Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қаржыландыруды және жергілікті қамтуды ұлғайту: Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда

Дүйсенбі, 01 Маусым 2020, 19:33:26

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік әл-ауқаттың тұрғын үй мәселесімен тікелей байланысты екенін және болашақта тұрғын үй құрылысы Үкімет жұмысындағы басымдықты бағыт болуы тиіс екенін атап айтты. Сонымен қоса, тұрғын үй құрылысы әлеуметтік мәселелерді шеше отырып, экономикалық өсімнің локомотиві бола алады. 2020 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы тұрғын үй құрылысының барысы туралы толығырақ PrimeMinister.kz шолуынан оқыңыздар. 

2018-2019 жылдары тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны жоғары болды. Бұл 25 мың отбасының тұрғын үй мәселелерін шешуге мүмкіндік берді, оның ішінде 5,5 мың көп балалы аз қамтылған отбасы мен 3 мың жұмыс істейтін жастар болды.   

Тұңғыш Президенттің «Бақытты отбасы» және «7-20-25» бағдарламалары бойынша 20 мыңға жуық қазақстандық займ алды. 

«Тұрғын үйдің қолжетімділігі сатысы» енгізілді, ол әр қазақстандыққа өз табысына байланысты қандай мемлекеттік қолдауға ие болатынын және қандай тұрғын үйді алуға үміткер бола алатынын білуде бағыттайды. 

Тұрғын үй құрылысы саласын қолдау туралы

Тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша мемлекет саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру және ағымдағы құрылыс көлемін қолдау үшін Мемлекет басшысы Үкіметтің «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қосымша 390 млрд  теңге қаражат бөлу туралы ұсынысын мақұлдады.  

Осы тапсырма аясында биыл 9 сәуірде ҚР Ұлттық банкі «Қазақстанның тұрақтылық қоры» АҚ еншілес ұйымы арқылы жалпы сомасы 180 млрд теңгеге «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ облигацияларын сатып алды (келесі шартпен: 2 жыл мерзімге жылдығы 4%-бен).

Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында сөз өсйлеген Мемлекет басшысы алдағы уақытта шешілуі тиіс бірқатар аса маңызды міндеттерді айқындап берді. Оның ішінде қолжетімді тұрғын үй құрылысы бар. 

Тұрғын үй кезегінде тұрғандардың мәселесін шешу үшін Президент несиеге берілетін тұрғын үймен қамту бойынша жаңа жобаны — «5-10-20» бағдарламасын іске қөосуды тапсырды. Осы мақсатта дағдарысқа қарсы шаралар аясында 390 млрд теңге қаражат бағытталатын болады. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы институционалдық құрылымды жаңғырту қажеттігіне назар аударды. Мәселен, жыл соңына дейін «Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ негізінде толыққанды даму және қолдау институты — «Отбасы банк» құрылуы тиіс, ол тұрғын үйді есепке алу, кезекке қою және бөлуді орталықтандырылған тәртіппен жүзеге асыратын болады. 

 

Құрылыс секторында іркілуді болдырмау шаралары 

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында елімізде құрылыс саласын қолдауға бағытталған бірқатар нақты шаралар қарастырылған. Мәселен, әкімдіктерге мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жекеменшік құрылыс салушылардан дайын тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі ұсынылады. Осы мақсатта биыл 4 мыңгаг аса пәтер сатып алу үшін 35 млрд  теңге қарастырылған. Республикалық бюджеттен қаражат шекті шама бойынша бөлінеді (1 м2 — 140-180 мың теңге). Бұл ретте, әкімдіктер тұрғын үйді сатып алу кезінде шығындарды жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкіндігіне ие болады. 

Қазіргі кезде құрылыс секторына төтенше жағдайдың ықпалын жеңілдету және коронавирус індетінің салдарынан тұралауға жол бермеу үшін мемлекет барынша қажетті шараларды қабылдап жатыр. 

ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай рғежимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның биылғы жылғы 13 сәуірдегі шешімімен санитарлық-эпидемиологиялық шаралар талаптарын және жұмыс орындарында қызметкерлердің ара қашықтықты сақтауымен кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын кезең-кезеңмен жандандыру енгізілді.   

Биыл 20 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында өнеркәсіп және құрылыс кәсіпорындары, сонымен қатар қызмет көрсету саласының белгілі бір секторлары өз жұмысына кірісті, оның ішінде құрылыс компаниялары, асфальт және бетон зауыттары, аумағы 2 мың м2 асатын ірі құрылыс дүкендері бар. Басқа өңірлерде бұл жұмыстар жалғасуда. 

Сонымен қатар, салынып жатқан нысандардың тапсырылу мерзімінде олқылықтың орын алуына жол бермеу мақсатында облыстар  мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктеріне құрылыс-монтаж жұмыстарының өндірісі кестесін қайта қарастыру және карантин шаралары алынып тасталған соң әлеуметтік маңызы бар нысандардың салыну қарқынын күшейту қажеттігі туралы тиісті ұсынымдар жіберілді. 

Сонымен қатар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында әкімдіктер мен жекеменшік құрылыс салушылар жер телімдері мен бекітілген жобалық-сметалық құжаттамасы, құрылысы аяқталмаған нысандары бар тұрғын үй кезегінде тұрғандар үшін несиеге берілетін тұрғын үй жобасын іске асыру бойынша МЖӘ тетігі енгізілуде.  

Сонымен қатар ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген дағдарыс жағдайлары кезеңінде мемлекеттік сатып алулардың арнайы тәртібіне жергілікті атқарушы органдардың ұсыныс бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын бір көзден сатып алуды жүзеге асыру (жеңілдетілген конкурс түрінде) бойынша түзетулер енгізілді. Бұл шара конкурс өткізу процесін 45-60 күннен 7 күнге дейін жеделдетуге мүмкіндік береді.  

