2019 жылдағы Алматы: өнеркәсіп өнімінің өсімі, инвесторларды қолдау және білім саласындағы жетістіктері

Жұма, 31 Қаңтар 2020, 18:38:40

ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың жұмыс орындарын жүйелі түрде ашу және азаматтардың табыс деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмаларына орай Алматы қаласы жаңа экономика салаларын қалыптастыруға баса ден қойды. Перспективалы бағыттар ретінде білім экономикасы, цифрландыру, креативті индустриялар, туризм саласы, қызмет көрсету саласы және т. б. салалар анықталды. Мегаполистің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы көрсеткендей, дұрыс бағыт таңдалған. Қаланың 2019 жылғы дамуы, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысы және мегаполистің келешегі туралы толығырақ PrimeMinister.kz шолу материалынан оқыңыздар.

Алматы — Іле Алатауының бөктерінде орналасқан Қазақстанның ірі мегаполисі. 1997 жылға дейін қала мемлекеттің астанасы болды. Қазіргі уақытта Алматы еліміздің ғылыми, мәдени, тарихи, өндірістік және қаржы орталығы болып саналады.

Мұнда қуатты адам капиталы шоғырланған. Қала бүгінде еліміздің экономикалық орталығы ретінде қалыптасты. Мұнда бизнес белсенді түрде жұмыс істейді. Бір сөзбен айтқанда, Алматы бүгінде еліміздің дамуына елеулі үлес қосып келеді.

 

Өнеркәсіпте 46 мыңнан астам адам жұмыс істейді

Алматы қаласының әкімдігінде хабарланғандай, 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 957,1 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді. 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 4,5%-ды құрады.

Өнеркәсіп саласын дамыту үшін Алматы Индустриалды аймағы жұмыс істейді. Аумақтың жалпы ауданы 490 га құрайды. 

Алматы қаласының статистика департаментінің деректері бойынша жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп кәсіпорындары — 1,5 мың компания. Өнеркәсіп саласында жұмыспен қамтылғандар саны 46,3 мың адамды құрайды.

Өнеркәсіптік кәсіпорындар темірбетон бұйымдарын, асфальт, алюминий профильдерін, бояулар мен лактарды және т. б. шығарады. 2019 жылы құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындар 54,3 млрд теңгеге немесе 107,7% өнім өндірді.

Құрылыс материалдары ТМД елдеріне экспортталады. Аса ірі компаниялар: «Темірбетон-1» ЖШС, «AЗМК» ЖШС, «InnoTrack» ЖШС, «KСМ Техновид» ЖШС, «Алюгал» ЖШС, «АЛПРОФ» ЖШС, «LCIMK» ЖШС, «Салават БС» ЖШС, «Асфальтобетон-1» ЖШС және т. б.

 

Ұн, кәмпит және май: Алматыда не өндіріледі

Алматы қаласының азық-түлік өнімдерін өндіру саласында 225 белсенді жұмыс істейтін кәсіпорын бар. Аталған сектордың үлесіне өңдеу өнеркәсібінің жалпы қалалық көлемінің 29% келеді.

Негізгі бағыттар: етті қайта өңдеу («Беккер және К» ЖШС, «БИЖАН» ЕӨЗ» ЖШС), жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу («Цин-Каз» ЖШС, «КазснекСауда» ЖШС, «GoldenFoodCompany» ЖШС), майлар өндіру («EFC» АҚ, «МаслоДел» ЖШС және «ЭФКО Алматы» ЖШС), сүт өнімдерін өндіру («АгроӨнім», «Increasefood», «Солнечный» МЗ), нан-тоқаш және ұн өнімдерін өндіру («Ақсай» нан шығару комбинаты» ЖШС, «Алматынан» нан тоқаш комбинаты» ЖШС, «Алматы ұн тарту комбинаты» ЖШС), өзге де тамақ өнімдерін өндіру: кондитерлік өнімдер («Рахат» кондитерлік фабрикасы»), шай («Teahouse», «Tealand», Алматы шай), майонез, кетчуп, ашытқы.

