Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

«Сарыарқа» газ құбыры 2019 жылғы 31 желтоқсанда пайдалануға беріледі — М. Жүребеков

Сәрсенбі, 20 Қараша 2019, 13:52:40

ҚР энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков Үкіметте өткен баспасөз конференциясында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың Бес әлеуметтік бастамалары аясында «Қызылорда – Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша «Сарыарқа» магистралды газ құбырын салу жобасын іске асыру барысы туралы айтып берді.  

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында Энергетика министрлігінің алдына қойылған міндеттерінің бірі — елорданы, еліміздің солтүстік және орталық өңірлерін газдандыру мақсатында «Сарыарқа» магистралды газ құбырын салудың бірінші кезеңін уақытылы аяқтау болды.

М. Жүребековтың айтуынша, газ құбырының аталған учаскесі Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларына, сондай-ақ, газ құбыры трассасына жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарына табиғи газ жеткізуге мүмкіндік береді. 

Жобаны іске асыру үшін «АстанаГаз ҚМГ» компаниясы құрылды. Оның акционерлері – «Самұрық-Қазына» қоры және «Бәйтерек» холдингі. 

Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия өткен жылғы тамыз айында қаржыландыру схемасы мен шарттарын мақұлдады. Осылайша, 80,3 млрд теңге «АстанаГаз ҚМГ» АҚ жобалық компаниясының жарғылық капиталын қалыптастыру жолымен, 85 млрд теңге – «БЖЗҚ» АҚ облигациялық займы және 102 млрд теңге – Еуразия даму банкі мен «Қазақстанның даму банкі» АҚ облигациялық займы есебінен беріледі. Құрылыстың бас мердігері – «ҚазҚұрылысСервис» компаниясы.  

М. Жүребеков бүгінде «Сарыарқа» магистралды газ құбырын Нұр-Сұлтан қаласына дейін салу аяқталу сатысында тұрғанын айтты.

Айта кету керек, газ құбырын салуға 1 700-ге жуық маман және 1000 бірлік арнайы техника тартылған. Бүгінде газ құбырының желілік бөлігінің 100%-ы немесе 1061,3 км дәнекерленіп, салынған. Газ құбырының 963 км немесе 91% сыналды. 

Бұған қоса, газ құбыры-бұрмалары мен бес автоматтандырылған газ тарату станциясын, газ өлшеу станциясын және басқару пунктін салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

«Жалпы, жұмыс кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр, биылғы желтоқсанда магистралды газ құбыры, бес бірлік автоматтандырылған газ тарату станциясы, газ өлшеу станциясы және басқару пунктін қоса алғанда, барлық нысанның құрылысы аяқталады. Газ құбырын пайдалануға беруге қабылдау биылғы 31 желтоқсанға жоспарланған», — деді вице-министр.  

Оның айтуынша, магистралды газ құбырын Нұр-Сұлтан қаласына дейін салу газ құбыры бойындағы 171 елді мекенді газбен біртіндеп қамтамасыз етуге жол ашады, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы мен газ құбыры трассасының бойындағы басқа да елді мекендердің экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

«Сарыарқа» газ құбыры жобасын іске асыру шағын және орта бизнесті дамытуға, сонымен қатар, магистралды газ құбыры бойындағы өңірлердің инфрақұрылымын дамытуға мультипликативті әсерін береді. Бұдан өзге, отын ретінде табиғи газды қолдану атмосфераға шығарылатын лас қалдықтарды азайтып, халықтың қолайлы өмір сүруіне әрі қоршаған орта жағдайын жалпы жақсартуға ықпал етеді», — деді вице-министр.   

Нұр-Сұлтан қаласына газ қашан келеді?

ҚР энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласын магистралды газ құбырына қосу кезең-кезеңмен жүргізілетінін айтты. Нұр-Сұлтан қаласында газ тарату желілерінің құрылысы 2025 жылға дейін салу мерзімімен үш кезекке бөлінген.  