Құрылыс индустриясын дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Импорт алмастыру бойынша жұмыстар аясында 33 жаңа жоба іске асырылуда. Оның ішінде табақ шыны қажеттілігін өтеу үшін көлемі 32 млрд теңгеге Қызылорда облысында шыны зауытының құрылысы жүргізіліп жатыр. Қосымша 13 млрд теңгеге Нұр-Сұлтан қаласында полиэтилен құбырларының өндірісі іске қосылуда («Kerim plastik pipes» ЖШС). Керамика («Зерде керамика Актобе» ЖШС) және арматура («Арматурный Таразский завод» ЖШС) өндірісі тиісінше 26 млрд теңгеге және 40 млрд теңгеге артуда. 

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында ірі құрылыс компаниялары және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен бірлесіп қосымша отқа төзімді кірпіштерді, жабын материалдарын, санфаянс және лак бояу өнімдерін шығаруды 100% импорт алмастыру жобасын іске қосу пысықталуда. Бұл кәсіпорындар іске қосылған соң импорт үлесі 54%-ға дейін төмендеп, тұрғын үй құрылысында қазақатснадық қамту құрылыс индустриясының өнімдерін пайдалану 95% дейін артады. 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, валюта бағамы өзгерген жағдайда және қосымша шығындар қарастырылса, тиісті бюджеттік комиссияларда мемлекеттік сараптаманың болуымен республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жобаларға түзету енгізу мүмкіндігі беріледі. 

Сонымен қатар биыл Қазақстанның сметалық-нормативтік базасын жаңартып, нарықтағы бағаны ескерумен кезекті жинақтарды шығаруды іске асыру жоспарланған. 

Жалпы, ҚР ИИДМ құрылыс саласын қолдау жұмыстарын тұрақты іске асырып келеді. 

 

Бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру қорытындысы

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша еліміз бойынша 15 млн м2 тұрғын үй (150 мың тұрғын үй) салу жоспарланған, оның ішінде мемлекеттік инвестиция есебінен 2,1 млн м2 (37 571 тұрғын үй) әлеуметтік және несиеге берілетін тұрғын үй салынады. 

Статистика комитетінің алдын-ала мәліметтері бойынша, 2020 жылғы қаңтар-сәуір айларында барлық қаржыландыру көздері арқылы тұрғын үй құрылысына 381,9 млрд теңге немесе 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17,5% артық инвестиция бағытталды. 

Жалпы аумағы 3 112,5 мың м2 болатын тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 89,9% құрайды. 

Тұрғын үйлердің басым бөлігі — 2 944,4 мың м2 немесе 94,6% жекеменшік құрылыс салушылар мен тұрғындар пайдалануға берген. 

Мемлекеттік сектор тұрғын үйді пайдалануға берудің жалпы көлемінен 5,4% (немесе 164,7 мың м2) құрайды.

Еліміз бойынша барлығы 24 884 бірлік тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде 11 498 — жекеменшік үй. 

 

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметі бойынша, 2020 жылы сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысына (сатып алуға) республикалық бюджеттен 90 млрд теңгше сомасында нысаналы трансферттер қарастырылған.  

2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша қаржыландыру жоспары бойынша әкімдіктерге 12,1 млрд теңге аударылды, 11,5 млрд теңгесі немесе 95,4% игерілді. 

Жылдық жоспар 551,1 мың м2 тұрғын үй немесе 10 057 пәтерді құрайды, 12,8 мың м2 немесе 255 пәтер пайдалануға берілді, оның ішінде жалға берілетін тұрғын үйді сатуға қарастырылған: 

  • 32,8 млрд теңге ЖАО кезекте тұрған әлеуметтік әлжуаз санаттағылар үшін, әкімдіктерге 6,14 млрд теңге аударылды, 6,08 млрд теңге немесе 99% игерілді. Жоспар - 209,9 мың м2 тұрғын үй немесе 4 222 пәтер,  5,1 мың м2 немесе 127 пәтер пайдалануға берілді;
  • 50 млрд теңге аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін, әкімдіктерге  5,9 млрд теңге аударылды, 5,4 млрд теңгесі немесе 91,7% игерілді. Жоспар - 301,2 мың м2 тұрғын үй немесе 4 835 пәтер, 7,7 мың м2 немесе 128 пәтер пайдалануға берілді;
  • 7,2 млрд теңгесі жұмыс істейтін жастар үшін 40,0 мың м2 тұрғын үй немесе 1 000 пәтер сатып алуға. Оны қаржыландыру биыл маусым айында басталады. 

9 030 жұмыс орнын құрып, сақтау жоспарланған.

«Нұрлы жер» бағдарламасының жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қосымша 48,4 млрд теңге қарасытру қажет, оның ішінде: 

  • 34 млрд теңге көпбалалы отбасылары үшін тұрғын үй салуға, бұл тағы 4 мың отбасыны жалға берілетін тұрғын үймен қамтуға мүмкіндік тудырады. Жалпы, 2020 жылдың қорытындысы бойынша бағдарлама аясында 10 мың отбасыны тұрғын үймен қамту жоспарланған.  
  • 14,4 млрд теңге жұымс істейтін жастар үшін тұрғын үй салуға. 

Жалпы, жыл қорытындысы бойынша бағдарлама аясында 3 мың жұмыс істейтін жастарды жалға берілетін тұрғын үймен қамту көзделген. 

 

ЖАО облигациясын шығару арқылы несиеге берілетін тұрғын үй салу 

2020 жылы облыстыөқ бюджеттерге, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының бюджеттеріне несие қаражаты есебінен тұрғын үй құрылыс салымдары жүйесі арқылы тұрғын үй салу және сатуға  281,2 млрд теңге (382 жобаға) сомасында қаражат қарастырылған. 

