Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Азық-түлік бағасы, экспорттаушыларды қолдау және электрондық сауда нарығы — Қазақстанның сауда саласының дамуы

Дүйсенбі, 26 Қазан 2020, 16:10:30

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ОКҚ-інде өткен брифингде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берілген тапсырмалардың орындалуы туралы айтып берді. 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Сауда және интеграция министрлігінің алдына бірқатар маңызды міндеттер қойды, оларды іске асыру еліміздің экономикасын тұрақты дамытуды қамтамасыз етеді.

Бірінші кезекте, сөз шикізаттық емес экспортты ұлғайту туралы. 

Оның жартысына жуығы (42%) қазір жоғары және орташа өңдеу сатысындағы өнімінен тұрады. Оның көлемі тұрақты ұлғаюда. Өңделген экспорттың негізгі тауарлары  - мыс және мыстан жасалған катодтар, ферроқорытпалар, уран, мұнай өңдеу өнімдері және басқалар.

Әлемде пандемия салдарынан туындаған сауда-экономикалық өзгерістер бір жағынан тәуекелдерді туындатса, басқа жағынан отандық кәсіпорындардың ең жоғары қосылған құны бар өнімдерді өндіруге көшуіне «мүмкіндік терезесін» ашады.

Ағымдағы жылы пандемия салдарынан отандық өнімді  дәстүрлі сатып алушылардың бірқатары өзінің өндіріс көлемін қысқартып, қазақстандық өнімді сатып алуды бәсеңдетті.

«8 айдың қорытындысы бойынша өңделген тауарларлдың экспорты 7,3%-ға $10,4 млрд-тан $9,7 млрд-қа дейін азайды. Экспорттың негізгі төмендеуі  әлем нарығында мұнай өнімдерінің жеткізілімінің қысқаруы және бағалардың төмендеуі есебінен болды. Өсудің негізгі драйверлері: ұн, күнбағыс майы, макарон, сиыр еті, соя майы», — деді Б. Сұлтанов. 

Машина жасау өнімдерінің экспорты өсті. Мысалы, жылжымалы құрам бөліктерін жеткізу 3,2 есеге, жеңіл автокөліктерді жеткізу 3 есеге артты.

«Біз өндірістік мүмкіндіктерімізді және әлемдік сауда нарығын талдадық. Экспортты арттыру үшін жалпы сомасы $13,4 млрд-тан асатын неғұрлым перспективалы 16 сектор анықталды. Әрбір ел үшін өз тауарларының тізбесі қалыптастырылды. Мысалы, жуырда ғана Женевада мен $275 млн-ға Қазақстан Швейцария нарығына қосымша жеткізе алатын 40 тауардың тізімін ұсындым. Бұл мұнай-химия, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, металлургия өнімдері және құрылыс тауарлары», — деді сауда министрі. 

Өкінішке орай, бүгінде елде тұрақты экспорттаушылар өте аз — компаниялардың немесе 445 субъектінің жалпы санының 2%-нан да кем. Дегенмен, олардың 81%-ы шағын және орта бизнес өкілдері екені қуантады. Олардың үлесі жылдан жылға артып келеді.

Экспорттаушылар негізінен миллион тұрғыны бар үш қалада — Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкентте шоғырланған. Экспортқа бағдарланған ең аз облыс Ақтөбе облысы болып табылады, ол өнеркәсіптік қала тәрізді болып көрінсе де, төмен қайта өңдеу өнімдеріне бағдарланған.

 

Экспорттық акселерация бағдарламасы

Президент өзінің қыркүйек айындағы Жолдауында жаңа экспорттаушыларды өсіру қажеттігіне назар аударып, шикізаттық емес өндірушілер үшін экспорттық акселерация бағдарламасын іске қосуды тапсырды.

«PricewaterhouseCoopers халықаралық серіктесімен бірге біз осындай бағдарламаны іске қостық. Ағымдағы жылы мақсатты нарық ретінде біз Қытайды талаптар бойынша ең қиын, бірақ мүмкіндіктері жағынан да үлкен нарық ретінде таңдадық. Акселераторға қатысу үшін ниет білдірген 500 компаниядан тамақ өнеркәсібінің 35 кәсіпорны іріктелді», — деді ведомство басшысы. 