Біріншісі — 2019-2021 жылдары. Алғашқы тұтынушылар келесі жылыту маусымында газға қосылатын болады. Олар: Көктал-1, Көктал-2 , Оңтүстік-Шығыс тұрғын үй алаптары, сондай-ақ, ЖЭО-1 және ЖЭО-3. Бірінші кезегі 2020 жылы беріледі. 

Екінші кезек мерзімі — 2021-2023 жылдары. Шығыс және Оңтүстік-Шығыс газ тарату пункттері қосылады. Интернациональный, Мичурино, Котельная аудандары газбен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, Пригородный, Family Village, Garden Village  шағын аудандары және халықаралық әуежай қазандығы қосылады. 

Үшінші кезекте — 2023-2025 жылдары. Ильинка, Өндіріс, Кірпіш зауыты, ЖЭО-2 газға қосылады. 

«Алғашқы газ тұтынушылар келесі жылы қосылады, бірақ бұл жұмыс жылдам бітпейді, ол ұзаққа созылатын кезеңмен жүргізілетін процесс», — деді вице-министр.

Қарағанды облысын газ құбырына қосу

Қарағанды облысының әкімдігі автоматтандырылған газ тарату станцияларынан желілерді Қарағанды, Теміртау және Жезқазаған қалаларына тартуды және тарату желілерін салуды қарастырылған. 

Қарағанды облысында газ тарату желілерін салу үшін республикалық бюджеттен бұл жылға 2,4 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 1 млрд теңге — Қарағанды және Жезқазған қалаларына, 400 млн теңге — Теміртау қаласына.  

  • Қарағанды қаласы бойынша — құбырлардың 38,9 шақырымы немесе 90% қойылды, оның 28,9 шақырымы немесе 66,5% дәнекерленді (2019 жылға қарастырылған 43,4 шақырымнан);
  • Жезқазған қаласы бойынша құбыр 29,6 шақырым немесе 100% қойылды, оның 19,7 шақырымы немесе 66,5% дәнекерленді;
  • Теміртау қаласы бойынша құбырлардың 30,1 шақырымы немесе 100% қойылды, оның 16,8 шақырымы немесе 56% дәнекерленді. 

Қарағанды облысының әкімдігі жыл соңына дейін Жезқазған қаласында 148 үйді, Теміртау қаласында 100 үйді және Қарағандыда 150 үйді газға қосуды жоспарлап отыр. 

Қарағанды облысының әкімдігінің мәліметтерінше, жалпы, І кезекті аяқтау 2020 жылдың мамыр айына жоспарланған. 

Ақмола облысын газдандыру

Ақмола облысында бірінші кезекте Аршалы және Целиноград аудандарындағы 20 елді мекенде газ тарату жүйелерінің құрылысы жоспарланған. 

Бүгінде әкімдік 13 жобаның жобалық-сметалық құжаттамасының 8-іне мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды, олар бойынша мердігерлік ұйымдарды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Қалған бес жобаның жобалық-құжаттамалық құжаттамаларына мемлекеттік сараптама қорытындысын алу мерзімі – 2019 жылғы қараша. 

«Елбасының бес әлеуметтік бастама аясында берген тапсырмасы бұл Бесінші бастаманы Энергетика министрлігі орындады деп айтуға болады. Өткен айда біз “алтын дәнекерлеу” рәсіміне қатыстық. Яғни, Нұр-Сұлтан қаласына  тартуда магистралды газ құбырында соңғы жік дәнекерленді», — деді энергетика вице-министрі. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
28 Қыркүйек 2020, 17:28
30 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
28 Қыркүйек 2020, 15:11
Ә. Смайылов инвестиция тарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
28 Қыркүйек 2020, 14:56
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға барды
28 Қыркүйек 2020, 08:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №79
27 Қыркүйек 2020, 19:34
Машина жасау, ШОБ қолдау және индустриялық жобаларды дамыту — Қостанай облысы пандемия кезеңінде қалай дамыды
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.