Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Денсаулық сақтаудың дамуы және іскерлік белсенділіктің артуы — Алматының биыл 9 айдағы дамуына шолу

Бейсенбі, 15 Қазан 2020, 17:36:04

Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-ұимыл кезеңі» атты Жолдауында әкімдіктердің жұмысында мемлекеттік қызметті үдемелі цифрландыру, шығыстарды оңтайландыру, сондай-ақ эпидемиологиялық дағдарыстар мен басқа да төтенше жағдайларға дайындықты арттыру жөніндегі міндеттерді шешуге баса назар аударылған. Аталған тапсырмалардың республиканың оңтүстік астанасы — Алматы қаласында қалай іске асырылып жатқаны, сондай-ақ мегаполистің 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы шолудан оқыңыздар. 

Алматы қаласының 2020 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы түрлі бағыттағы динамиканы көрсетеді. Мәселен, 6 негізгі саланың (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс) даму серпінін қамтитын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 89,7% құрады, бұл осы жылғы қаңтар-тамыздағы деңгейден 0,5%-ға жоғары.

Бұл динамика сауда, көлік және логистиканың өткен жылғы кезеңімен салыстырғанда 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте құлдырауына байланысты орын алды.

Сонымен қатар (қаңтар-қыркүйекте) байланыс қызметтері 8%-ға, құрылыс 6,9%-ға, өнеркәсіп 3,2%-ға өсті.

Мемлекеттік бюджетке 1 526 млрд теңге салық түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4%-ға артық. 2020 жылдың қыркүйегінде инфляция 104,8% құрады. Инвестиция өсімі 12,5%-ға қамтамасыз етілді.

Шынымен де, іскерлік белсенділік әлі де төмен. Мәселен, тамыз айында Алматы қаласы бойынша іскерлік белсенділік индексі 46,7% құрады, бұл ретте осы көрсеткіш 50%-дан асқан кезде жоғары белсенділік деңгейі деп саналады. 

Іскерлік белсенділікті арттыру үшін мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды белсенді түрде іске асыру арқылы жүйелі шаралар қабылдануда.

БЖК аясында биыл 5 мыңнан астам жұмыс орнын сақтай отырып, 9,3 млрд теңге қарастырылған. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 95,2 млрд теңгенің 56 жобасы қаржыландырылып, мақұлданды. Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктерде 28,3 млрд теңге сомасына 12 жоба қаралуда, 37,8 млрд теңге сомасына тағы 27 жоба пысықталу сатысында.

Осы жылы ЕДБ-мен өзара іс-қимылдың тиімді жүйесінің құрылуы есебінен мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде бизнеске жеңілдікпен кредит беру көлемі айтарлықтай ұлғайды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 327 млрд теңгеге дейін жеткізу және Алматының ЖӨӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесін қол жеткізілген деңгейде (40%) сақтау міндетін қойылып отыр.

«Almaty Business-2025» өңірлік бағдарламасы аясында шағын өнеркәсіптік парктер құру бағдарламасы іске асырылуда. Мәселен, тоқтап тұрған өндірістік үй-жайлар базасында жыл басынан бері 4 өнеркәсіптік парк ашылды.

 

Жалға алу төлемдерін төлеуден 1100-ден аса кәсіпкер босатылды 

Алматы — бизнес пен жеке капитал қаласы, ел бойынша ЖІӨ-нің 20%-ын қамтиды. Бұл ретте 10 алматылықтың 6-уы шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейді.

Бүкіл әлем бойынша жарияланған пандемияға байланысты елде, оның ішінде Алматы қаласында да шектеу шаралары қабылданды. Бұл шаралар сауда, қызмет көрсету, көлік және басқалары сияқты белгілі бір салалардағы құлдырауға әсер етті.

Сонымен қатар, электрондық сауда, онлайн-жеткізу, жеке медициналық ұйымдардың жұмысында, сондай-ақ коммуникация және байланыс саласында көрсеткіштердің айтарлықтай өсуі байқалады.

Экономикалық жағдайға және карантин кезеңіндегі шектеу шараларына қарамастан, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 195 212 бірлікті құрайды, бұл 2019 жылдан 2,6%-ға жоғары. Жұмыс істеп тұрған ШОК бойынша Алматы қаласының үлесі ҚР-ның 14,6% құрайды және көшбасшылық позицияны иеленеді.

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар санының көрсеткішін талдау жұмыспен қамту проблемасын шешудегі кәсіпкерліктің мәнін сипаттайды. Бұл салада белсенді жұмыс істейтін Алматы қаласы халқының үлес салмағы 01.04.2020 жылғы мәлімет бойынша жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 62%-ын немесе 596,2 мың адамды құрады.

Сондай-ақ, жұмыс істеп тұрған ШОК-тың өнімдер шығаруы жыл сайын өсіп келеді. Осы жылдың І тоқсанында ол 13,2%-ға өсіп, 1 877,9 млрд теңгені құрады, қаланың ЖӨӨ-дегі ШОК үлесі 42,4% құрады.

Әкімдік экономиканы қалпына келтіру бойынша дағдарысқа қарсы барлық қажетті шараларды қабылдауда. Осылайша, бизнесті қолдау аясында мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыру үшін қаржыландыру сомасы 3 есеге ұлғайды, бұл шамамен 36 млрд теңгені құрайды.

Анықтама:

1. «БЖК-2025» — 9,3 млрд теңге. Өзгерістер енгізілді: сома 7 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды, салалық шектеулер алынып тасталды, мөлшерлеме біріздендірілді — 6%. 320 жоба мақұлданды.

2. «Еңбек» — 2 млрд теңге. 1,3 млрд теңгенің 99 жобасы мақұлданды.

3. «Қарапайым заттар экономикасы» — 95,9 млрд теңгеге 56 жоба қаржыландырылды.

4. АӨК дамыту бағдарламасы — 4,5 млрд теңге. 374 жоба мақұлданды.

5. «Almaty Business-2025» - 12,2 млрд теңге. Мөлшерлемені 7%-дан 6%-ға дейін төмендету бойынша өзгерістер енгізілді, сома 300 млн-нан 500 млн теңгеге дейін ұлғайды. 7,3 млрд теңгенің 66 жобасы мақұлданды.

6. «Almaty Business» — 8 млрд теңге. 5 аудан үшін мөлшерлемені 7%-дан 5%-ға дейін төмендету туралы мәселе көтерілді. 2,7 млрд теңгенің 40 жобасы мақұлданды.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдаудан басқа, Президент Жолдауын орындау үшін 376 млн теңге сомасына 1100-ден астам кәсіпкер мемлекеттік нысандар бойынша жалдау төлемдерін төлеуден босатылды.

Жарияланған жеңілдіктер аясында қаланың 75 мыңға жуық кәсіпкерінің 23 млрд теңгеден астам сомаға салықтарын төлеуі кейінге қалдырылды.

127 млрд теңге сомасына 360 мың қарыз бойынша несиелерді төлеу кейінге шегерілді.

Локдаун кезеңінде ірі сауда және қызмет көрсету объектілерінің жабылуына байланысты бизнесті жалдау ақысын төлеуден босату мәселесі де пысықталды. Мәселен, 200-ден астам нысанның (СОО, қоғамдық тамақтандыру, базарлар) меншік иелері 20 мыңға жуық кәсіпкерді 3 айға дейінгі мерзімге жалға беруден босатты.

Сонымен қатар, бүгінгі күні қаржылық емес қолдау аясында қала әкімдігі бизнес негіздеріне оқыту бойынша тегін білім беру платформасын әзірледі және іске қосты. Бүгінгі таңда платформада 40 мыңға жуық қатысушы тіркелген.

COVID-19 пандемиясы Алматыдағы экономикалық жағдайға теріс әсер етті. Корона дағдарысы көптеген шағын және орта бизнес, сауда, қызмет көрсету және туризм салаларына соққы берді. Жалпы, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Алматының ЖӨӨ көлемі 5,5%-ға төмендеді.

Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет салықтық ынталандыру, кредиттеуді кеңейту, инфрақұрылымды дамыту, өндірісті, кәсіпкерлікті қолдау және жұмыспен қамтуды сақтау бойынша теңдессіз шаралар қабылдады.

Сонымен қатар, пандемия жағдайында тұтынудың онлайн-форматқа ауқымды ауысуы байқалды. Бұл жерде Алматы қаласы көш бастап тұр. Сондай-ақ, қашықтан білім беру мен жұмыс істеу формасы жаңа серпінге ие болды, азық-түлік, эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінді, дәрілік заттардың тұрақтандыру қоры жедел құрылды. Пандемия жағдайында өнеркәсіп, байланыс, құрылыс салалары тұрақты жұмыс істейді.

 

Қаңтар-тамыз айларында Алматыда фармтауарлар мен медициналық препараттарды сату ұлғайды

Қала дәстүрлі түрде елдің көтерме сауда орталығы болып табылады. Сондай-ақ, Алматы әкімдігі осы сектордың пандемияға байланысты қазіргі жағдайға орай қалай өзгергені туралы айтып берді.

Мәселен, қаңтар-тамызда көтерме сауда айналымының көлемі 6 042 198 млрд теңгені құрады, ҚР-дағы үлесі — 42,9%, оның ішінде азық-түлік тауарларын өткізу көлемі 1 397 747 млрд теңгені, азық-түлік емес тауарларды өткізу көлемі 4 644 451 млрд теңгені құрады.

Қаңтар-тамызда азық-түлік тауарлары бойынша сату көлемінің төмендеуі байқалады:

  • кондитерлік өнімдер, сусындар — 31%.

Азық-түлік емес тауарлар бойынша қаңтар-тамызда сату көлемінің төмендеуі байқалады:

  • автомобильдер (жеңіл, жүк, жолаушы, арнайы, тіркемелер) 25,5%-ға;
  • құрылыс материалдары — 36,1%-ға;
  • дизель отыны, керосин — 22,5%-ға; 
  • телекоммуникациялық жабдықтар — 21,2%-ға.

Азық-түлік емес тауарлар бойынша қаңтар-тамызда сату көлемінің ұлғаюы байқалады:

  • фармацевтикалық тауарлар, медициналық препараттар — 2,1%-ға.
  • кең ассортименттегі өзге де тауарлар (тұрмыстық техника, косметика, қағаз, картон, ойыншықтар, кеңсе тауарлары, агрохимиялық тауарлар) — 5,2%-ға.

Сонымен қатар биылғы тамызда шілде айымен салыстырғанда көтерме сауда айналымы 11,8%-ға артты.

Азық-түлік емес тауарлар бойынша өсу қарқынының 7,1%-ға төмендеуі байқалады.

 

COVID-19 жаңа толқынына дайындық: Алматы пациенттерді ауруханаға жатқызудың жаңа тетігін енгізді 

Сондай-ақ, Алматы әкімдігі қаланың коронавирустың жаңа толқынына қалай дайындалып жатқанын айтты.

Жалпы, Алматы қаласындағы жағдай тұрақты және COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі қалалық штабтың толық бақылауында.

Осылайша, қалада денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар батыл шаралар қабылданды. Бұл ретте жедел және алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметтерін күшейтуге баса назар аударылды. Сонымен қатар, ковидті ауруханалардың төсек қуаты біртіндеп артып келеді.

Қала бойынша қуаты 7200 төсек-орынды құрайтын 32 ковид стационары дайындалды.

Соңғы екі айда қалада төрт жаңа клиника: Түрксіб ауданында төсек-орын қуаты 500 төсек-орын болатын, Алатау ауданында 300 төсек-орындық жаңа модульді стационар дайындалды. Сондай-ақ, сыйымдылығы 215 төсек-орын болатын екі жеке клиника ашылды. Осылайша, соңғы үш айда инфекциялық төсек-орын саны екі есе өсті.

Ахуалды тұрақтандыру үшін пандемия жағдайында денсаулық сақтау жүйесін басқарудың жаңа моделі әзірленді, жүйелі шаралар кешені қабылданды, атап айтқанда:

1. Материалдық-техникалық база күшейтілді. 11 мыңнан астам медициналық жабдық сатып алынды. Қаланың барлық инфекциялық стационарларында реанимация және қарқынды терапия бөлімшелері толық жабдықталғанын атап өткен жөн. Диагностикалық бөлімдер мен зертханалар жабдықталған. Осы бағытта үлкен жұмыс атқарылды және материалдық-техникалық база бүгінде жаңа сын-тегеуріндерге және COVID-19 жаңа толқынына дайын.

2. Қаланың жедел медициналық жәрдем қызметінде диспетчерлік қызмет күшейтілді, автокөліктер саны артты. 35 автокөлік алынды, 100 автокөлік қараша айының соңына дейін алынады. Сондай-ақ, автомашиналарды заманауи зарарсыздандыру жүйесі жұмыс істейді, ол іс жүзінде індетке қарсы күрес басталғаннан бері қолданылып келеді. 

3. COVID-19, ЖРВИ, ауруханадан тыс пневмониямен ауыратын науқастарға жедел медициналық көмек көрсету алгоритмі жетілдірілді. Жедел жәрдем пациенттердің осы санаты үшін ауруханаға жатқызудың жалғыз механизмі. Өздігінен жүгіну арқылы емдеуге жатқызуға тыйым салынады. (Анықтама: Шығып қызмет көрсету кезінде жедел жәрдем бригадасы үйде арнайы әзірленген чек-параққа сәйкес пациенттің ауруының ауырлық дәрежесін бағалайды және пациенттің жағдайына байланысты оны одан әрі ауруханаға жатқызуға апарады. Бұл ретте стационарға апарар жолда пациентке КТ-да тексеру жүргізіледі. Ол үшін қалада КТ арнайы орталықтары анықталған, онда барлық қауіпсіздік шаралары (таза және лас ағындарға бөлу) көзделген. Осылайша, қолында КТ зерттеуінің нәтижесі бар науқас ауруханаға түседі, бұл терапияны бірден бастауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қабылдау бөлмесіне түсу кезінде ПТР-тест алынады. Мұның барлығы ТМККК шеңберінде тегін көрсетіледі). 

Маңызды аспект - аурудың ауырлығын бағалау үшін қолданылатын бақылау парақтары. Жағдай қолайлы, ал бос төсек-орын саны жеткілікті болған кезде емдеуге жатқызу үшін шекті деңгей барынша төмендейді. Көрсетілімдер болған кезде тәуекел тобындағы жеңіл дәрежелі, ауырлығы орташа және ауыр дәрежедегі пациенттердің барлығы дерлік емдеуге жатқызылады. Жағдай нашарлаған, стационарлардың жүктемесі жоғары болған кезде емдеуге жатқызу үшін шекті деңгей жоғарылайды және ауырлығы орташа және ауыр дәрежемен ғана емдеуге жатқызылады. 

Тиісінше, жедел жәрдем ауруханаға жатқызылмаған пациенттер бойынша активті МСАК-қа береді және оларды емханалардың мобильді бригадалары бақылайды. Бұл тәсіл пациенттердің қалада жүруін барынша азайтады, сәйкесінше қоғамда инфекцияның таралуын азайтады және ең бастысы денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктемеленуі мен құлдырауына жол бермей, ауруханалардың жүктеме деңгейін реттеуге мүмкіндік береді.

4. Медициналық көмектің сапасын арттыру үшін барлық стационарларды жарақтандырылу деңгейі мен кадрлық әлеуеті бойынша бөлу — эшелондау қағидаты енгізілді. Эпидемиологиялық жағдайды бағалай отырып, Алматы қаласы елімізде бірінші болып клиникаларды инфекциялық және провизорлық стационарларға бөлу қағидатынан бас тартты. Бұл пациенттердің ағымын тиімді басқаруға мүмкіндік берді. Стационарлар үш эшелонға бөлінген. Науқас ауырлық дәрежесіне байланысты қаладағы ковид стационарларының біріне жатқызылады.

Бірінші эшелон — өте ауыр, ауыр науқастар үшін және қауіп тобындағы ауырлығы орташа дәрежедегі науқастар үшін (+60 жас, созылмалы аурулары бар адамдар). Аталған стационарлар барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген, медициналық ұйымдарда мықты кадрлық әлеует шоғырланған, кезек күттірмейтін міндеттерді шешу үшін барлық қажетті жағдайлар бар. Бүгінде олар — төсек-орын қуаты 2985 төсек-орынды құрайтын 9 клиника.

Екінші эшелон — ауырлығы орташа дәрежедегі пациенттер үшін. Бұл 15 қайта бейінделген клиника, олардың төсек-орын сыйымдылығы 1850 төсек-орынға шақталған.

Үшінші эшелон — обсерваторлар — пациенттерді емдеу үшін қолданылады. Оларға төсек-орын қуаты 2 391 төсек-орын болатын 8 ұйым жатады, оның ішінде 1 000 төсек-орын Халық Арена базасында ұйымдастырылған кешенге тиесілі. Екінші және үшінші эшелондағы клиникалар жетекші инфекционист және пульмонолог мамандардан құрылған жұмыс тобының тұрақты жетекшілігінде екенін атап өткен жөн.

Бұл тәсіл науқастардың ағынын нақты басқаруға мүмкіндік береді. Науқас тиісті және уақтылы терапия алады. "Тұрақты" пациенттерді обсерваторларға (үшінші эшелонға) ауыстыру төсек-орын айналымын жеделдетуге мүмкіндік береді, сәйкесінше бірінші және екінші эшелонның жоғары технологиялық клиникаларының қолжетімділігі артады.

5. Реанимациялық науқастарды емдеудің тиімділігін арттыру үшін қалада анестезиология және реаниматология орталығы құрылды, ол өз кезегінде сарапшылар бөлімінен және анестезиологтар мен реаниматологтардың мобильді бригадасынан тұрады. Сараптама бөлімінің құрамына реаниматолог, анестезиолог дәрігерлер, кафедра қызметкерлері, оның ішінде зейнеттегі кандидаттар мен ғылым докторлары қатарынан жетекші мамандар кірді. Мобильді бригадалар реаниматологтар мамандарынан тұрады, олар тәулік бойы реанимацияларда тексеру жүргізуді жүзеге асырады, пациенттерге жергілікті жерлерде консультация береді және қажет болған жағдайда телемедицина арқылы пациент туралы деректерді сараптама бөліміне береді. Орталықтың алғашқы жұмыс күнінен бастап оң нәтиже байқалады. Жұмыстың алғашқы аптасында ауыр және өте ауыр жағдайдағы науқастардың саны екі есе азайды. Жұмысқа дейін және одан кейінгі ауыр және өте ауыр жағдайдағы науқастар туралы барлық деректерді статистикалық өңдеу жүргізілді, осылайша Анестезиология және реаниматология орталығының тәжірибесіне енгізу 420 адамның өлімінің алдын алуға мүмкіндік берді. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

6. Амбулаториялық деңгейде коронавирус инфекциясына күдікті пациенттермен жұмыс істеу үшін 298 мобильді бригада құрылды, олардың құрамына 925 медицина қызметкері кірді. Пандемия басталғаннан бері мобильді бригадалардың саны 5 есеге артты. Медицина қызметкерлерінің бұл санаты тек алдыңғы қатарда жұмыс істеуге қатысады. Бұл ковидке күдікті пациенттермен сапарларда жұмыс істейтін мамандар. Сондай-ақ, қаланың барлық емханаларында аймақтарға бөлу паспорттары бар екенін атап өткен жөн. Медициналық ұйым ішінде пациентті бағыттау бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің барлық талаптары қарастырылған. МСАК деңгейінде жұмысты күшейту үшін телемедицина орталығы құрылды, сондай-ақ тәуекел тобындағы пациенттермен Мониторинг орталығы және Халықтың психикалық саулығы орталығы табысты жұмыс істеуде.

7. Тәуекел тобындағы пациенттерге мониторинг жүргізу орталығы әкімдік пен С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың бірлескен жобасы. Аталған орталық Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының базасында құрылған, ол тәулік бойы жұмыс істейді. Жетекші бейінді мамандар — кардиологтар, пульмонологтар, аллергологтар, эндокринологтар және т.б. амбулаториялық деңгейде орташа ауыр пациенттер мен қауіп тобындағы пациенттерге қашықтан кеңес беруді жүзеге асырады. Бұл пациенттердің, әсіресе қарт адамдар мен ілеспе аурулары бар адамдардың денсаулығын қадағалауға және бақылауға мүмкіндік береді. Осы орталықтың жұмысы барысында 2 мыңға жуық кеңес берілді. Орталықтың негізгі міндеті — амбулаториялық деңгейде қауіп тобындағы пациенттерді (60 жастан асқан адамдар және созылмалы аурулары бар адамдар) бақылау. Орталық қызметкерлері учаскелік дәрігерлермен және МСАК мобильді бригадаларымен бірлесіп консультацияларды жүзеге асырады және қажет болған жағдайда емделуді түзетеді немесе пациенттерді емдеуге жатқызуды ұсынады. Бұл тәсіл амбулаториялық деңгейде емдеу сапасын арттыруға және ауруханаға жатқызу санын азайтуға мүмкіндік береді.

8. Алматы қаласының телемедицина орталығы құрылды. Бұл орталықтың міндеті — COVID-19 ықтимал және расталған жағдайлары бар пациенттерге кеңес беру және мониторинг жүргізу. Шын мәнінде, бұл дәрігердің видеокеңесін алу мүмкіндігі бар COVID-19 емдеу бойынша бірыңғай қызмет. Ол үшін МАЖ-мен интеграцияланатын бағдарламалық қамту әзірленуде. Телемедицина орталығының дәрігері видеокеңес жүргізеді, пациенттің жағдайын бағалайды, емдеуді тағайындайды және пациенттің электрондық картасына өзгерістер енгізеді. Бұл сонымен қатар барлық COVID-19. жағдайларының бірыңғай электрондық базасы. Сондай-ақ осы орталықтың маңызды функцияларының бірі — пациенттердің карантин режимін сақтауына мониторинг жүргізу. 

9. Қалада клиникаларды медициналық оттегімен қамтамасыз етудің қалалық бағдарламасы қабылданды. Тәжірибе көрсеткендей, КВИ бар науқастарды емдеудің негізгі әдістерінің бірі — оттегіні қолдау. Осыған байланысты әкімдік ковидтік клиникаларды газ-оттегі станцияларымен жабдықтау туралы шешім қабылдады. 9 стационарда медициналық газдар әр төсек-орынға жүргізілді. Тағы 10 стационарды медициналық газдармен қамтамасыз ету жоспарлануда.

10. Инфекциялық қауіпсіздікті және қала экологиясының сақталуын қамтамасыз ету. Бұл медициналық қалдықтарды кәдеге жарату және кәріз ағындарын зарарсыздандыру мәселесін жүйелі түрде шешуге мүмкіндік беретін жалпықалалық бағдарлама. 13 емханада медициналық қалдықтарды кәдеге жарату станцияларын орнату бойынша жұмыс жүргізілуде. Эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтарды басқарудың заманауи талаптарына сәйкес клиника базасында медициналық қалдықтарды залалсыздандыру бөлімшелері ұйымдастырылған. Орнатылатын кәдеге жарату станциялары Б және В класындағы эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтарды А класындағы қауіпті емес қалдықтарға (тұрмыстық қоқыс) айналдыруға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. Шын мәнінде, медициналық қалдықтар Цельсий бойынша 132 градус температурада зарарсыздандырылады. Енгізілетін стерильдеу жүйесінің бірегейлігі оның клиниканың қызметкерлері мен келушілері үшін және қоршаған орта үшін қауіпсіздігінде болып табылады. Бұл технология сонымен қатар клиникаларға ауруды жұқтырған науқастармен байланыста болған науқастардың жеке заттарын немесе клиника қызметкерлерінің киімдерін 70 немесе 90 градус температурада зарарсыздандыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ ковидтік клиникаларда кәріз ағындарын зарарсыздандыру жүйесін салу бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл бағдарлама аса қауіпті инфекцияның кәріз ағындары арқылы таралуын болдырмауға, сол арқылы қаланың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

11. Кадрлық резерв қалыптастырылды. Бұл мәселеде әкімдік барлық тәсілдерді қайта қарады. Әкімдік алдында жедел мерзімде медициналық қызметкерлерді жұмылдыру және инфекциялық стационарлар бойынша тиімді бөлу міндеті тұрды. Төсек-орын санын көбейтудің артында олардың материалдық-техникалық жабдықталуы ғана тұрмағанын түсіну керек. Басты назар білікті кадрлармен қамтамасыз ету болып табылады.

Медицина кадрларын жұмылдыру үшін, біріншіден, кадр ресурстары, ведомстволық бағынысты, мемлекеттік, жекеменшік медицина ұйымдарын және республикалық ұйымдарды қоса алғанда, Алматы қаласының барлық медициналық ұйымдарының кадрлармен қамтамасыз етілуі бойынша ағымдағы жағдайға талдау жүргізілді. Күн сайын меншік нысанына қарамастан, Алматы қаласының барлық медициналық ұйымдарының кадрлармен қамтамасыз етілуіне мониторинг және талдау жүргізіледі.

Алматы қаласында қаланың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты 74 ұйым, 20 республикалық ұйым және 93 жеке меншік медициналық мекеме жұмыс істейді. Бұл ұйымдарда 38 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. 2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша COVID-19 емдеуге 27 денсаулық сақтау ұйымы жұмылдырылды, 6 200-ге жуық төсек-орын орналастырылды. Сол кезде инфекциялық стационарларда 4 мыңнан астам қызметкер еңбек етті.

Бүгінгі таңда эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты көп салалы клиникалар қалыпты жұмыс режиміне оралды. Коронавирус инфекциясына арналған инфекциялық клиникаларда 100-ден аспайтын пациент бар, осыған байланысты қазіргі уақытта ковидті пациенттермен 400-ге жуық дәрігер, медбике және кіші медициналық персонал жұмыс істейді. 

5 500-ден астам медициналық кадрлар жаңа толқынның туындау мүмкіндігіне орай резервте тұр. Сондай-ақ, медициналық жоғары оқу орындарының оқытушылары, резиденттері мен дәрігер интерндерінен тұратын резерв қалыптастырылды, олардың саны 450-ге жуық.

Жаңа енгізілген инфекциялық клиникалар үшін штат кестесін есептеу жүргізіледі. Мысалы, арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының базасында 500 төсек-орындық жаңадан ашылған инфекциялық стационардың жұмысы үшін штаттық кестеге сәйкес 587 штаттық бірлік талап етіледі, бүгінгі күні оның жинақталуы 100% құрайды. «Халык Арена» базасындағы клиникада жұмыс істеу үшін 700-ден астам медициналық кадрлар іріктелді. 300 төсек-орынға арналған екінші жаңа модульдік аурухана үшін 280-ге жуық медициналық кадрлар қажет. Бүгінгі күні жаңа стационарлар үшін штаттық кесте жасалуда және резерв қатарынан кадрларды іріктеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 

Сондай-ақ кадрларды іздеу бойынша жұмыс тұрақты жүргізілуде, халықты хабардар ету және өтінімдерді жинау жалғасуда, бірінші кезекте жеке медициналық мекемелерден медицина қызметкерлері, колледждер мен ЖОО түлектері тартылуда. Жалпы Алматыда медициналық персоналды жалдау және іріктеу алгоритмі толығымен қайта қаралды.

12. Дәрі-дәрмектердің тұрақтандыру қоры құрылды. Қазіргі уақытта дәрі-дәрмектер мен ЖҚҚ қажетті қоры бар. СК-Фармация Бірыңғай дистрибьюторымен және дәрілік заттардың негізгі жеткізушілерімен үнемі жұмыс жүргізіледі. Қала әкімінің қолдауымен тұрақтандыру қоры құрылды, оған жергілікті бюджеттен 10 млрд теңге бөлінді. Жеке дәріханалар деңгейінде препараттармен қамтамасыз ету үшін 5 млрд теңге бөлінді, бұл жеке дәріханаларда дүрлігудің тудырмауға мүмкіндік берді және емханалар мен стационарлар деңгейінде дәрі-дәрмектер мен ЖҚҚ қажетті қорын қалыптастыру үшін тағы 5 млрд теңге бөлінді. Осылайша, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі үнемі бақылауда және қала эпидемияның дамуының түрлі сценарийлеріне дайын.

 

«Халык Арена»-дағы жаңа резервтік инфекциялық стационар 

Кешен коронавируспен ауырған науқастарды емдеу үшін қайта жабдықталды. Стационардың басты артықшылығы — Алматыда COVID-19 ауруымен ауырғандар көп болған жағдайда бір уақытта 1000 резервтік төсек-орынды орналастыру мүмкіндігі болуы. 

Сондай-ақ, медициналық газдарға қолжетімділігі бар 12 төсек-орындық толыққанды реанимация бөлімшесі және 48 қарқынды терапия төсек-орны бар. Кешенге 8 емдеу бөлімшесі мен 59 кезекші медициналық бекет кіреді. «Халык Арена» базасындағы стационар жаңа заманауи медициналық жабдықтармен толық жабдықталған. 

 

Жыл соңына дейін Алматыда 10 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорынды іске қосу жоспарланған

2020 жылдың 9 айында Алматы қаласында өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 3,2%-ға өсіп, 712,2 млрд теңгені құрады. 

Өнеркәсіп өндірісінің ұлғаюына НКИ 103,1% құраған өңдеу өнеркәсібі әсер етті. 2020 жылы 3 зауыт іске қосылды және жыл соңына дейін шамамен 100 млн теңге өсімді қамтамасыз ететін 10 жаңа кәсіпорынды іске қосу жоспарлануда, бұл шамамен 100 млн теңгенің өсімін қамтамасыз етеді.

Осындай зауыттардың бірін «Астана Моторс» компаниясы Алматы қаласының индустриялық аймағының аумағында салған.

Зауыт әлемдік автомобиль жасаудың заманауи технологиялары мен экологиялық стандарттар талаптарын ескере отырып салынған. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы бірінші кезеңде жылына 30 мың бірлікті, екінші кезеңде жылына 45 мың бірлікке дейін құрайды. Инвестициялардың жалпы көлемі 28 млрд теңгеден асады. Шектес салаларды ескере отырып, 1000-нан астам жаңа жұмыс орындары құрылды. 

Жоба ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қолдауымен жүзеге асырылды. Алдағы уақытта автокомпоненттер шығаратын зауыт ашу көзделген, бұл 51%-дан астам жергіліктендіруді қамтамасыз етуге және ТМД елдеріне экспортқа шығуға мүмкіндік береді.

Қала бойынша өнеркәсіп өнімдерін өндірумен 1 500-ден астам кәсіпорын айналысады. Өнеркәсіпте 81 708 адам, өңдеу өнеркәсібінде 61 848 адам жұмыс істейді.

Жеңіл өнеркәсіпте 2020 жылы 7,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді, НКИ 2 есеге артты. Жеңіл өнеркәсіп саласындағы ең ірі кәсіпорындар «КазЛегПром» ЖШС, «Семирамида» ЖШС, «Жетісу» АҚ, «Angelcher» ЖШС болып табылады.

 

Алматыда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу басымдыққа ие

Алматы қаласы ауыл шаруашылығы саласы дамыған өңірі болып табылмайды, қаланың ЖӨӨ салалық құрылымындағы үлесі 0,0004% құрайды. Қала аумағында мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы кәсіпорындары («BRB APK» ЖШС жылыжай кешенінен басқа), ауыл шаруашылығы алқаптары, шаруа қожалықтары, жайылымдар, дайындау орталықтары, астық қоймалары жоқ. Ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылғандардың үлесі 1 053 адамды құрайды, бұл жұмыспен қамтудың жалпы санының 0,2% құрайды.

Дегенмен, Алматы қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге басымдық беріледі, тамақ өнеркәсібі қаланың өңдеу өнеркәсібінің 40% құрайды. 

2020 жылы тамақ өнеркәсібінің көлемі 154,9 млрд теңгені құрады, өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі — 32%. 

Қалада негізінен келесі өнімдер шығарылады: ет және ет өнімдері, жеміс-көкөніс шырындары, сүт өнімдері, нан-тоқаш өнімдері, жемістер мен жаңғақтар, күнбағыс майы, шоколад, ашытқы, шай және кофе, консервілер, шұжық өнімдері, ірімшік, сары май және т. б.

Биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша тамақ өнеркәсібінің белсенді жұмыс істеп тұрған 263 кәсіпорны тіркелген, осы жылдың қаңтар-маусымында 196,9 млрд теңгеге өнім өндірілген, оның ішінде: тамақ өнімдері — 154,9 млрд теңгеге, сусындар — 42 млрд теңгеге.

2020 жылғы қаңтар-тамызда қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімі тауарларының экспорты $156,8 млн құрады, бұл 2019 жылғы ұқсас кезеңдегі 13,4%-ға жоғары.

Экспортталатын тауарлар: зығыр тұқымы, күнбағыс тұқымы, ірі қара мал еті, балық сүбесі, бидай, арпа.

Азық-түлік өнеркәсібі саласындағы ірі экспорттаушылар: «Рахат» ЖШС (кондитерлік өнімдер), «ЭФКО Алматы» ЖШС (күнбағыс майы), «Шин-Лайн» ЖШС (балмұздақ өндірісі), «Цин-Қаз» ЖШС (қызанақ өнімдері және полимерлі орау ыдыстары өндірісі), «Евразиан Фуд Корпорэйшн» АҚ (май өнімдері), «Масло Дел» ЖШС (май өнімдері), «Бахус ЖШС (сусындар өндірісі), «RG Brands Kazakhstan» ЖШС (сусындар өндірісі).

Негізінен қазақстандық өнім Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Беларусь елдеріне экспортталады.

 

Алматыда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 56 жоба мақұлданды 

2020 жылдың қазан айындағы жағдай бойынша 95,2 млрд теңге сомасына 56 жоба қаржыландырылып, мақұлданды, оның ішінде:

  • 36,7 млрд теңгенің 12 жобасы мақұлданды.
  • 58,5 млрд теңгенің 44 жобасы қаржыландырылды.

33,2 млрд теңге сомасына 12 жоба құжаттарды қарау және жинау сатысында, оның ішінде:

  • жалпы құны 27 млрд теңге болатын 9 жоба қаралуда.
  • құжаттарды жинау кезеңінде 6,2 млрд теңге сомасына 3 жоба бар.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Ariba» ЖШС (жиһаз өндірісі), “ҚазСПО-N» ЖШС (киім және аяқ киім өндірісі), «Қазтрансформатор» ЖШС (машина жасау), «RG Brands» ЖШС (сусындар өндірісі), «NRG Company» ЖШС (машина жасау), «Ақнұр Кабель» ЖШС (машина жасау), «Нұр-Май Фармация» ЖШС (фармацевтика), «ЭФКО АЛМАТЫ» ЖШС (тамақ өнеркәсібі), «АЗМК» ЖШС (машина жасау) қаржыландырылды. 

 

Алматы инвестиция тарту нүктесі ретінде қаланың позициясын нығайтуда

2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында инвестиция көлемі 608,2 млрд теңгені құрады.

Бүгінгі таңда жалпы сомасы 4,5 трлн теңге болатын 114 инвестициялық жобадан тұратын пул құрылды, оның ішінде 16 099 жұмыс орнын құрумен, 1,3 трлн теңге сомасына 76 іске асырылатын жоба бар. 3 691 жұмыс орнын құрумен 3,2 трлн теңге сомасына 38 жоба пысықталуда.

2020 жылы 94,6 млрд теңге сомасына 27 жоба пайдалануға беріледі. Қалған жобалар бойынша жоспарланған инвестициялар көлемі 217,7 млрд теңгені құрайды. Жалпы, жобаларды іске асыру барысында осы жылы 6 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланған.

2021-2024 жылдарға 4,2 трлн теңге сомасына, 13 790 жұмыс орнын құрумен 87 жобаны іске асыру көзделген.

Инвесторларға жәрдем көрсету мақсатында «Инвестициялар үйінде» кең қолдау құралдары ұсынылады. «Бір терезе» қағидаты бойынша сервистік қолдау, серіктестерді іздеу және инвестициялық келісімшарттарды қолдау шаралары көрсетіледі.

Инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту, әлеуетті инвесторлардың жаңа жобаларды іске асыруға мүдделілігін арттыру үшін Алматы қаласында мынадай бағыттарда жұмыс жүргізілуде: кәсіпкерлікті қаржыландыру және «Almaty Finance» қаржы институттарын және Алматы ХҚҰ құру арқылы қолданыстағы республикалық бағдарламалар бойынша ШОБ-қа кредит беруді ұлғайту тетіктері кеңейтілді, онда кәсіпкерлік субъектілері жылдық 2% және 6% мөлшерлемемен 500 млн теңгеге дейін қаржыландырылады.

Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы-2025», «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламалары және «Almaty Business» өңірлік бағдарламасы бойынша салалардың кең спектрі қалыптасуда.

Сондай-ақ Qolday кәсіпкерлікті қолдау орталығы құрылды, онда бір терезе қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтердің 253 түрі және инвестициялық жобаларды толық сүйемелдеу жұмыстары көрсетіледі.

Бұдан өзге Almaty Invest ұйымы зәкірлік жобаларды іске асыруға инвестициялар тартудың, қала аумағында ірі және орта инвестициялық жобаларды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасаудың негізгі драйвері болып табылады.

Almaty Invest инвесторлармен жобаны анықтаудан, оны буып-түю мен таргеттеуден бастап жобаны коммерциялық іске қосуға және инвестициядан кейінгі сүйемелдеуге дейінгі жұмыстарды ұйымдастырады.

Бұдан өзге 2019 жылғы 27 қарашада «Almaty Investment Forum-2019» инвестициялық және инновациялық форумы өтті, оған беделді саясаткерлерді, халықаралық және қазақстандық бизнес-көшбасшыларды, инвестициялық корпорациялардың, қаржы институттарының және халықаралық ұйымдардың басшыларын қоса алғанда, 20 елден 500-ден астам делегат қатысты. Форум барысында $2,3 млрд астам сомаға 30 меморандумға қол қойылды, кемінде 3 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Жалпы, қабылданып жатқан шаралардың арқасында 2019 жылы Алматы қаласына 8,3% өсіммен 821 млрд теңге инвестиция тартылды, оның негізгі үлесі кәсіпорындардың меншікті қаражатынан — 75,5%, республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан — 14,8%, қарыз қаражаты — 9,7%.

2020 жылға арналған жоспар 900 млрд теңгені құрайды. Бұл ретте 2020 жылдың 8 айында негізгі инвестиция көлемі 10,1% өсіммен 518,5 млрд теңгені құрады.

 

2020 жылы 1 529 мұқтаж отбасы баспанамен қамтылды

Биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 4 994 кредиттік және жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, бұл жалпы құны 66,5 млрд теңге болатын 290 мың м2 баспана. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан 211 адам, жұмыс істейтін 350 жас, 267 көп балалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ 4 166 пәтерге (250 мың м2) несиелік тұрғын үй салу қарастырылған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 4 есе өсті.

Бүгінде Алматыда тұрғын үйге мұқтаждар есебінде 26 070 азамат тұр. Оның ішінде 10 мыңға жуығы — бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері және 15 мыңнан астамы — халықтың әлеуметтік осал топтары (ҰОС – 4, көп балалы отбасылар – 2210, толық емес отбасылар – 7475, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар – 1223, мүгедектер – 2371, жетім балалар – 1691).

Жыл басынан бері 1 529 мұқтаж отбасы баспанамен қамтылды, оның ішінде:

  • «Нұрлы жер» республикалық бағдарламасы аясында қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар арасында 265 пәтер бөлінді.
  • Санаттарға бөлу: ҰОС – 4, жетім балалар – 29, көп балалы отбасылар – 122, мүгедектер – 1-2 топ. – 26, толық емес отбасылар – 51, жасы бойынша зейнеткерлер – 14, ҰОС теңестірілгендер – 14, мүгедек бала тәрбиелеп отырғандар – 5.
  • «ҚТҚЖБ желісі бойынша несиелік тұрғын үй» республикалық бағдарламасы аясында 360 пәтер жоспарланған. 2020 жылдың 12 қазанында 244 отбасы қоныстанды.
  • «Бақытты отбасы» республикалық бағдарламасы шеңберінде кредит беру лимиттері ҚР ИИДМ бойынша өңірлерге бөлінеді. Алматы қаласына 3,7 млрд теңге сомасына 376 қарыз бөлінді, оның ішінде: 188 – көп балалы отбасылар үшін, 188 – толық емес отбасылар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін. 2020 жылғы 12 қазанда 279 кредиттік қарыз берілді (көп балалы – 136, толық емес – 115, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы – 28).
  • «Алматы Жастары 3.0» қалалық жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы бойынша 2020 жылдың 12 қазанында 741 несие берілді (білім беру саласында – 215, денсаулық сақтау саласында – 253, ЖОО және ҒЗИ саласында – 99, мәдениет саласында – 71, БАҚ саласында – 62, әлеуметтік салада – 21, спорт саласында – 20).

Өтінім беруден бастап тұрғын үй алуға дейінгі бүкіл процесс e-Gov порталы арқылы электрондық форматта және ашық қолжетімділіктегі тиісті интернет ресурстар арқылы жүргізіледі.

2020 жылдың соңына дейін тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда:

  • жұмыс істейтін жастар – 350 пәтер.
  • халықтың әлеуметтік осал топтары – 293 пәтер.
  • көпбалалы отбасылар – 325 пәтер.
  • «Бақытты отбасы» республикалық бағдарламасы бойынша — жыл қорытындысы бойынша 1 000 пәтер.
  • «Алматы Жастары 3.0» жеңілдікпен несиелендірудің қалалық бағдарламасы бойынша несиелік тұрғын үй — жыл қорытындысы бойынша 1 000 пәтер.

«7-20-25» және «Баспана хит» бағдарламалары бойынша жүзеге асыру «Қазақстан Ұлттық Банкі» РММ-не жүктелген.

 

Алматыда жолдарды жөндеуге 15 млрд теңге жұмсалады

Қалалық әкімдікте 2020 жылы қалада Алматы көшесін реконструкциялау – Жандосов көшесінің жалғасынан Яссауиден Әшімовке дейін (1,2 км) жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат берілді. Бұл көшеде үйлерді бұзу және толық кеңейту қарастырылған. Қазіргі уақытта тағы 11 үй сатып алынған жоқ, сот процестері жүргізілуде. Аяқтау 2021 жылға жоспарланып отыр. Сондай-ақ жыл соңына дейін Қарағайлы өзеніндегі көпір жөнделеді.

Жалпы, биыл мегаполисте ұзындығы 47,4 км болатын 177 көшеде жаңа жолдардың құрылысы жүргізілуде, оның ішінде ұзындығы 18,6 км болатын 112 көшенің құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін ұзындығы 28,8 шақырым болатын қалған 65 көшеде жол салынады.

2020 жылы үш жол айрығының (Рысқұлов даңғылы – Емцов көшесі, Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесі, Бұқтырма көшесі – Құлжа трактісі), Абай даңғылы мен Саин көшесінің қиылысының құрылысы жалғасуда.

Сондай-ақ, жерүсті бес жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы басталды (Солтүстік айналым көшесі – Москвин көшесінің солтүстігі, Солтүстік айналым көшесі – Жұмабаев көшесінен солға қарай, Солтүстік айналым көшесі – Боралдай көшесінен оңға қарай, Майлин көшесі – Тоқай көшесі, Майлин көшесі – Қапал көшесінің оңтүстігі).

Бұдан өзге ұзындығы 200 км 283 көшені орташа жөндеу, ұзындығы 30 км тротуарлар мен 80 аялдама алаңдарын орнату және жөндеу жоспарланған. Қазіргі жөндеумен қаланың көше-жол жүйесінде 300 мың шаршы метр асфальтбетон жабыны жөнделеді. Ұзындығы 62,6 км 91 көше ретке келтірілді, сондай-ақ 151 мың шаршы метр көлемінде ағымдағы жөндеу және ұзындығы 19,2 км тротуарлар салу жұмыстары орындалды.

Сонымен қатар Алматы қаласының тоғыз шағын ауданында жалпы ұзындығы 118 км жол құрылысына, Думан шағын ауданында жолдарды күрделі жөндеуге, Төле би көшесінің қиылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Метрополитеннің бірінші желісінің екінші кезегінің II іске қосу кешенінің құрылысы жалғасуда, оған Сарыарқа және Достық станциялары мен Абай даңғылы бойымен ұзындығы 3,1 км, Алтынсарин даңғылынан Момышұлы көшесіне дейін батыс бағытта метро желісі кіреді. Жоба 2021 жылдың соңында аяқталады.

Сондай-ақ III іске қосу кешенінің құрылысы басталды, ол Достық станциясынан Қалқаман станциясына дейін ұзындығы 2,4 км Яссауи көшесінен Әшімов көшесіне дейін және Қалқаман шағын ауданындағы Әшімов көшесінен төмен солтүстік бағытты қамтиды. Оны 2023 жылы аяқтау жоспарланған.

Алматыда жолдардың қанағаттанарлық сапасының үлесі 2020 жылы 80%-ға дейін жеткізіледі (2019 жылы 75%).

 

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» дағдарысқа қарсы шаралардың бірі ретінде

Алматы қаласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 226 жобаны жүзеге асыруға шамамен 104 млрд теңге бөлінді.

Қазіргі уақытта «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде 19 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 50%-дан астамы жұмысқа орналастырылды, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру үлесі 38%-ды құрайды.

Жалпы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында қалада 26 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда, оның ішінде 13 мыңы — жұмыспен қамту орталықтары арқылы. Инфрақұрылымдық жобалар аяқталғаннан кейін 2 мың тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда.

 

2020 жылдың басынан бері Алматыда тұрақты жұмыс орындарына 25,2 мың адам жұмысқа орналастырылды

Жыл басынан бері Жұмыспен қамту шараларымен 46 мыңға жуық адам қамтылды. Оның ішінде 25,2 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Жұмыссыздық деңгейін азайту үшін тұрақты жұмыс орындарын құру, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын қолдану, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде гранттар беру сияқты тетіктер қолданылады.

Биыл «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 13,5 млрд теңге қарастырылған. Бірінші бағыт аясында 2,5 мың адамды оқыту жоспарланған. ТжКББ бойынша кадрларды даярлау 2020 жылдың қыркүйек айында басталды, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 1 005 адам жіберілді.

Екінші бағыт аясында 140 қатысушыға шағын несие беру қарастырылған. Жыл басынан бері 83 адам жалпы сомасы 1 112 млн теңгеге шағын несие алды.

Сондай-ақ жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 200 АЕК-ке дейін 1 705 грант беру қарастырылған. Бүгінгі таңда игеру 100%-ды құрайды.

Үшінші бағыт бойынша 17 975 адам уақытша жұмыс орындарына жіберілді. 2019 жылдың сәйкес кезеңінде 5,9 мың адам жұмысқа орналастырылды. 2020 жылы жұмыссыз азаматтарды көбірек қамту үшін қоғамдық жұмыс орындарына жоспар ұлғайтылды. Бастапқы жоспар 3 мыңды құрады, дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде қосымша 12 мың жұмыс орнын құру үшін ақшалай қаражат бөлінді. Жыл басынан бері қоғамдық жұмыстарға 15 мыңнан астам адам жіберілді.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамту Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары шеңберінде жүзеге асырылады. Шектеу шаралары кезеңінде жұмыссыздық деңгейінің өсуі кезінде көрсетілген шаралардың қолданылуын ескере отырып, «Еңбек» бағдарламасы өзінің өнімділігін көрсетті.

 

Алматыда цифрландыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Алматыда цифрландыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Цифрлық мәдениет бағытын неғұрлым кешенді дамытуды қамтамасыз ету және даму үшін барынша оңтайлы орта құру үшін 2020-2025 жылдарға арналған SMART ALMATY стратегиясы әзірленді.

АТ-инфрақұрылымын теңгерімді дамыту қаланың цифрлық мәдениетін арттырудың аса маңызды басымдығы болып табылады.

Пандемия жағдайында Алматы тұрғындарының өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес қазіргі уақытта Алматы қаласының әкімдігі цифрлық әкімшілендірудің жаңа құралдарын әзірледі.

Сонымен, сағат және күн бойынша фильтрі бар барлық төрт ұялы оператордың деректерін біріктіре отырып, ұялы байланыс операторларының деректері негізінде карантин режимін талдау жүйесі жасалды.

Қала 500х500 метр квадратқа бөлінді және әр шаршы үшін уақыттың ең жоғары мәні бар адамдардың санын көруге болады. Сонымен қатар қала арқылы өтетін қоғамдық көлік маршруттары бойынша мәліметтер базасымен және кіріп-шығатын автомобильдер бойынша бейнеталдау жүйесімен интеграция жүргізілді. Сондай-ақ қала бойынша қылмыстарды талдаудың КПСУ деректер базасымен интеграция жүргізілуде. Осының арқасында маятниктің көші-қонын және қаладағы тарту нүктелерін бағалауға болады.

Жедел медициналық көмек жүйесінің базасында жедел жәрдем автокөліктерінің қозғалысын талдау жүйесі іске асырылды, бұл мекенжайлар бойынша шақыруларға талдау жүргізуге және жаңа қосалқы станциялардың жұмысын жоспарлауға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау объектілерін локализациялауды талдау және МСАК-тың қадамдық қолжетімділігін айқындау жүйесі енгізілді.

Жүйенің арқасында жақсы визуализацияда учаскелік дәрігерлер пациенттерді сапалы аралауды қамтамасыз ете алмайтын нүктелерді анықтауға болады және осы деректер негізінде жаңа емханалар мен ауруханалар салудың тікелей қажеттілігі қай жерде бар екенін түсінуге болады.

КТ-түсірілімдерді FORUS DATA шешімі негізінде радиологиялық түсірілімдердің орталықтандырылған жүйесі арқылы бақылау жүргізіледі.

Әрбір аурухана жүйеге қосыла алады, бұл пациенттің жағдайын бақылауға және медициналық диагностика бойынша анағұрлым бейімделген сервисті ұсынуға мүмкіндік береді.

Алматы қаласында цифрландыруды дамыту шеңберінде қосымша «Алматы жасанды зерде зертханасы» ЖШС ишемиялық инсультті ерте диагностикалау үшін Cerebra пилоттық жобасын іске қосты.

 

Алматыда білім беру нысандарын үдемелі салу бағдарламасын кезең-кезеңімен жүзеге асыру жалғасуда

Алматы қаласы ірі білім беру орталығы болып табылады және республика бойынша оқу орындарының ең кең желісімен ұсынылған.

Қалада мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында 871 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оларда 1-6 жас аралығындағы 62 мыңнан астам бала қамтылған.

387 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 17 818 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен одан әрі қамтуды қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың басынан бастап 670 орындық 4 мемлекеттік балабақша салынып, пайдалануға берілді, оның ішінде «Bi group» АҚ жеке инвесторын тарту арқылы 150 орындық 1 балабақша ашылды.

2020 жылдың соңына дейін Бостандық ауданында №21 гимназия аумағында 120 орындық балабақша ашылады.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын іске асыру аясында 520 орындық тағы 3 балабақшаның құрылысы басталды.

Сонымен қатар, 2020 жылы жоспарланған 2 820 орындық 76 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымның ішінен 1 278 орындық 46 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым ашылды.

Карантин шаралары аясында 2020 жылдың 1 маусымынан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтар ұйымдастырылды. Қазіргі таңда 653 балабақшада 34 мыңнан астам баланы қамтитын 2 833 кезекші топтар жұмыс істейді.

Алматы қаласында 270 орта білім беру ұйымы бар, оларда 287 878 оқушы оқиды.

Жаңа оқу жылы қарсаңында 22 мыңға жуық әлеуметтік осал отбасылардан шыққан оқушыларға жалпы білім беру қорынан киімдер мен оқу құралдарын сатып алу үшін 30 мың теңге берілді.

Қашықтан оқыту форматына көшу бойынша ұйымдастырылған жұмыс аясында 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 80 мың дана компьютерлік техника сатып алынды, 30 мың оқушыға Интернетке қосылу үшін SIM карталар берілді.

Қазіргі уақытта 137 жалпы білім беретін мектептерде 1-4 сыныптардың 12 159 оқушысын қамтитын 946 кезекші сынып жұмыс істейді.

Барлық орта білім беру ұйымдарында санитарлық-эпидемиологиялық режим қамтамасыз етілген.

Қалада қашықтан оқытудың тиімділігін арттыру үшін ақпараттық қауіпсіздік, Интернетті тегін пайдалану және басқа мүмкіндіктерді қарастыратын «Сфера» білім беру платформасы жасалды. Осы платформа арқылы күн сайын 2500-ден астам сабақ өтеді.

Қалада білім беру ұйымдарындағы оқушы орындарының тапшылығын азайту үшін арнайы жасалған 2022 жылға дейінгі білім беру объектілерін жеделдетіп салу бағдарламасын кезең-кезеңімен іске асыру жалғасуда.

2020 жылы Әуезов және Түрксіб аудандарында 1 800 орындық 2 мемлекеттік мектептің, 2 017 орынға арналған қолданыстағы мектептерге 5 қосымша ғимараттың құрылысы аяқталды, 1925 орынға тағы 4 қосымша ғимараттың құрылысы жүріп жатыр. 1390 орындық 2 жекеменшік мектеп пайдалануға берілді. 2020 жылдың соңына дейін 850 орындық 2 жекеменшік мектеп ашылады.

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 13 200 орындық 9 мектеп және қолданыстағы мектептерге 6 550 орындық 13 қосымша ғимараттың құрылысы басталады.

Қаладағы қосымша білім берудің сапасын арттыру мақсатында биыл №5 балалар музыка мектебінің жаңа ғимаратын салу жұмыстары аяқталып, 2021 жылдан бастап қолданыстағы Оқушылар сарайын және тағы 10 мектептен тыс мекемені жаңғырту жоспарлануда.

2021 жылы Алатау және Наурызбай аудандарында 2 көпсаласы инновациялық шығармашылық Орталықтарының (Оқушылар сарайларының) салынуы басталады.

Қалада 83 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы жұмыс істейді, оларда 66 мыңнан астам студент оқиды.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы 32 мыңнан астам студентті қамтитын 45 колледжде орналастырылған.

Ағымдағы оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысының қабылдау жоспары 8 719 орынды құрады.

2020-2021 оқу жылына арналған «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы негізінде 28 мамандық пен еңбек нарығында сұранысқа ие 63 жұмысшы біліктілігі бойынша 20 мемлекеттік және 7 жекеменшік колледж үшін 2 500 орын бөлінді.

Осы бағдарлама бойынша білім алушылар бір реттік ыстық тамақпен, шәкіртақымен, жол жүру ақысымен (жылына 2 рет 2 АЕК-тен) қамтамасыз етіледі.

2019 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған, оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан және жұмыспен қамтылған колледж түлектерінің үлесі 98,4% құрайды.

2020 жылы «Жас маман» республикалық жобасы аясында 8 колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтуға республикалық бюджеттен 2,5 млрд теңге және қосымша жергілікті бюджеттен 129,3 млн теңге бөлінді.

Алматы қаласында мұғалімдер қауымдастығына қолдау көрсету бағытында жүйелі түрде жұмыс жұргізілуде. Осы жылы білім беру ұйымдарында 32 мыңнан астам мұғалімдер жұмыс істейді, олардың 500-ден астамы жас мамандар болып табылады.

Жыл сайын қаланың білім беру ұйымдарында еңбек жолын алғаш бастаған жас мұғалімдерге біржолғы материалдық көмек төлеу жүргізіледі.

Алматы қаласында «Алматы жастары 3.0» жеңілдетілген несие беру бағдарламасы іске асырылады және оның аясында қазіргі таңда 187 жас мұғалім баспанамен қамтылды.

Сонымен қатар, білім саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында 2020 жылы алғашқы рет «Алматының жыл мұғалімі» және «Алматы қаласы әкімінің арнайы гранты» қалалық байқаулардың қорытындысы шығарылып, жеңімпаз мұғалімдерге бағалы сыйлықтар мен ақшалай гранттар берілді.

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
25 Қараша 2020, 17:24
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті
25 Қараша 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №783 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:43
Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезіне қатысты
25 Қараша 2020, 16:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №779 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 қарашадағы №770 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қарашадағы №769 Қаулысы
24 Қараша 2020, 19:53
ЖЭК дамыту және процестерді цифрландыру — ҚР Президентінің энергетика саласын дамыту жөніндегі тапсырмалары қалай іске асырылуда
24 Қараша 2020, 18:45
Нұрсұлтан Назарбаев «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады
24 Қараша 2020, 17:40
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті
24 Қараша 2020, 16:13
ЕАЭО нарығы, өнеркәсіптік кооперация және тауар айналымы: Қазақстан экономикалық интеграция жүйесінде қалай дамуда
24 Қараша 2020, 14:07
ҚР Үкіметінің отырысы, 24.11.2020
24 Қараша 2020, 12:11
Қазақстанда орманды алқаптарда 2 млрд және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызылады - ЭГТРМ
24 Қараша 2020, 11:47
Е. Тоғжанов COVID-19 қарсы отандық вакцина шығаратын зауыттың салыну барысымен танысты
24 Қараша 2020, 11:36
Соңғы 5 жылда ҚР-да 1 334 км магистральдық газ құбыры және 20 мың км астам тарату желілері салынды 
24 Қараша 2020, 10:01
А. Мамин: елдегі экологиялық ахуалды жақсарту — Үкіметтің басым міндеті
24 Қараша 2020, 09:39
Үкіметте елді мекендерді газдандыру мәселесі қаралды
23 Қараша 2020, 19:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 жөніндегі ВАК отырысын өткізді 
23 Қараша 2020, 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды
23 Қараша 2020, 17:02
Электромобильдер өндірісі, жаңа зауыт және экспорттық нарықтарға шығу — Қазақстанның машина жасау саласын жаңа шынайылық жағдайында дамыту
23 Қараша 2020, 14:30
24 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
23 Қараша 2020, 14:21
Сенат депутаттарының шағын және орта бизнесті дамыту туралы сауалы
23 Қараша 2020, 13:46
Үкімет отандық бизнестің қызметінің жағдайын жақсарту шараларын қарастыруда
22 Қараша 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №87
21 Қараша 2020, 16:38
Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері Түркістан қаласында келіссөз өткізді
20 Қараша 2020, 18:25
Асқар Жамбакин ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды
20 Қараша 2020, 16:09
Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті
20 Қараша 2020, 13:40
Инновациялық технологиялар, электрондық құжаттама және шығындарды азайту: денсаулық сақтау саласында цифрландыру қалай дамуда
19 Қараша 2020, 20:20
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:49
Мемлекет басшысы «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы Ахметқал Медеуді қабылдады
19 Қараша 2020, 18:48
Елбасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:41
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
19 Қараша 2020, 17:53
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты
19 Қараша 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №762 Қаулысы
18 Қараша 2020, 21:19
Қазақстан Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиынына қатысты
18 Қараша 2020, 16:22
Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады
18 Қараша 2020, 14:44
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
17 Қараша 2020, 19:37
ВАК Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында COVID-19 таралуына жол бермеу жөнінде бірқатар шешім қабылдады  
17 Қараша 2020, 18:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №760 Қаулысы
17 Қараша 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №758 Қаулысы
17 Қараша 2020, 15:58
Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады
17 Қараша 2020, 13:39
ҚР Үкіметінің отырысы, 17.11.2020
17 Қараша 2020, 13:29
Сатып алушы мобильді қосымша арқылы тауардың заңдылығын тексере алады — Е. Жамаубаев
17 Қараша 2020, 13:03
Қазақстан бірқатар тауарларды міндетті таңбалауды енгізуде — Б. Сұлтанов
17 Қараша 2020, 11:34
Қазақстан «цифрлық» жұмыспен қамту орталықтарының және сырттай мүгедектікті белгілеу форматына көшуде — ҚР ЕХӘҚМ
17 Қараша 2020, 11:19
Жыл соңына дейін онлайн режимінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 90%-ға дейін жеткізіледі — ЦДИАӨМ
17 Қараша 2020, 10:02
Үкімет тауарларды таңбалау және қадағалау мәселелерін қарады
17 Қараша 2020, 09:48
2021 жылы қағаз анықтамаларды толығымен алып тастауымыз керек — А. Мамин
17 Қараша 2020, 08:50
Қазақстан Қырғызстанға COVID-19-бен күресу үшін медициналық бұйымдар жібереді
16 Қараша 2020, 18:46
Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде кеңес өткізді
16 Қараша 2020, 17:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 11 қарашадағы №752 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.