Саланың негізгі экспорттық бағыттары таяу және алыс шет елдерге (42 ел) кондитерлік өнімдер («Рахат» АҚ) және май өнімдері («EFC» АҚ, «МаслоДел» ЖШС және «ЭФКО Алматы» ЖШС) Орта Азия елдері мен Қытайға болып табылады.

 

ИИДМБ іске асыру: 12 жобаны іске қосу және 1 мыңнан астам жұмыс орнын құру

ИИДМБ аясында 2015-2019 жылдары Кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша 6,5 мың жұмыс орнын құрумен 127,2 млрд теңгеге 72 жоба (жеке қаражат есебінен) жүзеге асырылды.

2019 жылы 47,5 млрд теңгеге 12 жоба жүзеге асырылып, 1 163 жұмыс орны ашылды, оның ішінде индустриялық аймақ аумағында 41,6 млрд теңгеге 6 компания іске қосылды, 848 жұмыс орны ашылды.

2020 жылы Алматыда 1127 жұмыс орнын құрумен 13,5 млрд теңгеге 12 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. 

99 кәсіпкер «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына тартылған

Қалада «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Жобалық офистің жұмыс істеу кезеңінде Бағдарламаға 79,8 млрд теңге сомасына 99 кәсіпкерлік субъектісі тартылды. 

Осы жылдың 17 қаңтарындағы жағдай бойынша 6,5 млрд теңге сомасына 14 жоба қаржыландырылды, екінші деңгейлі банктерде 6,3 млрд теңге сомасына 14 жоба мақұлданды. ЕДБ қарауында 32 млрд теңге сомасына 16 жоба бар. 48 кәсіпкерлік субъектісі 34,1 млрд теңге сомасына бағдарламаның әлеуетті қатысушылары болып табылады. Оның ішінде мақұлданған жобалар: SamalБілім ЖШС, Шин-Лайн ЖШС, ӨркенӘлем ЖК, Абудбаитова ЖК, Айжан авторлық үйі.

 

Инвестициялық ахуалды жақсарту шаралары басымдықта

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 8,3% өсіммен 821 млрд теңгені құрады.

Мегаполисте инвесторларға ауқымды қолдау құралдары ұсынылған. Сонымен, «Инвестициялар үйінде» «бір терезе» қағидаты бойынша сервистік қолдау, серіктестер іздеу және инвестициялық келісімшарттарға сүйемелдеу жасау секілді қызметтер көрсету қарастырылған. Ерекше жағдай жасалған алаңдар бар — арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар.

Инвестициялық ахуалды жақсарту, әлеуетті инвесторлардың Алматы қаласында жаңа жобаларды іске асыруға қызығушылығын арттыру мақсатында келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

БІРІНШІ. Кәсіпкерлікті қаржыландыру және қолданыстағы республикалық бағдарламалар бойынша шағын және орта бизнеске несие беруді ұлғайту тетіктері кеңейтілді:

  • ЕДБ үшін тартымдылығы төмен, бірақ сонымен бірге қала экономикасының басым салаларына жататын бизнес субъектілеріне қаржыландырудың орташа және ірі сомасын беруге мүмкіндік беретін «AlmatyFinance» қаржы ұйымын құру;
  • өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп шағын қаржы ұйымын құру;
  • Жібек жолы, Алматы өнім, Алматы инновация, Алматы туризм өңірлік бағдарламаларын біріктіру есебінен бірыңғай өңірлік бағдарлама құру;
  • «Қарапайым заттар экономикасы» республикалық бағдарламасының, сондай-ақ ҚазАгро, Бәйтерек ұлттық даму институттарының бағдарламаларының қала жобаларын қаржыландырудағы рөлін арттыру.

ЕКІНШІ. Әкімшілік кедергілерді еңсеру, бизнестің уақытша және қаржылық шығындарын қысқарту үшін «Qolday'» кәсіпкерлік орталығын құру.

Орталықтың негізгі міндеті — кәсіпкерлердің мемлекеттік органдармен тікелей байланысын қоспағанда, бизнес субъектілері үшін бірыңғай терезе құру. Бұл қала кәсіпкерлерінің түрлі рұқсат құжаттарын беру тәртібіне деген наразылықтарын азайтуға мүмкіндік береді. 

