2020, 13:41
2020 жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,3%-ға өсті — ҚР ИИДМ
11 Тамыз 2020, 13:12
Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдығудың тәуліктік өсімі орта есеппен 2 есеге жуық азайды — ҚР ДСМ
11 Тамыз 2020, 12:44
2020 жылдың қаңтар-шілдесінде мұнай экспорты 42 млн тоннаны құрады — Энергетика министрлігі
11 Тамыз 2020, 10:35
2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасының базалық салаларында оң динамика сақталуда
11 Тамыз 2020, 10:33
Қазақстанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 2,5%-ға артты
11 Тамыз 2020, 10:13
«7-20-25» бағдарламасы бойынша 20 мыңнан аса өтінім мақұлданды — Ұлттық Банк
11 Тамыз 2020, 09:53
Жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 120%-ға орындалды — Е. Жамаубаев
11 Тамыз 2020, 09:42
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Мемлекеттік комиссияның қарауына Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын енгізуді тапсырды
11 Тамыз 2020, 09:33
2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша тауарлар өндірісі 2,1%-ға өсті — ҚР ҰЭМ
10 Тамыз 2020, 11:20
11 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
09 Тамыз 2020, 08:59
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №72
08 Тамыз 2020, 16:23
А. Маминнің Ақкөл қаласына жұмыс сапары: «ақылды қалалар» мен ҚР ғарыштық байланыс жүйесін дамыту
07 Тамыз 2020, 18:38
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
07 Тамыз 2020, 18:12
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
07 Тамыз 2020, 17:56
Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды
07 Тамыз 2020, 11:19
Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен бəсекеге қабілеттігін арттыру — Ұлттық сертификаттау жүйесі қалай дамуда
07 Тамыз 2020, 09:22
Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес отырысын өткізді
06 Тамыз 2020, 10:46
Қазақстанда 2020 жылдың жарты жылында автомобиль көлігімен шамамен 1,4 млрд тонна жүк тасымалданды
05 Тамыз 2020, 20:13
ВАК-та «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларын іске асырудың алдын ала қорытындылары қаралды
05 Тамыз 2020, 17:31
Мемлекет басшысы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады
05 Тамыз 2020, 17:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 тамыздағы №498 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы №495 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 13:01
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге «СҚ-Фармация» COVID-19-бен күресуде дәрі-дәрмектермен қамту шаралары туралы баяндады 
04 Тамыз 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның COVID-19-дан егілуге үміткер вакциналар кешеніне қол жеткізу мәселесін қарастырды
04 Тамыз 2020, 11:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.08.2020
04 Тамыз 2020, 11:22
Оқу жылының басынан бастап 2,6 млн оқушы қашықтан оқыту форматында білім алады — ҚР БҒМ 
04 Тамыз 2020, 10:11
Үкімет жаңа оқу жылының қарсаңында аса мұқтаж отбасылардан шыққан 500 мың оқушыны компьютермен қамтамасыз етеді
04 Тамыз 2020, 10:03
Қазақстанда COVID-19-бен күресуде оң динамика байқалуда
04 Тамыз 2020, 10:02
Қазақстанда COVID-19-бен сырқаттанудың тәуліктің өсімі орта есеппен бір жарым есеге жуық төмендеді
04 Тамыз 2020, 09:56
Қазақстанда 4 422 мектеп 8 Мбит-тан жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген
03 Тамыз 2020, 18:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
03 Тамыз 2020, 14:20
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
03 Тамыз 2020, 14:10
2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде беруді жоспарлап отыр
03 Тамыз 2020, 12:52
4 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
03 Тамыз 2020, 10:47
Шахмардан Байманов ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
03 Тамыз 2020, 09:32
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Тамыз 2020, 20:14
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
02 Тамыз 2020, 17:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.