Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ жобаларында жұмыскерлердің 90%-ын қазақстандық мамандар құрайды - ҚР Энергетика министрлігі

Сәрсенбі, 02 Қазан 2019, 16:56:09

Қазақстан Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов мұнайгаз саласынжа жергілікті қамту үлесін арттыру бойынаш қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. 

М. Досмұхамбетов атап өткендей, Энергетика министрлігі жергілікті қамту үлесін арттыруға ерекше көңіл бөледі және осы бағытта тұрақты жұмыстар жүргізіп жатыр. 

Соңғы бес жыл ішінде мұнай-газ саласындағы жергілікті қамту үлесі:

  • тауарларда 1,6 есеге – 74-тен 120 млрд теңгеге;
  • жұмыстарда 1,8 есеге – 834-тен 1,5 трлн теңгеге;
  • көрсетілетін қызметтерде 1,1 есеге – 771-ден 835 млрд теңгеге ұлғайды.

Биылғы жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылар жалпы сомасы 3,5 трлн теңгеге тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алған, жергілікті қамту үлесі 1,5 трлн теңге сомасына 44,01%-ды құрады.

«Жергілікті қамтудың артуына Энергетика министрлігінің заңнамалық нормаларды енгізу, атап айтқанда, Жер қойнауы туралы Кодекс пен заңнамалық актілерді әзірлеу бойынша жүйелі жұмыстары ықпалын тигізеді. Бұл құжаттарда мұнайгаз кешеніндегі отандық бизнесті қолдау және дамыту нормалары қарастырылған», — деді М. Досмұхамбетов. 

Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ жобалары шеңберінде жергілікті қамтуды дамытудың маңызы зор.

Сонымен қатар бірінші вице-министр кадрлық қамтамасыз етудегі жергілікті қамту туралы айтып берді. 

«Кадрлармен жергілікті қамту — өте маңызды мәселе. Шетелдік персонал бәрінен көп тартылған барлық ірі жобаларда бүгінде өздерінің штаттық жұмыскерлерінің 90%-ын қазақстандық мамандар құрайды. Сонымен қатар тартылған жұмыскерлердің  88-90%-ы — Қазақстан азаматтары», — деді М. Досмұхамбетов.

Мысалы, Қашағанда 3200 штаттық жұмыскерден және мердігерлік ұйымдардың 7 мыңға жуық жұмысшысынан 90%-ы — Қазақстан азаматтары. 

Энергетика саласында тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың шамамен 70%-ы үш ірі оператор – Теңізшевройл, Солтүстік Каспий операциялық компаниясы және Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг үлесінде. Осы жобалардың күрделілігіне және жоғары технологиялығына қарамастан, соңғы бес жылда Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ жобаларында жергілікті қамту үлесі: тауарларда - 1,3 есеге, жұмыстарда - 2,1 есеге, көрсетілетін қызметтерде  1,2 есеге ұлғайды. 43 бірлескен кәсіпорын құрылды, операторлар ерте тендер мен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу тетіктерін енгізді.

Сондай-ақ Қарашығанақ Петролиум Оперейтингтің тендерлік рәсімдеріне де отандық компаниялар арасында сатып алуды өткізу тетігі енгізілді (конкурсқа қатысуға шетелдік ұйымдарды шақырмай).

Болашақта Теңізшевройлды кеңейту жобасының құны $37 млрд құрады, оның ішіндегі қазақстандық қамту - $12 млрд (32%). Жоба басталғаннан бері нақты игерілген қаражат $21,2 млрд-ты, қазақстандық компаниялардан сатып алудың нақты көлемі $6,3 млрд құрады. Мыңнан астам қазақстандық компаниялар алдын ала біліктілік тексеруден өтті, болашақ кеңейту жобасында жұмыс жүргізу үшін 430 қазақстандық компанияға 1000-нан астам келісімшарттар берілді (Теңізсервис, Ерсай, ПСН Казстрой, КИНГ-КГИТ). Теңізшевройл қазақстандық өндірушілермен 31 келісімшарт жасасты, оның ішінде 18-і бұрын компаниямен жұмыс жасамаған.

Жоба басталғаннан бері  21,6 қазақстандық жұмысшы кәсіптеріне арнайы дайындық пен оқытудан өтті. Қазақстан азаматтары үшін 48 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды.

Ірі шетелдік сервистік компаниялар жергілікті қамту бойынша міндеттемелер алды: Бонатти 65%-дан, ГАТЕ 80%-дан, Велесстрой – 72%, Сенімді Құрылыс – 73%, CCEP – 65%. Үш ірі жобада тауарларды сатып алу көлемі бүкіл мұнай-газ секторының 50%-ын құрайтынын ескере отырып, жергілікті қамту өсімінің негізгі әлеуеті және отандық машина жасау үшін резервтің болуы Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ жобаларында шоғырланған.