2020 жылғы 1 мамырдағы мәлімет бойынша әкімдіктер 214,4 млрд теңге сомасына облигация шығарып, «Байтерек девелопмент» АҚ сатып алған.  

Жылдық жоспары - 1 430 мың м2 тұрғын үй немесе 24 514 пәтер, 47,6 мың м2 немесе 880 пәтер пайдалануға берілді, оның ішінде несиеге берілетін тұрғын үйді сатуға қарастырылған: 

  • 0,35% мөлшерлемесі бойынша 101,2 млрд теңге, әкімдіктер 34,4 млрд теңге шығарды, 6,1 млрд теңге игерілді (қаржыландыру жоспарына сәйкес жоспар бойынша 6,3 млрд теңге). Жоспарда - 558 мың ш.м. тұрғын үй немесе 9 300 пәтер,  47,6 мың м2 немесе 880 пәтер пайдалануға берілді;
  • 4,25% мөлшерлемесі бойынша 180 млрд теңге, әкімдіктер 180,0 млрд теңгеге шығарды, 5,2 млрд теңге игерілді.  872 мың м2 тұрғын үй немесе 15 214 пәтер салу жоспарланған.

23 238 жұмыс орнын құрып, сақтау жоспарланған.

Құрылыс салушылардың несиелерін субсидиялау тетігі аясында 2020 жылға 4,8 млрд теңге қарастырылған, бұл несиенің сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау көлемі жекеменшік құрылыс салушыларға 2020 жылы 50 мың м2 тұрғын үйді пайдалануға беруге мүмкіндік тудырады.  

2020 жылғы 1 мамырдағы мәлімет бойынша «Даму» КДҚ» АҚ қаржы агентіне қаржыландыру жоспары бойынша 2,4 млрд теңге аударылды. 

 

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу

2020 жылы ресупбликалық бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға 66,2 млрд теңге қарастырылған. 

6 757 жұмыс орнын құру және сақтау жоспарланған. 

Салымшыларға алдын-ала және аралық тұрғын үй займдарын беру үшін Тұрғынүйқұрылысжинақ банкін бюджеттік несиелендіру 

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 128 млрд теңгеге қаржыландыру қарастырылған, оның ішінде «Бақытты отбасы»  бағдарламасы бойынша 100 млрд теңгеге 2%-бен (10 мың аз қамтылған отбасы) және кезекте тұрғандар үшін 28 млрд теңгеге 5%-бен (2 916 қатысушы).

2020 жылға республикалық бюджеттен 2%-бен «Бақытты отбасы» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 49 млрд теңгеге қолдау көрсетілген (4 900 қатысушы). 

 

Тұрғын үй кезегіндегілердің бірыңғай республикалық базасы

2019 жылы желтоқсан айында Тұрғын үй кезегінде тұрғандарды есепке алудың Бірыңғай ұлттық жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға берілді. 

Бұл жүйе тұрғын үй кезегінде тұрғандардың ашық есебін жүргізуге, есепке қою, есептен алу, инвентаризации және тұрғын үйді бөлу  үрдістерін оңтайландырып, автоматтандыруға, азаматтар тапсыруы тиіс құжаттар саны мен тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою мерзімін қысқартуға,  сондай-ақ жергілікті жерлерде сыйбайлас жемқорлықтың орын алуына жол бермеуге мүмкіндік жасайды. 

Бүгінде бұл жүйеде еліміз бойынша тұрғын үй кезегінде 540 мыңнан аса адам тұр. 

 

Ел өңірлеріндегі тұрғын үй құрылысының қорытындысы 

Еліміздің барлық өңірлерінде мемлекеттік және өңірлік тұрғын үй бағдарламаслары сәтті іске асырылып жатыр, бюджеттен қаражат бөлінуде, тұрғын үй құрылысына арналған жаңа жер телімдерін инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдануда. Кейбір облыстарда тұрғындардың тұрғын үймен қамтылуының артуы байқалады. Ел өңірлері бойынша тұрғын үй құрылысына барысы туралы егжей-тегжейлі ақпарат төменде берілген. 

 

Нұр-Сұлтан қаласы

Биыл елордада барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 3 млн м2 жуық тұрғын үй пайдалануға беріледі. 

Жыл басынан бері 637 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді. І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 1,1 млн м2 тұрғын үй пайдалануға беріледі. 

Мемлекет басшысының «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үйді пайдалануға беруді арттыру бойынша тапсырмасын орындау мақсатында биыл мемлекеттік инвестиция, яғни бюджет қаражаты есебінен астанада жалпы аумағы 500 мың м2 асатын  8 000 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған.     

Нұр-Сұлтан қаласында 2013 жылдан бері апатты үйлерді сүру бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда, қазіргі кезде бұл жоба апатты (ескі) тұрғын үй қорын қайта жаңарту жобасы аясында жалғасын тапты. 

Пилоттық жобаның І кезеңі аясында, яғни 2018 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласында 228 апатты үй бұзылып, 3 519 отбасы көшірілді. Ол үшін 592 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің өкілетті ұйымының коммуналдық меншігіне 175 мың м2 тұрғын және адам тұрмайтын аумақ берілді.  

Жобаның ІІ кезеңін 2018-2022 жылдары жүзеге асыру көзделген және ол жоспар бойынша іске асырылуда. Бес жылда 46 апатты тұрғын үйді сүру жоспарланған. Ол үшін аумағы 386,4 мың м2 болатын жаңа тұрғын үй кешенін салу қарастырылған. 

Алматы қаласы

Биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында Алматы қаласының аумағында несиеге және сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 289,8 мың м2 немесе 4 994 пәтердің құрылысы немесе сатып алу басталды, оның ішінде: 

● көп балалы отбасылар үшін 16  мың м2 немесе 267 пәтер;

● әлеуметтік әлжуаз тұрғындар тобы үшін 9,8 мың м2 немесе 211 пәтер;

● жұмыс істейтін жастар үшін 14  мың м2 немесе 350 пәтер;

● ЖАО кезекте тұрғандар үшін 250  мың м2 немесе 4 166 пәтер;

2020 жылдың қаңтар-сәуір айларында 363 мың м2 немесе 2 290 пәтер пайдалануға берілді, 2019 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты өсім  — 102,6%.

Алматы қаласында «7-20-25» бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда. Бағдарлама еске қосылғаннан бері республика бойынша банктер қабылдаған және қарастырған өтініштердің 27%-дан астамы (7,1 мың өтінім – 94 млрд теңге) Алматы қаласына тиесілі. Өтініштердің жартысынан көбі мақұлданды, – 102 тұрғын үй кешенінде  51,2 млрд теңгеге 3 767 пәтер, оның ішінде биыл жыл басынан бері 10,7 млрд теңгеге 766 өтінім мақұлданды. 

Алматы қаласыныңі аумағында аайдалануға берілген тұрғын үйге жасалған сараптама барысында 2,5 мыңнан аса пәтердің сатылымға қойылғаны анықталды, оның ішінде бағдарлама шарттарына сай келетіндері - 10 тұрғын үй кешеніндегі 200-ден астам пәтер. 

Шымкент қаласы

Биыл Шымкент қаласында мемлекеттік бюджет есебінен 5008 пәтерлі 78 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Бөлінген қаржы - 39,5 млрд теңге. 

Тұрғын үй құрылысы 2 бағытта жүргізілуде: жалға берілетін және несиеге берілетін тұрғын үй.

Жалға берілетін баспанамен қамтамасыз ету үшін 6,7 млрд теңгеге 704 пәтерлі 12 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 8-і - әкімшілік-іскерлік орталығында, 4-і - Тұран шағын ауданында. 

Әкімшілік-іскерлік орталығындағы 448 пәтерлі 8 тұрғын үй желтоқсан айында пайдалануға тапсырылады. Бұдан бөлек, нарықтан 8 млрд теңгеге 696 пәтер сатып алынады.

Нәтижесінде, жыл қорытындысы бойынша 1144 отбасы жалға берілетін баспанамен қамтылады. 

32,5 млрд теңгеге 4304 пәтерлі 66 несиеге берілетін тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Оның ішінде, «5-10-20» пилоттық жобасымен 20 млрд теңгеге 27 тұрғын үй салынады. 

Жыл қорытындысы бойынша 3284 пәтерлі 51 тұрғын үй пайдалануға беріледі. 15 үйдің құрылысы келесі жылға өтпелі. 

Алматы облысы 

2020 жылы облыс бойынша 938,8 мың м2 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. 

2020 жылдың қаңтар-сәуір айларында 266,9 мың м2 немесе өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 120% тұрғын үй пайдалануға берілді. 

Биыл бюджет қаражаты есебінен 246,2 мың м2 тұрғын үй немесе 3 258 пәтердің құрылысы жүргізілуде.

Жыл соңына дейін 519 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Қалған 195 тұрғын үйді 2021 жылдың І жартыжылдығында пайдалануға беру көзделген.  

2020 жылы барлығы тұрғын үй кезегінде тұрған 3 030 адамды тұрғын үймен қамту көзделген, оның ішінде: 

  • «Нұрлы жер» бойынша — 1 234 пәтер;
  • «Бақытты отбасы» бойынша — 600 пәтер;
  • «7-20-25» бойынша — 330 пәтер (коммециялық тұрғын үй);
  • «5-10-20» бойынша — 866 пәтер (530 – несиеге берілетін тұрғын үй, 336 – коммерциялық).

Жобаларды іске асыру тұрақты бақылауға алынған, «Нұрлы жер»  мемлекеттік бағдарламасының белгіленген жоспарлы көрсеткіштерін толық көлемде орындау көзделген. 

Түркістан облысы

2020 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының аясында мемлекеттік бюджет есебінен 158 нысанның құрылысына 36,6 млрд теңге бөлінді. Жыл қорытындысы бойынша 70 нысан пайдалануға тапсырылады. Нәтижесінде 2430 отбасы баспанамен қамтамасыз етіліп,  3604 жеке жер учаскелеріне инфрақұрылым жүйелері жүргізілетін болады.   

2020 жылы мемлекеттік бюджет есебінен сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 40 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, жыл қорытындысымен 18 тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарланған.   

Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша ағымдағы жылы тұрғын үйлер құрылысы үшін барлығы 30 инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысына 3,5 млрд теңге бағытталды.   

Жыл қорытындысы бойынша 28 нысанды пайдалануға тапсыру жоспарланса, 2 нысан  2021 жылға өтпелі. 

2019-2020 жылдары 0,35%-бен құнды қағаздарды (облигация)  сату есебінен 7 қабатты 24 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, нысандар 2020 жылы пайдалануға тапсырылады.   

Сонымен қатар, құнды қағаздарды сату есебінен (облигация) Түркістан қаласы әкімшілік іскерлік орталығында жаңадан 7, 9 және 12 қабатты 64 тұрғын үйлердің құрылысын жүргізуге 4,25%-бен 14,2 млрд теңге бөлінді.  

Облыстағы мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы сапалы орындалуы қатаң бақылауға алынған.

Жамбыл облысы

Ағымдағы жылы жалпы бюджет қаражаты есебінен 64 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Оның 33-і жалға берілетін, 27-сі несиеге берілетін тұрғын үй және 4 жатақхана. 

«Нұрлы жер» бағдарламасымен 21 жалға берілетін, 27 несиеге берілетін тұрғын үйдің, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен 12 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. 

Жыл соңына дейін 3 166 пәтерлі 57 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарланған. Оның ішінде жалға берілетін  31 үй, несиеге берілетін 22 үй, 4 жатақхана салынады.  

2 жалға берілетін және 5 несиеге берілетін тұрғын үй 2021 жылға өтпелі.

Қызылорда облысы

2020 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста 83 тұрғын үй салу жоспарланған, оның ішінде жалпы аумағы 79 мың м2 болатын 55 бір қабатты, 28 көпқабатты үй, 1 228  пәтер салынатын болады. 

Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жоспарлы көрсеткіш биылғы жылы 591,5 мың м2 құрайды.  

Биыл қаңтар-сәуір айларында 137,1 мың м2 немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 77,7% құрайды, оның ішінде тұрғындар есебінен жеке тұрғын үй құрылысы - 137,1 мың м2.

2020 жылдың қорытындысы бойынша кезекте тұрғандардың 1 011-ы жалға және несиеге берілетін жаңа тұрғын үймен қамтылады, оның ішінде:   

Жалға берілетін тұрғын үймен — кезекте тұрғандардың 740-ы:

● 431 - аз қамтылған көп балалы отбасы;

● 309 - әлеуметтік әлжуаз тұрғындар тобы.

Несиеге берілетін тұрғын үймен — ЖАО-да кезекте тұрғандардың 115-і;

Коммерциялық тұрғын үймен — ЖАО-да кезекте тұрғандардың 156-сы. 

Шығыс Қазақстан облысы 

2020 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста жалпы аумағы 535,8 мың м2 болатын 118 көппәтерлі тұрғын үй (37 - бір қабатты) салу жоспарланған, оның ішінде 6 433 пәтер: 

  • мемлекеттік құнды қағаздарды шығару есебінен 42 несие берілетін тұрғын үй, жалпы аумағы 296,4 мың м2, 3 679 пәтер;
  • әлеуметтік әлжуаз топтағы тұрғындар мен көпбалалы отбасылар үшін сатып алуға құқығынсыз жалға берілетін 19  тұрғын үй, жалпы аумағы 83,5 мың м2, 1 110 пәтер;
  • 37 бірқабатты жалға берілетін тұрғын үй,  аумағы - 7,9 мың м2, 74 пәтер ЖҚЖК бойынша;
  • «Ертіс» ӘКК» АҚ арқылы 8 несиеге берілетін тұрғын үй, жалпы аумағы 52,6 мың м2, 744 пәтер; 
  • 12 коммерциялық тұрғын үй, жалпы аумағы - 95,3 мың м2, жеке инвестциия есебінен 826 пәтер. 

Оның ішінде: 

Өскемен қаласында — 37 тұрғын үй, аумағы 290,9 мың м2, 3 485 пәтер, Семей қаласында — 30 тұрғын үй, аумағы 179,8 мың м2, 2 128 пәтер, аудандарда — 51 тұрғын үй, аумағы 65,1 мың м2, 820 пәтер.  

Биыл барлық қаржыландыру көздері есебінен тұрғын үйді пайдалануға берудың жоспарлы көрсеткіші  519,3 мың м2 құрайды, 2019 жылғы көлемге шаққанда өсім - 117%. Оның ішінде: 

  • 77 көппәтерлі тұрғын үй (37 бір қабатты), жалпы аумағы  284,5 мың м2, 3 579 пәтер; 
  • ЖТҮҚ – 228,6 мың м2, тұрғындар есебінен;
  • басқа да тұрғын үйлер – 6,2 мың м2.

Биыл қаңтар-сәуір айларында 103,1 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім - 105%, оның ішінде:

  • 26,2 мың м2 көпқабатты тұрғын үй, 322 пәтер;
  • 70,7 мың м2 ЖТҮҚ, тұрғындар есебінен;
  • 6,2 мың м2 басқа да тұрғын үй.

2020 жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үй кезегіндегілердің 3 579-ы жалға берілетін және несиеге берілетін жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етіледі, оның ішінде: 

Жалға берілетін тұрғын үймен – кезектегілердің 638-і:

  • 193 — аз қамтылған көп балалы отбасы; 
  • 355 — әлеуметтік әлжуаз тұрғындар тобы;
  • 74 — кезекте тұрғандардың басқа да санаттары.

Несиеге берілетін тұрғын үймен — жергілікті атқарушы органдарда кезетек тұрғандардың 2 127-сі. 

Павлодар облысы 

ҚР ИИДМ әзірлеген жоспарға сәйкес, 2020 жылға Павлодар облысында барлық қаржыландыру көздері есебінен тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 346 мың м2 құрайды. 01.05.2020 мәлімет бойынша 51,3 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілген, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 100,1% құрайды. 

Биыл инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жүргізумен тұрғын үй құрылысына (оның ішінде реконструкциясына, сатып алуға) 38,2 млрд тенге (2019 жылғы деңгейден 2,5 есе көп) бөлінген, оның ішінде тұрғын үй құрылысына - 33,9 млрд теңге, инженерлік инфрақұрылым жүргізуге - 4,3 млрд теңге қарастырылған. 

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында облыс орталығында «Сарыарқа» және «Достық» шағын аудандарында 18 несиеге берілетін тұрғын үй бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу қарастырылған, оның ішінде 72 пәтерлік бір тұрғын үй пайдалануға берілді. Сонымен қатар әуежай ауданында несиеге берілетін, бірыңғай сәулет стиліндегі (2 және 4 типті) 37 жеке тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда, оны биыл аяқтау жоспарланған. 

Сонымен қоса, осы бағдарлама бойынша Павлодар, Екібастұз және Ақсу (оның ішінжде Ақсу қаласында бір тұрғын үй 2021 жылға өтпелі) қалаларында 6 жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы және реконструкциясы жүргізіліп жатыр.

2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында облыстың қалалары мен аудан орталықтарында 21 көпқабатты тұрғын үй құрылысы және реконструкциясы қарастырылған (оның ішінде 3 жатақхана). Сонымен қатар еліміздің еңбек күші мол өңірлерінен көшіп келушілер үшін биыл «Еңбек» бағдарламасы бойынша 431 пәтерді сатып алу жоспарланған. 

«Павлодар» ӘӘК желісі бойынша 2019 жылдан бастап «Достық» шағын ауданында екі тұрғын үй құрылысы жүргізілуде, олар 2020 жылы аяқталады. 

Облыстық бюджет қаражаты есебінен «Сарыарқа» шағын ауданында екі тұрғын үй салу қарастырылған, олар «Алюминстрой» шағын ауданынан қоныс аударушыларға арналған.  

2020 жылы барлығы 49 көпқабатты тұрғын үй салу қарастырылған (оның ішінде бір тұрғын үй 2021 жылға өтпелі), олардың құрылысы аяқталған соң 3 мыңнан аса пәтер пайдалануға беріледі.  

Сонымен қатар, облыста қала құрушы кәсіпорындар: «Алюминий Казахстана» АҚ, «Павлодарэнерго» АҚ және «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты үш тұрғын үй салып жатыр. 

Ақмола облысы

2020 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша 189 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді  (өткен жылдың деңгейіне 97%), 1777 отбасы тұрғын үймен қамтылды. 

Республикалық бюджет қаражаты есебінен 2020 жылы жалпы аумағы 18,5 мың м2 болатын 6 жалға берілетін тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.  

Облыстық бюджет қаражаты есебінен Жарқайың ауданы Державинск қаласында 60 пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру көздеоген. 

2020 жылы аумағы 35,2 мың м2 болатын несиеге берілетін 796 пәтерлі 12 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған, оның ішінде 7,2 мың м2 болатын 3  жеке тұрғын үй - 205 пәтер 0,35%-бен, 28 мың м2 болатын 9 тұрғын үй - 591 пәтер 4,25%-бен беріледі.

2020 жылы тұрғын үй құрылысына 12,1 млрд теңге қарастырылған. 

2020 жылы көппәтерлі тұрғын үй құрылысы және ЖТҮҚ жүргізілетін аудандарға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу қарастырылған (Ақкөл, Аршалы, Бұланды, Бурабай, Есіл, Зеренді аудандарында, Көкшетау қаласында). 

Ақкөл ауданында және Көкшетау қаласында 661 жер телімін су, электр желілерімен қамту жоспарланған (Көкшетау қаласында 299 учаске, Ақкөл ауданында 362 жер учаскесі). 

Қарағанды облысы

2020 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қарағанды облысы бойынша 142,2 мың  м2 тұрғын үй пайдалануға берілді, 2019 жылдың сәйкес кезеңіне өсім 4% құрады. 

Пайдалануға берілген көлемнен 28,44% жеке тұрғын үйлерге тиесілі, 58,82% — коммерциялық тұрғын үй, 12,74% — мемлекеттік сектор тұрғын үйі. 

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 24,6 млрд теңгеге тұрғын үй салу және сатып алу, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу көзделген. 

Тұрғын үй кезегінде тұрған 2044 отбасыны баспанамен қамту жоспарланған. 

Жалпы, жыл соңына дейін 600 мың м2 тұрғын үй немесе 5 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланған, бұл 2019 жылғы деңгейден 43% өсімді қамтамасыз етеді. 

Солтүстік Қазақстан облысы

Өңірде  құрылыс қарқыны жылдан-жылға артып келеді. Өткен жылы 250 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде ауылдық жерлерде 97 мың м2 тұрғын үй салынды. 9,7 мыңнан аса солтүстікқазақстандық баспана жағдайын жақсартты, оның ішінде 3 мыңнан аса ауыл тұрғыны бар. Биыл 300 мың м2 тұрғын үй пайдалануға беріледі. 

Биыл құрылыс саласына 37,1 млрд теңге бөлінді, оның ішінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 16,1 млрд теңге қарастырылған. 

2020 жылы «Жас-Өркен», «Береке» шағын аудандарын, сондай-ақ Уәлиханов көшесін салу жұмыстары жалғасады.  

Коммерциялық тұрғын үй құрылысының өсу динамикасы байқалады. Мысалы, егер 2016 жылы 198 пәтер пайдалануға берілсе, 2019 жылы одан 3 есе көп немесе 634 пәтер пайдалануға берілген. Бұл тұрғындардың төлем мүмкіндігінің артып келе жатқанын және тұрғын үйді сатып алудың қолайлы тетіктерінің жасалғанын көрсетеді. 

Петропавлда жекеменшік секторды бұзу жалғасуда. Соңғы 3 жылда 724 жекеменшік үй бұзылды, биыл тағы 283 үй бұзылады. Демек, 1000 отбасы өзінің баспана жағдайын жақсартты. Ескі жекеменшік үйлердің тұрғындары тұрмысқа жайлы пәтерге ие болды, тек аз бөлігіне ақша берілді. Бұған дейін орталықтандырылған жылусыз және сусыз тұрған тұрғындар қазір жайлы баспананың игілігін көруде.   

Қала бойынша ескі тұрғын үйлерді бұзу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілгенімен, тұрғын үйлерді бұзуға қатысты арнайы бағдарлама болған жоқ. Қазір ескі үйлерді бұзу бойынша бағдарлама әзірленіп жатыр. Ол жүйелі жұмыстарды жүргізу үшін қажет. Ескі үйлерді бұзу бір рет жүргізілетін науқан емес. Бұл үрдіс алдағы жылдары жалғасын табуы тиіс. Ескі тұрғын үйлерді бұзу бойынша нақты жоспар болады, орамдар мен шағын аудандар бірнеше жылға алдын ала анықталады. 

Әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарын іске асыру аясында ауылдарда 428 жекеменшік тұрғын үй салынды. Биыл тағы 714 тұрғын үй салынады. 

Қостанай облысы

2020 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында облыста барлық қаржыландыру көздері есебінен 379,3 мың м2 тұрғын үйді немесе 4,2 мың баспананы пайдалануға бері жоспарланған. 

Сонымен қоса, мемлекет қаражаты есебінен 35,3 мың м2 жалға берілетін тұрғын үй салу жоспарланған; 10,6 мың м2 — жалға берілетін тұрғын үй ретінде көппәтерлі тұрғын үй реконструкциясы; 31,1 мың м2 — ЖАО облигациясы арқылы несиеге берілетін тұрғын үй. Жеке құрылыс салушылардың есебінен 160 мың м2 жуқы тұрғын үй салынады. 

2020 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысы тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі бойынша оң динамикаға қол жеткізді. 

Биыл қаңтар-сәуір айларында барлық қаржыландыру көздері есебінен 107,6 мың м2  немесе 2019 жылдың ұқсас кезеңіне 103,1% тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде 63,1 мың м2 көппәтерлі тұрғын үй немесе 869 баспана, 44,5 мың м2 ЖТҮҚ немесе 250 жеке тұрғын үй салынды. 

Сонымен қатар, биыл Қостанай облысында көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамту мақсатында республикалық бюджеттен 108 пәтер сатып алу үшін 900 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді.  Бүгінде Қостанай қаласында 648,7 млн теңге сомасына 57 пәтер сатып алынған. 

Сонымен қатар, облыста «Бақытты отбасы» бағдарламасын іске асыру бойныша жұмыстар жүргізілуде. Осы бағдарлама жүзеге асырыла бастаған сәттен бері «ҚТҮҚЖБ» АҚ ҚОФ барлығы 1 543,4 млн теңге сомасына 219 өтінімді қарастырды. Барлық өтінімдер мақұлданды. 1 330,9 млн теңге сомасына 193 займ берілді. 

Биыл осы бағдарлама бойынша тұрғын үй сатып алуға 142 займ беру үшін 1,4 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған, оның ішінде: 71 — әлеуметтік әлжуаз тұрғындар тобы үшін, 71 — көп балалы отбасылар үшін.

Батыс Қазақстан облысы 

Облыста ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 484,9 мың шаршы метр тұрғын үйді қолданысқа беру, сондай-ақ «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 35 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысанына жөндеу жүргізу жоспарланған.

2020 жылы облыста бюджет қаражаты есебінен 10 көппәтерлі тұрғын үй және ауылдық елді мекендерде 88 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда, барлығы - 1830 пәтер. Оның ішінде Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі салымшылары үшін 7 көппәтерлі тұрғын үйді және Тоқпай ауылындағы 20 тұрғын үйді пайдалануға беру қарастырылған. Жергілікті атқарушы органның тұрғын үй алу кезегінде тұрғандар үшін 3 көппәтерлі тұрғын үйді (540 пәтер) және ауылдық елді мекендерде 68 тұрғын үйді (103 пәтер) қолданысқа беру жоспарлануда.

«Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылы облыста кондоминиум объектілеріне жаңарту жұмыстарын жүргізу бойынша республикалық бюджеттен 458,28 млн теңге қаражат бөлінді.

Осы жобаларды жүзеге асыру барысында Орал және Ақсай қалалары бойынша 28 жолаушылар лифтісіне, 4 көппәтерлі тұрғын үйдің шатырына жөндеу жұмыстарын, Тасқала ауданы бойынша 3 көппәтерлі тұрғын үйге жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Маңғыстау облысы

2020 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 40,403 млрд теңге сомасына орындалды. 

Барлық қаржыландыру көздері есебінен 371,422 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылы барлық қаржыландыру көздері арқылы сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бойынша 6 тұрғын үйдің құрылысы басталды, олар 2020 жылы аяқталады. 

Ақтау қаласында несиеге берілетін 3 тұрғын үй салынып жатыр. Нысандарды 2020 жылдың 4-ші тоқсанының соңында тапсыру жоспарланған. 

Жеке құрылыс салушылар есебінен биыл Ақтау қаласында 73 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 36 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады деп күтілуде. 

2019 жылдың 10 маусымы және 2020 жылдың 25 мамыры аралығы кезеңінде «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 255 азамат тұрғын үймен қамтылды. Биыл жыл соңына дейін 163 азаматты тұрғын үймен қамту жоспарланған.  

Ақтау және Жаңаөзен қалаларында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үймен 394 мұқтаж азамат қамтылды. Биыл жыл соңына дейін тағы 150 азамат қамтылатын болады. 

Соңғы 5 жылда өңірде тұрғындардың тұрғын үймен қамтылуының 17% өсуі байқалады — 2014 жылы 20,9 м2 болса, 2018 жылы 24,4 м2 дейін жеткен. Бұл ретте өсім облыстың барлық қалалары мен аудандарында қамтамасыз етіліп отыр.

Ақтөбе облысы

ҚР Премьер-Министрі мен Ақтөбе облысының әкімдігінің арасында жасалған меморандумға сәйкес, барлық қаржыландыру көздері есебінен 2020 жылға арналған тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары 940 мың м2 тұрғын үйді қамтиды. 

2020 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 185,5 мың м2 немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 101,3% тұрғын үй пайдалануға берілген. 

Облыс басшылығы өз алдына тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша көрсетікшті 1024,8 млн м2 немесе 8000 пәтерге дейін жеткізу міндетін қойып отыр. 

Келесі бағыттар бойынша көрсеткіштерге қол жеткізу жоспарланған:

  • ТҮҚЖБ желісі бойынша несиеге берілетін 49 мың м2 тұрғын үй немесе 861 пәтер.
  • сатып алу құқығынсыщз жалға берілетін 10,6 мың м2 тұрғын үй немесе 159 пәтер.
  • Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік емес кәсіпорындар есебінен 191,3 мң м2 коммерциялық тұрғын үй немесе 1829 пәтер.
  • Ақтөбе қаласында және облыс аудандарында тұрғындар есебінен 773,9 мың м2 жеке тұрғын үй немесе 4836 тұрғын үй.

Сонымен қатар биыл республикалық бюджет қаражаты есебінен көп балалы отбасылар үшін 122 дайын пәтерді сатып алуға 1,1 млрд теңге бөлінді. 

Атырау облысы

Облыс бойынша 2020 жылдың 4 айының ішінде 152,6 мың м2 тұрғын үй немесе 1312 пәтер пайдалануға берілді. 

Тұрғын үй құрылысын жалғастыру мақсатында облыста жалпы аумағы 1,4 мың га болатын жер бөлінген, жаңа шағын аудандарда 30 мыңнан аса пәтерді құрайтын 513 көппәтерлі тұрғын үй салу жоспарланған.  

2020 жылы тұрғын үй салу үшін 6,6 млрд теңге бөлінді. 

Облыс бойынша жалпы аумағы 181,1 мың м2 болатын 2258 пәтерлік 24 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде жыл соңына дейін жалпы аумағы 91,3 мың м2 болатын 1326 пәтерлі 10 тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген.  

Сонымен қатар Атырау қаласында тұратын аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 119 пәтерді сатып алу жоспарланған. 
 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
05 Шілде 2020, 09:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №68
05 Шілде 2020, 09:37
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
04 Шілде 2020, 21:26
Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен қайта өрлеуі — түркі әлемінің рухани астанасы ретінде қалыптасудың жаңа кезеңі
03 Шілде 2020, 13:58
Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты
03 Шілде 2020, 09:16
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі
02 Шілде 2020, 16:42
Келісім жасасудың жаңа форматы және қашықтан білім беруге көшу — пандемия кезеңінде әлемдік экономиканы онлайн-талқылау қалай өтті
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
30 Маусым 2020, 11:18
АХҚО EduTech орталығын және Білім беру АТ Альянсын құруды ұсынады
30 Маусым 2020, 11:08
2030 жылға қарай Қазақстанның оқу орындары 3 млн-нан астам жаңа формациядағы маманды дайындайды — ҚР БҒМ
30 Маусым 2020, 11:06
2019 жылы көлеңкелі экономиканы қысқарту ҚР бюджетіне 1,5 трлн теңге қосымша табыс әкелді 
30 Маусым 2020, 10:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі «Цифрлық білім» ауқымды жобасын жүзеге асыруды тапсырды
30 Маусым 2020, 10:32
2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика деңгейі 20%-ға дейін төмендейді — Р. Дәленов
30 Маусым 2020, 10:12
Кәсіпкерлердің 97% онлайн-ККМ көшті — Қаржы министрлігі
29 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөнінде кеңес өткізді
29 Маусым 2020, 16:44
30 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Маусым 2020, 15:52
Волонтерлер жылы қалай өтуде, отандық БАҚ-қа қандай қолдау көрсетіледі және азаматтық қоғам қалай дамиды — А. Балаева халық алдында есеп берді
28 Маусым 2020, 09:54
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №67
27 Маусым 2020, 13:18
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
27 Маусым 2020, 12:09
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
27 Маусым 2020, 10:28
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
26 Маусым 2020, 18:59
Болат Тілепов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды
26 Маусым 2020, 18:49
Данияр Есин ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
26 Маусым 2020, 15:30
«Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін орындау Мәжілістегі фракцияның тұрақты бақылауында
26 Маусым 2020, 14:14
Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 14:12
Лязат Ақтаева ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды
26 Маусым 2020, 14:06
Марат Шоранов ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 13:39
Данияр Вагапов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 19:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді
25 Маусым 2020, 18:24
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды таныстырды
25 Маусым 2020, 18:20
Алексей Цой ҚР денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 16:18
2020 жылдың 5 айындағы әлеуметтік сала қорытындылары: жұмыспен қамтуды қалпына келтіру және қолдаудың жаңа түрлері
25 Маусым 2020, 08:58
Роман Скляр неміс компанияларымен ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады
24 Маусым 2020, 18:00
Премьер-Министр А. Мамин ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді 
24 Маусым 2020, 17:06
Қазақстан Президенті Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты
24 Маусым 2020, 10:25
Роман Скляр кәсіпкерлік мәселелерi бойынша Жобалық кеңсенің отырысын өткізді
23 Маусым 2020, 18:59
Ғабидулла Оспанқұлов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
23 Маусым 2020, 15:02
Мемлекет басшысы BIZ BIRGEMIZ жалпыұлттық онлайн форумына қатысты
23 Маусым 2020, 14:04
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.06.2020
23 Маусым 2020, 13:21
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 маусымдағы №381 Қаулысы
23 Маусым 2020, 13:18
2020 жылдың екінші жартысында Қазақстан мұнай өндіруді қысқартуды жалғастырады 
23 Маусым 2020, 13:03
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «BIZ BIRGEMIZ» жалпыұлттық онлайн-форумында сөйлеген сөзі
23 Маусым 2020, 12:58
ШОБ несие бойынша төлемді кейінге қалдыруға қайта жүгіне алады — М. Әбілқасымова
23 Маусым 2020, 10:59
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандық мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.