Ағымдағы жылдың қараша айына қарай бұл компаниялар тереңдетіп оқытуды аяқтап, қажетті экспорттық құзыреттерге ие болады. Қазақстандық өнімдерді қытайлық сатып алушыларды іздеу және олармен онлайн бизнес-кездесулерді дайындау бойынша жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ, акселератордың қатысушылары Шанхайда өтетін III халықаралық Қытай импорттық тауарлар мен қызметтер көрмесінде өз өнімдерін ұсынады.

Айта кетейік, барлық оқыту семинарларының видеосы QazTrade компаниясы мен министрліктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында және сайттарында барлық пайдаланушылар үшін қолжетімді.

«Мен қазірдің өзінде Қытаймен жұмыс істейтін немесе қытай нарығына шығу туралы ойланатын кәсіпкерлерді осы бейнесабақтарды көруге шақырамын. Олар барлық мүдделі бизнесмендерге пайдалы болатынына сенімдімін. Оның үстіне, осы кездесулер барысында ҚХР-да жұмыс істейтін сарапшылар өз ұсыныстарын айтты. Біздің міндетіміз жыл сайын 100 жаңа компания дайындап, 2025 жылға қарай тұрақты экспорттаушылар санын 1000-ға дейін жеткізу. Сондықтан біз кейінгі жылдары басқа да мақсатты нарықтар мен салалар бойынша экспорттық акселерация бағдарламасын іске асыруды жалғастырамыз. Бұл ретте қазақстандық өнімді экспорттау кезінде туындайтын проблемаларды уақтылы анықтауға және жедел ден қоюға баса назар аударылатын болады», — деді Б. Сұлтанов.

Экспорттаушылармен @exportgov телеграмм-чат арқылы «тікелей байланыс» орнатылған. Тәулік бойы мамандар бизнестің өтініштерін қабылдайды және туындаған барлық мәселелерді тез шешуге тырысады.

Экспорттаушыларға жүргізілген сауалнама кәсіпкерлердің жүйелі сұрақтары мен өтініштерін анықтады.

Олар: 

  • экспортты сараптамалық қолдау;
  • экспорт құжаттамасын әзірлеу кезіндегі консалтинг; 
  • жеңілдікпен қаржыландыруға ие болу.

«Осы сауалнама негізінде біз сыртқы нарықтарды талдау блогын едәуір күшейттік. Ағымдағы жылдың 9 айында 103 кәсіпорынға экспорттық қызметті жүргізуді жақсарту бойынша ұсынымдар берілді, кәсіпорындарға олардың өнімдерін сыртқы нарықтарға шығару бойынша нақты ұсынымдармен 14 салалық экспресс-дайджест дайындалды», — деді Б. Сұлтанов. 

Қазақстанның шет елдердегі мекемелерімен өзара іс-қимылдың үш деңгейлі моделі құрылуда: елшіліктер Қазақстанның сауда агенттеріне айналуда және қарсы әріптестерді іздеу бойынша жұмыс жүргізуде. Экспорттаушыларды мемлекеттік қолдаудың монетарлық құралдары белсенді іске қосылды.

 

Экспорттаушыларды қолдау

«Біздің KazakhExport экспорттық сақтандыру компаниясының желісі бойынша 9 ай ішінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 67-ден астам өндіруші-экспорттаушы қолдауға ие болды, оның ішінде 22 өндірушіге алғаш рет қолдау көрсетілді. Қабылданған сақтандыру міндеттемелерінің көлемі 54 млрд теңгеден асып, экспорттық түсімнің 150 млрд теңгесін құрады», — деді Б. Сұлтанов. 

Сыртқы нарықтарға өнімдерін ілгерлету кезінде экспорттаушылардың шығындарының бір бөлігін өтеу — бұл салыстырмалы түрде жаңа шара. Бірақ сонымен бірге ең сұранысқа иә әрі пәрменді шаралардың бірі. 