ҮШІНШІ. Инвестициялар тарту жөніндегі ұлттық инвестициялық стратегия AlmatyInvest толық форматты инвестициялық блогын құрумен «Алматы» ӘКК қызметінің жүктемесін өзгертті. Almaty Invest ӘКК шеңберінде инвестициялар тартудың, зәкірлік жобаларды іске асырудың, қала аумағында ірі және орта инвестициялық жобаларды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасаудың негізгі драйвері болады.

Almaty Invest инвесторлармен жобаны анықтаудан бастап, оны «буып-түю» мен таргеттеуден бастап жобаны коммерциялық іске қосу мен инвестициялаудан кейінгі сүйемелдеуге дейінгі нақты жұмысты ұйымдастырады.

 

Алматы кәсіпкерлер саны бойынша бірінші орында

Қалада барлығы 277 470 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1%-ға жоғары. Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 190 190 бірлікті құрайды, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінен 9%-ға жоғары. Бұл республика бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санындағы Алматының үлес салмағының шамамен 14%-ы, бұл бойынша ҚР-да бірінші орынды алады.

2019 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жағдай бойынша ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны 600 065 адамды құрайды, бұл 2018 жылғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштен 1,1%-ға жоғары.

2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ШОБ шығарылған өнімінің көлемі 5 313 млрд теңгені құрады.

2019 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 5 292 млн теңге бөлінді.

Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 704 млн теңгеге 199 жоба қаржыландырылды.



Алматыда тұрғын үй бағдарламалары қалай жүзеге асырылады?

2019 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында 3 604 пәтер таратылды, оның ішінде: 1245 пәтер «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы «ЖАО несиелік тұрғын үйі» бағыты бойынша бөлінді.

Бағдарлама аясында «Сатып алумен жалдамалы тұрғын үй» бағыты бойынша 305 пәтер «Samruk-Kazyna Construction» АҚ желісі бойынша «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы таратылды.

«Жас отбасыларға арналған баспана» бағыты бойынша бағдарламасы аясында 100 пәтер таратылды.

Бағдарлама аясында 31 пәтер «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ бағыты бойынша таратылды.

2019 жылғы шілдеде Бағдарлама аясында «көп балалы отбасылар», «толық емес отбасылар» және «мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар» санаттары бойынша Алматы қаласында кезекте тұрғандар үшін «Аз қамтылған азаматтарды тұрғын үй сатып алуға несиелендіру» («Бақытты отбасы» республикалық бағдарламасы) бағытын іске асыру бастау алды. Бағдарламаның аталған бағыты аясында 236 кезекте тұрғандар жеңілдікті тұрғын үй займдарын алды.

2019 жылы «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша Бағдарлама аясында коммуналдық тұрғын үй қорына берумен ЖАО-да кезекте тұрғандарға 637 пәтер бөлінді, оның ішінде мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар үшін 496 пәтер, көп балалы отбасылар үшін — 141 пәтер берілді.

2019 жылдың қазан айында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша Бағдарлама аясында 29 жасқа дейінгі жастар үшін 5 жылға дейінгі мерзімге 1050 пәтерге қабылдау жарияланды.

Мемлекет басшысының «Әрбір отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері» бірінші бастамасының міндеттерін іске асыру мақсатында алғаш рет несие беру шарттары қолжетімді, әрбір қазақстандық үшін тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған тұрғын үй бағдарламасы қабылданды.

«7-20-25» — сыйақы мөлшерлемесі төмен – 7%, бастапқы жарнасы 20%, өтеу мерзімі 25 жылға дейінгі ең тиімді ипотекалық бағдарлама. Бүгінгі таңда осы бағдарлама бойынша 2 986 қарыз берілді. 

Сонымен қатар, қалалық «Бақытты отбасы» бюджеттік несиелендіру бағдарламасы аясында жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарға «көп балалы отбасылар» санаты бойынша тұрғын үймен 284 көп балалы отбасы қамтамасыз етілді, тиісінше 284 тұрғын үй сертификаты берілді.