Энергетика министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, мұнай-газ саласында машина жасауды дамыту жөніндегі жұмыс тобын құрды. Оның құрамына үш ірі жоба операторы және отандық өндірушілер де кірді. Жалпы сомасы 58 млрд теңге болатын Мұнай-газда машина жасауды дамыту жөніндегі 2019 - 2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді. 

Операторлардың техникалық және сапалық талаптарына сәйкес тауар өндіруге мүдделі 18 отандық кәсіпорын анықталды.

Сонымен қатар, М. Досмұхамбетов бірегей жабдық өндірушілер өнімдерін жергіліктендіру бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді. 

«Жалпы, Энергетика министрлігі жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша жұмыстарды жүйелі негізде жүргізіп жатыр. Соңғы бірнеше жылдан бері біз жақсы нәтижелерді көріп отырмыз. Біз бұл жұмыстарды жалғастырамыз. Бұл шынымен де жергілікті қамтуды дамытуға мүмкіндік беріп, оның сандық қана емес, сапалық та деңгейін арттырады деп үміттенеміз. Яғни, ел аумағында қомақты қосылған құн жасауға мүмкіндік береді», — деп түйіндеді М. Досмұхамбетов.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
05 Маусым 2020, 20:17
Тарихи ескерткіштер, спортшыларды даярлау және туризм индустриясы — Қазақстанда мәдениет пен спорт қалай дамуда
05 Маусым 2020, 19:09
Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізді
05 Маусым 2020, 17:29
Аты аңызға айналған Алматының апортын жаңғырту: кәсіпкерлерді қолдау және алма бақтарын ұлғайту қалай жүргізілуде
05 Маусым 2020, 16:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 03 маусымдағы №346 Қаулысы
05 Маусым 2020, 16:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 03 маусымдағы №344 Қаулысы
05 Маусым 2020, 16:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 02 маусымдағы №342 Қаулысы
05 Маусым 2020, 12:53
Айдын Ашуев ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды
04 Маусым 2020, 17:21
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді
04 Маусым 2020, 17:16
Қашықтан оқыту, 1 сыныпқа онлайн қабылдау, Абай атындағы мектептер желісін құру — былтырғы оқу жылындағы жаңашылдықтар қандай
04 Маусым 2020, 15:42
Қазақстан Президенті Ұлттық қауіпсіздік комитеті алқасының кеңейтілген отырысын өткізді
04 Маусым 2020, 13:00
А. Мамин: инвестициялар тарту — экономикалық өсімді қалпына келтірудің негізгі драйверлерінің бірі 
04 Маусым 2020, 12:15
Ерлан Байтұқбаев ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды
04 Маусым 2020, 10:15
Бірқатар өңірлердің әкімдіктеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына бақылауды күшейту тапсырылды
04 Маусым 2020, 08:55
Серік Шәпкенов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
04 Маусым 2020, 08:41
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
03 Маусым 2020, 21:56
2020 жылғы 4 айдағы АӨК қорытындысы: қуаттылығын арттыру, дақылдар алқабын ұлғайту және цифрландыру
03 Маусым 2020, 21:34
Жаңа кәсіпорындар, жолдар салу, баспанамен қамтамасыз ету — Қазақстанда өнеркәсіп саласының дамуы
03 Маусым 2020, 19:15
Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед әл-Джабермен кездесті
03 Маусым 2020, 19:00
Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
03 Маусым 2020, 18:24
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовты қабылдады
03 Маусым 2020, 16:24
Ақмәди Сарбасов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
02 Маусым 2020, 18:22
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
02 Маусым 2020, 18:19
Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
02 Маусым 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
02 Маусым 2020, 12:23
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.06.2020
02 Маусым 2020, 11:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №338 Қаулысы
02 Маусым 2020, 11:13
Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады — ҚР БҒМ
02 Маусым 2020, 10:40
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1 млн 220 мың адамды қамту жоспарланған - ЕХӘҚМ
02 Маусым 2020, 10:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин санитарлық талаптарды сақтай отырып, ҰБТ-ны сапалы өткізуді тапсырды 
02 Маусым 2020, 10:19
Халықты жұмыспен қамту бірінші кезектегі мәселе — А. Мамин  
01 Маусым 2020, 19:33
Қаржыландыруды және жергілікті қамтуды ұлғайту: Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
01 Маусым 2020, 18:57
Қазақстанда туристік нысандар жұмысының алгоритмі әзірленді
01 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
01 Маусым 2020, 17:03
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында қызыл су салдарынан орын алған техногенді төтенше жағдай туралы депутаттық сауал
01 Маусым 2020, 11:27
2 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
30 Мамыр 2020, 12:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63
30 Мамыр 2020, 09:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 17:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.