«Ағымдағы жылы біз ВАК-тың 14 отырысының қорытындысы бойынша 186 экспорттаушының жалпы сомасы шамамен 4,7 млрд теңгеге өтінімдерін мақұлдадық. 2019 жылы осы мемлекеттік қолдау шарасын жалпы сомасы 3,9 млрд теңгеге индустриялық-инновациялық қызметтің 139 субъектісі пайдаланды. Шығындардың бір бөлігін қайтару экспорттаушыларға кәсіпорындардың өнеркәсіптік өндіріс көлемін 9%-ға арттыруға, экспорттық түсім көлемін 30%-ға арттыруға мүмкіндік берді, бюджетке салық аударымдары жартылай өсті», — деп түсіндірді министр. 

Бір жерде 10 мемлекеттік органдармен және  квазимемлекеттік бөлімшелерімен ұсынылатын мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын шоғырландыру жоспарлануда. Бұл үшін export.gov.kz порталында Бірыңғай цифрлық терезе жасалып, ол Digital Export деп аталатын болады.

Қазіргі уақытта «Сбербанк» және «АльфаБанк»-пен бірлесіп 2 пилоттық жоба іске қосылды. Экспорттаушылар электрондық өтінім беріп, шығындарының өтемақысын ала алады. Бұл өтемақы алу процесін 7 күнге дейін қысқартатын болады. Бүгінгі таңда бұл қағаз жүзінде жасалады және 25-30 күнге дейін созылады. 

Одан әрі басқа банктердің қатысуымен қызметтерді кеңейту жоспарланып отыр.

 

Ұлттық тауар өткізу жүйесін құру

Мемлекет басшысының екінші маңызды тапсырмасы — Еуразиялық экономикалық одақ және Орталық Азия өңірі елдерінің баламалы жүйелерін интеграциялай отырып, ұлттық тауар өткізу жүйесін құру. Ұлттық тауар өткізу жүйесі Еуразиялық азық-түлік хабының негізгі инфрақұрылымы болады.

Қазақстанда ол 24 көтерме-тарату орталықтан тұратын болады, олар фермерлік өнімді сақтау және қайта тарату бойынша көрсетілетін қызметтердің толық кешенін көрсетуге бағытталады.

Мұндай орталықтарды құру шикізатты сатып алу, өнімді өндіру және өткізу кезінде жеке қосалқы шаруашылықтарды қоса алғанда, көптеген шаруашылықтардың күш-жігерін шоғырландыруға мүмкіндік береді. Бір мезгілде барлық ауыл шаруашылық өндірушілерін кепілді тауар өткізуімен және кіріс өсімімен қамтамасыз етеді.

Жалпы Ұлттық тауар өткізу жүйесі фермерлерді, сатып алушыларды, көлікшілерді, өткізушілер мен тұтынушыларды кластерге біріктіру үшін зәкірлі инфрақұрылым ретінде болады. 

Жоба іс жүзінде іске асыру сатысына шығуда. Қазан айының басында алғашқы  7 көтерме-тарату орталығының құрылысына мүдделі бизнес-консорциум компаниялар жеке қаржылық бастамасымен министрлікке өтініш білдірді.

«Аталған объектілер Павлодар облысының Мичурино ауылы мен Ақсу қаласында, Алматы облысының Қапшағай қаласында, Жамбыл облысының Шу қаласында, сондай-ақ Нұр-Сұлтанда, Шымкентте және Алматыда орналасатын болады. Тағы 17 көтерме-логистикалық орталық бойынша біз жеке инвесторларды тарту бойынша жұмысты алдағы жылдың соңына дейін жүргізуді жоспарлап отырмыз», — деді Б. Сұлтанов. 

 

Қазақстандықтың «цифрлық әлеуметтік әмияны»

Тауар өткізу жүйесінің функционалдық мүмкіндігі қазақстандықтың «цифрлық әлеуметтік әмияны» болмақ. Оны енгізуді биылғы Жолдауда пысықтау тапсырылды.

«Цифрлық әмиянды» енгізудің мақсаты, бір жағынан, азаматтарға әлеуметтік көмекке бөлінетін бюджеттік ресурстардың мақсатты пайдаланылуын және екінші жағынан, отандық тауар өндірушілерге жасырын қолдау түрінде олардың «қайтарылуын» қадағалау болып табылады.