 

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 37 мыңнан астам адам қамтылды

Статистика мәліметтері бойынша, қалада 2019 жылдың ІІІ тоқсанында жұмыс күшінің саны 987 мың адамды құрады, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық — 935,2 мың адам. 

Жұмыссыздар саны 50,3 мың адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі – 5,1%, 2018 жылмен салыстырғанда 0,1% төмендеді.

2019 жылы Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғасуда.

Бірінші бағыт аясында техникалық және кәсіптік оқытумен 2017 жылдан бастап 7162 адам қамтылды, оның 2500-і — 2019 жылы. 

Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 2573 адам жіберілді, оның ішінде 1480 адам оқуды аяқтады, 69% жұмысқа орналастырылды. 

Екінші бағыт аясында 2704 млн теңге сомасына 199 жоба қаржыландырылды, кепілдік беру бойынша 117 млн теңге сомасына 27 жоба мақұлданды.

Сонымен қатар, аталған бағыт шеңберінде өз бизнесін ашқан 2867 өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз халыққа 100-ден 200 АЕК-ке дейін қайтарымсыз гранттар берілді.

Үшінші бағыт. 2019 жылы Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін 48 032 адам өтініш білдірді, оның ішінде жұмыссыздар ретінде 17 324 адам тіркелді. Есепті кезеңнің соңында есепте тұрғандар саны 12 292 адам, оның ішінде 9 506-сы — жұмыссыз. 

Жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу және еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтау мақсатында Алматы қаласы әкімінің орынбасары 2019 жылға арналған халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарын бекітті, ол 33 мыңнан астам жұмыс іздеуші азаматтарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсетуді көздейді.

Кешенді жоспар 135%-ға орындалды, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 37 988 адам қамтылды, оның ішінде:

  • тұрақты жұмысқа – 21 177 адам;
  • әлеуметтік жұмыс орындарына – 1 220 адам орналастырылды;
  • жастар тәжірибесіне – 1 142 адам;
  • қоғамдық жұмыстар – 3 930 адам;
  • кәсіптік оқытуға – 2 573 адам және т. б. жіберілді.

Осы жылы шағын және орта бизнес субъектілері 28 мың жұмыс орнын ашуды жоспарлады. 2019 жылы барлығы 47 428 жұмыс орны құрылды, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілері – 35 168, сондай-ақ «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша – 1 980, «Нұрлы жол» бойынша – 206, БЖК бойынша – 1 083, ИИДМБ бойынша – 1 103, «Еңбек» бағдарламасы бойынша – 6 292, өңірлерді дамыту бойынша – 800, ҚР білім және ғылым саласын дамыту бойынша – 298, МЖӘ шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша – 78, аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша – 248, ҚР тілдерді дамыту және қолдану бағдарламасы бойынша – 152, «Цифрлық Қазақстан» бойынша – 20.

Формалды емес жұмыспен қамтылған халықтың мәселесін шешу үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық есептілігін беруді талап етпейтін Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілді. Барлық БЖТ төлеушілер 7843 адам болды.

Қала әкімдігінің және «Атамекен» ӨКП қолдауымен жұмыссыздар көп жиналатын және тұратын жерлерде қаланың 8 ауданында 12 мобильді жұмыспен қамту орталығы жұмыс істейді. 60 үйлестіруші мен консультанттар жеке деректерді жинауды, өтініш білдірген ізденушілерді тестілеуді жүргізеді, өтініш берушінің жеке портретін жинақтайды.

 

12 мыңнан аса отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды

Алматы қаласындағы аз қамтылған тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мақсатында АӘК, тұрғын үй көмегі, сондай-ақ 16 әлеуметтік төлем түрі көрсетіледі. 

2019 жылы АӘК 7 134,8 млн теңге сомасына 12 748 отбасына төленді. 37,7 млн теңгеге 1715 адамға тұрғын үй көмегі көрсетілді. 1 980 млн теңге сомасына 25 770 адам әлеуметтік төлемдермен (16 түрі) қамтылды. 

