Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Медицина ұйымдарында жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қоры жасалған — А. Цой

Сейсенбі, 20 Қазан 2020, 13:35:38

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой дәрі-дәрмектермен және медикаменттермен қамтамасыз ету бойынша еліміздегі қазіргі ахуал туралы баяндап берді. 

Министрдің айтуынша, елдің фармацевтика нарығында Бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алу үлесі ақшалай мәнінде 42,4% құрайды. ҚР фармацевтикалық нарығында отандық өндірушінің үлесі  ақшалай мәнінде 17% құрайды, нақты мәнінде отандық өндірушілер нарықты 39% жабады.

Соңғы жылдары отандық өндірушілер экспортының 4,3 есе артқаны байқалады, онда 57,2%-ы Ресейге, 32%-ы Қырғызстанға экспортталады.

«Мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің бірі отандық әзірлемелерді қолдау және бәсекеге қабілетті фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту болып табылады. Жергілікті фармацевтикалық препараттар өндірісінің өсуіне негізгі ынталандыру отандық өндірушілермен 10 жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу бағдарламасы болып отыр. 2009 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде Бірыңғай дистрибьютор сатып алу шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 5 042 атауын жеткізуге 88 ұзақ мерзімді келісімшарт жасады. 10 жыл ішінде отандық өндірушілер өнімдері 312,4 млрд теңгеден астам сомаға сатып алынды», — деді А. Цой.

Министрдің айтуынша, сатып алынатын бірлік көлемінің 30%-дан астамын отандық өндірушілердің өнімдері құрайды. COVID-19 препараттарының 48%-ы ел ішінде өндіріледі.

Тіркеу кезінде дәрілік заттардың жеделдетілген сараптамасы қамтамасыз етілді. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бағалау жеделдетілген рәсім бойынша 3 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. ТЖ орын алған жағдайда әкелінетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қолжетімділігі оңайлатылды.

2019 жылы АЛО шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор 45 нозология бойынша (ТМККК шеңберінде) 114,6 млрд теңге сомасына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сатып алды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда МӘМС жүйесі енгізілді, бұл ТМККК шеңберінде 27,2 млрд теңге сомасына қосымша 105 нозологияны, 130,3 млрд теңге сомасына 32 нозологияны жабуға мүмкіндік береді. Осылайша, ТМККК және МӘМС шеңберінде нозологияларды қамтуды 45-тен 137 нозологияға дейін 3 есеге кеңейтуге қол жеткізілді.

Күзгі-қысқы кезеңде коронавирус инфекциясының ықтимал жаңа толқынына дайындық мақсатында бірқатар шаралар қабылданғанын атап өтті А. Цой. 

Біріншіден, бұл Бірыңғай дистрибьютор қоймаларында екі айлық дәрі-дәрмектердің азаймайтын қорын қалыптастыру. Бірыңғай дистрибьютор  айына 60 мыңға жуық пациентті стационарларда емдеу үшін COVID-19 бойынша тапшы және сұранысқа ие дәрілердің 44 атауын 8,2 млрд теңгеге сатып алады. Төмендетілмейтін қордың көлемі ҚР ДСМ болжамы бойынша КВИ екінші толқыны жағдайында «қауіпсіздік жастығын» қалыптастыру үшін өтінімдерден тыс сатып алынады.

COVID-19 бойынша дәрілік заттардың екі айлық қорының көлемі Бірыңғай дистрибьютордың хабтарында сақталатын болады.

«2020 жылғы 15 қазандағы жағдай бойынша 5,92 млрд теңге сомасына дәрілік заттардың 37 атауы сатып алынды. Бұл шара туындауы мүмкін екінші толқында КВИ емдеу үшін дәрілік заттар бойынша резерв жасауға және қажеттілікті  жоспарлауға және сырқаттанушылыққа  байланысты проблемаларды шешуге мүмкіндік береді», — деді министр.

Екіншіден, медициналық ұйымдарда дәрі-дәрмек қорын қамтамасыз ету.

Өңірлер пандемия кезінен бастап 16,6 млрд теңге сомасына СOVID-19 бойынша дәрілік заттарға қосымша қажеттілігін мәлімдеді.

2020 жылғы 22 шілдеден бастап Бірыңғай дистрибьютор ҚР бойынша барлық медициналық ұйымдарда (инфекциялық және провизорлық орталықтарда) айлық қорды қалыптастыру туралы шешім қабылдады, ол дәрілік заттар және медициналық бұйымдардың сатып алынған қосымша көлемінің есебінен жедел толықтырылып отырады.

