Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Ақтөбеде «Ел үміті» жастар марафоны өтті

Дүйсенбі, 04 Қараша 2019, 14:27:44

Ақтөбеде талантты, еңбекқор балалар мен жастарды қолдауға жөніндегі ҚР Тұңғыш Президенті ‒ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы аясында «Ел үміті» марафоны өтті. Шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин арнайы қатысты.

Жас таланттар мен көшбасшыларды қолдауға арналған жоба шарасына Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарының 3000-ға жуық белсенді жастары қатысты. Бұл – жеке тұлға ретінде жан-жақты дамып, өз ісінің білікті маманы болған, ел дамуына өз үлесін қосып жүрген жастар.

Бердібек Сапарбаев белсенді жастарға алғысын білдірді.

«Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастарды қолдау мен дамытуға үлкен көңіл бөлді. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды қолдап, 2020 жылды еріктілер жылы деп жариялады. Бүгінде елімізде 30 мыңға жуық дарынды бала бар, 100-ден астам мамандандырылған мектептер мен білім беру орталықтары жұмыс жасайды. 11 облыста республикалық "Дарын"орталығы жұмыс істейді. Биыл мыңнан астам бала халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Елбасының "Ел үміті" бастамасы аясында 1000-нан астам дарынды балалар іріктелетін болады. Оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Ел Үкіметі жас ұрпақты қолдау үшін барлық күш-жігерді жұмсады. Білімді, талантты және дені сау жастар ‒ ұлтымыздың болашағы», — деді Бердібек Сапарбаев.

Марафонға жеке өз жолын бастап жатқан жалынды жастармен қатар, білім мен ғылым, бизнес және медицина, мәдениет пен спорт, экономика және қоғамдық өмірде биік белестерге жеткен, өз тәжірибесімен бөлісе алатын жас мамандар да қатысты. Ақтөбедегі марафон – Елбасының «Ел үміті» бастамасының аясында өткізілген алғашқы шаралардың бірі. Бастама талантты балалар мен жастарды кешенді қолдауды көздейді. Бұл үшін бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев марафонның ашылу салтанатында «Ел үміті» жастарға әлеуметтік лифт болатынын жеткізді.

«Біз әлемнен артта қалмауға тиіспіз. Бұл ретте мемлекет көп нәрсе жасап жатыр. «Жас Кәсіпкер», «Жас Маман», «Болашақ», «Дарын» және басқа да бағдарламалар бар. «Ел Үміті» бастамасы аясында жастарды қолдауға арналған бірқатар жобаны қолға аламыз. Әр баланың өзіндік таланты бар. Оны тек ашу керек. Сондықтан, ең алдымен, қазір әр аймақта «Дарын» орталықтары күшейтілетін болады. Әр баланың әлеуетін ашу үшін, қайда оқи алады, неге көбірек бейім екенін анықтау үшін диагностика жасалады. Одан бөлек тағы да басқа жобалар болады. Мысалы, шетелде ‒ Кремний алқабына, Сингапурға сапарлар, Кембриджге оқыту турлары. Қазір бұл мәселелерді пысықтап жатырмыз», — деді Әсет Исекешов.

Қазір Қор көшбасшылық бағдарламасы, балалардың әлеуетін анықтау жүйесі, ынталандыру құралдары (оның ішінде әлемнің жетекші ЖОО-да тәжірибе жинау), олимпиада жеңімпаздары мен дарынды жастарға гранттық қолдау көрсету жүйесі сынды жобаларды қарастырып жатыр.

«Ел үміті» марафонына Ақтөбе облысынан қатысқан жас кәсіпкердің бірі Жанна Алтынбаева. Ол Ақтөбе қаласынан 2016 жылы туристерге арнап «Nice hostel» халықаралық стандарттарға сай келетін қонақ үй ашқан. 30 жастағы ақтөбелік бизнесмен АҚШ-та тәжірибе алмасу мақсатында көптеген жерлерде жұмыс жасады.

Ал, Атырау өңірінен келген қатысушы Нұрлан Азаматов «Family» оқу орталығының басшысы. 2012 жылдан бері ашылған орталық азаматтарға сөйлеу мәнерін,ойын дұрыс жеткізу, ораторлық өнерді үйтеру тренингімен айналысады. Жас ізденімпаз 2014 жылы Мәскеу қаласындағы Риторика және шешендік өнер университетінде білім алған.

Шара барысында қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісті. Оларды еңбек етіп, ізденуге шақырды. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан түрлі бағдарламалар мен қолдаулар үшін алғыстарын жеткізді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ел үміті» бастамасын Қор үкімет, облыс әкімдіктері мен бизнес-қауымдастық және Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырады.

«Қоныс» спорт сарайында өткен кеш қазақ эстрадасы жұлдыздарының өнер көрсетуімен аяқталды.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
15 Қыркүйек 2020, 10:27
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жыл соңына дейін 6%-дан аспайды — ҚР СИМ
15 Қыркүйек 2020, 10:07
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының тұрақтылығына қатаң бақылау орнатуды тапсырды
15 Қыркүйек 2020, 09:44
Биыл Қазақстанда Индустрияландыру картасы аясында құны 1 трлн теңге болатын 206 жоба іске қосылады
15 Қыркүйек 2020, 09:29
2020 жылдың 8 айында Индустрияландыру картасы бойынша 4,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды — ҚР ИИДМ
14 Қыркүйек 2020, 19:23
Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев бірқатар кадрлық тағайындау жасады
14 Қыркүйек 2020, 18:42
Ведомствоаралық комиссия бизнес нысандарының жұмысын жеңілдету бойынша шешімдер қабылдады
14 Қыркүйек 2020, 11:55
Қазақстанда Индустрия 4.0 енгізу немесе «ақылды» зауыттар карантин мен әлемдік пандемия кезеңінде өз жұмыстарын қалай атқарды
14 Қыркүйек 2020, 11:12
15 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
14 Қыркүйек 2020, 10:51
ЕЭК Кеңесінің отырысында еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары қаралды
13 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №77
11 Қыркүйек 2020, 16:18
Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
11 Қыркүйек 2020, 13:07
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді таныстырды
10 Қыркүйек 2020, 23:02
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды
10 Қыркүйек 2020, 19:20
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды
10 Қыркүйек 2020, 18:59
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді
10 Қыркүйек 2020, 17:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 Қаулысы
10 Қыркүйек 2020, 17:06
Қашықтан білім беру, мектептердегі эпидемиологиялық ахуал, ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету — Қазақстанда оқу үдерісі қалай ұйымдастырылған
10 Қыркүйек 2020, 13:12
Қазақстанда электронды өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3 жылда 8,5 есе өседі
09 Қыркүйек 2020, 20:31
Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 17:36
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
09 Қыркүйек 2020, 17:23
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.