«Бақытты отбасы» қалалық бағдарламасы белсенді жүзеге асырылып жатыр, онда түрлі бағдараламалар бөлінісінде 13 қолдау шарасы қарастырылған.

«Бақытты отбасы» бағдарламасын іске асыруда 4 төлем түрінің көлемі арттырылды: тұрғын үй көмегінің (10%-дан 5%-ға дейін), қиын өмірлік жағдайларға тап болғандарға әлеуметтік көмек (10 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін), жеке есептеуіш құралдарын сатып алу шығындарын өтеуге (бір құрал үшін 2 АЕК-тен 3,4 АЕК-ке дейін), мүгедек балаларды үйден оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (9 АЕК-тен 12 АЕК-ке дейін). 

Жаңа әлеуметтік төлемдер енгізілді: көп балалы отбасыдан шыққан ЖОО-лардағы үздік студенттерге ай сайынғы шәкіртақы (10 мың теңгеден), баспана алар кезде бастапқы жарна үшін 1 млн теңге көлемінде көп балалы отбасыларға тұрғын үй сертификаттары берілді. 

2019 жылы қаланың барлық аудандарында 9 «Бақытты отбасы» орталығы ашылды, оған 42 мың адам келді. Аудандардың орталықтарында «ІSKER ANA» әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бағдарламасы іске асырылды. Орталықтар «Атамекен» ӨКП бірлесіп, базалық тренингтер, оқыту курстарын өткізді. Соның нәтижесінде 827 адам бизнес-жобалар әзірледі, 1 016 адам жұмысқа орналастырылды. 200 АЕК дейін қайтарымсыз гранттар алған көп балалы отбасылар — 617 адам, аз қамтылған отбасылар — 416 адам.

 

Цифрландыру: ақылы тұрақтар есебінен бюджетке салық түсімдері 10 есе өсті

«БЖК-2025» Бағдарламасы аясында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, өз ісін енді бастаған кәсіпкерлерге тегін және қайтарымсыз негізде экономиканың басымдықты секторларында инновациялық бизнес-идеяларды іске асыру үшін 2 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін мемлекеттік гранттар ұсынылады. 

Биыл бағдарламаны жүзеге асыруға 205 млн теңге бөлінді, бұл 2012 жылғы деңгейден 7 есе көп. 

Қала аумағында «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы бар. «ИТП» АЭА зор әлеуеті – құрылып жатқан салықтық жеңілдіктері бар инновациялық-өнеркәсіптік алаң. 

Бүгінде «ИТП» АЭА 167 компаниясы 31,8 млрд теңге тартылды, 175,7 млрд теңгеге өнім шығарылды, 5 мыңға жуық жұмыс орны құрылды. 

Сонымен қатар, Өнеркәсіпті цифрландыру бағдарламасы аясында Жол картасы әзірленді, онда 3,5 млрд теңгеге 22 жоба қамтылды. 

Бүгінде қалада экономиканың түрлі салаларында 10 жоғары технологиялы кәсіпорын, оның ішінде 2019 жылы 4 өндіріс іске қосылды. 2020 жылы 5 өндірісті іске қосу жоспарланған. 

Қауіпсіздік саласында жол қозғалысы ережелерін бұзуды фото және бейнетіркеу жүйесі енгізілді. 2019 жылы «Сергек» жобасы аясында 400 пост орнатылды. 

Бүгінде жолақыны қолма-қол ақшасыз төлеу үлесі 98% (ОҢАЙ) құрайды, тасымалдаушылар табысы 60%-ға артты. 

«A-Parking» жүйесі арқылы қаладағы тұрақтардың 15% қамтылды, бюджетке салық төлемдері 10 есе өсті. 

ТКШ саласында жылуды приборлау деңгейі – 90%, сумен қамту деңгейі — 91%. 7,6 мыңнан аса жылу есептеу құрылғысы және 32 мыңнан аса су есептеу құрылғысы орнатылды. 