Бүгінгі күні Бірыңғай дистрибьютор 17,9 млрд теңге сомасына 91 атау бойынша дәрілік заттарды тиеді.

Бұл шара медициналық ұйымдардың шұғыл қосымша қажеттілігін жабуға, COVID-19 бойынша дәрілік заттармен стационарларды толықтыруға, стационарларда резервтер құруға мүмкіндік берді.

«Үшіншіден, COVID-19 емдеу үшін амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмектер тізімі кеңейтілді. Яғни, аурудың жеңіл ағымы кезінде COVID-19 диагнозы қойылған пациенттер ПТР-тест нәтижелеріне қарамастан, тіркелген жері бойынша өз емханаларында емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша дене қызуын түсіретін дәрілер мен антикоагулянттарды ала алады. Шамамен 1,5 млрд теңге сомасына 1 млн адамды қамту жоспарланып отыр. Медициналық ұйымдарға 1,5 млрд теңге сомасына дәрілік заттар жеткізілді», — деді А. Цой.

Бұл шара инфекциялық және провизорлық орталықтарды жеңілдетуге, COVID-19 жеңіл түрлерін амбулаториялық деңгейде емдеуге, дәрілік заттарды сатып алуға халықтың шығыстарын төмендетуге, сондай-ақ мемлекеттің стационарлық емдеуге арналған шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді.

Төртіншіден, бұл бөлшек сауда желісіне араласу үшін дәрі-дәрмектерді сатып алу. ҚР Үкіметінің қаулысымен «СҚ-Фармация» ЖШС кейіннен бөлшек сауда желісінде сату үшін дәрілік заттарды көтерме сатып алу бойынша өкілеттілікке ие болды.

3,1 млрд теңге сомаға өтінімдер – дәрілік заттардың 33 атауы немесе екі айлық қажеттілік қалыптастырылды.

Қор 2020 жылдың 30 қазанына дейін құрылады.

Бесіншіден, бөлшек сауда желісіне араласу үшін медициналық үш қабатты маскаларды сатып алу.

2020 жылғы 18 қыркүйекте 8 жеткізушіден 10 млн медициналық маска сатып алынды. Жеткізу аяқталды.

Алтыншы, жеке қорғану құралдарының қоры.

Медициналық ұйымдарда жеке қорғану құралдарының үш айлық қоры қалыптастырылған.

«Шеврон» компаниясы қосымша 400 мың бір реттік қорғаныш костюмдері түрінде гуманитарлық көмек көрсетеді. Қор 25.10.2020 ж. дейін БД қоймаларында жасалатын болады.

ИИДМ мәліметтері бойынша, тәртіптемеге сәйкес өңірлерге 297 ауруханаға 1500 бірлік ӨЖЖ аппараты жөнелтілді.

Жергілікті атқарушы органдар 53 рентген аппаратын жеткізуге келісімшарттар жасасты.

ТМККК және МӘМС шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор 13 млн медициналық маска, 507 мың ПТР-тест, 76 млн перчатка сатып алды, олар ай сайын әртүрлі тапсырыстарға сәйкес медициналық ұйымдарға жөнелтіледі.

Барлық өңірлерде сұранысқа ие дәрілік препараттарды сатып алу үшін көтерме дистрибьюторларға қайтарымды негізде қаражат бөлу үшін 13 млрд теңгеден астам сомаға дәрілік заттардың тұрақтандыру қорлары ұйымдастырылды. Өңірлерде көтерме дистрибьюторларда сұранысқа ие дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 22 атауының болуы бойынша мониторинг тұрақты негізде жүзеге асырылады.

Министрдің айтуынша, мониторинг нәтижелерін талдау ағымдағы жылғы 15 шілде мен 7 қазан аралығында көтерме қоймалар мен дәріхана ұйымдарында дәрілік заттар қорының өскенін көрсетеді. Мысалы, антибиотиктер – 3,8 есе, антикоагулянттар – 33 есе, вирусқа қарсы препараттар – 2,9 есе, қызу түсіретін дәрілер – 4,1 есе өскен.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде өңірлер бөлінісінде тұрақтандыру қорларының ең төменгі нормативін айқындаудың әдістемелік тәсілдері айқындалды. Алдыңғы COVID-19 толқынының ең жоғары сырқаттанушылығы кезеңінде дәріханалар желісінде және стационарларда дәрілік заттарды тұтынуды талдау негізінде жекелеген өңірлердегі халық санын ескере отырып, күтілетін жаңа толқын кезеңінде шынайы сценарий бойынша болжамды сырқаттанушылықты ескере отырып, қолданылатын дәрілерді тұтыну нормативтері есептелді. Осыған байланысты өңірлерден тұрақтандыру қорларының ең төменгі нормативтері бойынша қаражаттың болуын қамтамасыз етуді сұраймыз», — деді А. Цой.

