Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы облыстық филиалдарының өкілдерімен кездесті

Дүйсенбі, 25 Қараша 2019, 16:09:15

Отырысқа «Nur Otan» партиясының Парламент Мәжілісіндегі Фракция депутаттары, мәслихат фракцияларының хатшылары мен жетекшілері қатысты. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесу барысында партия төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек және партия филиалдарының өкілдері баяндама жасады.

Баяндамашыларды тыңдаған соң, Елбасы «Nur Otan» партиясының қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан барлық мүшелерінің еңбегін атап өтті.

«Nur Otan» біздің қоғамымыздың алуан түрлілігін көрсетеді. Біз – ел болашағына жауапты бүкіл Қазақстан халқының партиясымыз, нақты істер партиясымыз. Бізде Қазақстанның дамуына қатысты нақты ұстаным бар, тиісті стратегия мен жұмыс жоспарлары бекітілді, қажетті ресурстар қарастырылған», — деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Сонымен қатар, Партия Төрағасы қоғамды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төңірегінде топтастырудың және Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін шаралар қабылдаудың маңыздылығына тоқталды.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы табыстары туралы айтып, елдің барлық жетістіктері партиямен және партия мүшелерінің күнделікті жұмысымен тығыз байланысты екенін атап өтті.

«Соңғы жылдары Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 11 млрд-тан 170,5 млрд долларға дейін өсті. 90-жылдардың басында халықтың үштен бірінен көбі кедейлік шегінде өмір сүретін. Бүгін бұл көрсеткіш 4,6%-ға дейін төмендеді. Шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі 27% құрайды. Біз 300 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тарттық. Осы жылдар ішінде Қазақстанның транзиттік әлеуетін едәуір нығайта алдық», — деді Елбасы.

Сондай-ақ, Тұңғыш Президент Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі басымдықтарын алға жылжыту және түсіндіру бойынша жұмысты ұйымдастырудың маңыздылығына назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің экономиканың жекелеген салаларын одан әрі дамыту жөніндегі жоспарларына жеке тоқталды.

«Үкімет өңірлерді, әсіресе, ауылдарды қолдауға, жаңа жұмыс орындарын құруға және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бағдарламалар қабылдады. Мәселен, 2026 жылға дейін ауылдарды қолдауға 2 триллион теңгеге жуық қаражат қарастырылып отыр. Алдағы үш жылда халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге 560 млрд теңге бөлу жоспарда бар. Осы жұмыстар нақты орындалатын болса, 2023 жылдың соңына қарай ауылды жерлердің барлығы сапалы ауыз сумен қамтылады», — деді партия Төрағасы.

Сонымен қатар, Елбасы шағын және орта бизнестің ел экономикасындағы үлесін ұлғайту бойынша жоспарланған шаралар мен «Еңбек» бағдарламасын іске асырудың болжамды нәтижелері туралы айтты.

«Алдағы екі жылда «Еңбек» бағдарламасымен шамамен 1,5 млн адам қамтылып, 750 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. 2020-2025 жылдары шамамен 1 млн пәтер салынатын болады», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жиын барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті партияның жергілікті жерлерде жұмыс тиімділігін одан әрі арттырудың бірқатар негізгі бағыттарын атады.

«Әр әкімнің және мәслихаттардағы фракция депутаттарының партиялық жауапкершілігін түбегейлі күшейтуіміз керек. Бүгінгі таңда барлық реформалар өңірлерді дамытуға бағытталған. Мәселен, соңғы 10 жылдың ішінде жергілікті бюджеттер 3 есеге жуық өсіп, 4,7 трлн теңгені құрады. Бөлінген қаражаттың жұмсалуына партиялық бақылауды ұйымдастыру маңызды. Сонымен қатар, депутаттардың жұмысын одан әрі жақсарту және барлық мәслихаттардың мәртебесін нығайту жөніндегі шараларды қабылдау қажет», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының Төрағасы әр облыста, қалада және ауданда сайлауалды бағдарламаларын дайындауды қамтамасыз етуді тапсырды.

«Келесі жылы өңірлерді дамытудың бесжылдық бағдарламаларын іске асыру аяқталады. Жаңа бағдарламаларды қабылдау қажеттілігі жаңа электоралдық кезеңге сәйкес келіп отыр. Сондықтан бұл бағдарламалар әр өңір бойынша мәслихат сайлауында партияның сайлауалды бағдарламасының негізіне айналуға тиіс. «Nur Otan» партиясының Мәжіліс сайлауындағы сайлауалды бағдарламасына келетін болсақ, бұл жұмысты Саяси кеңес Бюросының мүшесі ретінде Премьер-Министр басқаруы қажет. Бұл бағдарламаны қазірден бастап дайындауға кіріскен жөн», — деді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті.

Сонымен бірге, Елбасы сапалы партиялық тізімдерді қалыптастыру үшін ашық ішкі партиялық іріктеу жүргізудің маңыздылығына назар аударды.

«Әр мәслихаттағы сайлауалды партиялық тізімдерге кемінде 30% әйелдер және 20% 35 жасқа дейінгі жастар енуі керек. Сондай-ақ, тізімге халықтың түрлі топтарының өкілдері, елге оралған отандастар, мүмкіндігі шектеулі жандар, кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері енуге тиіс», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, партия Төрағасы жергілікті жерлерде партия органдарының жұмысын күшейту және партияның ел өңірлеріндегі біріктіруші рөлін арттыру қажеттілігін атап өтті.

Сөз соңында Елбасы тағы да партияның электоралды кезең қарсаңындағы жұмысын күшейтудің маңыздылығына тоқталды.

«Жеңіске жету үшін барлық ресурстарды жұмылдыруымыз керек. Ақпан айында партия съезі өтеді. Онда біз партия жұмысын жандандырудың алдын-ала нәтижелерін шығарып, алдағы электоралдық міндеттерді егжей-тегжейлі талқылаймыз. Қазір «Jas Otan» мемлекеттік органдармен бірлесіп 2025 жылға дейін жаңа «Жастар-Отанға» бағдарламасын әзірлеуде. Онда бүгінгі жастардың барлық сұраныстарына жауаптар көрсетіледі. Сәуір айында жаңа бағдарлама «Jas Otan» съезіне ұсынылуы қажет», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кездесу барысында Елбасы белсенді мүшелерді «Nur Otan» партиясының дамуына қосқан үлесі үшін «Белсенді қызметі үшін» медалімен марапаттады.


Жаңалықтар тізбегі
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
15 Қыркүйек 2020, 10:27
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жыл соңына дейін 6%-дан аспайды — ҚР СИМ
15 Қыркүйек 2020, 10:07
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының тұрақтылығына қатаң бақылау орнатуды тапсырды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.