Қасым-Жомарт Тоқаевқа ғылыми орталықтың негізгі бағыттары мен оны дамытудың басымдықтары жайында баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Ахметқал Медеу Президентке институттың су қауіпсіздігін, табиғи қатерлерді, экология мен картография бағыттарындағы зерттеу жұмыстары туралы мәлімет берді.
Мемлекет басшысы Арал теңізі, Сырдария және Жайық өзендері, сондай-ақ, басқа да бірқатар су қоймаларына қатысты проблемаларды шешу жолында су қауіпсіздігін зерттеу мәселесінің маңызды екенін айтты.
«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасының әзірленуі мен жүзеге асырылуына қатысты депутаттық сауал