2021 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютор тізімінде барлығы 1 521 дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың атауы бар.

Медициналық ұйымдар 2021 жылға Бірыңғай дистрибьютордың тізіміне сәйкес 343,5 млрд теңге сомасына 1440 дәрілік заттар және медициналық бұйымдар атауларына қажеттілікті мәлімдеді.

2020 жылғы 28 тамызда веб-порталда медициналық ұйымдардың мәлімделген қажеттілігі бойынша 2021 жылға дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сатып алу жарияланды.

2020 жылғы 15 қазандағы жағдай бойынша дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың 502 атауы сатып алынды, олардың 501-і отандық өндірушілермен және 1-уі БҰҰ ДБ арқылы қолданыстағы ұзақ мерзімді келісімшарттар шеңберінде  сатып алынды.

Екі кезеңдік тендер бойынша қорытындылар 2020 жылғы 23 қазанға дейін шығарылатын болады. Осылайша, 2021 жылғы 1 қаңтарға қарай Бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 95%-дан астамын сатып алуды жүзеге асырады және келесі жылдың басында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар үздіксіз қамтамасыз етіледі.

«Қазақстандықтарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ерекше бақылауында. Қазіргі уақытта Бірыңғай дистрибьютор бір мезгілде бірқатар сатып алу рәсімдерін жүргізіп жатыр. Стационарлық және амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін тікелей дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу жүзеге асырылады. Аталған іс-шараларды іске асыру өз өндірісімізді 2025 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу жолымен дәрілік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, ТМККК және МӘМС шеңберінде нозологияларды қамтуды 45-тен 137 ауруларға дейін 3 есе кеңейтуге және КВИ ықтимал жаңа толқынына дайын болуға мүмкіндік береді», — деп түйіндеді А. Цой.

Отырыс барысында «СҚ-Фармация»  ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев Бірыңғай дистрибьютор жүйесін құру мақсаты келесілер болғанын атап өтті:

  • отандық фармацевтикалық өндірісті қолдау, бұл он жылдық жұмыс кезеңінде Бірыңғай дистрибьютордың сатып алуының жалпы көлемінде отандық өндірушілердің үлесінің 30%-ға дейін өсуін қамтамасыз етті; 
  • дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды алдын ала сатып алуды жүргізу жолымен мемлекеттік қаржыландыру және әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде Қазақстан халқын үздіксіз қамтамасыз ету. 10 жыл ішінде бұл 130 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді; 
  • жеткізу қашықтығына қарамастан, дәрі-дәрмектердің тең және әділ қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • Қазақстанның пациенттерін тікелей дистрибьюторлар маржасынсыз шетелдік өндіруші зауыттардан тікелей және UNICEF, UNDP, STOP-TB және т. б. халықаралық ұйымдар арқылы бірегей дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету.

Е. Есқалиевтің айтуынша, фармацевтикалық препараттарды қате жоспарлау мәселелерін шешу үшін медициналық ұйымдар жоспарлау әдіснамасын қайта қарау және ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жоспарлау жүйесін толық автоматтандыру бойынша бірқатар жүйелі шараларды ұсынды. Қазіргі уақытта тиісті нормативтік актілерге өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу рәсімдерін жетілдіру шеңберінде барлық сатып алу процесін оңтайландыру бөлігінде 1729 сатып алу қағидаларының жобасына бірқатар өзгерістер енгізілді.

Сондай-ақ, сатып алу рәсімдерін жеделдету, оның ашықтығын қамтамасыз ету, конкурстық өтінімдерді қарау кезінде қателіктердің адами факторын және ықтимал лоббиді болдырмау үшін ҚР ҚМ электрондық қаржы орталығы деңгейінде кіріктіру арқылы тендерлік рәсімдерді толық автоматтандыру мәселесі келесілермен пысықталуда: 

  • Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімімен;
  • Электронды Үкімет порталымен;
  • «Е-лицензиялау» мемлекеттік базасымен.

