Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Жергілікті және шетелдік мамандарға тең жағдайларды қамтамасыз ету ҚР ЕХӘҚМ бақылауында 

Сейсенбі, 26 Қараша 2019, 15:50:49

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарға қойылатын талаптарды күшейту тұрғысынан ҚР заңнамасына бірқатар түзетулерді дайындап жатқанын айтты.

Б. Нұрымбетовтың айтуынша, шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарға тексеру жүргізгеннен кейін, қазақстандық және шетелдік мамандардың арасында еңбекақы төлеу мен еңбек жағдайларындағы сәйкессіздік проблемасы анықталды. Осыған байланысты, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР заңнамасына бірқатар түзетулер дайындады.

«Егер шетелдік жұмыс күшін тартатын компания еліміздің заңнамасын сақтамауға жүйелі түрде жол берсе, онда оны күшейту қажет. Сондықтан, бүгінде Мәжілісте тең тұрмыс жағдайларын жасау бойынша жұмыс берушілерге қосымша міндеттеме мен жауапкершілік жүктелетін заң жобасы қаралуда. Бұл бұған дейін заңнамада болмаған», — деді Б. Нұрымбетов.

ҚР ЕХӘҚМ жыл сайынғы негізде шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарды тексеру жөнінде ұсыныс білдіруде. 

«Бүгінгі таңда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік еңбек инспекторы кәсіпорындарды жыл сайын жоспарлы түрде тексере алмайды, тек бес жылда бір рет тексереді. Сондықтан шетелдік жұмыс күшін тартатын компаниялар үшін біз тексеру критерийлері бойынша Еңбек инспекциясына жыл сайын профилактикалық негізде осы кәсіпорындарды тексеріп отыруына мүмкіндік беру туралы ұсыныстар енгіземіз», — деді министр.

Сонымен бірге, өңір әкімдіктеріне еңбек нарығын жан-жақты зерттегеннен кейін шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тартуға квота қалыптастыру және ШЖК тартатын жұмыс берушілердің жергілікті кадрлармен қамтуын арттыруды қамтамасыз ету ұсынылды.

«Бүгінгі таңда елімізде 50 мың шетелдік маманға жұмыс істеуге рұқсат етілген. Қазір келесі жылға квота дайындап жатырмыз. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Үкіметке осы квотаны екі есеге жуық азайтуды ұсынуға ниетті», — деді Б. Нұрымбетов.

Сондай-ақ, ЕХӘҚМ төртінші санат — жұмысшы мамандықтары бойынша шетелдік мамандарды тартуға қойылатын талаптарды қатаңдатуды жоспарлап отыр.

«Яғни, біз ережелерде жергілікті атқарушы органдарға еңбек нарығын мұқият зерттегеннен кейін квоталар бойынша ұсыныстарды қалыптастыруға қойылатын талаптарды белгілейміз. Егер еңбек нарығында бізде осы мамандықтар мен кәсіптердің мамандары болса, онда бұл рұқсаттар берілмейді. Біз үшінші және төртінші санаттарға рұқсат мерзімі аяқталғаннан кейін шетелдік мамандарды қазақстандық азаматқа ауыстыру үшін заңнамада бұрыннан бар ережелерді қайтару мәселесін пысықтап жатырмыз», — деді министр.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
15 Қыркүйек 2020, 10:27
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жыл соңына дейін 6%-дан аспайды — ҚР СИМ
15 Қыркүйек 2020, 10:07
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының тұрақтылығына қатаң бақылау орнатуды тапсырды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.