Мектептер мен медицина ұйымдары 100% интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз етілген. Қала халқының 89%-ның электронды денсаулық паспорты бар. 39 цифрлық көмек станциясы орнатылды. Алматы қаласының ситуациялық орталығы құрылды. 16 қалалық жүйе кіріктірілді. 

 

2019 жылы колледж түлектерінің 98,4%-ы оқуды аяқтаған алғашқы жылы еңбекке орналастырылды

Қазір балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 87% құрайды. 2019 жылы 550 орынға 3 мемлекеттік балабақша және 3 174 орынға 162 жекеменшік балабақша пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 640 орындық 4 мемлекеттік балабақша құрылысы жалғасуда, сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілік аясында 150 орындық балабақша құрылысы жүргізілуде. 

Жыл бойы тәрбиешілерді тарту бойынша пәрменді шаралар қабылданды, соның нәтижесінде «Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру» мамандығы бойынша педагогтар үлесі 37%-дан 49%-ға дейін артты. Базалық білім беретін педагогтар санын арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда. 

Қазіргі кезде НЗМ тәжірибесі бойынша жаңартылған білім беру мазмұнына 2016 жылдан бері 1-10 сыныптардың 97%-ы көшті. 

Бұл бағытта бастауыш сыныптардың 15 мыңнан аса мұғалімі және пәндік мұғалімдер біліктілікті арттыру курстарынан өтті. 

2019 жылы оқушылар орнының тапшылығын азайту үшін Алатау ауданында 600 оқушылар орнына мектеп, Бостандық ауданында мектепке 300 орынға қосымша ғимарат пайдалануға берілді. Түркісиб ауданындағы «Колхозшы» ықшамауданында 600 орындық және Әуезов ауданында «Мамыр» ықшамауданында 1200 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде, жекеменшік инвестициялар есебінен 2240 орындық 4 мектеп құрылысы жоспарланған, 2 мектеп бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. 2020 жылы МЖӘ аясында 12 900 орындық 8 мектеп құрылысы басталады. Алатау ауданының «Рахат» ықшамауданында №196 үш ауысымдық мектепті жою үшін 1500 орындық мектеп құрылысы жоспарланған. Жер учаскесі белгіленген, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары басталды. 

48 колледжде 34 мыңнан аса оқушыны қамтумен мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылды. Мамандар 99 мамандық пен 167 біліктілік бойынша дайындалады. Биылғы оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысын қабылдау жоспары 8 650 қамтыды.

2025 жылға дейін мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттерді қамтуды дуалды оқытумен 30%-ға дейін арттыру немесе 8 мың студентті қамту жоспарланған. 2019 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған, оқуды аяқтаған соң алғашқы жылы еңбекке орналастырылған және жұмыспен қамтылған колледж түлектерінің үлесі 98,4% құрайды, ҚР жоспары — 95%.

Даму ерекшеліктері бар балаларды инклюзивті оқытуды іске асыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда, қаланың барлық білім беру мекемелерінде техникалық қолжетімділік қамтамасыз етілген (жаңа мектептерде лифтілер, пандустар, тактильді жолдар, шақырту түймелері, санитарлық бөлмелер т.б.). 

Инклюзивті білім беру енгізілді:

  • 1678 баланы қамтумен 150 мектепте;
  • 1350 баланы қамтумен 54 балабақшада;
  • 405 студентті қамтумен 19 колледжде.

Дефектологтар, логопедтер мен тәрбиешілер (тьюторлар) штаттық бірлігі бөлінген, жалпы, 4 мыңнан аса педагог инклюзивті кластарда жұмыс істейді. 

 

Алматы қаласындағы шетелдік туристер саны 26%-ға өсім көрсетті 

Алматы қаласындағы туристер саны 25%-ға артып, 984 мың адамды құрады. Бұл ретте Алматы қаласындағы шетелдік туристер саны 26%-ға өсімді көрсетті және 335 мыңды құрады, ал ішкі туристер саны 24% өсіммен 649 мыңды құрады. 

Тек бір жылда ұсынылатын төсек-орын саны 13,7%-ға артып, 1,4 млн құрады, көрсетілген қызметтер көлемі 28%-ға көбейді, орналастыру орны 23,5 млрд теңгені құрады. 