«Яғни, сандық әмиян біздің бизнес жүзеге асыратын әлеуметтік маңызды тауарларға, жұмыстарға немесе қызметтерге ақы төлеуге арналған. Мысал үшін. ҰТЖ механизмі өнімді сатып алушыға "алқаптан сөреге дейін" тиімді және тез жеткізу, сонымен қатар оны сақтауды қарастырады. Бұл жағдайда тұтынушы үшін тиімділігі — бұл қосымша ақшасыз және ең сапалы тауарды алуы. Ал әлеуметтік көмек алатын азаматтар қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың арнайы жүйесі арқылы осы отандық тауарларды сатып алып, ақшаны фермерлерге тікелей жібере алады. Осылайша, өндіруші мен тұтынушының өзара тиімді мүдделерін біріктіре отырып, біз ҰТЖ арқылы тауар-ақша айналымының бір түрін тұйықтаймыз», — деді ведомство басшысы.  

Бұл жұмыс өзінің цифрлық жобалары аясында жүзеге асырылуда. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша жұмыстарды үйлестіру үшін еңбек, цифрландыру, қаржы министрліктерімен, Ұлттық банкпен және қаржы секторының қоғамдық ұйымдарымен бірлескен жұмыс тобы құрылды.

 

Баға мониторингінің тұтас жүйесін құру

Мұнда нақты уақытта бағаларды бақылауға көмектесетін 4 дерек көзі пысықталуда.

1. Dosmart жүйесін қолдана отырып, өнімдер мен дәрі-дәрмектердің нақты құны туралы ақпарат келеді.

«Жүйеде тіркелген пайдаланушыларының саны 28 мыңға жетті, жыл соңына дейін Қазақстанның барлық қалаларына тауарлар каталогын ұлғайту және түрлі дүкендердегі белгілі бір тауарға бағаларды салыстыру мүмкіндігі жоспарланып отыр. Пайдаланушыларға ақпаратты ұсынғаны үшін кэшбек қамтамасыз етіледі», — деді Б. Сұлтанов. 

2. Қаржы минстрлігі, Қазақтелеком, Транстелеком базаларымен интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл онлайн БКМ (бақылау-кассалық машинасы) арқылы ӘМАТ бағалары туралы қосымша деректер алуға мүмкіндік береді.

3. Деректерді жинау бойынша жұмысты жеделдету үшін министрлік Қаржы министрлігімен және Қазақтелекоммен бірлесіп тауарлар мен өнімдердің бірыңғай ұлттық каталогын құру бойынша жұмыс жүргізуде.

4. Parsing технологиясы арқылы электрондық коммерциялық алаңдар арқылы белгілі бір өнімдер мен тауарлардың нақты уақыттағы бағалары қадағаланатын болады.

«Бұл тұтынушыларға тауарлардың, әсіресе ӘМАТ-тың үздіксіз жеткізілуіне кепілдік береді, сондай-ақ бағаларды теңдестіруге, ал жекелеген өнімдер бойынша бағаны тіпті 45%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Тұтынушылар туралы айта отырып, Мемлекет басшысы халықтың әл-ауқатының маңызды аспектілерінің бірі ретінде тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыру мәселесіне үлкен назар аударатынын атап өткен жөн», — деді министр.

Сондықтан, цифрлық әмиянмен және баға мониторингімен қатар министрлік тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша Бірыңғай ақпараттық жүйені құру жобасын бастады.

Пилоттық жоба қазан айында Нұр-Сұлтанда Alser, Magnum Cash&Carry және Анвар сияқты 3 ірі сауда желілерінің қатысуымен іске қосылды.

«Бизнес тарапынан барлық процестерді зерттеу және платформа үшін функциялардың толық жиынтығын анықтау жоспарлануда. Бұл жұмысты біз қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп жүргіземіз. Толыққанды талдау алу үшін тұтынушылардың шағымдары бойынша бұрынғы ақпараттарды бірыңғай платформаға көшіру бойынша жұмыс жүргізілуде», — деді ведомство басшысы. 

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру үшін жалпы заңнама өзгертілді, ол енді азаматтардың мүдделеріне басымдық береді. Оның ішінде, НҚА әзірлеу кезінде тұтынушылардың құқықтарына реттеушілік әсерге талдау жүргізу және уәкілетті органмен келісу бойынша міндетті талап енгізу ұсынылды.

 

Электрондық коммерцияны дамыту

Электрондық коммерцияны дамыту бөлігінде цифрландыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде.

«Пандемия біздің қазіргі бағдарламаларымызды үйлестіруге және өзгертуге түрткі болды. Біз соңғы жылдары электрондық коммерция деңгейінің жоғарлағанын түсінеміз. Бірақ өңірлерде құралдарды кеңейту қажет деп санаймыз. Әңгіме тек сауда-саттықтың электрондық алаңдары туралы ғана емес, логистика, төлем жүйелері, фулфилмент-орталықтар, бонд қоймалары, тауарлар мен қызметтерді жеткізушілер сияқты инфрақұрылымдар туралы да болып отыр. Сонымен қатар, біз трансшекаралық саудаға арналған электрондық алаңдарды дамытуға көп көңіл бөлеміз», — деді Б. Сұлтанов. 

Министрлік  50 компанияны Alibaba-ға шығару бойынша үлкен жұмыс атқарды. Ағымдағы жылы тағы 50 компания осы платформада аккаунт алады.

«Біз сондай-ақ Ресей, Канада, Еуропамен біздің компанияларды басқа халықаралық электрондық алаңдарға шығару бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деп атап өтті министр.

 

Аккредиттеу және сертификаттау процестерін цифрландыру және жетілдіру

«Тағы бір маңызды жоба - аккредиттеу мен сертификаттау процестерін цифрландыру және жетілдіру жобасы. Ол аккредиттеу мерзімін қысқартуға және сәйкестікті бағалау саласындағы құжаттардың бұрмалануы мен жасандылығын жоюға мүмкіндік береді. Бұл міндетті де Мемлекет басшысы алдымызға қойды. Шілде айынан бастап біз е-аккредиттеу электрондық жүйесін іске қостық, онда өтінім беру, қорытынды шығару, шарттарға қол қою процесін цифрландырдық», — деді ведомство басшысы. 

Цифрлық форматқа көшу 1 600-ден астам аккредиттеу субъектілерін қосымша құжаттар мен анықтамаларды жинау қажеттілігінен босатуға мүмкіндік береді, өтініш берушілердің уақыты мен қаражатын үнемдейді, сондай-ақ аккредиттеу жөніндегі орган тарапынан деректерді қайта тексеруді болдырмайды.

Бүгінгі таңда жүйеде 700-ден астам ұйым және 2700 пайдаланушы жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта сертификаттау процесін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге тексеру және электрондық сертификаттауды заңдастыру жұмыстары жүргізілуде: қолданыстағы ережелерге сәйкес барлығы қағаз түрінде болуы керек. «Техникалық реттеу туралы» заң жобасына электрондық сертификаттар, декларациялар және сынақ хаттамалары бойынша нормалар енгізілген. Қазір құжат Парламент талқылауында.

Е-сертификаттауды осы Заң қабылданғаннан кейін келесі жылы іске қосу қарастырылып отыр.

Сәйкестікті бағалау рәсімдерін цифрландыру және жетілдіру «сұр» сертификаттарды жоюға бағытталған.

Бірыңғай платформада Еуразиялық одақтың жалпы процестеріне одан әрі интеграциялай отырып, мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімі қалыптастырылады. Яғни, ЕАЭО-ның барлық елдерінің берілген сертификаттары туралы барлық деректер бір жүйеде біріктірілетін болады. Ал тауарларды немесе қызметтерді сатып алушы олардың дұрыстығын тексере алады.

Таяу уақытта экспорттық-импорттық операциялар бойынша Қазақстан Республикасының «бірыңғай терезе» жүйесі арқылы сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік туралы декларациялардың ЕАЭО және қазақстандық формасын беруді іске қосу жоспарланып отыр. Жүйені Қаржы министрлігі басқарады.

«KPMG-мен бірлесіп техникалық реттеу мен метрологияның ішкі процестерін басқаруды оңтайландыру және қайта қарау бойынша жұмыс жүргізілуде. Бізге бизнес-процестерді оңтайландыру, қайталанатын және өзекті емес процестерді жою қажет. Содан кейін біз жақсартылған процестерді автоматтандыруды бастаймыз. Жыл соңына дейін бұл жұмысты аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сайып келгенде, бұл тұтынушыға сапалы өнім береді», — деді министр. 