«Бүгінгі күні жеткізудің әрбір буынының үздіксіз жұмысы бөлігінде логистиканың тиімділігін арттыру мақсатында “СҚ-Фармация” логистика жүйесі дәрі-дәрмектерді жеткізудің жаңа алгоритміне көшті, бұл жоспарлы рейстер санын 1,7 есеге арттыруға, жеткізу мерзімдерін (2 аптадан 1 аптаға дейін) қысқартуға және дәрі-дәрмектерді жеткізудің барлық тізбегінің жедел жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, короновирус инфекциясының ықтимал жаңа толқынына дайындық аясында логистикалық процестерге және өндірушіден тұтынушыға дейінгі барлық логистикалық тізбектің "суық тізбегіне" толық тексеру жүргізілді», —  деді Е. Есқалиев.

Қазіргі уақытта СҚ-Фармация ҚР ДСМ және ЦДИАӨМ-мен тығыз ынтымақтастықта дәрі-дәрмектерді жоспарлау, сатып алу және логистика процестерін толық автоматтандыруға мүмкіндік беретін IT-стратегияны әзірлеуді жүргізуде. СҚ-Фармация инфрақұрылымында логистикалық индустрия көшбасшыларының жалпы қабылданған IT-шешімдерін және отандық IT-әзірлемелерін пайдалану дәрі-дәрмектерді жеткізудің барлық тізбегі бойынша қадағалауға мүмкіндік береді, тауар қалдықтары мен тауар қозғалысын жедел басқаруды, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді қайталама айналымнан қорғауды қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда «СҚ-Фармация» мен «Қазақтелеком» арасында фармацевтикалық өнімдерді таңбалаудың пилоттық жобасын жүргізу туралы меморандум жасалды. Бірінші кезекте бұл отандық өндірушілермен жүзеге асырыла бастаған пилоттық жобалар.

Отандық фармацевтикалық өндірушілерді қолдау шеңберінде ұзақ мерзімді шарттар арқылы сатып алу көлемі ұлғаюда.

Отандық өндірушілерді қолдау шараларын қабылдау шеңберінде ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасуға өнім жеткізушілерді іріктеу өлшемшарттарын қайта қарау жоспарлануда, қолданыстағы ұзақ мерзімді келісімшарттардың орындалуына мониторинг және отандық өндірушілер арқылы сатып алу үлесінің KPI өсуіне қол жеткізуді бақылау тұрақты негізде жүргізіледі.

Жергілікті өндірушілердің дәрі-дәрмектерін нарыққа шығаруды жеделдету аясында отандық фармацевтикалық препараттарды тіркеу сараптамасы және қазақстандық фармацевтикалық өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасына бағалауды жүргізу рәсімі жеделдетілді.

Е. Есқалиевтің пікірінше, салаға Бигфармның ірі ойыншыларын тарту, отандық R&D орталықтарын дамыту, сондай-ақ еркін экономикалық және индустриялық аймақтарда жаңа өндірістерді өрістету фармацевтикалық кластерлерді дамытуға үлкен ынталандыру болады.

«Қазақстанның ұлттық дәрілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Үкімет отырысында фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытудың 2025 жылға дейінгі Кешенді жоспары қабылданды, оның негізгі міндеті ірі дәрілік брендтер елге кіруі үшін алаң құру және бірегей препараттардың өндірісін оқшаулау болып табылады. СҚ Фармацияның рөлі жауапты және біз осы бағыттағы жүйелі жұмысты жалғастырамыз», — деді Е. Есқалиев.

СҚ-Фармация алдына қойылған міндеттерді іске асыру үшін қайта жүктеу бағдарламасы әзірленуде. Барлық ұсыныстар қоғам өкілдерімен, «Адалдық алаңы» офисімен, салалық сарапшылармен, қауымдастықтармен және пациент ұйымдарымен, ҚР ғылыми қоғамдастығымен, сондай-ақ Елбасы академиясының салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасы бойынша алаңда талқыланады.

«Қайта жүктеу бағдарламасын іске асыру СҚ-Фармация-ға короновирус инфекциясының ықтимал жаңа толқынына дайындықты қамтамасыз етуге, Бірыңғай дистрибьютор жұмысының тиімділігі мен жеделдігін арттыруға, компания қызметінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді Е. Есқалиев.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
25 Қараша 2020, 17:24
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті
25 Қараша 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №783 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:43
Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезіне қатысты
25 Қараша 2020, 16:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №779 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 қарашадағы №770 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қарашадағы №769 Қаулысы
24 Қараша 2020, 19:53
ЖЭК дамыту және процестерді цифрландыру — ҚР Президентінің энергетика саласын дамыту жөніндегі тапсырмалары қалай іске асырылуда
24 Қараша 2020, 18:45
Нұрсұлтан Назарбаев «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады
24 Қараша 2020, 17:40
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті
24 Қараша 2020, 16:13
ЕАЭО нарығы, өнеркәсіптік кооперация және тауар айналымы: Қазақстан экономикалық интеграция жүйесінде қалай дамуда
24 Қараша 2020, 14:07
ҚР Үкіметінің отырысы, 24.11.2020
24 Қараша 2020, 12:11
Қазақстанда орманды алқаптарда 2 млрд және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызылады - ЭГТРМ
24 Қараша 2020, 11:47
Е. Тоғжанов COVID-19 қарсы отандық вакцина шығаратын зауыттың салыну барысымен танысты
24 Қараша 2020, 11:36
Соңғы 5 жылда ҚР-да 1 334 км магистральдық газ құбыры және 20 мың км астам тарату желілері салынды 
24 Қараша 2020, 10:01
А. Мамин: елдегі экологиялық ахуалды жақсарту — Үкіметтің басым міндеті
24 Қараша 2020, 09:39
Үкіметте елді мекендерді газдандыру мәселесі қаралды
23 Қараша 2020, 19:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 жөніндегі ВАК отырысын өткізді 
23 Қараша 2020, 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды
23 Қараша 2020, 17:02
Электромобильдер өндірісі, жаңа зауыт және экспорттық нарықтарға шығу — Қазақстанның машина жасау саласын жаңа шынайылық жағдайында дамыту
23 Қараша 2020, 14:30
24 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
23 Қараша 2020, 14:21
Сенат депутаттарының шағын және орта бизнесті дамыту туралы сауалы
23 Қараша 2020, 13:46
Үкімет отандық бизнестің қызметінің жағдайын жақсарту шараларын қарастыруда
22 Қараша 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №87
21 Қараша 2020, 16:38
Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері Түркістан қаласында келіссөз өткізді
20 Қараша 2020, 18:25
Асқар Жамбакин ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды
20 Қараша 2020, 16:09
Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті
20 Қараша 2020, 13:40
Инновациялық технологиялар, электрондық құжаттама және шығындарды азайту: денсаулық сақтау саласында цифрландыру қалай дамуда
19 Қараша 2020, 20:20
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:49
Мемлекет басшысы «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы Ахметқал Медеуді қабылдады
19 Қараша 2020, 18:48
Елбасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:41
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
19 Қараша 2020, 17:53
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты
19 Қараша 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №762 Қаулысы
18 Қараша 2020, 21:19
Қазақстан Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиынына қатысты
18 Қараша 2020, 16:22
Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады
18 Қараша 2020, 14:44
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
17 Қараша 2020, 19:37
ВАК Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында COVID-19 таралуына жол бермеу жөнінде бірқатар шешім қабылдады  
17 Қараша 2020, 18:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №760 Қаулысы
17 Қараша 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №758 Қаулысы
17 Қараша 2020, 15:58
Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады
17 Қараша 2020, 13:39
ҚР Үкіметінің отырысы, 17.11.2020
17 Қараша 2020, 13:29
Сатып алушы мобильді қосымша арқылы тауардың заңдылығын тексере алады — Е. Жамаубаев
17 Қараша 2020, 13:03
Қазақстан бірқатар тауарларды міндетті таңбалауды енгізуде — Б. Сұлтанов
17 Қараша 2020, 11:34
Қазақстан «цифрлық» жұмыспен қамту орталықтарының және сырттай мүгедектікті белгілеу форматына көшуде — ҚР ЕХӘҚМ
17 Қараша 2020, 11:19
Жыл соңына дейін онлайн режимінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 90%-ға дейін жеткізіледі — ЦДИАӨМ
17 Қараша 2020, 10:02
Үкімет тауарларды таңбалау және қадағалау мәселелерін қарады
17 Қараша 2020, 09:48
2021 жылы қағаз анықтамаларды толығымен алып тастауымыз керек — А. Мамин
17 Қараша 2020, 08:50
Қазақстан Қырғызстанға COVID-19-бен күресу үшін медициналық бұйымдар жібереді
16 Қараша 2020, 18:46
Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде кеңес өткізді
16 Қараша 2020, 17:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 11 қарашадағы №752 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.