Туристердің өсімімен бірге орналастыру орындарының саны артты. Тек бір жылда қонақ үйлер мен хостелдер саны 28,6%-ға, 265-тен 341 орналастыру орнына дейін өсті. 

 

Алматы қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту

Мегаполистің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қалалық әкімдікте атап өткендей, 23 ықшамауданның 105 мың тұрғынын сумен қамтумен және кәріз жүйесімен қамту бойынша барлық жұмыстар 2023 жылы аяқталады. Қазіргі кезде 208 көшеде сыртқы жарықтандыру құрылысы аяқталды, келесі жылы 1 176 көшеде жарықтандыру аяқталады. 

 

Су және кәріз жүйесі

Қалалықтардың орталықтандырылған сумен қамтуға қолжетімділігі – 97,7%, су бұрумен қамтылуы — 82%. Су құбырларының жалпы ұзындығы 3,6 мың шақырымнан астам, кәріз жүйелерінің ұзындығы — 1,9 мың км.

Соңғы үш жылда 737 км сумен қамту желісі және 603 км кәріз жүйесі салынып, қайта жөнделді. 2019 жылы 153,5 км су құбыры желісі және 45 нысан бойынша 133,5 км кәріз жүйесі салынды. Қабылданған шаралар нәтижесінде құбырлардың тозуын 5,5%-ға төмендету мүмкін болды. 

2020 жылы 30 нысан бойынша 150,3 км су құбырын және 138,7 км кәріз желісін салу жоспарланған. 

 

Электрмен жабдықтау

Электрмен жабдықтау деңгейінің 100% болуы себепті, тек қолданыстағы желілер мен нысандарды жөндеу жүргізіледі. Олардың ұзындығы — 7,6 мың км, тозуы — 65%. 

2019 жылы «АЖК» АҚ желісі бойынша 150,19 км электрмен жабдықтау желісі қайта жөнделді және жөнделді. 

 

Жылумен жабдықтау

Жалпы, қала орталықтандырылған жылумен «АлЭС» АҚ (ТЭЦ-1, ТЭЦ-2, ЗТК) желісі бойынша 3 жылу көзінен және «АТКЭ» ЖШС 83 қазандығы арқылы қамтамасыз етіледі, бұл қалалықтардың 76%-ы, қалған 24%-ы жылуды дербес жылу көздерінен алады, жекеменшік үйлер газбен жылытылады. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 1,2 мың км, оның ішінде 61,1% немесе 758 км – тозған.

2019 жылы 20,4 км жылу желісі қайта жөнделді және жөнделді. 2020 жылы «АлТС» ЖШС желісі бойынша 14,3 шақырым жылу желілерінің ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, олар қайта жөнделеді. 

 