«Жалпы алғанда, "Техникалық реттеу туралы" заң жобасы шеңберінде біз ішкі нарықты "ағарту" және отандық тауар өндірушілердің бәсекелестік артықшылықтарын қорғау сияқты маңызды міндетті шешудеміз. Жосықсыз өндірушілер мен сапасыз импорт қатаң қадағаланып, нарықтан шығарылады. Ол үшін біз мемлекеттік бақылау нысаны ретінде жедел ден қою тетігін енгіземіз. Яғни, өнімді өткізуші емес, өнім тексерілетін болады. Егер ол сапасыз болып шықса, онда ол автоматты түрде нарықтан алынады», — деді Б. Сұлтанов. 

 

Биржалық сауда

Қазақстан халқына Жолдауда биржалық сауданы ретке келтіру туралы тапсырма берілді.

Біріншіден, биржалық тауарлар тізімін кеңейту жоспарланып отыр.

«Сонымен қатар, биржаға қатысушылардың санын ұлғайту үшін жеткізу партиясының мөлшерін 600 тоннадан 60 тоннаға дейін төмендетеміз. Яғни, шағын және орта өндірушілерге биржа арқылы өз өнімдерін сатуға мүмкіндік беретін боламыз», — деді министр. 

Тауар биржалары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс сауда-саттыққа жергілікті және шетелдік қатысушыларды барынша тартуға бағытталатын болады. Бұл көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді және биржалық тауарларға тиісті нарықтық бағаны белгілеуді қамтамасыз етеді.

Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша барлық деңгейде мықты және жауапты бизнесті одан әрі қалыптастыру үшін құқықтық өрісті өзгертетін орасан зор жұмыс атқарылды.

 

Коронавирустың екінші толқыны кезіндегі азық-түлік бағасы туралы

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов коронавирустың жаңа толқыны кезінде азық-түлікке шекті баға енгізеле ме, сол туралы айтты. Оның айтуынша, бүгінде бүкіл әлемде әлемдік сауда жүйесіндегі өзгерістердің, сұраныс пен ұсыныстың өзгеруінің, шекараларды жабу бойынша барлық елдер қабылдаған шаралардың және басқа да карантиндік шаралардың әсері орын алуда. Мұның бәрі әлемдік бағаларға қандай да бір түрде әсер етеді. Бұл өз кезегінде аталған проблемаларды көптеген елдерге қатысты етеді.

Министр инфекцияның алғашқы толқыны кезінде азық-түлік бағасының өзгергенін растады.

«Биылғы жылы бірінші толқын кезінде бағаның күрт өсуі байқалды, біз шекті бағалардың нарықтық емес тетігін енгізуге мәжбүр болдық. Осы уақыт ішінде өңірлерде азық-түлік қорын, арнайы қорларды құру үшін мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, компаниялармен, бизнеспен үлкен жұмыс жүргізілді, сондай-ақ тиісті бетбелгілер жасау үшін желілерге ресурстар бөлінді, осының барлығы жинақталғанда бағаны ұстап тұруы тиіс», — деді министр.

Сонымен қатар, ол жазда азық-түлік бағасының біршама төмендеуі байқалғанын атап өтті.

«Егер осындай күрт өсім болатын болса, онда бұл құралды қолдануға болады, бірақ біз ол қажет болмайды деп үміттенеміз, өйткені дүрлігуге негіз жоқ, тиісті қорлар бойынша жұмыс жүргізілді», — деді Б.Сұлтанов.


 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
04 Желтоқсан 2020, 16:09
А. Мамин ЕАЭО-дағы инвестициялық қызметті күшейтуді ұсынды
04 Желтоқсан 2020, 15:54
Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады
04 Желтоқсан 2020, 12:55
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
04 Желтоқсан 2020, 10:54
Жеңілдікті несиелеу және экспорттық сақтандыру — қазақстандық экспорттаушыларға қандай қолдау шаралары қарастырылған
04 Желтоқсан 2020, 10:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №799 Қаулысы
04 Желтоқсан 2020, 10:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №798 Қаулысы
04 Желтоқсан 2020, 09:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №797 Қаулысы
03 Желтоқсан 2020, 18:13
Мемлекет басшысы Ұлттық Банк Төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
03 Желтоқсан 2020, 16:46
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Дмитрий Козакты қабылдады
03 Желтоқсан 2020, 10:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №802 Қаулысы
03 Желтоқсан 2020, 10:33
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №800 Қаулысы
03 Желтоқсан 2020, 10:27
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 қарашадағы №789 Қаулысы
02 Желтоқсан 2020, 21:33
Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады
02 Желтоқсан 2020, 19:04
Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты
02 Желтоқсан 2020, 16:53
ҚР БҒМ: Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 139 887 адам тұрады
02 Желтоқсан 2020, 14:24
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.11.2020
02 Желтоқсан 2020, 13:42
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау рәсімдері жеңілдетілді — Б. Атамқұлов
02 Желтоқсан 2020, 13:02
Қазақстанда жыл соңына дейін 26 млн га астам алқапқа топырақтық және геоботаникалық карта әзірленеді — ҚР АШМ
02 Желтоқсан 2020, 12:38
Қазақстанда мүгедек жандардың құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспар іске асырылуда — Б. Нұрымбетов
02 Желтоқсан 2020, 12:08
Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін тарта отырып, еліміздің 10 өңірінде балаларды оңалту орталықтарын ашу жоспарлануда — А. Цой
02 Желтоқсан 2020, 11:13
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 26 қарашадағы №796 Қаулысы
02 Желтоқсан 2020, 10:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 қарашадағы №794 Қаулысы
02 Желтоқсан 2020, 10:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 қарашадағы №790 Қаулысы
02 Желтоқсан 2020, 10:29
А. Мамин: біздің міндетіміз — мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта құру
02 Желтоқсан 2020, 09:59
Толық цифрландыру АӨК-тің бәсекеге қабілеттілігін арттырады — А. Мамин
01 Желтоқсан 2020, 12:58
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады  
30 Қараша 2020, 18:49
«Жамбыл облысы тұрғындарының табысын ұлғайту» пилоттық жобасын іске асыруды жалғастыруға қатысты депутаттық сауал
30 Қараша 2020, 18:10
Заңнамалық актілерге ревизия жүргізу және заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз ету — М. Бекетаев Президент Жолдауының іске асырылуы туралы айтып берді
30 Қараша 2020, 17:01
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ мемлекеттерінің агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығын күшейтуді ұсынды
30 Қараша 2020, 16:05
Қазақстанда Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылады
30 Қараша 2020, 10:51
2 желтоқсан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
30 Қараша 2020, 10:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №785 Қаулысы
30 Қараша 2020, 10:02
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 қарашадағы №775 Қаулысы
30 Қараша 2020, 09:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қарашадағы №768 Қаулысы
29 Қараша 2020, 09:57
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №88
27 Қараша 2020, 10:12
Әлихан Смайылов ЕЭК Кеңесінің онлайн отырысына қатысты
26 Қараша 2020, 18:51
Қазақстанның Тұңғыш Президенті жаңа Жеңіл атлетика спорт кешеніне барды
26 Қараша 2020, 18:47
Нұрсұлтан Назарбаев Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барды
26 Қараша 2020, 18:41
Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен әңгімелесті
26 Қараша 2020, 18:38
Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовты қабылдады
25 Қараша 2020, 17:24
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті
25 Қараша 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №783 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:43
Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезіне қатысты
25 Қараша 2020, 16:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №779 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 қарашадағы №770 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қарашадағы №769 Қаулысы
24 Қараша 2020, 19:53
ЖЭК дамыту және процестерді цифрландыру — ҚР Президентінің энергетика саласын дамыту жөніндегі тапсырмалары қалай іске асырылуда
24 Қараша 2020, 18:45
Нұрсұлтан Назарбаев «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады
24 Қараша 2020, 17:40
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті
24 Қараша 2020, 16:13
ЕАЭО нарығы, өнеркәсіптік кооперация және тауар айналымы: Қазақстан экономикалық интеграция жүйесінде қалай дамуда
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.