Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ШОБ-ты несиелендіруді арттыру, жұмыспен қамту және әлеуметтік төлемдер төлеу — Р. Дәленов экономиканы қолдау шаралары туралы 

Сәрсенбі, 29 Шілде 2020, 16:57:58

Қазіргі жағдайларда Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау бойынша ауқымды шараларды жүзеге асырып жатыр. Бүгін ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов онлайн брифинг аясында экономика мен шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қабылданып жатқан барлық шаралар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. 

Руслан Дәленовтың айтуынша, жаһандық жағымсыз трендтер жыл басынан бері Қазақстан экономикасына әсерін тигізуде.

«Қазақстан да әлемнің барлық басқа елдері сияқты коронавирус пандемиясына байланысты іскерлік белсенділіктің төмендеуін бастан кешуде. Ең көп зардап шеккен қызмет көрсету саласы, оның ағымдағы жылдың 6 айдағы төмендеуі 5,6% құрады. Бұл ретте экономиканың нақты секторында тұрақты өсу байқалады. Тауарлар өндірісі 4,1%-ға өсті», — деді ол.

Негізгі драйверлер құрылыс (+11,2%) және өңдеу өнеркәсібі (+4,8%) болды. Өңдеу өнеркәсібінде өсу 4,8% құрады. Ол автомобиль жасау (46%), фармацевтика (24%), дайын металл бұйымдарын өндіру (20%), жеңіл өнеркәсіп (8%), резеңке және пластмасса бұйымдарын (8%) және қағаз өндіру (15%) есебінен қамтамасыз етілді.

 

ТЖ кезеңінде жұмыспен қамтуды және тұрғындарға әлеуметтік төлем төлеуді қамтамасыз ету 

Төтенше жағдай кезеңінде (биылғы 23 және 30 наурызда) экономиканы тұрақтандыру және халықты қолдау бойынша жедел шаралардың 2 пакеті қабылданды. Шаралар жұмыспен қамтамасыз етуге, халықтың табысын төмендетпеуге, тұрғын үй құрылысына, бюджеттің салық кірістерінен қалпына келтіруге және басқа да салаларға бағытталған. Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері уақтылы төленуде.

Еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін «Жұмыспен қамту жол картасы» жаңа бағдарламасы бойынша 1 трлн теңге бөлінді. Осы бағдарламаны іске асыру өңірлерде халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған көптеген маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Бұл – апатты және үш ауысымды мектептер санын азайту, газдандыру, сапалы жергілікті жолдар салу, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ таза ауыз сумен қамтамасыз ету.

Мысалы, Жамбыл облысында газдандыру жобасын жүзеге асыру нәтижесінде Қордай ауданы ауылдарының 50 мыңнан астам тұрғыны табиғи газға қол жеткізеді. Атырау облысы Құрманғазы ауданында халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін магистральдық су желесінің құрылысы жүргізілуде.

Осындай жобалар еліміздің әр өңірінде халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту бойынша өзекті міндеттерді шешеді.

Бүгінгі таңда 255 мың жұмыс орнын, оның ішінде аяқталған жобаларда 15 мың тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланған 6,5 мың әлеуметтік маңызы бар жоба іріктеп алынды.

Шамамен 5,9 мың жобаның іске асырылуы басталды, онда 123 мың жұмыс орыны құрылған.

Жұмыспен қамтудың жол картасы іргелес салаларда 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құрудың негізін қалайды.

262 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды, оның ішінде 184 мыңы жұмысқа орналастырылды.

Көлік инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту және халықты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 5,5 мың км республикалық және 4 мың км жергілікті жолдарды салу және қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жалпы жол құрылысы жұмыстарына 200 мың адам тартылды.

Осы жылы тірек ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғырту бойынша «Ауыл – Ел бесігі» жобасын қаржыландыру 98 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.

Бүгінгі таңда 216 ауылда көлік (368 жоба) және әлеуметтік инфрақұрылымды (223 жоба), сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты (329 жоба) дамытуға бағытталған 920 жоба іске асырылуда. Жобаларды іске асыруға 16 мыңнан астам адам жұмысқа тартылған.

