Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Үкімет Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасын қарастырды

Сейсенбі, 03 Желтоқсан 2019, 10:41:26

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы қаралды. 

Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек баяндама жасады. 

ӨД МБ іске асыру елде урбанизация деңгейін 2025 жылға қарай кемінде 62%-ға жеткізуге мүмкіндік береді, өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, көлік, инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылымын, жалпы, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартады.

2025 жылға дейін ӨД МБ қаржыландырудың жалпы көлемі 1,3 трлн теңгені құрайды. Басымдықтар ретінде дамыту анықталды: 

  • бірінші деңгейлі орталықтары бар төрт агломерацияны (өсу орталықтарын) - елордалық, Алматы, Шымкент, Ақтөбе агломерацияларын;
  • екінші деңгейлі қалалардағы орталықтарымен 14 урбанизацияланған аймақты – облыс орталықтары мен Семей қ.;
  • 18 шекара маңы шағын қалалар мен шектес аумақтарды, сондай-ақ тұрғындарының саны 50 мыңнан асатын моноқалаларды; 
  • «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында тірек және серіктес ауылдық елді мекендерді. 3477 тірек және серіктес ауылдар өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес толық нысандармен және қызметтер қамтылатын болады. 7 млн ауыл тұрғынының немесе ауылдықтардың 90%-ның өмір сүру сапасы артады. 

«ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Қазақстан - 2050” стратегиясында және “Nur Otan”  партиясының филиалдарымен жақында өткен кеңейтілген отырыста еліміздегі қалалық тұрғындар үлесін 2050 жылға қарай 70%-ға дейін жеткізу қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елді урбанизациялаудың маңыздылығын атап өтіп, көші-қон үрдістерін басқару бойынша пәрменді шаралар қабылдауды тапсырды», - деді А. Мамин. 

Үкімет басшысы урбанизацияның адамдардың табысы мен өмір сүру сапасын арттыруда аса маңызды екенін айтты. Соңғы бес жылда Қазақстандағы ірі қалалардың тұрғындарының саны 15%-ға артты. Қазір Қазақстанда қала тұрғындарының үлесі 58,2% құрайды.

«Біз кенттену процесін айқын басқарылатын үрдіске айналдыруға ұмтылудамыз, сондықтан қалаларды дамытудың салмақталған саясатын одан әрі де жүргізу қажет. Бұл ретте біздің басты міндетіміз - ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, қалалыққа жуықтайтын инфрақұрылым құру. Мұндай мысалдар бізде бар», - деді А. Мамин. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
11 Тамыз 2020, 20:34
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласындағы бірқатар кәсіпкерлік нысанын аралады
11 Тамыз 2020, 19:56
ВАК карантин шараларын кезең-кезеңмен алып тастауға дайындықты қарастырды
11 Тамыз 2020, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 11.08.2020
11 Тамыз 2020, 13:41
2020 жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,3%-ға өсті — ҚР ИИДМ
11 Тамыз 2020, 13:12
Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдығудың тәуліктік өсімі орта есеппен 2 есеге жуық азайды — ҚР ДСМ
11 Тамыз 2020, 12:44
2020 жылдың қаңтар-шілдесінде мұнай экспорты 42 млн тоннаны құрады — Энергетика министрлігі
11 Тамыз 2020, 10:35
2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасының базалық салаларында оң динамика сақталуда
11 Тамыз 2020, 10:33
Қазақстанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 2,5%-ға артты
11 Тамыз 2020, 10:13
«7-20-25» бағдарламасы бойынша 20 мыңнан аса өтінім мақұлданды — Ұлттық Банк
11 Тамыз 2020, 09:53
Жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 120%-ға орындалды — Е. Жамаубаев
11 Тамыз 2020, 09:42
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Мемлекеттік комиссияның қарауына Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын енгізуді тапсырды
11 Тамыз 2020, 09:33
2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша тауарлар өндірісі 2,1%-ға өсті — ҚР ҰЭМ
10 Тамыз 2020, 11:20
11 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
09 Тамыз 2020, 08:59
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №72
08 Тамыз 2020, 16:23
А. Маминнің Ақкөл қаласына жұмыс сапары: «ақылды қалалар» мен ҚР ғарыштық байланыс жүйесін дамыту
07 Тамыз 2020, 18:38
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
07 Тамыз 2020, 18:12
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
07 Тамыз 2020, 17:56
Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды
07 Тамыз 2020, 11:19
Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен бəсекеге қабілеттігін арттыру — Ұлттық сертификаттау жүйесі қалай дамуда
07 Тамыз 2020, 09:22
Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес отырысын өткізді
06 Тамыз 2020, 10:46
Қазақстанда 2020 жылдың жарты жылында автомобиль көлігімен шамамен 1,4 млрд тонна жүк тасымалданды
05 Тамыз 2020, 20:13
ВАК-та «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларын іске асырудың алдын ала қорытындылары қаралды
05 Тамыз 2020, 17:31
Мемлекет басшысы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады
05 Тамыз 2020, 17:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 тамыздағы №498 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы №495 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 13:01
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге «СҚ-Фармация» COVID-19-бен күресуде дәрі-дәрмектермен қамту шаралары туралы баяндады 
04 Тамыз 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның COVID-19-дан егілуге үміткер вакциналар кешеніне қол жеткізу мәселесін қарастырды
04 Тамыз 2020, 11:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.08.2020
04 Тамыз 2020, 11:22
Оқу жылының басынан бастап 2,6 млн оқушы қашықтан оқыту форматында білім алады — ҚР БҒМ 
04 Тамыз 2020, 10:11
Үкімет жаңа оқу жылының қарсаңында аса мұқтаж отбасылардан шыққан 500 мың оқушыны компьютермен қамтамасыз етеді
04 Тамыз 2020, 10:03
Қазақстанда COVID-19-бен күресуде оң динамика байқалуда
04 Тамыз 2020, 10:02
Қазақстанда COVID-19-бен сырқаттанудың тәуліктің өсімі орта есеппен бір жарым есеге жуық төмендеді
04 Тамыз 2020, 09:56
Қазақстанда 4 422 мектеп 8 Мбит-тан жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген
03 Тамыз 2020, 18:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
03 Тамыз 2020, 14:20
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
03 Тамыз 2020, 14:10
2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде беруді жоспарлап отыр
03 Тамыз 2020, 12:52
4 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
03 Тамыз 2020, 10:47
Шахмардан Байманов ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
03 Тамыз 2020, 09:32
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Тамыз 2020, 20:14
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
02 Тамыз 2020, 17:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71
31 Шілде 2020, 08:29
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
31 Шілде 2020, 08:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
30 Шілде 2020, 18:30
Ербол Оспанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 16:04
Аллен Шәйжүнісов «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 13:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды
30 Шілде 2020, 10:33
Егіннің түсімділігін арттыру, фитосанитарлық қауіпсіздік және ғылыми кадрлар даярлау - Қазақстанда аграрлық ғылым қалай дамуда
30 Шілде 2020, 08:58
Р. Склярдың Татарстанға жұмыс сапары: бірлескен өндірістер құру және инвестициялық жобаларды іске асыру
29 Шілде 2020, 20:56
Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын ерекше бақылауға алды
29 Шілде 2020, 16:57
ШОБ-ты несиелендіруді арттыру, жұмыспен қамту және әлеуметтік төлемдер төлеу — Р. Дәленов экономиканы қолдау шаралары туралы 
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.