Газдандыру

Қала бойынша газ желілерінің жалпы ұзындығы — 5,1 мың км. 2019 жылы 130 шақырым газ желілерін салу жұмыстары жүргізілді, бүгінде газдандыру деңгейі 99% құрайды. 2020 жылы «ҚазТранГаз» АҚ қаражаты есебінен 29,2 шақырым газ құбырын қайта жөндеу көзделген. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
31 Наурыз 2020, 21:40
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі
30 Наурыз 2020, 16:55
Коронавируспен күресуге тартылған медицина қызметкерлеріне төленетін үстеме ақы көлемі бекітілді
30 Наурыз 2020, 15:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №54
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 наурыздағы №154 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №143 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №142 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №141 Қаулысы
28 Наурыз 2020, 12:15
Машина жасау саласындағы бір жұмыс орны іргелес салаларда 7-8 жұмыс орнын құруға жол ашады
28 Наурыз 2020, 11:56
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов Қостанайда жаңа автомобиль модельдерінің бірлескен өндірісін ашты
27 Наурыз 2020, 13:01
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады
27 Наурыз 2020, 08:30
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерге төлемді кейінге шегеруді автоматты түрде қосымша құжаттарды талап етпей жүзеге асырады
26 Наурыз 2020, 18:42
ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шараларын күшейтті
25 Наурыз 2020, 16:56
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық биотехнология орталығына барды
24 Наурыз 2020, 22:41
ҚР Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті
24 Наурыз 2020, 15:11
Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шаралары қаралды
24 Наурыз 2020, 14:34
«Birgemiz» Қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің құрамы жарияланды
23 Наурыз 2020, 13:36
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзі
22 Наурыз 2020, 13:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №53
21 Наурыз 2020, 16:09
Қ. Тоқаев коронавируспен күрес жұмыстарын үйлестіру және мониторинг жасау жөніндегі Шұғыл әрекет ету орталығына барды
21 Наурыз 2020, 14:50
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның үкімет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті
21 Наурыз 2020, 12:34
Асқар Мамин қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
21 Наурыз 2020, 09:06
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады
21 Наурыз 2020, 09:01
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
21 Наурыз 2020, 08:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №127 Қаулысы
21 Наурыз 2020, 08:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №126 Қаулысы
20 Наурыз 2020, 17:52
А. Мамин әкімдерге ірі кәсіпорындармен және ШОБ-пен бірлесіп жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды
20 Наурыз 2020, 12:00
Карантин енгізу қазақстандықтарды барлық қажетті өнімдермен қамтамасыз етуді шектемейді — Е. Тоғжанов
20 Наурыз 2020, 11:53
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлерінің 70%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшірілді
20 Наурыз 2020, 11:29
Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 32 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді
20 Наурыз 2020, 09:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді 
20 Наурыз 2020, 07:55
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі
19 Наурыз 2020, 20:56
ҚР аумағында COVID-19 таралуына жол бермеу шаралары туралы брифинг өтеді
19 Наурыз 2020, 19:34
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың есебін тыңдады
19 Наурыз 2020, 19:15
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының кіреберісіне қойылған бақылау-өткізу бекетіне барды
19 Наурыз 2020, 12:48
Қазақстан Президенті Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
18 Наурыз 2020, 21:17
Әлеуметтік маңызы бар өнімдерді импорттау үшін «жасыл дәліз» ашылды
18 Наурыз 2020, 18:59
Үкімет азық-түлік бағасының тұрақтылығын және үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді
18 Наурыз 2020, 13:17
Нұрсұлтан Назарбаев коронавируспен күреске 200 миллион теңге бөлуді тапсырды
18 Наурыз 2020, 13:15
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдерімен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізді
18 Наурыз 2020, 11:22
Мемлекет басшысы Премьер-Министр, Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы Асқар Маминді қабылдады
17 Наурыз 2020, 20:36
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына кіруді және шығуды шектеу туралы
17 Наурыз 2020, 18:50
2020 жылы «Бәйтерек» холдингі 19 мыңнан аса ШОБ жобасына қолдау көрсетеді
17 Наурыз 2020, 16:10
ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия биылғы 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін енгізді
17 Наурыз 2020, 15:46
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Расул Жұмалыны қабылдады
17 Наурыз 2020, 14:13
Р. Дәленов уақытша жабылған нысандарды қолдау шаралары туралы айтып берді
17 Наурыз 2020, 13:50
Баға өткен аптаның басындағы деңгейде болуы тиіс — Б. Сұлтанов сөзін қазақстандық кәсіпкерлерге бағыттады
17 Наурыз 2020, 13:41
ҚР-да жеке тұлғалардың тұтынушылық қарыздары бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен кезде сыйақы есептеуге тыйым салу енгізіледі — М. Әбілқасымова 
17 Наурыз 2020, 13:13
Әлихан Смайылов ТЖ кезеңінде бюджетті қалыптастырудың ерекше тәртібі туралы айтып берді
17 Наурыз 2020, 12:52
Қазақстанда 200 мың жұмыс орны ашылады — Б. Нұрымбетов азаматтарды жұмыспен қамту шаралары туралы
17 Наурыз 2020, 11:36
Қазақстанда ішкі нарықты отандық азық-түлік өнімдерімен толықтыру үшін қажетті жағдайлар жасалған — ҚР АШМ 
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі