Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Өңірлер жобаларды субсидияланған статусына дейін сүймелдеу бойынша қарқынды жұмыс жүргізуі тиіс — «Атамекен» ҰКП

Сейсенбі, 21 Шілде 2020, 14:09:54

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жергілікті қамтуды дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. 

Кеңейтілген Үкімет отырысында Мемлекет басшысы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын тиімді игеруге, жергілікті қамтуға, мемлекеттің қолдауына ие болған бизнестің қарсы міндеттемелеріне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді. 

Бүгінгі таңда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында мақұлданған жобалар саны 991 млрд теңгеге 2 064 жобаны құрайды. Бұл ретте 225,9 млрд теңге сомасына 1 457 жоба субсидияланды. Мақұлданған және субсидияланған жобалар арасындағы айырмашылық 265 млрд теңгені құрайды. Олардың 131 млрд-ы қазір банктерде қарастырылуда.

Қаражатты тиімді игеру мақсатында А. Мырзахметов өңірлерді жобаларды субсидияланған мәртебесіне дейін сүйемелдеу бойынша белсенді жұмыс жүргізуге шақырды.

Қаражатты тиімді игеруге кедергі келтіретін кедергілер:

  • Кәсіпкерлердің өтінімдерінің ұзақ мерзім қаралуы. Мемлекеттік қаржы институттарынан айырмашылығы, банктердің кәсіпкерлердің кредиттік өтінімдерін қарау мерзімдері заңнамамен реттелмейді (ЕДБ ішкі құжаттарымен бекітіледі).
  • Қарыз алушылардың кепілдеріне және сұратылған ақпарат тізбесіне ЕДБ-ның талаптарының жоғары болуы. А.ж. 9 шілдеде жарияланған KPMG консалтингтік компаниясының зерттеуіне сәйкес, кәсіпкерлер кепіл базасына қойылатын талаптардың жоғары екенін, сондай-ақ «ЕДБ-ның белгілі бір компанияларға несие беру ниетінің жалпы болмауын» атап өтеді.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы 4 салаға бағытталған: АӨК қайта өңдеу, АӨК өндіру, өңдеу өнеркәсібі мен қызметтер, көктемгі егіс жұмыстары.

Сонымен қатар, А. Мырзахметов жобалық кеңсе а. ж. 27 маусымда импортты алмастыру жөніндегі ВАК-та Премьер-Министр мақұлдаған АӨК саласындағы жобалардың айналым қаражатына қажеттілігіне талдау жүргізгенін атап өтті.

131 жобадан:

  • 64 жоба бойынша елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты  жұмыс тоқтатылды.
  • 67 жоба бойынша 188 млрд теңге сомасына айналым қаражатын толықтыру қажет.

«Жобаларды табысты іске асыру үшін айналым қаражатын толықтыру қажет. Талдау көрсеткендей, жобалардың 53% - айналым қаражатын толықтыруды қажет ететін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар (кәсіпорындар өз өндірісінің көлемін ұлғайтуға дайын). «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ желісі бойынша жобаларды қаржыландырған жағдайда несие беру үшін АКК өз қаражатының жоқтығын атап өтеміз», — деп түсіндірді А. Мырзахметов.

Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрайымы Елена Бахмутова өз кезегінде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктердің бизнес-үдерістерін оңтайландыру туралы баяндады.

Е. Бахмутова атап өткендей, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына жедел енгізілген өзгерістер тек бизнес қана емес, банктер де қысқа мерзім ішінде өзінің операциялық процестерін қашықтан қызмет көрсету режиміне қайта пішімдеуге мәжбүр болған кезде қатаң карантин жағдайында мүмкін болғанша оны жандандыруға ықпал етті.

«17 шілдедегі ЕДБ деректері бойынша келіп түскен өтінімдер санынан 78%-ы мақұлданды, ал түскен өтініштердің 70%-ы қаржыландырылды», — деді Е. Бахмутова.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына 10 банк қатысады. Нарықтық бәсекелестіктің болуы ықтимал қарыз алушыларды қамтуды барынша арттыруға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға ықпал етеді. Пандемия басталғаннан бастап қысқа мерзімде жүргізілген бизнес-процестерді цифрландыру кредиттік өтінімдерді қарау мерзімін ең аз мерзімге дейін қысқартты.

«Бірақ сонымен қатар, көптеген банктер мен бизнес қашықтан форматта жұмыс істеген кезде цифрландыру өз түзетулерін енгізеді және кредиттер бойынша өтінімдерді қарау мерзімін одан әрі оңтайландыруға мүмкіндік бермейді. Мысалы, банктердің ақпараты бойынша қазіргі уақытта өтінімді қараудың стандартты мерзімі 12 жұмыс күнін құрайды. Бірақ бұл қарыз алушы тарапынан барлық қажетті ақпарат берілген жағдайда ғана», — деді Е. Бахмутова.

Жоба офисі банктер мақұлдаған және «Даму» Қоры субсидиялаған жобалар саны мен сомаларының алшақтығы туралы мәселелерді көтерді.

Мұндай айырманың негізгі себептері мынадай факторлар болып табылады:

Жобалардың бір бөлігі кейінге қалдыру шарттарымен мақұлданды, олар бойынша банк құжаттарды ұсыну, кепілдік қамтамасыз етуді ресімдеу және тіркеу және т. б. үшін қосымша уақыт берді.

ЕДБ ақпараты бойынша, олардың жобаларын қаржыландыруға несие желілері мақұлданған корпоративтік клиенттердің кейбір бөлігі өздерінің бизнес-жоспарларын жаңа күрделі жағдайларда қайта қарайды немесе оларды тоқтата тұрады.

Қазіргі уақытта ҚҚҚ, ЕДБ және Даму бағдарламаны орындау шеңберінде қаралатын әрбір жобаның мәртебесін нақтылауда.

Сонымен қатар іскерлік белсенділік индексінің нашарлауы жағдайында экономиканың өсіп келе жатқан кредиттік тәуекелдерін ескеру және жаңа кредиттер беруге салмақты қарау қажет.

Бағдарламаның өзін игеру статистикасы кәсіпкерлердің жаңа жобаларға игерілген соманың 15%-дан азын сұрағанын көрсетті. Бұл бүгінгі жағдайдағы бизнестің негізгі қажеттілігі — қолданыстағы өндіріс пен қызметтерді жаңғырту және кеңейту екенін көрсетеді.

«Ағымдағы күрделі жағдайларды ескере отырып, бүгінгі күні бағдарламаны кәсіпкерлер «Даму» бағдарламасы ретінде ғана емес, сонымен қатар жұмыс істеп тұрған бизнесті қолдау және сақтау бағдарламасы ретінде қарастырады. Осыған байланысты бизнес пен банктер енгізетін негізгі ұсыныстар Ұлттық Банкке, ҚР ҰЭМ, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне, «Атамекен» ҰКП-ға енгізілді», — деді Е. Бахмутова.

Сонымен қатар Е. Бахмутова қаржы секторының пікірінше негізгі болып табылатын бірнеше ұсынысты жеткізді.

Бірінші. Бағдарламада бүгінгі күні осы бағдарлама аясында қолдау көрсетілмейтін ірі бизнесті қолдауға оралу қажет. Ірі бизнес экономиканың негізі болып отыр және азаматтардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекеттік бағдарламаларға, соның ішінде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына импортты алмастыратын салалардан ірі бизнес субъектілерін  енгізу қисынды болар еді.

Екінші. Кепіл мәселесін шешу жолдарының бірі мемлекеттік кепілдіктерді кеңейту болып табылады. Оның ішінде бүгінгі таңда «Даму» Қоры ШОБ субъектілері үшін жасап отырғандай, ірі бизнес үшін Қазақстанның Даму Банкінің функционалын кеңейту есебінен мемлекеттік кепілдіктерді пайдалану мүмкіндігі бар.

Қазір тәсілдерді қайта қарау және айналым қаражатын толықтыруға және қайта қаржыландыруға несие беруге барынша рұқсат беру аса маңызды. Бұл бағдарламаға қатысу мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік береді және бөлінген қаражатты игеруге ықпал етеді.

«Айта кету керек, Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалау офисі өзін олқылықтарды анықтауға және туындайтын проблемаларды жедел шешуге мүмкіндік беретін өзара іс-қимылдың өте тиімді түрі ретінде көрсетті. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының 2020 жылғы 10 шілдедегі ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, банктер «Даму» қорымен және жобалық кеңсемен бірлесіп, рәсімдерді оңтайландыру, банктердің кредит беруге, субсидиялауға, кепілдік беруге және құжаттар санын қысқартуға өтінімдерді қарау мерзімін қысқарту бойынша барлық күш-жігерін жұмсауда», — деп түйіндеді Е. Бахмутова.

Өз кезегінде, Қордың Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ сатып алуларындағы жергілікті қамту туралы айтты. Оның айтуынша, ең алдымен «Қарапайым заттар экономикасы»  салаларын қолдау мақсатында жобалық-сметалық құжаттаманы жобалау кезінде қазақстандық материалдар мен жабдықтарды міндетті түрде қолдану белгіленген. Бұдан басқа, мердігердің қазақстандық материалдарды қолданбағаны үшін келісімшарттың жалпы құнының кемінде 5% мөлшерінде айыппұл түрінде жауапкершілігі енгізілді.

«Қаражат айналымының жеткіліксіздігі экономикалық белсенділігінің төмендеуіне байланысты қиындықтарды ескере отырып, Қор кемінде 30% мөлшерінде міндетті аванс белгіледі. Сондай-ақ  жеткізілген тауарлар мен қызметтер үшін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей ақы төлеу туралы талап енгізілді», — деді А. Есімов.

Сонымен қатар, отандық тауар өндірушілерді тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді енгізуден босату және шарттардың орындалуын қамтамасыз ету енгізілді, сатып алуды өткізу мерзімдері, сондай-ақ сатып алуға қатысу үшін құжаттар саны едәуір қысқарды.

«Үкіметтің ұсынысы бойынша қор ТЖ жағдайында келісімшарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін айыппұл санкцияларын қолданудан және сенімсіз жеткізушілер тізіміне енгізуден бас тартты», — деді А. Есімов.  

Ішкі әкімшілік рәсімдерді оңайлату қысқа мерзім ішінде Холдингтің тауар өндірушілері тізіліміндегі кәсіпорындар санын 2 есеге арттыруға мүмкіндік берді.

«Мәселен, жергілікті қамту үлесі 69%-ды құрады,бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 еседен астамға артық. Ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша отандық бизнеспен жасалған келісімшарттардың жалпы сомасы 2 трлн теңгені құрады. Тапсырыстарды 9 мыңнан астам кәсіпорын алды, оларда 250 мыңға жуық жұмыскер жұмыс істейді. Біздің бағалауымыз бойынша бюджетке салық түсімдерінің сомасы шамамен 150 млрд теңгені құрайды», — деп хабарлады А. Есімов. 

 

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
27 Қазан 2020, 20:21
Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен ұшып келу: ПТР-анықтаманың болуына қатысты қандай шектеу шаралары туралы білу керек
27 Қазан 2020, 18:48
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты қабылдады
27 Қазан 2020, 13:45
ҚР Үкіметінің отырысы, 27.10.2020
27 Қазан 2020, 13:36
Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында шектес салаларда 100 мыңға жуық жұмыс орны құрылады — ЕХӘҚМ
27 Қазан 2020, 12:36
2025 жылға дейін 87 ауылдық елді мекен таза ауыз сумен қамтылады — ЭГТРМ
27 Қазан 2020, 12:06
Қазақстанда халықты сумен жабдықтау қызметтерімен қамту 92,6%-ға дейін жеткізілді — ҚР ИИДМ
27 Қазан 2020, 10:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қазандағы №691 Қаулысы
27 Қазан 2020, 10:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 қазандағы №686 Қаулысы
27 Қазан 2020, 10:33
2021 жылы үш жаңа заң жобасын әзірлеу көзделіп отыр — Әділет министрлігі
27 Қазан 2020, 10:28
Азамат Әмірғалиев ҚР әділет вице-министрі болып тағайындалды
27 Қазан 2020, 10:22
Үкімет 2021 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарын қарады
27 Қазан 2020, 10:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен АҚШ сауда министрі У. Росс Қазақстан-Америка Іскерлік кеңесінің жұмысын бастап берді
27 Қазан 2020, 09:55
Премьер-Министр 2021 жылға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасын жаңартуды тапсырды
27 Қазан 2020, 09:50
Халықты таза ауыз сумен қамту мәселесі – Үкіметтің стратегиялық міндеті
26 Қазан 2020, 20:10
Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовті қабылдады
26 Қазан 2020, 19:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
26 Қазан 2020, 19:00
Президент Әділет министрі Марат Бекетаевты қабылдады
26 Қазан 2020, 18:15
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
26 Қазан 2020, 17:14
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркияның қорғаныс министрі Х. Акарды қабылдады
26 Қазан 2020, 16:10
Азық-түлік бағасы, экспорттаушыларды қолдау және электрондық сауда нарығы — Қазақстанның сауда саласының дамуы
26 Қазан 2020, 15:13
27 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
26 Қазан 2020, 11:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы №679 Қаулысы
25 Қазан 2020, 09:53
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №83
23 Қазан 2020, 18:49
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс, мемлекеттік БАҚ-тарды біріктіру және ақпараттың қолжетімділігі мәселелері — Қазақстанда ақпарат жүйесінің дамуы
23 Қазан 2020, 18:34
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады
23 Қазан 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезіне қатысты
23 Қазан 2020, 15:41
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
23 Қазан 2020, 15:02
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин және ЕО елшілері экономиканы қалпына келтірудегі ынтымақтастықты талқылады
22 Қазан 2020, 18:42
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты
22 Қазан 2020, 18:20
Гүлмира Исаева ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
22 Қазан 2020, 17:24
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес ҚР экономикасын қалпына келтіру перспективасын қарастырды
22 Қазан 2020, 15:22
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанда электромобильдерді шығаруды дамыту жоспары туралы баяндалды
22 Қазан 2020, 14:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин кәсіпкерлік мәселесі бойынша Жобалық кеңсе отырысын өткізді
22 Қазан 2020, 12:03
Ауылдық медицина ұйымдарына жылжымалы медициналық кешендер табыс етілді
21 Қазан 2020, 19:12
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысын өткізді
21 Қазан 2020, 17:27
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады
21 Қазан 2020, 17:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №673 Қаулысы
21 Қазан 2020, 17:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №667 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №666 Қаулысы
21 Қазан 2020, 15:45
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 13:06
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
21 Қазан 2020, 12:55
Азамат Әмрин ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 12:50
Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 11:47
Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуі
21 Қазан 2020, 09:56
Асқар Биахметов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Қазан 2020, 19:44
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
20 Қазан 2020, 14:51
Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасы мақұлданды 
20 Қазан 2020, 14:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин С. Чакрабартимен кездесу өткізді
20 Қазан 2020, 13:35
Медицина ұйымдарында жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қоры жасалған — А. Цой
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.