Халықты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың сапалы қызметтерімен қамтамасыз ету үшін инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылдың 6 айында 800 км сумен жабдықтау және су бұру желілері қайта жаңартылды. Бұдан басқа, 13,7 млрд теңге сомасына өңірлерді газдандыру бойынша 21 жоба іске асырылуда.

Жалпы, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жұмыспен қамтуды қалыптастыру жөніндегі шаралармен ағымдағы жылдың соңына дейін 1,2 млн астам азамат қамтылатын болады.

Бұдан басқа, 2 млн астам жұмыс орнын сақтау және тұрақты еңбекақы төлеу үшін әкімдер, жұмыс берушілер мен кәсіподақтар арасында 140 мың меморандум қабылданды. 1,1 млн астам қызметкер жұмыс істейтін 1 мыңнан астам ірі кәсіпорындармен Еңбек ресурстарының басқарылатын ағыны бойынша жол карталары қабылданды.

 

ТЖ кезеңінде ШОБ-ты жеңілдікпен несиелендіру құралдары едәуір арттырылды

Несиелеу көлемі 1 трлн теңгеге ұлғайтылды. Яғни, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша қосымша 400 млрд теңге және Ұлттық банк желісі бойынша жаңа 600 млрд теңге қамтылды.

«Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары бойынша салаларды қамту айтарлықтай кеңейтілді. Қарыз алушылар үшін соңғы мөлшерлеме 6% құрайды.

Жыл басынан бері «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 112 млрд теңге сомасына 1700-ден астам жоба қаржыландырылды.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 5 216 жоба іске асырылды, 22,9 млрд теңге несие берілді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жыл басынан бері 382 млрд теңгеден астам сомаға шамамен 1500 жоба қаржыландырылды.

Сонымен қатар, Ұлттық банк салалық шектеулерсіз, шағын және орта бизнесті, сонымен қоса жеке кәсіпкерлерді 600 млрд теңгеге жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын іске қосты.

Кредиттер айналым қаражатын толықтыруға 1 жылға 8%-пен беріледі. Жыл басынан бері осы бағдарлама бойынша 2570 жобаға 347 млрд теңгеге қаржыландырылды.

Жалпы алғанда 4 бағдарлама бойынша (БЖК-2025, Еңбек, Қарапайым заттар экономикасы, ҰБ бағдарламасы) жыл басынан бері 864 млрд теңгеге барлығы 11 мыңнан астам жоба қаржыландырылды. Бүгінгі таңда тағы 660 млрд теңгеге 3 259 жоба қарастырылуда.

 

700 мыңға жуық қазақстандық бизнесмен бюджетке салық төлеуден босатылды

2020 жылдың 1 маусымына дейін шағын және орта бизнес субъектілері үшін барлық салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімін ұзарту енгізілді. Экономиканың неғұрлым осал секторларында жыл соңына дейін мүлікке салынатын салық ставкасы нөлге теңестірілді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша жыл соңына дейін жер салығының ставкасы нөлге дейін төмендетілді. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қосылған құн салығын импорт кезінде есепке алу әдісімен төлеу мүмкіндігі берілген, бұл жалпы салықтан босатуды білдіреді.

2020 жылдың 1 қазанына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін қосылған құн салығы мөлшерлемесі 12%-дан 8%-ға дейін төмендетілді.

Экономиканың ең көп зардап шеккен 29 секторында 2020 жылдың 1 қазанына дейін еңбекақы төлеу қорынан салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша нөлдік ставкалар белгіленді. Бұл жеке табыс салығы және қызметкердің міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар, міндетті медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар.

Жалпы, шаралар 1 трлн теңгеге жуық сомаға шамамен 700 мың салық төлеушілерді қамтиды. 

Бұдан басқа, бұрын төтенше жағдай кезеңінде шағын және орта бизнестің борыштық жүктемесінің өсуіне жол бермеу үшін негізгі борышты және кредиттер бойынша сыйақыны төлеу бойынша 90 күнге кейінге қалдыру берілген болатын.


Қазақстан экономикасының өзін-өзі қамтуы артты 

Р. Дәленов атап өткендей, бүгінгі таңда экономиканың өзін-өзі қамтамасыз етуін арттыру және ішкі сұраныстың әлеуетін ашу бойынша белсенді шаралар қабылдау ерекше өзекті болып табылады.

Бүгінгі таңда азық-түлік тауарларының негізгі түрлері бойынша импорттың орнын басу үшін инвестициялық жобалар белсенді іске асырылуда. Ағымдағы жылы агроөнеркәсіп саласында 44 жобаны іске асыру басталды, олар импорттың орнын басу және сыртқы күйзелістердің әсерін жоюға бағытталған. Бұл — құс фабрикалары, ет комбинаттары, сүт зауыттары, қант және балық зауыттары, сондай-ақ қарқынды алма бақтары.


Экономикалық өсімді қалпына келтіру

Бүгінгі таңда 2020 жылдың соңына дейін экономикалық өсуді қалпына келтірудің кешенді жоспары іске асырылуда.

Кешенді жоспар «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен еліміздің барлық өңірлеріндегі кәсіпкерлердің ұсыныстарын ескере отырып қалыптастырылған және отандық бизнесті толғандыратын неғұрлым өзекті және проблемалық мәселелерді ескереді.

Кешенді жоспар 10 бағыт бойынша қаржылық және қаржылық емес шараларды қарастырады. Бұл өңдеу өнеркәсібі, тау-кен металлургия және агроөнеркәсіп кешені, құрылыс саласы, азаматтық авиация, логистика, туризм, шағын және орта бизнес пен қызмет көрсету секторы, сондай-ақ әлеуметтік салалар. Әрбір сала бойынша өзекті мәселелерді жедел шешу үшін шаралар іске асырылуда.

Кешенді жоспарды іске асыру үшін заңнамаға салықтық ынталандыруды қамтитын шұғыл түзетулер пакеті қабылданды. Өңдеуші сектор компанияларының айналым қаражатын толықтыру үшін корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының 33%-ын 2020 жылғы 2 және 3 тоқсаннан 2021 жылға ауыстыру көзделген, сондай-ақ қосылған құн салығын оңайлатылған қайтару мөлшері 70%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды.

Әуе тасымалы саласын қолдау мақсатында жыл соңына дейін әуежайлар үшін жер салығы мен жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем, сондай-ақ ұшақтардың қосалқы бөлшектерінің импортына қосылған құн салығы және авиакомпаниялар үшін резидент еместердің қызметтері бойынша қосылған құн салығы алынып тасталды.

Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары 2020 жылғы 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан салықтар мен міндетті төлемдерден босатылды.

Жеке тұлғалар үшін жыл соңына дейін салықтық рақымшылық енгізілді. Салықтың негізгі сомасын төлеген кезде өсімпұл мен айыппұл есептен шығарылады.

Халықаралық автомобиль жүк тасымалдарын жүзеге асыратын кәсіпкерлерді қолдау үшін жыл соңына дейін ершікті тартқыштарды алғашқы тіркеу үшін алым алынып тасталды.

Салықтық әкімшілендіру бөлігінде жыл соңына дейін резиденттік сертификаттарын ұсыну мерзімдері ұзартылды, сондай-ақ төтенше жағдай кезеңінде ресімделген құжаттардың сканерленген көшірмелерінің заңдылығы танылды.

Кешенді жоспарда салықтық ынталандырулармен қатар кредит беруді кеңейту, инфрақұрылымды дамыту, ішкі өндірісті, кәсіпкерлікті қолдау және жұмыспен қамтуды сақтау бойынша шаралар көзделеді. Осы жылдың қыркүйегінде депутаттардың қарауына түзетулердің екінші пакеті жеке заң жобасы арқылы енгізілетін болады.

Өңдеуші өнеркәсіпті қолдау үшін Өнеркәсіпті дамыту қорын құру, оффтейк-келісімшарттар жасау, жоғары қайта өңдеу өнімдерін экспорттау кезінде көлік шығындарының орнын толтыруды 80%-ға дейін ұлғайту көзделіп отыр.Қор арқылы өңдеуші кәсіпорындар 3%-дан аспайтын мөлшерлемемен кредиттелетін болады.

Бүгінгі таңда өңдеу өнеркәсібінде жасалған оффтейк-келісімшарттардың жалпы сомасы 19 млрд теңгеден асады. Әлеуетті отандық өндірушілерді анықтау бойынша тұрақты негізде талдау жүргізілуде.

Лизингтік қаржыландыру арқылы экспорттық әлеуеті бар өңдеуші өнеркәсіпте бірқатар жобаларды іске асыру пысықталуда. Бұл жоғары технологиялық құю зауытының, жүк автомобильдерінің жетекші көпірлерінің редукторларын шығаратын зауыттың және автомобиль шиналарын шығаратын зауыттың құрылысы.

Агроөнеркәсіп кешенінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін форвардтық келісімшарттарды енгізу және «алқаптан сөреге дейін» қағидасы бойынша қаржыландыру тетігін енгізу көзделеді. Бұл шаралар аграрлық өнімді тұрақты сатып алу мен өткізуді қамтамасыз етуге бағытталған.

«Алқаптан сөреге дейін» пилоттық жобасын биыл Жамбыл, Түркістан және Алматы облыстарында іске асыру жоспарлануда. Ол үшін барлық қажетті дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс саласында «5-10-20» жеңілдікпен кредит берудің пилоттық жобасын іске қосу және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» объектілерінің құрылысы кезінде отандық құрылыс материалдарын сатып алуды қамтамасыз ету жоспарлануда.

Мемлекеттік қызметтерді және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді мемлекеттік қолдау шараларын цифрландыру бойынша жол картасының жобасы әзірленді. Жұмыссыз ретінде тіркелу кезінде «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгіну мүмкіндігі қарастырылған. Жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу мерзімі 2 аптадан 3 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

Шағын және орта бизнесті қолдау үшін Ұлттық Банк бағдарламасы желісі бойынша және «Бизнестің жол картасы-2025» желісі бойынша қызмет түрлері кеңейтіліп, кредиттеу рәсімдері жеңілдетілуде. 

Қазіргі кезеңде микробизнесті қолдау маңызды мәселе болып отыр. Кредиттерге қол жеткізу және кепіл мәселелерін шешу шағын және орта бизнестің, әсіресе микробизнестің дамуының факторы болып табылады. Сондықтан, «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасына жаңа бағыт қосылды — «шағын және микробизнесті шағын кредиттеу».

Қаржыландыру субсидиялау есебінен 6%-тен аспайтын мөлшерлеме бойынша қолжетімді болады. Бүгінде мұндай кредиттер бойынша мөлшерлемелер жоғары. Жаңа бағыт 6% мөлшерлемесі бойынша кредиттер алуға мүмкіндік береді. Кредиттер айналым қаражатын толықтыруға 5 млн теңгеге дейін және өндірістік қажеттіліктерге 20 млн теңгеге дейін берілетін болады. 

Қаржыландыру көздері – банктер мен микроқаржы ұйымдарының меншікті қаражаты. Бұл ретте кепіл беру мәселесі шешілуде. Даму қоры қарыздың негізгі қарызының 85%-на дейін кепілдендіруді қамтамасыз ететін болады. Бұл микробизнес өкілдерінің үлкен тобын қамтуға мүмкіндік береді. 

Микро және шағын бизнес жобаларын қарау келісу рәсімдерін оңайлату арқылы жеделдетілетін болады.

Әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау саласында жұмыспен қамту орталықтарында тіркеуді оңайлату, қашықтықтан оқыту әдістемелерін жетілдіру және ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейту жөніндегі шаралар көзделген.

Барлық осы шаралар сыртқы күйзелістердің теріс салдарын азайтуға бағытталған. Сондай-ақ, Кешенді жоспар экономика салаларындағы жедел мәселелерді шешуге, жұмыспен қамту мен кәсіпкерлікті қолдауға мүмкіндік береді.

 

Бизнесті қолдаудың қосымша шаралары

Іскерлік белсенділіктің жаңа циклын іске қосу мақсатында отандық бизнесті қолдау шаралары қабылдануда. Қазіргі жағдайда шектеу карантиндік шаралары шағын және орта бизнеске тікелей әсер еткені белгілі.

Сондықтан, шағын және орта бизнесті қолдау үшін салықтық ынталандыру шаралары ұсынылды, несие беру кеңейтілуде, бизнесті жүргізу шарттарын одан әрі жеңілдету бойынша шаралар қабылдануда. Министрлік бизнес қауымдастықпен және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен үнемі байланыста. Бизнес өкілдерінен келіп түскен барлық ұсыныстар талданып, жүйеленеді.

Мәселен, бизнестің ұсыныстары бойынша Бизнесті қолдаудың қосымша шаралары әзірленді. Олар осы жылдың 18 маусымында Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімімен қабылданды.

Қосымша шаралар сатып алуды, қазақстандық қамтуды, ауыл шаруашылығы техникасының лизингін, несиелерді қайта қаржыландыру мүмкіндіктерін, тауарларды экспортқа шығаруды және рәсімдерді оңайлатуды көздейді. Жалпы шаралар кәсіпкерліктің қазіргі мәселелерін шешуге бағытталған. Барлық шаралар бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар анықталып, мерзімдері белгіленді.

Шаралар еліміздің барлық өңірлеріндегі кәсіпкерлердің ұсыныстары негізінде қалыптастырылған және отандық бизнесті толғандыратын неғұрлым өзекті және проблемалық мәселелерді ескереді.


Әлеуметтік-экономикалық жағдай нашарлаған жағдайға жаңа сценарий әзірленуде

Мемлекет басшысының биылғы 10 шілдедегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау үшін Үкімет Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, Әлеуметтік-экономикалық ахуал нашарлаған жағдайға экономика мен халықты қолдау жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын қабылдады.

Бірлескен іс-қимыл жоспары 4 бағыт бойынша нақты мерзімдері мен аяқтау нысаны бар іс-шараларды қамтиды. Бұл халықты жұмыспен қамту және табысын қолдау, шағын және орта бизнесті қолдаудың шұғыл шаралары, импорттың орнын белсенді басу, макроэкономикалық тұрақтылық.


Стратегиялық жоспар еліміздің жаңа экономикалық бағытының негізгі бағдарларын анықтайды

Жаңа экономикалық нақты ахуал орта мерзімді перспективада елдің сапалы және орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін экономикалық саясатта түбегейлі өзгерістерді талап етеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін осы жылдың 1 тамызына дейін 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар жаңа редакцияда қалыптастырылады, ол елдің жаңа экономикалық бағытының орта мерзімді перспективаға арналған негізгі бағдарларын айқындайды.

Басты міндет экономиканың өзін-өзі қамтамасыз етуді арттыруға, импорттың орнын басуды тиімді дамытуға, өңдеуші өнеркәсіпте терең қайта өңдеуді дамыту бойынша жаңа экожүйелер қалыптастыруға, инвестицияларды таргеттеп тартуға, сондай-ақ елдің экспорттық әлеуетін белсенді арттыруға негізделген жаңа құрылымын қалыптастыру болады.

Бұдан өзге жаңа жағдайда агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша белсенді жұмыс жалғасатын болады.

Тәуекелдерді басқару бойынша қабылданған шараларға бірқатар озық халықаралық институттар оң баға берді. Жалпы, елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау мақсатында алдын-алу шараларын қабылдау үшін сыртқы және ішкі факторларды жүйелі мониторингтеу жұмыстары жалғасады.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
30 Қазан 2020, 16:57
А. Маминнің Ақмола облысына жұмыс сапары: инфрақұрылым, АӨК, өнеркәсіп және туризм
30 Қазан 2020, 16:46
Қазақстан Президенті Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевты қабылдады
30 Қазан 2020, 16:24
Е. Тоғжанов ШҚО-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында бірқатар шектеу шараларын қабылдауды тапсырды
30 Қазан 2020, 13:47
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 қазандағы №714 Қаулысы
30 Қазан 2020, 13:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы №706 Қаулысы
30 Қазан 2020, 13:33
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы №713 Қаулысы
30 Қазан 2020, 09:37
Қазақстан Президенті Солтүстік экономикалық ынтымақтастық жөніндегі халықаралық форумда сөз сөйледі
29 Қазан 2020, 23:13
Мемлекет басшысы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезіне қатысты
29 Қазан 2020, 21:45
Шардара су қоймасын қайта жаңарту және гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне қатысты депутаттық сауал
29 Қазан 2020, 21:14
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі электрондық аукциондарды ұйымдастыруға қатысты депутаттық сауал
29 Қазан 2020, 20:14
«Жоғары патогенді құс тұмауының» таралуына қатысты депутаттық сауал
29 Қазан 2020, 20:08
Алматы облысы Ұйғыр ауданының суару каналдары мен су қоймаларын жөндеуге қатысты депутаттық сауал
29 Қазан 2020, 19:52
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі Жоғары Кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабартиді қабылдады
29 Қазан 2020, 19:45
Құс тұмауының таралуына жол бермеуге қатысты депутаттық сауал
29 Қазан 2020, 19:14
Е. Тоғжанов Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының коронавирустың ықтимал толқынына дайындығымен танысты
29 Қазан 2020, 18:47
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қырғызстанның сыртқы істер министрі Р. Қазақбаевты қабылдады
29 Қазан 2020, 15:21
Ауылдарды интернетпен қамту, байланыс сапасын жақсарту және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру — Қазақстанда цифрландырудың дамуы
29 Қазан 2020, 14:59
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді
28 Қазан 2020, 16:07
Мұнай өндіру коэффициентін ұлғайту және шығындарын оңтайландыру — энергетика саласын цифрландыру бойынша қандай жұмыс атқарылуда
28 Қазан 2020, 15:58
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәліні қабылдады
28 Қазан 2020, 12:00
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
28 Қазан 2020, 11:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы №698 Қаулысы
28 Қазан 2020, 10:54
Атырау облысына жұмыс сапары: Е. Тоғжанов өңірдің COVID-19 туындауы мүмкін екінші толқынына дайындығымен танысты
27 Қазан 2020, 21:40
Нұрсұлтан Назарбаев БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары шейх Мансур бен Заид әл Нахаянмен кездесті
27 Қазан 2020, 20:21
Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен ұшып келу: ПТР-анықтаманың болуына қатысты қандай шектеу шаралары туралы білу керек
27 Қазан 2020, 18:48
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты қабылдады
27 Қазан 2020, 13:45
ҚР Үкіметінің отырысы, 27.10.2020
27 Қазан 2020, 13:36
Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында шектес салаларда 100 мыңға жуық жұмыс орны құрылады — ЕХӘҚМ
27 Қазан 2020, 12:36
2025 жылға дейін 87 ауылдық елді мекен таза ауыз сумен қамтылады — ЭГТРМ
27 Қазан 2020, 12:06
Қазақстанда халықты сумен жабдықтау қызметтерімен қамту 92,6%-ға дейін жеткізілді — ҚР ИИДМ
27 Қазан 2020, 10:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қазандағы №691 Қаулысы
27 Қазан 2020, 10:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 қазандағы №686 Қаулысы
27 Қазан 2020, 10:33
2021 жылы үш жаңа заң жобасын әзірлеу көзделіп отыр — Әділет министрлігі
27 Қазан 2020, 10:28
Азамат Әмірғалиев ҚР әділет вице-министрі болып тағайындалды
27 Қазан 2020, 10:22
Үкімет 2021 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарын қарады
27 Қазан 2020, 10:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен АҚШ сауда министрі У. Росс Қазақстан-Америка Іскерлік кеңесінің жұмысын бастап берді
27 Қазан 2020, 09:55
Премьер-Министр 2021 жылға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасын жаңартуды тапсырды
27 Қазан 2020, 09:50
Халықты таза ауыз сумен қамту мәселесі – Үкіметтің стратегиялық міндеті
26 Қазан 2020, 20:10
Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовті қабылдады
26 Қазан 2020, 19:16
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
26 Қазан 2020, 19:00
Президент Әділет министрі Марат Бекетаевты қабылдады
26 Қазан 2020, 18:15
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
26 Қазан 2020, 17:14
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркияның қорғаныс министрі Х. Акарды қабылдады
26 Қазан 2020, 16:10
Азық-түлік бағасы, экспорттаушыларды қолдау және электрондық сауда нарығы — Қазақстанның сауда саласының дамуы
26 Қазан 2020, 15:13
27 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
26 Қазан 2020, 11:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы №679 Қаулысы
25 Қазан 2020, 09:53
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №83
23 Қазан 2020, 18:49
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс, мемлекеттік БАҚ-тарды біріктіру және ақпараттың қолжетімділігі мәселелері — Қазақстанда ақпарат жүйесінің дамуы
23 Қазан 2020, 18:34
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады
23 Қазан 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезіне қатысты
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.