Қазақстанда қолжетімді баспананы қалай алуға болады: «7-20-25», «Бақытты отбасы» және «Әскери баспана»

Бейсенбі, 07 Қараша 2019, 09:24:55

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда 141 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Мемлекет елімізде тұрғын үй құрылысын дамытудың бірыңғай моделін әзірлеуде, оның негізгі қағидаты — тұрғын үйдің қолжетімділігін, әсіресе халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін арттыру. Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсарту және қолжетімді мүмкіндіктер жасау мақсатында тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берген ипотекалық несиелендірудің жаңа бағдарламаларын енгізуге бастамашы болды. 

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы тұрғын үй құрылысын қолдаудың жаңа тетіктерін біріктіреді. 2018 жылы «7-20-25» бағдарламасы іске қосылды, 5 жыл ішінде бұл бағдарлама 650 мың отбасыға немесе 2 млн-нан астам азаматқа баспаналы болуға жәрдемін тигізуі тиіс. 2019 жылы Елбасының бастамасы бойынша жеңілдік мөлшерлемесі 2% және бастапқы жарнасы 10% болатын «Бақытты Отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды. Жыл соңына дейін кемінде 6 мың отбасы осы бағдарлама аясында тұрғын үй ала алады. Бірінші кезекте, көп балалы отбасылар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға басымдық беріледі. 2020 жылдан бастап осындай 10 мың отбасы жыл сайын баспанамен қамтылатын болады. 

«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде отбасы табысының түрлі деңгейлеріне сәйкес келетін бірыңғай тұрғын үй саясатын әзірлеуді тапсырды. Кезекте тұрған аз қамтылған көп балалы отбасыларға баспана беру мәселесін үш жыл ішінде шешу қажет, ал баспана сатып алуға жағдайы жоқ азаматтарға әлеуметтік жалға алу тәртібімен қоныстану үшін мүмкіндік беру керек.

Мемлекет 2022 жылға қарай осы мақсаттарға сәйкес 240 млрд теңгеден астам қаражат бөледі. Үкімет жыл соңына дейін жалдамалы пәтерлерге, сондай-ақ «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген баспана заемын алуға кезекте тұрғандарды есепке алудың ұлттық бірыңғай жүйесін құруы керек.

Тұрғын үй кезегі жыл сайын 50 мың адамға артып келеді, ал әлеуметтік тұрғын үйлер 20 мың адамға пайдалануға берілуде. Осыған байланысты, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша азаматтарды олардың мүмкіндіктері мен статустарына қарай тұрғын үймен қамтудың үдемелі жүйесін енгізу қарастырылады. Мысалы, сатып алу құқығынсыз берілетін тұрғын үй табысы жоқ немесе табысы отбасының бір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз (29,7 мың теңге) болатын тұрғын үй кезегінде тұрғандарға беріледі. 

«Бақытты отбасы» бағдарламасы табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 еселік шамасынан артық болмайтын (59,4 мың теңге) тұрғын үй кезегіндегілер үшін қолжетімді болады. 

ЖАО несиеге берілетін тұрғын үйлері табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселік шамасынан 3,1 еселік шамасына дейін (92 мың теңге) болатын тұрғын үй кезегіндегілерге берілетін болады. 

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселік шамасынан табысы жоғары азаматтар «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның «Орда», «Баспана Хит», «7-20-25» бағдарламаларының, «ТҮҚЖБ» АҚ-ның «Өз үйім» бағдарламасының тектіктерін пайдалана алады. 

Бұл тәсілдер мемлекеттік қолдаудың атаулығын қамтамасыз етеді және тұрғын үй құрылысын жоспарлау тиімділігін арттырады. 

7 жылда қалалар мен өңірлер әкімдіктеріндегі тұрғын үй алу кезегі 3,5 есе өскен

Тұрғындардың басым бөлігі үшін қолжетімді тұрғын үй салуда ауқымды шаралар қабылдауда «Бәйтерек» холдингі жүйелі рөл атқарады, себебі, ол «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы бірыңғай оператор. 

Мысалы, әкімдіктер өз облигацияларын шығару тетігі арқылы алатын қорландыру есебінен белгіленген баға бойынша несиеге берілетін тұрғын үй құрылысы мен оның өткізілуін қамтамасыз етеді. 

Бұл тетік әрбір 2 жыл сайын «револьверлік» принцип бойынша қаражатты айналдырып, ресурстарды қосымша бөлмей-ақ, жаңа құрылысқа қайта бағыттауға мүмкіндік береді. Жыл сайын осы жүйеде 100 – 110 млрд теңге қаражат айналысқа түседі, бұл әкімдіктерге 12 мың несиеге берілетін тұрғын үйді пайдалануға беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Өз кезегінде, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұрғындарға жылдығы 5% болатын жеңілдікті тұрғын үй займдарын беру арқылы әкімдіктер салған тұрғын үйлерге сұраныс мен олардың өткізілуін ынталандырады. Бастапқы жарна тұрғын үй сертификаттарын пайдалану мүмкіндігімен 20%-дан кем емес болады. Бүгінгі таңда ТҮҚЖБ жүйесінде жинақтау сомасы 716,7 млрд теңгені құрайтын 1,46 млн келісімшарт бар. Барлық кезеңде 1,52 трлн теңгеге 208 мыңнан астам заем берілді, оның ішінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезеңінде 139 млрд теңгеге 18,3 мың заем берілді. 

2005 жылдан бастап тұрғын үймен қамтылу деңгейі 23%-ға артып, 1 адамға шаққанда 21,6 шаршы метрді құрады. Елбасының тапсырмасы бойынша 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті БҰҰ стандарттарына дейін — 1 адамға 30 шаршы метрге дейін жеткізу қажет. Орта есеппен, тұрғындар санының өзгеруін ескерумен, қазіргі мәнімен салыстырғанда, 2030 жылға қарай тұрғын үй қорын 66%-ға арттыру қажет. Ол үшін жыл сайын жаңа тұрғын үйлерді пайдалануға беру қарқынын 8-10% деңгейінде сақтап отыру қажет. 

Мынадай беталыс байқалып отыр: мемлекет әлеуметтік тұрғын үйлерді көптеп салған сайын, оған кезек те арта түсуде. 

Қазіргі кезде әкімдіктердегі тұрғын үй кезегі 3,5 есе өскен ( 2012 ж. 1 қаңтарда — 147 мың, 2019 ж. 1 шілдеде — 512 мың адам). Бұған демографиялық процестер, кенттену және тұрғындардың еңбек көші-қоны себеп болып отыр. 

Орта есеппен алғанда, сұраныс жыл сайын 50 мың адамға өсуде, ал әлеуметтік тұрғын үй 20 мың адамға берілуде. 

Болжамдық есептеулер бойынша тұрғын үй кезегін жеделдетілген қысқарту үшін алдағы 10 жылға 6 трлн теңгеге жуық қаражат қажет, бұл 552 мың адамды тұрғын үймен қамтуға мүмкіндік береді. Бұл ретте, бөлінген қаражат қайтарымды. 

Ол үшін ең төменгі күнкөріс деңгейін ескерумен кезекте тұрғандардың табысына байланысты тұрғын үйдің қолжетімділігі сатысы құрылады. 

Бірінші бағыт бойынша, табысы жоқ немесе табысы отбасының 1 мүшесіне шаққанда 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұрығн үй кезегінде тұрғандарға сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй берілетін болады. 

Екінші бағыт бойынша, отбасының бір мүшесіне шаққанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 көлемін құрайтын тұрғын үй кезегіндегілерге жылдығы 2%, бастапқы жарнасы 10% болатын, 25 жыл мерзімге жеңілдікпен несиелендіру ұсынылатын болады («2-10-25»). 

Үшінші бағыт бойынша, отбасының бір мүшесіне шаққанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 дейін болатын тұрғын үй кезегіндегілерге жылдығы 5% болатын, бастпақы жарнасы 20%, 25 жыл мерзімге несиеге берілетін тұрғын үй ұсынылады («5-20-25»).

Төртінші бағыт бойынша, отбасының бір мүшесіне шаққанеда табысы 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен асатын азаматтар жылдығы 7%, бастапқы жарнасы 20% болатын, 25 жыл мерзімге берілетін жеңілдікті несиелендірумен («7-20-25») және нарықтағы өнімдермен («Баспана-хит», «КИК-Орда», «Өз үйім» ТҮҚЖБ) баспаналы бола алады. 

Бұл тәсілдер мемлекеттік қолдаудың атаулылығы мен қаражатты пайдалану тиімділігін қамтамасыз етеді. 

Сонымен қатар, биыл маусым айында «Мұғалімдер мен дәрігерлерге арналған жалға берілетін тұрғын үй» жеке бағдарламасы іске қосылды. Қаржыландыру көздері — қазақстандықтардың табысы мен ресурстарды нарықтық тарту. Қаражатты микширлеу және операциялық шығыстарды төмендету есебінен алдағы 2 жылд бұл өнімге 40 млрд теңгеге дейін қаражат бағыттау жоспарланған. Бұл еліміз бойынша 3 мыңға жуық дәрігерлер мен мұғалімдерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте, ай сайынғы төлем бойынша жалға беру мөлшерлемесі жылына 3,1% құрайды. 

2019 жылғы 1 қазандағы мәліметтер бойынша жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй кезегінде тұрғандар саны 526 мың адамды құрады, бұл 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3,5 көп. Бұл ретте, негізгі үлесті — 44%-ды тұрғындардың әлеуметтік әлжуаз топтары құрайды, 42% — мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымдар жұмыскерлері мен әскери қызметкерлер.

 

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қалай тұрғын үй алуға болады?

«Нұрлы жер» бағдарламасы ел тұрғындарының түрлі санаттарының тұрғын үй мәселелерін кешенді шешуге бағытталады. Бағдарлама сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салуда, несиеге берілетін тұрғын үй салуды, жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды, жеке құрылыс салушылардың тұрғын үй салуын ынталандыруды қамтиды. 

Жергілікті атқарушы органдар салған несиеге берілетін тұрғын үйді алу үшін, қажет: 

  • ТҮҚЖБ салымшысы болу;

  • сатып алынатын тұрғын үй құнының 20%-ынан кем емес көлемдегі бір реттік алғашқы жарнаны салу немесе жинағының болуы;

  • ҚР азаматтығының немесе оралман статусының болуы;

  • осы қалаларда тұрғын үй сатып алуға үміткер өтінім берушілер үшін өтініп берген сәтте кемінде екі жылға дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуде болуы;

  • тұрғын үйінің болмауын растауы;

  • төлем қабілеттілігін растауы.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 9 айдың қорытындысы бойынша несиеге берілетін тұрғын үй желісі бойынша 4 330 пәтер немесе 38,3% жылдық жоспарға 258,1 мың ш.м. салынды. 

Жалға берілетін тұрғын үй желісі бойынша 2 344 пәтер немесе 15,6% жылдық жоспарға 137,6 мың ш.м.

Тұрғын үйлерді пайдалануға беруден көш басында — Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары. 

Өтінім беруші Бағдарлама талаптарына сай келген жағдайда оған 25 жыл мерзімге жылдық 5% мөлшерлемесі бойынша займ беріледі. Алдын-ала тұрғын үй займын алу үшін бастапқы жарна мөлшері – сатып алынатын тұрғын үй құнының 20%-ынан кем емес. Аралық тұрғын үй займын алу үшін — сатып алынатын тұрғын үй құнының 50%-нан кем емес. 

Таза әрлеудегі ЖАО несиеге беретін тұрғын үй құрылысы мен өткізілуінің баға параметрлері 1 шаршы метрі үшін: Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және осы қалалар маңындағы аймақтарда, Шымкент, Атырау, Ақтау, Түркістан қалаларында 180 мың теңгеге дейін, басқа өңірлерде — 140 мың теңгеге дейін. 

Бағдарламаға ТҮҚЖБ салымшылары, оның ішінде ЖАО-да тұрғын үй кезегінде тұрғандар қатыса алады. Сатылатын нысанда тұрғын үйлердің кемінде 50%-ы ЖАО кезекте тұрғандардың арасында бөлінеді. ЖАО-да кезекте тұрғандардың ішінде сұраныс болмаса, тұрғын үй ТҮҚЖБ басқа салымшыларына сатылады. 

Бағдарлама аясында салынған тұрғын үй бағасының нарық бағасымен салыстырғанда төмен болуына орай тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие. ТҮҚЖБ бағдарламасы іске асырыла бастаған сәттен бастап 19 300 займ берілді. 

Биылғы жылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 8,8 млн ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңіне 99,8% құрайды. Жылдық жоспарға тұрғын үйді пайдалануға беру пайызы 67,7% құрады. Еліміз бойынша барлығы 76 484 тұрғын үй , оның ішінде – 32 779 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді.

Өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің артуы еліміздің 9 өңірінде жалғасуда. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша Түркістан (130,3%), Қызылорда (120%), Алматы (116,6%), СҚО (116,4%), Қостанай (116,2%), Атырау (116,2%), Павлодар (110,9%), Ақтөбе (109%) облыстары және Шымкент (112,6%) қаласы көш басында.

 

Нұр-Сұлтан

Елордада 2019 жылдың тоғыз айында мемлекеттік инвестициялар есебінен 980-нен астам пәтер пайдалануға берілді. Оның ішінде: несиеге берілетін тұрғын үй – 250 пәтер, жалға берілетін тұрғын үй – 730-дан астам пәтер. Биыл жыл соңына дейін қала әкімдігі 650-ден астам пәтерді пайдалануға беретін болады. 

 

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй салу

Осы жылдың басынан бері 364 пәтер берілді, оның 182-сі Нұр-Сұлтан қаласы (14 көпбалалы отбасы) әкімдігінде кезекте тұрғандар. Биылғы қараша айында аталған бағыт бойынша 250 пәтер беру жоспарланған, оның 125-і қала әкімдігінде кезекте тұрғандар.

Сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй

Бұл бағыт аясында 2019 жылы 351 пәтер берілді, оның ішінде: 191-і – халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін, 160-ы – көп балалы отбасылар үшін. Осы жылдың қараша айында аталған бағыт бойынша 433 пәтер беру жоспарланған, оның 87-сі — көп балалы отбасыларға арналған.

Сонымен қатар, қала әкімдігі жылжымайтын мүлік нарығынан 1050 пәтер сатып алу, оларды сатып алу құқығынсыз бес жылға дейінгі мерзімге жұмыс істейтін жастарға жалға беру жұмыстарымен айналысуда. 

 

Алматы

2019 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша 1200-нан астам несиелік пәтер, сатып алумен жалға берілетін тұрғын үй желісі бойынша 305 пәтер бөлінді.

Сондай-ақ, 2019 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан сатып алу құқығынсыз 282 пәтер таратылды.

«Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 284 отбасы тұрғын үй сертификаттарына ие болды.

2019 жылдың шілдесінде «толық емес отбасылар», «көп балалы отбасылар», «мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар» санаттары бойынша жергілікті атқарушы органдардың кезегінде тұрған азаматтарға 2%-бен тұрғын үй заемдарын беру басталды.

Бағдарлама бойынша 1790 өтініш қабылданды. Қазіргі уақытта Банк Алматы қаласының кезекте тұрған азаматтарының 312 бағытын қарастыруда. Банк 109 несиелік қарыз берді.

 

«7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша тұрғын үйді қалай алуға болады?

«7-20-25» бағдарламасы қазіргі уақытта займ бойынша 7% төмен пайыздық мөлшерлемемен ең тиімді ипотекалық бағдарлама ретінде саналады, бастапқы жарна тұрғын үй құнының 20% құрайды (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент қалалары үшін тұрғын үйдің максималды құны — 25 млн теңге), займды өтеу мерзімі 25 жылға дейін ұзартылды.

ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының тапсырмасымен 2018 жылы ҚР Ұлттық Банкі «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын әзірледі. Бағдарлама тұрғындардың көпшілігіне бастапқы нарықтан 25 жыл мерзімге, тұрғын үй құнының 20% бастапқы жарнасымен, жылдық 7% мөлшерлемесімен тұрғын үй сатып алуға арналған.

 «7-20-25» қолжетімді несие шарттарымен әрбір қазақстандық үшін тұрғын үй жағдайларын жақсартудың жаңа мүмкіндіктерін ұсынады. Қазақстанда тұңғыш рет тек құрылыс салушыдан бастапқы нарықтан баспана алуға болатын тұрғын үй бағдарламасы қабылданды, оны бағдарлама қатысушысы өзі таңдайды. Қарыз алушыдан заемды ұсынғаны және қызмет көрсетілгені үшін комиссия алынбайды. Сондай-ақ, кепіл мүлкін және қарыз алушының өмірін сақтандыру міндетті емес, сақтандыру қажет болған жағдайда барлық шығындарды несие берген банк көтереді. Бұған дейін әрекет етіп тұрған ипотекалық өнімдердің бірде-бірінде осындай несиелеу шарттары болған жоқ.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша несие алу үшін жеке тұлға бірнеше талаптарға сай болуы керек, олар:

● Қазақстан азаматтығы;

● меншік құқығында ҚР аумағында тұрғын үйінің болмауы;

● кәсіпкерлік немесе еңбек қызметінен тұрақты расталған кірістің болуы;

● ипотекалық несиелерінің болмауы.

Жалпы, Бағдарлама іске асырыла бастағаннан бастап, осы жылдың 24 қазанындағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша екінші деңгейлі банктерге тұрғын үй сатып алғысы келетін азаматтардан 81,9 млрд теңге сомасына 5 980 өтінім қабылданды, оның ішінде 52,3 млрд теңге сомасындағы 3 790 өтінімді несие беруші банктер мақұлдады — бұл Қазақстанның барлық өңірлері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. 

Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларында жұмыс істейтін, арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын, полиция департаментінде жұмыс істейтін білікті мамандар корпусын қолдау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі баспана сатып алуға номиналы 1 млн теңге болатын тұрғын үй сертификаты түріндегі алғашқы жарнаның бір бөлігін жабады. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған қызмет салалары бойынша Нұр-Сұлтан қаласының бюджетінен 397 млн теңгеге 397 тұрғын үй сертификаты берілді.

 

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алуға кім үміткер бола алады?

Қазақстанда төрт немесе одан да көп баласы бар 340 мыңға жуық көп балалы отбасы бар, оның ішінде 31 725 мың отбасы ресми түрде баспанаға мұқтаж отбасылар ретінде әкімдіктердің кезегінде тұр. 2019 жылдың шілдесінен бастап аталған санаттағы азаматтар үшін жылдық 2%-бен ипотекалық несиелендірудің «Бақытты отбасы» жеңілдетілген бағдарламасы іске қосылды. Бұл Елбасы бастамашы болған, аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасыларға ұсынылған теңдессіз қолдау түрі. Бастапқы жарна — әкімдіктерден тұрғын үй сертификаттарын пайдалану мүмкіндігімен 10% басталады. «Бақытты отбасы» бағдарламасы көп балалы отбасыларға, толық емес отбасыларға және табысы төмен, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға несие беруге арналған.

Сонымен бірге, тұрғын үй құны Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау қалаларында 15 млн теңгеден аспауы керек және қалған өңірлерде — 10 млн-ға дейін.

Бүгінгі таңда 2019 жылға 50 млрд теңге беру жоспарымен, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 46,6 млрд теңгеге 4 589 өтінімді қабылдады, оның ішінде 29,3 млрд теңге болатын 2 875 заем берілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2020 жылдан бастап 2023 жылға дейін жылдық беру жоспары кемінде 10 мың өтінімді немесе шамамен 100 млрд теңгені құрайды.

Несие беру шарттары:

  • несие мөлшерлемесі — жылдық 2%;
  • бастапқы жарна — алдын-ала тұрғын үй заемын алу үшін — сатып алынатын тұрғын үй құнының кемінде 10%; 
  • аралық тұрғын үй заемын алу үшін — сатып алынатын тұрғын үй құнының кемінде 50%;
  • заем мерзімі — 20 жылға дейін.
  • заемнің нысаналы мақсаты ‒ бастапқы (соның ішінде ЖАО несиелік тұрғын үйі) және екінші нарықтан тұрғын үй сатып алу;
  • Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында тұрғын үй сатып алуға заемның максималды сомасы 15 млн теңгеден аспайды, ал басқа өңірлерде 10 млн теңгеден аспайды;
  • кепілзаттық қамтамасыз ету ‒ ҚТҚЖБ талаптарына сәйкес келетін мүлік немесе сатып алынатын тұрғын үй.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі бастапқы нарықтан баспана сатып алу үшін номиналы 1 млн теңге болатын тұрғын үй сертификаты түріндегі алғашқы жарнаның бір бөлігін өтейді. Бағдарламаға қатысу үшін 2 365 жолдама (834 көп балалы отбасы, 1 143 толық емес отбасы, 388 мүгедек балалары бар отбасы) берілді, оның ішінде 7,2 млрд теңге сомасына 521 несиелік заем берілді (198 көп балалы отбасы, 239 толық емес отбасы, 84 мүгедек балалары бар отбасы) көрсетілген саннан алғашқы жарнаның бір бөлігін өтеу үшін 1 млн теңгеден 50 тұрғын үй сертификаты берілді.

 

«Әскери баспана» бағдарламасының шарттары қандай?

ТҮҚЖБ «Әскери баспана» — жылдық 8%-бен жеңілдікті несиелендіру өнімін әзірледі. Мәлім болғандай, 2018 жылдың қаңтарынан бастап заңнамаға әскери қызметшілерге өздері алатын тұрғын үй төлемдері есебінен ТҮҚЖБ-да қаражат жинақтауға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілді. Тұрғын үйді бастапқы және қайталама нарықтардан сатып алуға болады. Бүгінгі таңда әскери қызметшілер жалпы түсімі 149,3 млрд теңге болатын 86,4 мың арнайы шот ашты. ТҮҚЖБ 99 млрд теңгеге 6,5 мың заем берді.

Әлеуметтік маңызы бар мамандықтар бойынша да жекелеген бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. 2019 жылдың маусым айынан бастап мұғалімдер мен дәрігерлер үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй беру бағдарламасы іске қосылды. 2019-2020 жылдарға арналған қаржыландырудың жалпы көлемі 40 млрд теңгені құрайды, бұл нарықта 3 мың пәтер алуға мүмкіндік береді. Жалға берілетін тұрғын үй жылдық 3,1%-бен бастапқы жарнасыз беріледі. Тұрғын үйді мерзімінен бұрын қандай да бір айыппұлсыз сатып алу құқығы қарастырылған. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау, білім және ғылым министрліктері, сондай-ақ, өңірлер бойынша да, тұрғын үймен қамтамасыз етілетін қызметкерлердің тізімдерін құрастыруда. 

Жұмыс істейтін жастар сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді қалай ала алады?

Жастар жылын іске асыру аясында Елбасының тапсырмасы бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасына Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыру тетіктері енгізілді. 

Өтінім беруші сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй алу үшін өкілетті органға келесі құжаттарды ұсынады: 

● осы Ережеге қосымшаға сәйкес форма бойынша өтініш; 

● өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі (түпнұсқасы жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін ұсынылады); 

● білім туралы құжаттың көшірмесі; 

● неке туралы куәліктің көшірмесі (болған жағдайда); 

● балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі (болған жағдайда); 

● өтінім беруші мен отбасының барлық мүшелерінің жылжымайтын мүлкінің жоқтығы (бар екені) туралы анықтама; 

● жұмыс орнынан анықтама; 

● өтінім берушінің 40 айлық есептік көрсеткіштен кем емес көлемдегі ай сайынғы табысын растайтын соңғы алты айдағы табысы туралы анықтама; 

● Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 35-ші бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар; 

● банк есепшотының бар екені және нөмірі туралы анықтама және банк есепшоты бойынша ақша қалдығы мен оның аударылуы туралы көшірме; 

● өтінім берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттар (болған жағдайда). 

Баллдарды есептеу баллдық жүйе бойынша жүргізіледі: 

● нарықтағы аса сұранысқа ие 100 мамандық тізіміне сәйкес кәсіпті игерген өтінім берушіге – 10 балл; 

● отбасылы болған жағдайда – 5 балл, некеде тұрған әр жылы үшін за – 2 балл; 

● бір баласы болғаны үшін – 1 балл, одан кейінгі әр баласы үшін – 2 балл; 

● кемінде 1 жыл жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін – 5 балл, за әр жылы үшін –1 балл; 

● өтініш берушінің түрлі салаларда жеке жетістіктері болған жағдайда – 2 балл; 

● бюджеттік ұйымдардағы еңбек қызметі үшін (мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар) – 5 балл, жұмыс өтілінің әр жылы үшін – 1 балл; 

● екінші деңгейлі банктердің жинақ шоттарындағы (депозиттердегі) жинақтардың әр жылы үшін – 2 балл.

Баллдар тең түскен жағдайда, өтінімді уақыты бойынша ертерек берген үміткерге басымдық беріледі. 

 

Цифрлық технологиялдарды қолдану тұрғын үй құрылысында қалай көрініс береді? 

«Бәйтерек» холдингі 2018 жылы маусымда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржыландырылатын нысандарға мониторинг жүргізетін интернет-порталды және Ситуациялық орталықты іске қосты. Портал өңірлердегі тұрғын үй нысандарының салыну барысы туралы электронды ақпаратты орналастыратын жергілікті атқарушы органдарға арналды. Аталған мәліметтердің барлығы интерактивті Ситуациялық орталықта нақты уақыт режимінде көрсетіледі. Бұл жоба бейнекамераларды, дрондар мен басқа технологияларды қолдана отырып салынып жатқан барлық нысандарға дистанциялық монторинг жүргізуге мүмкіндік береді. «Ақылды» камералар нысандардағы техниканы, құрылыс кезеңлері мен жұмыс күшінің қозғалысын аса жоғары дәлдікпен таниды. Бөлінген қаражаттың игерілуін қадағалау және деректер талдауы негізінде тиісті шешімдер шығару мүмкіндігі пайда болды. 

Қазіргі таңда электронды деректер базасы 300-ге жуық салынып жатқан нысанды қамтиды, оның әрқайсысы бойынша жан-жақты ақпарат бар. 

Техникалық бақылау өкілдері үшін арнайы мобильді қосымша жасалды, оол құрылыс алаңында телефоннан деректерді жүктеуге мүмкіндік береді. 

Толтыру тәртібі өндірістік жұмыстар кестесінен көрінеді, техникалық бақылау өкілі нысанда неше рет болғанын көруге болады. 

Сонымен қатар, осы жоба мысалында цифрландырудың ресурстарды қалай үнемдейтінін байқауға болады. Құрылыстың бұрынғы мониторинг форматы ақпаратты жинауға аптасына 8 жұмыс сағатын және біздің сарапшыларымыздың оларды жинақтап, талдауы үшін тағы 8 сағат уақытты қажет ететін. 

Жаңа портал бұл уақытты 8 есе қысқартады. Бүгінде ақпаратты алу үшін небәрі 1 сағат уақыт және оны өңдеу үшін 1 сағат қана қажет. Мониторингтің цифрлық форматы жыл сайын холдинг бюджетінің 30 млн теңгеге жуығын үнемдейді. 

Өз платформасында тікелей тапсырыс берушілер мен делдалсыз жеткізушілерді біріктіре алатын «Онлайн Маркетплейстерді» қолдану арқылы инфрақұрылым нысандары мен тұрғын үй құрылысын арзандатуға зор мүмкіндіктер туындады. 

Холдинг бұл бағыттағы жұмыстарды бастады. Бұл барлық тараптардың операциялық шығындарын орта есеппен 20%-ға азайтуға мүмкіндік береді. 

Бұл ретте белгіленген бағалар бойынша ұзақмерзімді офтейк-келісімшарттар жүйесін енгізу үй құрылыс комбинаттарының және отандық құрылыс материалдарын өндірушілердің жүктемесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Маркетплейстер барынша ашық болуы тиіс және толық ақпарат беруі керек, бұл жосықсыз жеткізушілерді болдырмайды. 

Егер құрылыстың өзіндік құнында құрылыс материалдарының үлесі 55%-дан жоғары болатынын ескерсек, онда тұрғын үйдің 1 ш.м. үшін құрылыс бағасы орта есеппен 10%-ға төмендетіле алады. 

Мұндай платформаларды жылжымайтын мүлік нарығы үшін де құру қажет, мұнда тұрғындар, коммерциялық банктер, девелоперлер, жеке құрылыс салушылар мен мемлекеттік органдар бірыңғай алаңға жиналып, өз қызметтерін ұсына алатын болады. 

2017 жылдың тамыз айынан бастап Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша «Baspana.kz» жылжымайтын мүлік интернет-порталы іске қосылды, ол өз платформасында ТҮҚЖБ барлық клиенттерін, құрылыс компаниялары мен мемлекеттік органдарды біріктірді. 

Енді қазақстандықтар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының шарттары бойынша онлайн-консультация, дайын және салынып жатқан нысавндар, шаршы метрінің құны және банк өнімдері туралы ақпаратты ала алады. 

Порталда 153 мыңнан аса қолданушы тіркелген, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 356 нысан орналастырылған. 

Онлайн-алаң арқылы тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысуға барлығы 222 мыңнан аса өтініш берілген, жалпы сомасы 155 млрд теңгеге белгіленген баға бойынша 17 мыңнан астам пәтер сатылған. 277 млрд теңге сомасына 29 мыңға жуық пәтер өткізілу сатысында. 

ІТ-қызметтер желісінің кеңейтілуімен және «Ақылды үй» жүйесінің элементтерінің енгізілуімен қолжетімді тұрғын үй экожүйесінің ауқымы біршама артады. 

Мысалы, «Е-SHANYRAQ» ТКШ бірыңғай ақпараттық жүйесінің толыққанды режимде енгізілуі тұрғындарға үйді басқаруға онлайн қатысуға, басқарушы компаниялардың қаржыны нысаналы пайдалануына мониторинг жүргізуге және оның ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Тұрғындар нақты уақыт режимінде есептеуіштерінің көрсеткіштері мен бекітілген тарифтердің негізінде қойылған есептің дұрыстығын тексере алады. “Ақылды” есептеу құрылғыларын орнату көрсетілетін қзымет құнын орта есеппен 35%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. 

Осылайша, құрылыс саласын толыққанды цифрландыру, SMART-технологияларды қолдану және байланыстың жаппай қолжетімді болуы негізінде Қолжетімді тұрғын үй экожүйесі қалыптасатын негізгі факторлардың бірі болып саналады, бұл өз кезегінде экономиканың іргелес салаларын ынталандырады. 

Түптің-түбінде мұның барлығы нәтижелі жұмыспен қамтуға, жұмыс орындарын ашуға, тұрғындар үшін экономикалық және өндірістік ресурстар мен мүмкіндіктерге тең қолжетімділіктің болуына ықпалын тигізеді. 

 

Құрлыстағы үлескерлік туралы нені білу керек?

Жеке құрылыс салушылар үшін тұрғын үй салудағы негізгі мәселе - қолжетімді қаржыландыру. 

Бүгінгі таңда тұрғын үй құрылысындағы негізгі проблемалардың бірі - құрылыс салушылар үшін қорландырудың “қымбат болуы” және коммерциялық банктер тарапынан кепілдік базаны қамтамасыз ету бойынша талаптардың қойылуы. 

Егер 2009 жылы банктер қоржынында құрылыс үлесі 20%-дан асса, бүгінде бұл көрсеткіш 3 есе азайған және 7%-дан аспайды. 

«Бәйтерек» холдингінің қаржы операторы ретінде нарық ресурстарын тартуға, ағымдағы қаржы ағымын микширлеуге, жеке құрылыс салушылар үшін қорландырудың қандай да бір «делдалдарсыз» арзандатуға мүмкіндіктері бар. 

Несие ресурстарын субсидиялау және кепілдендіру тетіктері арқылы құрылыс компанияларына қолдау көрсету мүмкіндігі бар. 

Мысалы, құрылыс салушылардың несиелерін субсидиялау арқылы «Даму» қор жалпы сомасы 91,6 млрд теңгеге 87 жобаға қолдау көрсетті. Бұл құрылыс компаниялары үшін нарықтық насиелерді 50%-ға арзандатуға мүмкіндік берді. 

Тұрғын үй қорын кепілдендіру қоры арқылы үлескерлік тұрғын үй құрылысын кепілдендірудің қосымша жаңа тетігі адал жеке құрылыс салушыларға тұрғындардың қаражатын 0%-бен тартуға мүмкіндік береді. 

Коммерциялық нарықта өзінің немесе займ қаражаты арқылы тұрғын үй алғысы келетін азаматтар үшін үлескерлік құрылысты аяқтауға кепілдіктер беріледі. Ең алдымен ол азаматтардың қаражатының сақталуына және жосықсыз құрылыс салушылардан қорғауға бағытталған. Ол үшін 2016 жылы тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу туралы жаңа Заң қабылданды. 

Заң бойынша тұрғындардан үлескерлік құрылысқа қаражат тарту тек әкімдіктің рұқсаты болған жағдайда немесе біздің еншілес ұйымымыз ‒ Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры тарапынан кепіл болғанда ғана рұқсат етіледі. 

Егер құрылыс компаниясы Қордан кепілдік алған болса, бұл ақпарат www.hgf.kz сайтында жарияланады. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 137,9 млрд теңгеге жобалар мақұлданды. Бұл тұрғындардың коммерциялық нарықта 9,8 мыңнан астам пәтерді сатып алуға салымдарын қорғауға мүмкіндік берді. 

Егер мұндай кепілдік болмаса, онда құрылыс салушының үлескерлердің қаражатын тартуға әкімдіктен алған рұқсаты болуы керек, мұндай ақпаратты тиісті әкімдіктен нақтылауға болады. Мұны міндетті түрде білу керек, себебі, ақпарат нақты болмаған жағдайда бар жауапкершілік пен тәуекел үлескерге жүктеледі. 

Айта кетейік, заң бойынша үлескерлердің қаражатын тартуға әкімдіктен құрылыс салушы тек екі жағдайда рұқсат ала алады: егер ол өз есебінен ғимарат қаңқасын тұрғысған болса, ал бұл жобаның жалпы құнының 40–60%-ы, немесе банктен қаржыландыру алған болса. 

Егер құрылыс салушы қор кепілдігін көрсетпесе, ал әкімдік бұл нысан бойынша тиісті рұқсат берілмеген десе, ақшаңызды салып ешқандай тәуекелге бармауңа кеңес береміз. Мұндайда құқық қорғау органдарына жүгінген жөн.


Жаңалықтар тізбегі
19 Қараша 2019, 18:07
2025 жылға дейін Қазақстанда электрондық сауда үлесі 10%-ға артады
19 Қараша 2019, 18:00
«Бір терезе» арқылы кәсіпкерлердің шетел нарықтарына шығу мүмкіндіктері артады
19 Қараша 2019, 17:46
QazTrade бірыңғай терезесі: экспортты ілгерілету жұмыстары қалай реттелуде
19 Қараша 2019, 17:00
Қазақстан мен Әзербайжан Премьер-Министрлері Каспий теңізінің түбінде салынатын ТОБЖ құрылысын ашты
19 Қараша 2019, 16:53
Президент «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәліні қабылдады
19 Қараша 2019, 14:45
Мемлекет басшысы «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына барды
19 Қараша 2019, 12:13
Бес әлеуметтік бастама аясында «Сарыарқа» магистралды газ құбырының салынуы туралы баспасөз конференциясы өтеді
19 Қараша 2019, 09:50
Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысына қатысты
18 Қараша 2019, 19:14
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №38
18 Қараша 2019, 19:13
Жаңа тұрғын үй бағдарламасының бес бағыты, медициналық сақтандыру бойынша пилоттық жоба қорытындылары және азық-түлік бағасы — Үкіметтің кезекті отырысында не талқыланды
18 Қараша 2019, 18:59
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады
18 Қараша 2019, 17:57
«5-20-25» бағдарламасы: жылдығы 5%-бен тұрғын үй алуға жеңілдікті несиені кім ала алады
18 Қараша 2019, 16:33
«Е-Qurylys» бірыңғай ақпараттық жүйесін «Нұрлы жер» жаңа бағдарламасы аясында 2020 жылдан енгізу жоспарланған
18 Қараша 2019, 16:21
Асқар Мамин Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысын өткізді 
18 Қараша 2019, 16:09
Олжас Смағұлов ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
18 Қараша 2019, 15:09
«Нұрлы жер» жаңа бағдарламасы: тұрғын үй кезегі тұрғындардың табыс деңгейіне байланысты жасалатын болады
18 Қараша 2019, 13:33
Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тежеу тетіктерін атады
18 Қараша 2019, 13:15
Медициналық қызметтердің қолжетімділігі артады — ҚР ДСМ Қарағанды облысында МӘМС енгізу бойынша пилот қорытындысы туралы 
18 Қараша 2019, 12:02
Қазақстан мен Өзбекстан ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты жандандырудың Жол картасын қабылдады
18 Қараша 2019, 11:37
Б. Атамқұлов 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» жаңа тұрғын үй бағдарламасының бес негізгі бағыты туралы айтып берді
18 Қараша 2019, 10:31
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасының өсуіне жол бермеу керек – А. Мамин
18 Қараша 2019, 10:19
Үкіметте еліміздің МӘМС енгізуге әзірлігі қаралды 
18 Қараша 2019, 10:02
Үкіметте «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қаралып, 2020-2025 жылдарға мақсаттар қойылды 
17 Қараша 2019, 19:46
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
17 Қараша 2019, 19:42
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Павлодар облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
16 Қараша 2019, 21:42
Ықшамаудандар салу, жаңа кәсіпорындар ашу, медициналық жабдықтарды жаңарту - Солтүстік Қазақстан облысы қалай дамуда
16 Қараша 2019, 17:25
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
16 Қараша 2019, 12:03
18 қарашада Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
16 Қараша 2019, 10:56
А. Мамин Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру тақырыбы бойынша АДБ және ҚР форсайт сессиясына қатысты
15 Қараша 2019, 21:52
Павлодар облысы: өнеркәсіп өндірісінің көлемін арттыру және кәсіпкерлікке басымдық беру
15 Қараша 2019, 20:11
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды
15 Қараша 2019, 18:30
Б. Сапарбаев: жастарды қолдау – мемлекеттің міндеті
15 Қараша 2019, 17:46
Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Такехико Накаоны қабылдады
15 Қараша 2019, 14:59
Алматыда «Қаржы нарығы және Қазақстан экономикасының нақты секторы» конференциясы өтіп жатыр
15 Қараша 2019, 13:17
МӘМС пакетінде құны қымбат медициналық қызметтер де қамтылған
15 Қараша 2019, 13:12
МӘМС жүйесінің енгізілуімен ауыл тұрғындары үшін барлық деңгейдегі медициналық қызметтер қолжетімді болады
15 Қараша 2019, 13:09
Аса қажетті медициналық қызметтерді қаржыландыруды ұлғайту арқылы олардың қолжетімділігін арттыруды көздейміз — А. Жұмағұлов МӘМС туралы
15 Қараша 2019, 12:55
А. Мамин Азия даму банкінің президенті Т. Накаомен кездесу өткізді
14 Қараша 2019, 18:16
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқару жөніндегі Кеңестің отырысы өтті
14 Қараша 2019, 17:56
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысындағы бірқатар нысандарды аралады
14 Қараша 2019, 16:02
Мемлекет басшысы Ақмола облысын дамыту жөнінде кеңес өткізді
14 Қараша 2019, 15:23
А. Мамин Катар Премьер-Министрінің орынбасары Х. Әл-Каваримен кездесу өткізді
14 Қараша 2019, 10:55
ҚР Ұлттық музейі Афинадағы көрмеде «Алтын адамды» таныстырды
13 Қараша 2019, 21:04
Мемлекет басшысы «CNPC» корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илиньді қабылдады
13 Қараша 2019, 16:46
Нұрсұлтан Назарбаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтановты қабылдады
13 Қараша 2019, 11:08
Бердібек Сапарбаев Паралимпиада жаттығу орталығының жұмысымен танысты
13 Қараша 2019, 10:06
Фатима Жақыпова ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды
12 Қараша 2019, 19:54
Автожолдарды салу және реконструкциялау жұмыстарында 200 мыңға жуық адам жұмыс істейді
12 Қараша 2019, 18:55
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Түркия Республикасына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
12 Қараша 2019, 18:25
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ХВҚ Қазақстан бойынша миссиясының басшысы М. Хортонмен кездесті
12 Қараша 2019, 17:55
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зарифті қабылдады
12 Қараша 2019, 17:52
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
12 Қараша 2019, 17:29
Жол активтері сапасының ұлттық орталығы жергілікті маңызы бар 70 мың шақырымнан аса жолға бақылау жүргізеді 
12 Қараша 2019, 16:05
Жылдың соңына дейін шетелдік компаниялармен бірлесіп 200 шақырымнан астам автожолды ашу жоспарланған —  ҚР ИИДМ
12 Қараша 2019, 15:05
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесулер өткізді
12 Қараша 2019, 13:06
А. Мамин «Қазақстандағы ғарыш күндері: Байқоңыр – әлемдік ғарышкерлік бесігі» форумын ашты
12 Қараша 2019, 12:39
Автобензиндер өндірісінің көлемі еліміздің ішкі тұтынуын толықтай жабады — ҚР ЭМ 
12 Қараша 2019, 12:39
Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаев «Астана клубының» Бесінші отырысына қатысты
12 Қараша 2019, 12:28
Биыл 10 айда жалпы ет өндіру көлемі 5,5%-ға артты — ҚР АШМ
12 Қараша 2019, 12:15
2019 жылдың 10 айының қорытындылары бойынша өңдеу өнеркәсібінің барлық секторында өсім байқалды — ҚР ИИДМ
12 Қараша 2019, 11:44
«7-20-25» бағдарламасы бойынша 10 мыңнан аса қазақстандық займ алды — Ұлттық банк
12 Қараша 2019, 10:50
10 айда Қазақстан экономикасының өсімі 4,4% құрады
12 Қараша 2019, 10:43
Биылғы қаңтар-қазан айларында республикалық бюджет кірістері 17%-ға ұлғайды — ҚР Қаржы министрлігі
12 Қараша 2019, 10:38
Биылғы 10 айда ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі 28,5%-ға дейін артты — ҚР ҰЭМ 
11 Қараша 2019, 20:16
Мемлекет басшысы Словенияның бұрынғы Президенті Данило Тюркпен кездесті
11 Қараша 2019, 20:05
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
11 Қараша 2019, 19:29
А. Маминнің Түркияға жұмыс сапары: Р. Ердоғанмен келіссөздер, үкіметаралық комиссия отырысы және бизнес-форум
11 Қараша 2019, 18:40
ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы бірқатар кездесулер өткізді
11 Қараша 2019, 18:32
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ведомстволар басшыларының есебін тыңдады
11 Қараша 2019, 16:10
Роман Скляр елордада электр энергиясының ажыратылу себептерін анықтау жөніндегі комиссияның алғашқы отырысын өткізді
11 Қараша 2019, 13:21
Автожолдар салу және қайта жөндеу туралы баспасөз конференциясы өтеді
11 Қараша 2019, 13:10
12 қарашада Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
10 Қараша 2019, 16:59
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №37
09 Қараша 2019, 13:10
Асқар Мамин Стамбұлда Қазақстан–Түркия Үкіметаралық комиссиясының отырысына және бизнес-форумға қатысады
09 Қараша 2019, 12:32
Денсаулық сақтау және білім беру жүйелерінің сапасын арттыру: Үкіметтік жұмыс тобы Павлодар облысына барып қайтты
09 Қараша 2019, 11:06
«Родина» агрофирмасының тәжірибесін басқа шаруа қожалықтарына тарату қажет – А. Мамин
08 Қараша 2019, 10:01
Б. Сапарбаев Жеңістің 75 жылдығына орай арадагерлерге бірыңғай төлем көлемін белгілеуді тапсырды
08 Қараша 2019, 09:53
ҚР және РФ өңіраралық ынтымақтастық форумы: 15 жылда тауар айналымы 3,5 есе өсті
08 Қараша 2019, 09:07
Қазақстан мен Ресей Президенттеріне бірқатар бірлескен жобалар таныстырылды
08 Қараша 2019, 09:04
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты
07 Қараша 2019, 22:09
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
07 Қараша 2019, 17:31
Айдын Кәрімов ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды 
07 Қараша 2019, 12:22
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Франция-Қазақстан» Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығымен кездесті
07 Қараша 2019, 09:24
Қазақстанда қолжетімді баспананы қалай алуға болады: «7-20-25», «Бақытты отбасы» және «Әскери баспана»
06 Қараша 2019, 20:00
ҚР Үкіметінің отырысы, 06.11.2019
06 Қараша 2019, 18:44
СИМ басшысы ДСҰ бойынша әріптестерімен Дүниежүзілік сауда ұйымының реформаларын талқылады
06 Қараша 2019, 18:07
Үкімет отырысы: ШОБ-ты қолдау және ауылдарды дамыту тәсілдері әзірленіп, жаңа заңдар тізімі нақтыланды
06 Қараша 2019, 18:04
Нұрбек Дайырбеков ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды
06 Қараша 2019, 16:53
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады
06 Қараша 2019, 16:40
ҚР Үкіметінің 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы қаулысы
06 Қараша 2019, 12:32
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы: ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады
06 Қараша 2019, 11:33
БЖК – 2020 іске асыру жылдарында 16 мыңнан астам ШОБ субъектісі қаржыландырылды
06 Қараша 2019, 10:22
2020 жылы Үкімет Парламенттің қарауына 16 заң жобасын ұсынады 
06 Қараша 2019, 10:19
ҚР Әділет министрлігі 2020 жылға жоспарланған заң жобаларының тізімін ұсынды
06 Қараша 2019, 10:08
2020 жылы ауыл инфрақұрылымын жаңғыртуға 80 млрд теңге бағытталады — Р. Скляр
06 Қараша 2019, 10:00
А. Мамин: «Ауыл – Ел бесігі» жобасын жүзеге асыру 7 млн ауыл тұрғынының өмір сүру сапасын арттырады
06 Қараша 2019, 09:51
«Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 421 млрд теңге бағытталады 
05 Қараша 2019, 19:04
Қазақстан Президенті Өзбекстанның Өлий Мәжіліс Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаеваны қабылдады
05 Қараша 2019, 18:58
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қабылдады
05 Қараша 2019, 17:46
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысында бірқатар нысанды аралады
05 Қараша 2019, 13:26
Әлихан Смайылов Шанхайда ІІ Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылуына қатысты
05 Қараша 2019, 12:30
6 қарашада Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
04 Қараша 2019, 18:25
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №36
04 Қараша 2019, 18:20
Қазақстан мен Қытай екіжақты ынтымақтастықтың сапасы мен деңгейін арттырады
04 Қараша 2019, 18:18
Бердібек Сапарбаев ана мен бала өлімі мәселелері жөнінде кеңес өткізді
04 Қараша 2019, 18:14
Президент Қ. Тоқаев АӨК реттеуге өзгерістер енгізу туралы ҚР Заңына қол қойды
04 Қараша 2019, 15:20
ҚР Ұлттық музейі Грекияда Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық өнер көрмесін өткізеді
04 Қараша 2019, 14:27
Ақтөбеде «Ел үміті» жастар марафоны өтті
02 Қараша 2019, 20:42
ҚР Премьер-Министрі А. Маминннің Ташкент қ. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ҮБК XVIII отырысына қатысу қорытындысы бойынша видеодайджест
02 Қараша 2019, 12:44
Асқар Мамин ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен келіссөздер өткізді
02 Қараша 2019, 12:38
А. Мамин ШЫҰ аясында экономикалық ынтымақтастықты дамыту бойынша бастамалар топтамасын ұсынды
01 Қараша 2019, 18:16
Мемлекет басшысы Қазақстанның ҚХР-дағы, Латвия және Болгариядағы елшілерін тағайындады
01 Қараша 2019, 17:30
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Ауғанстан Премьер-Министрі А. Абдулламен келіссөздер өткізді
01 Қараша 2019, 17:22
Асқар Мамин Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен келіссөздер өткізді
01 Қараша 2019, 16:17
Салық әмияны және 0,5% көлеміндегі бонустар — ҚР Қаржы министрлігінің цифрлық жаңашылдықтар жоспары туралы 
01 Қараша 2019, 15:18
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласында бірқатар нысандарды аралады
01 Қараша 2019, 15:01
Бақылау-касса машиналарының құны бизнес субъектілерінің салық салынатын базасынан алынып тасталады — Р. Еңсебаев
01 Қараша 2019, 13:41
Қолданыстағы кассалардың 94%-ы онлайн режимінде жұмыс істейді - Р. Еңсебаев кәсіпкерлік субъектілерінің табысын есепке алу туралы
01 Қараша 2019, 11:41
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі У. Мозермен және БҰҰ-ның Қазақстандағы тобымен кездесті
01 Қараша 2019, 09:17
2 қарашада ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ташкентте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет Басшылары Кеңесінің отырысына қатысады
31 Қазан 2019, 18:52
Жылыту маусымында көмір тиеу үшін ашық вагондар жеткілікті — ҚР ИИДМ
31 Қазан 2019, 18:08
Монополияға қарсы комитет көмір нарығындағы бағалардың келісілуін болдырмау үшін шаралар қолдануда
31 Қазан 2019, 17:25
Өңірлерде көмір бағасы бір тоннасы үшін 7 мың теңгеден 19 мың теңге аралығында ‒ ҚР ИИДМ
31 Қазан 2019, 17:09
Серғазы Омаш ҚР ЦДИАӨМ Геодезия және картография комитетінің төрағасы болып тағайындалды
31 Қазан 2019, 17:06
Қазақстанның ішкі нарығына 61 млн тонна көмір жеткізілді
31 Қазан 2019, 15:41
Премьер-Министр А. Маминнің Нидерланды Корольдігіне ресми сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
31 Қазан 2019, 14:28
Бизнеске арналған салық жеңілдіктері туралы баспасөз конференциясы өтеді
31 Қазан 2019, 13:01
Б. Сапарбаев Токиода өтетін Олимпиада‒2020-ға дайындық мәселелерін талқылады
31 Қазан 2019, 09:31
Роман Скляр ҚР-дағы АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті Елшісі Уильям Х. Мозермен кездесті
31 Қазан 2019, 07:40
Премьер-Министр А. Мамин Нидерланды Премьер-Министрі М. Рюттемен келіссөздер жүргізіп, Қазақстан‒Нидерланды бизнес-форумына қатысты
30 Қазан 2019, 19:05
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу қалай өтуде – қатысушылардың пікірлері
30 Қазан 2019, 15:17
Мекенжай анықтамасын алып тастау: мемлекеттік қызметтер қалай көрсетілетін болады
30 Қазан 2019, 14:45
Үшінші тұлғалар мекенжай анықтамасын тек әр азаматтың рұқсатымен ғана ала алады — А. Оспанов
30 Қазан 2019, 13:50
Коммуналдық-тұрмыстық сектор мен тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету туралы баспасөз конференциясы өтеді
30 Қазан 2019, 13:15
Тұрғылықты мекенжайы бойынша мәліметтерді шекара маңы елді мекендерінің тұрғындары ғана ұсынады - ҚР ІІМ
30 Қазан 2019, 13:13
1 қарашадан бастап мемлекеттік органдар азаматтардан мекенжай анықтамасын талап ете алмайды — А. Оспанов
29 Қазан 2019, 20:00
ҚР Үкіметінің отырысы, 29.10.2019
29 Қазан 2019, 19:51
2019 жылы 9 айда ауылдарда бизнес жобаларын іске асыру үшін 10 мыңнан астам шағын несие берілді
29 Қазан 2019, 19:48
«Еңбек» бағдарламасы іске асырыла бастағаннан бері 1,3 млн адам жұмысқа орналасты 
29 Қазан 2019, 19:25
ҚР Сауда және интеграция министрлігі Минск қаласына ірі сауда миссиясын әзірлеуде
29 Қазан 2019, 18:41
ЖЭК үлесінің артуы парниктік газдар шығарындыларын 15 млн тоннаға азайтады — М. Мырзағалиев
29 Қазан 2019, 18:38
2025 жылға дейін Қазақстанда 2,6 млн жаңа жұмыс орны құрылады — Р. Дәленов
29 Қазан 2019, 18:33
Нұр-Сұлтанда ДСҰ-ның XII Министрлік конференциясын өткізу туралы келісімге қол қойылды
29 Қазан 2019, 17:54
2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 87 жаңартылатын энергия көздері нысаны жұмыс істейтін болады — ҚР Энергетика министрлігі
29 Қазан 2019, 17:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының тетіктерін жетілдіріп, 2025 жылға дейінгі еңбек нарығын дамыту шараларын әзірлеуді тапсырды 
29 Қазан 2019, 17:30
2019 жылы Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің қуаттылығы екі есе артты
29 Қазан 2019, 16:59
Мекенжай анықтамасын алып тастау туралы баспасөз конференциясы өтеді
29 Қазан 2019, 12:58
ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру барысын қарастырды
28 Қазан 2019, 18:36
Бизнес жүргізу шарттарын жеңілдету: Қазақстанның «Doing Business» рейтингіндегі позицияларын жақсартуы ШОБ-тың дамуына қалай ықпалын тигізеді 
28 Қазан 2019, 17:58
«Doing Business» рейтингіне жергілікті және шетелдік инвесторлар сүйенеді — Ж. Мәдиев ҚР-ның ТОП-25-ке кіруі туралы 
28 Қазан 2019, 17:00
Қазақстан «Doing Business» рейтингінде Австриядан, Жапониядан, Испаниядан, Франциядан, Швейцариядан және ТМД елдерінен алға шықты
28 Қазан 2019, 15:49
30 қазанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ресми сапармен Нидерландыға барады
28 Қазан 2019, 14:37
29 қазанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
28 Қазан 2019, 13:18
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №35
26 Қазан 2019, 22:52
А. Маминнің ТМД Үкімет Басшыларының Кеңесі және Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырыстарына қатысу қорытындысы бойынша видеодайджест
26 Қазан 2019, 14:33
Б. Сапарбаев Түркістан облысында Әл-Фарабидің мерейтойын атап өтуге дайындық жөнінде кеңес өткізді
26 Қазан 2019, 07:50
Асқар Мамин ТМД және ЕАЭО отырыстарына қатысып, Д. А. Медведевпен келіссөздер өткізді
25 Қазан 2019, 21:45
Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесті
25 Қазан 2019, 17:28
Бердібек Сапарбаев Шымкент тұрғындарымен әлеуметтік саланың өзекті мәселелерін талқылады
25 Қазан 2019, 15:12
Кәсіпкерлікті дамыту және бизнес ахуалды жақсарту туралы баспасөз конференциясы өтеді
25 Қазан 2019, 13:20
Қазақстан мен Ресей арасындағы келіссөздер нәтижелері: көмір транзитінің көлемі ұлғайтылды
25 Қазан 2019, 12:48
Қазақстан мен Ресей арасында қазақстандық тауарлар транзитіне шектеулерді алып тастау бойынша келіссөздер қалай жүргізілуде
25 Қазан 2019, 09:23
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Новак Джокович пен Рафаэль Надаль арасында өткен қайырымдылық теннис матчына барды
24 Қазан 2019, 17:43
Үкіметтік жұмыс тобы Шымкент педагогтарымен білім беру сапасы мәселелерін талқылады
24 Қазан 2019, 17:30
Роман Скляр Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан ‒ Беларусь бизнес-форумын ашты
24 Қазан 2019, 15:07
Асқар Мамин: Үкімет Қазақстанда бизнес жүргізу шарттарын жетілдіру үшін барлық шараларды қабылдайды
24 Қазан 2019, 15:00
Нұр-Сұлтанда Беларусь Республикасы Елшілігінің жаңа ғимараты ашылды
24 Қазан 2019, 14:49
Президенттік кадрлық резервке үміткерлерді тестілеу заң бұзушылықтарсыз өтті — А. Жайылғанова
24 Қазан 2019, 13:06
Президенттік кадрлық резервке іріктеу кезінде субъективті бағалау болдырылмайды және адам факторы барынша азайтылған
24 Қазан 2019, 12:16
Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеудің үш кезеңі аяқталды
Құжаттар
Депутаттық сауал
© 2019 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі