Су тасқынына дайындық және бизнес ахуалды жақсарту: Үкімет отырысы қалай өтті

Сейсенбі, 25 Ақпан 2020, 20:26:05

2020 жылғы 25 ақпанда Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кезекті Үкімет отырысында орталық және атқарушы органдардың су тасқыны кезеңіне әзірлігі және елдегі бизнес ахуалды жақсарту шаралары қаралды. Кулуарда ағымдағы күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды, ал отырыс қорытындысы бойынша ІІМ, ИИДМ, ЭГТРМ және «Қазгидромет» РМК өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. 

Бірінші мәселені қарастыру кезінде Премьер-Министрге мемлекеттің алдағы су тасқыны кезеңіне әзірлікті жалғастырып жатқаны баяндалды. 

Бүгінде 13,5 мың тонна жанар-жағар май, 152,6 мың тонна инертті материалдар, 840 мың құм салынған қап және 47 тонна жарылғыш заттар қоры дайындалды, елді мекендерден 8,8 млн текше метрден астам қар шығарылды. 

Эвакуацияланған халықты қабылдайтын 1707 пункт дайындалды, эвакуациялау бағыттары жаңартылды, жалпы саны 9 мың адамнан және 1730 бірлік техникадан тұратын ІІМ күштері мен құралдары дайындалды. Халықты хабардар ету және оқыту жұмыстары қолға алынған. 

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев атап өткендей, ҚР ІІМ орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту бойынша іс-шаралар кешенін жүргізуде.

«Қазгидромет» РМК-ның алдын ала болжам деректері бойынша елдегі қар қоры мен өзендер бассейндеріндегі ылғал қорының көлемі нормадан айтарлықтай жоғары. Қар басу процесі жалғасуда. Нұр-Сұлтан қаласында, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жағдайдың қиындауы өте ықтимал.

«Қазір елімізде 609 елді мекенді және 675 автомобиль жолын және 259 темір жолды су басу қаупі бар», — деді министр.

Су басуды болдырмау мақсатында жергілікті атқарушы органдар елді мекендерден 8,8 млн текше метрден аса қар шығарды. Төтенше резервтерде 34 млрд теңге көзделген.

Ықтимал су басу жағдайына эвакуацияланатын халықты қабылдайтын 1700-ге жуық бекет әзірленді, маршруттар жаңартылды, қажетті көлік бөлінді. Тіршілікті қамтамасыз ету үшін әкімдіктер қажетті құралдарды (палаткаларды, төсектерді), азық-түлік пен ауыз су қорын дайындады.

Өз кезегінде экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев қардың жиналуы наурыз айында да жалғасатынын атап өтті.

Қазгидромет наурыз айынан бастап апта сайын гидрологиялық болжамдарды ұсынатын болады. Бұл болжам 3 күн сайын жаңартылып отырады. Одан бөлек, су тасқыны қаупі төңген жағдайда, 2-3 тәулік бұрын дауылды ескертулер беріледі. Негізі осындай ескертулер норма бойынша 6 сағат бұрын берілуі тиіс.

Республикалық меншіктегі гидротехникалық құрылыстарды тасқын суларды өткізуге дайындау мақсатында Су тасқынына қарсы комиссия құрылды. 

Жол инфрақұрылымының дайындығы туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев баяндады. Бүгінде су тасқыны кезеңіне автомобиль және темір жолдарды дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, су тасқыны қаупі бар учаскелер мен жол құрылыстарына күнделікті тексеру жүргізіледі.

Бүгінде республикалық желінің ұзындығы 24,9 мың км құрайды, онда 1 277 көпір және 14 994 су өткізу құбыры бар. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды және автожолдар мен жол құрылыстарына күн сайын патрульдеу жүргізіледі. Көпірлердің, құбырлардың, дренаждық құдықтардың саңылауларын қардан тазалау, таулы және су бұрғыш арықтарды, лотоктар мен кюветтерді ашу жұмыстары басталды. Бут тасымен, рельстік пакеттермен, кондициялы емес темір бетон шпалдарымен 42 шайылуға қарсы пойыздарды қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта жол дистанциясымен 2 800 м3 тас және 8 000 дана кондициялы емес темір бетон шпал дайындалды.

Баяндама жасаушыларды тыңдап болғаннан кейін Асқар Мамин қарды, әсіресе, ауылдық елді мекендерден шығару үшін барлық қажетті құралдар мен техниканы жұмылдыруды тапсырды. Өзен арналарын, ағындарды, нөсерлі кәріздерді тазартуды, уақытша жер үйінділері мен бөгеттер салуды қамтамасыз ету қажет. ІІМ мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің тиісті қызметтері нақты мониторинг пен бақылау жасауы керек.

Сондай-ақ, республикалық маңызы бар автотрассалар мен темір жолдардағы су тасқынын болдырмау үшін тәулік бойы бақылау жасауды ұйымдастыруды, су өткізу құбырлары арқылы тасқын суларды өткізуді қамтамасыз ету тапсырылды.

Премьер-Министр ІІМ-ге мүдделі мемлекеттік органдармен және өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, тиісті штабтар құруды, күштер мен құралдардың, оның ішінде халықты хабардар ету жүйелерінің орын алуы мүмкін төтенше жағдайларға толық дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды.

Екінші мәселені қарау барысында Премьер-Министрге елдегі бизнес ахуалды жақсарту үшін негізгі бағыттар мемлекеттік қолдау шараларын көрсету, заңнаманы жақсарту және реттеуші ортаны оңайлату екені баяндалды. Стратегиялық міндет — экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесін 2050 жылға қарай 50%-ға дейін ұлғайту.

Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов атап өткендей, кәсіпкерлікті қолдау «Бизнестің жол картасы», «Қарапайым заттар экономикасы» және «Еңбек» бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылады. 2019 жылы аталған бағдарламалар аясында 22 мың жобаға қаржылық қолдау көрсетілді. Бизнеске жеңілдетілген қаржыландыру көрсетілді және инфрақұрылым өткізілді. Қаржылық қолдаумен бірге 106 мың кәсіпкер бизнестің негіздері мен функционалдық бағыттары бойынша оқытылды. 41 мың кәсіпкерге сервистік қолдау көрсетілді. Бұл бухгалтерлік және салық есебін жүргізумен байланысты қызметтер, заң қызметтері, маркетинг мәселелері және т. б.

2019 жылы ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі 29,5%-ды құрады. Өткен бес жылда әкімшілік кедергілерді және бизнестің түрлі операциялық шығындарын қысқартуға бағытталған заңнамалық бастамалардың 7 пакеті қабылданды.

Қабылданған реформалардың нәтижесі — Қазақстанның бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингісінде әлемнің 190 мемлекетінің арасында ТОП-25 үздік елдің қатарына кіруі болды.

Қазіргі уақытта бизнес ахуалды жақсарту мәселелері бойынша заңнамалық шаралардың 8-пакеті әзірленіп, Парламенттің қарауына жіберілді. Құжат шарттарды тіркеу рәсімін оңайлатуды (мөртабан қоюды жою), қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу тәртібін жеделдетуді (онлайн, 1 күн ішінде), 1 күн ішінде онлайн банктік шоттарды ашу мүмкіндігін, жекелеген рәсімдер бойынша хабарлау қажеттігін болдырмауды (МСҚБ, жол полициясы), ақпаратқа жария қол жеткізу арқылы мәмілелердің қауіпсіздігін арттыруды (тыйым салу, ауыртпалықтар, заңды тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікке меншік құқығы туралы), бірқатар рұқсат беру құжаттарын бір пакетке біріктіруді және т. б. қарастырады.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Э. Жұмағазиев өз кезегінде палата құрылған сәттен бері кәсіпкерлердің 624 жүйелі проблемасын анықтағанын жеткізді

Оның 501-і шешілді. Бизнес ахуалды жақсарту бойынша 8-ші реформалар пакеті бизнестің жүйелі мәселелерін зерттеу негізінде жасалды. «Атамекен» ҰКП елдегі іскерлік ахуалды жақсартуға бағытталған 50-ден астам түзету әзірледі. Олар жер қатынастарымен, бәсекелестікпен, экономикамен, банк қызметтерімен байланысты.

Асқар Мамин Үкімет алдына ШОБ рөлін күшейту және бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау міндеті қойылғанын атап өтті.

Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін сапалы әрі тиімді шешу үшін үйлесімді жұмысты қолға алу керек. 

«Осыған байланысты бизнес ахуалды жақсарту бойынша 8-ші шаралар пакетін қабылдауды жеделдетіп, осы жылдың 1 маусымына дейін Парламентте тиісті жұмыстарды жүргізу қажет», — деді А. Мамин.

Кулуарда ҚР денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов коронавирус бойынша карантин мәселесіне түсініктеме берді. Оның айтуынша, карантинге орналастырылған адамдар ауру деп саналмайды.

«Көптеген елдер арнайы мекемелерде және үйде оқшаулау шараларын жүргізуді ұсынады. Өйткені барлығын орналастыру мүмкін емес. Байбалам салудың қажеті жоқ: барлық қажетті жұмыс жасалып жатыр. Бұл ауруды емдеу мүмкіндігі бізде бар, дегенмен ауру адамнан адамға жұғады. Кеше Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры аурудың жаһандық таралу қауіптері өте жоғары екенін, елдер пандемияға дайындалу керектігін айтты», — деді денсаулық сақтау министрі.

Е. Біртановтың айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі қауіп төнуі мүмкін азаматтарды қорғау үшін барлық мүмкіндіктерді жасауда.

«Бас санитарлық дәрігерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ерекше құқықтар бар. Түсіністікпен қарап, осы жағдайда азаматтарға барынша көмек көрсетуді сұраймын», — деді министр.

ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов қаржы пирамидалары туралы мәселеге түсініктеме берді. Қазір үш қаржы пирамидасы бойынша 22 қылмыстық іс тергелуде.

«Біз қазір қылмыстық істерді тергеп жатырмыз. Олар бойынша 5 млрд теңгеден астам материалдық шығын келтірілген. Біз өткен жылдары пирамиданы құрудың 30-дан астам фактілерін тергедік, кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын атап өткім келеді. Ақшаны қайтару бойынша, қазір тергеу органдары кінәлі тұлғаларды тез және толық әшкерелеумен қатар, мүлікті, оның ішінде ұрланған ақшаны анықтау шараларын қолға алған», — деп түсіндірді С. Әділов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта үш құрылтайшыға іздеу жарияланған. Іздестіру жалпы 9 адамға жарияланған, 13 адам қамауға алынды. 

«Негізгі міндеттердің бірі – бұзылған құқықтарды қалпына келтіру, ақша қаражатын қайтару. Қазір біз қаржы мониторингі комитетімен, прокуратура органдарымен жұмыс істеп жатырмыз, банк шоттары толығымен тексеріледі және біз тауып отырған мүлікті қайтару мәселесін сот шешеді», — деді С. Әділов.

Отырыс қорытындысы бойынша өткен брифингте су тасқыны кезеңіне дайындық тақырыбы егжей-тегжейлі талқыланды. Журналистер ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтан, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громовтан, ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннен және «Қазгидромет» РМК Гидрология департаментінің директоры Дидар Жәнібекұлынан өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

 

Республикалық телеарна тілшісінің алдағы су тасқынына күштер мен құралдардың дайындығы туралы, сондай-ақ осы кезеңдегі аса қауіпті аймақтар туралы сұрағына ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин бүгін таңғы сағат 6-дан бері республика бойынша біз «Көктем-2020» кешенді командалық-штабтық оқу-жаттығулары басталғанын, онда жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдарының, сондай-ақ ІІМ бөлімшелерінің көктемгі-су тасқыны кезеңінде ТЖ-ға әрекет етуге дайындығы тексерілетінін хабарлады

Осы жылдың 1 ақпанындағы қардың жиналу болжамына сүйене отырып, ҚР ІІМ ТЖ туындау қаупі жоғары учаскелерді анықтады. Бұл — 600-ден астам елді мекен.

2020 жылдың 1 наурызында «Казгидромет» АҚ толық нақты болжамды ұсынады. Одан кейін Ішкі істер министрлігі қардың көп жаууы байқалатын учаскелердегі оқиғаларға қатысты ықтимал нұсқаларды пысықтауды жоспарлап отыр. 

Ю. Ильиннің айтуынша, 26-27 ақпанға қатысты түскен дауыл ескертулері, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында жел жылдамдығының күшеюі, жаңбыр түрінде жауын-шашынның жаууы бойынша ескертулер қардың ерте еріуіне себеп болмақ.

«Көпжылдық бақылауларға қарағанда көктем мезгілі әлдеқайда ертерек келеді деп болжап отырмыз. Наурыз айының ортасы негізгі шарықтаған шағы болады деп ойлаймын. Өткен жылмен салыстырғанда көктемгі кезең екі-үш апта бұрын басталады», — деді Ю. Ильин.

Вице-министрдің айтуынша, ең үлкен қауіп Қарағанды облысында Нұра өзенінің сағасында белгіленген, онда үлкен қар қоры қалыптасып, топырақтың терең қатуы байқалады, бұл судың жоғары ағынын, Нұра өзенінде жоғары су тасқынының пайда болуын тудыруына әкелуі мүмкін.

Қар қоры бойынша да Вячаслав су қоймасының толу қаупі бар. 

«Тиісінше, қызметкерлер Астаналық контр реттеуішіне жұмыс істейтін болады, бұл Нұр-Сұлтан қаласын тым көп еріген қар суынан қорғауға және Есіл өзені бойымен судың әрі қарай ағуына мүмкіндік береді», — деді вице-министр. 

Сонымен қатар Ақмола облысындағы Жабай және Колутон өзендері бойында да су басу қаупі бар. Атбасар және Колутон елді мекендеріне осы өзендердің салдарынан су басы қаупі төніп тұр.

Бұдан кейін ең көп жүктеме Солтүстік Қазақстан облысының аумағына түсетін болады, Ақмола облысының аумағындағы барлық өзендер осы өңірге жетіп, Сергеев су қоймасы өзенінің сағасына жетеді, ал бұл саға реттелмейді. 

Сонымен қатар Юрий Ильин Нұр-Сұлтан қаласын су басу қаупі туралы айтып берді. 

«Біз бәріміз, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары, биыл қар көп мөлшерде жауғанын білеміз. Қазгидрометтің болжамынша, бұл нормадан екі еседен астамға артық. Көшелерден, аулалардан қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Әрбір тұрғын бұл жұмыстардың қарқынды жүргізілуін қалайды, себебі, көктемнің шығуына аз уақыт қалды», — деді Юрий Ильин.

Министрдің орынбасары төтенше жағдайлардың туындау қатерін төмендету жөніндегі Жол картасының іске асырылуы туралы айтып берді. Жол картасы аясында барлық өңірлер бойынша 600 іс-шара жоспарланған. Жол картасын жалпы қаржыландыру көлемі 130 млрд теңгеге жуық: 78 млрд теңге – республикалық бюджеттен, 50 млрд теңгеге жуығы – жергілікті бюджеттен. 

Су тасқыны қатерлерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған Жол картасы іске асырылуда, бұл өткен 3 жыл ішінде 437 елді мекенде су басу қаупін болдырмауға және 287 елді мекенде су басу қауіп-қатерін барынша азайтуға мүмкіндік берді.

Материалдық-техникалық жарақтау бойынша Жол картасы шеңберінде 900 бірлік техника, оның ішінде мотопомпалар, жүзу құралдары, жол талғамайтын құралдар сатып алынды.

Ю. Ильин Жол картасына іске асырудың зор тиімділігі бар екенін атап айтты. 

«Өткен жылы бізде су басқан 1000 елді мекен болды. Қазір біз ондай қатерді азайттық. Қазір 350-ден аз елді мекенде су басу қаупі бар», — деді вице-министр.

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, су тасқыны кезеңі қарсаңында елімізде барлық гидротехникалық құрылыстарға тексеріс жүргізу мәселелерін түсіндіріп берді.

Алдағы су тасқыны маусымына дайындық мақсатында Су ресурстары комитетінің бассейндік инспекциялары ТЖ органдарының, жергілікті атқарушы органдардың және «Қазсушар» РМК өкілдерімен бірлесіп гидротехникалық құрылыстарға көзбен шолып тексеру жүргізді. Инспекциялар қажетті іс-шараларды өткізу туралы ұйғарымдар мен ұсынымдар берді. Оның айтуынша, су қоймаларына мониторинг тәулік бойы жүргізіледі. 

Бұған қоса, Қазақстанда төтенше жағдайлардың туындау қаупі аса жоғары жерлер көрсетілген Қауіптілік картасы жасалды. Жауған қардың үлкен мөлшерін ескере отырып, ауа температурасы күрт артқан жағдайда, біз су қоймаларынан суды едәуір ағызуға мәжбүр боламыз. Осыған байланысты, әкімдіктер төтенше жағдайға жол бермеу жөнінде тиісті шаралар қабылдауы қажет.

«Жауған қарды ескере отырып, өзен арналарын тазалау жұмыстарын жүргізу қажет. Барлығы бақылауға алынған, бөгеттерді шайып кету қаупі әзірге байқалмайды», — деді вице-министр.

Бүгінде иесіз ГТҚ бойынша мәселе министрліктің ерекше бақылауында. Сонымен қатар министрдің орынбасарының бағалауынша, аталған иесіз су қоймалары бүгінде еш қауіп төндірмейді.

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев модератордың сұрағына жауап бере отырып, өткен жылдың су тасқыны кезеңінің салдарын жою бойынша жұмыстар толық көлемде жүргізілгенін хабарлады. Осы жылы су басудың қайталануын болдырмау бойынша шаралар қабылдануда. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды және автожолдар мен жол құрылыстарына күн сайын патрульдеу жүргізіледі. 883 жол-эксплуатациялық техникасы жұмыс істейді.

Осы жылы түскен жауын-шашынның мөлшері туралы «Қазгидромет» РМК Гидрология департаментінің директоры Дидар Жәнібекұлы айтып берді. Оның айтуынша, ол биыл жалпы нормадан біршама ауытқыды.

«Мұндай жауын-шашын соңғы рет Нұр-Сұлтан қаласында 2006 жылы жауған. Алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде ауа температурасы жоғарылап, жаңбыр жауады деп күтілуде. Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қызылорда облыстарында», — деді Д. Жәнібекұлы.

Наурыз айына арналған болжамға келер болсақ, Гидрология департаменті директорының айтуынша, температура нормадан бір градусқа жоғары болады деп күтілуде. Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын көлемі де нормадан жоғары болады. Сонымен қатар, наурыз айында еліміздің орталық және солтүстік өңірлерінде күн суытады және ауа температурасы нөлден төмен болады.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
31 Наурыз 2020, 21:40
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі
30 Наурыз 2020, 16:55
Коронавируспен күресуге тартылған медицина қызметкерлеріне төленетін үстеме ақы көлемі бекітілді
30 Наурыз 2020, 15:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №54
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 наурыздағы №154 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №143 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №142 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №141 Қаулысы
28 Наурыз 2020, 12:15
Машина жасау саласындағы бір жұмыс орны іргелес салаларда 7-8 жұмыс орнын құруға жол ашады
28 Наурыз 2020, 11:56
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов Қостанайда жаңа автомобиль модельдерінің бірлескен өндірісін ашты
27 Наурыз 2020, 13:01
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады
27 Наурыз 2020, 08:30
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерге төлемді кейінге шегеруді автоматты түрде қосымша құжаттарды талап етпей жүзеге асырады
26 Наурыз 2020, 18:42
ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шараларын күшейтті
25 Наурыз 2020, 16:56
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық биотехнология орталығына барды
24 Наурыз 2020, 22:41
ҚР Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті
24 Наурыз 2020, 15:11
Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шаралары қаралды
24 Наурыз 2020, 14:34
«Birgemiz» Қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің құрамы жарияланды
23 Наурыз 2020, 13:36
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзі
22 Наурыз 2020, 13:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №53
21 Наурыз 2020, 16:09
Қ. Тоқаев коронавируспен күрес жұмыстарын үйлестіру және мониторинг жасау жөніндегі Шұғыл әрекет ету орталығына барды
21 Наурыз 2020, 14:50
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның үкімет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті
21 Наурыз 2020, 12:34
Асқар Мамин қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
21 Наурыз 2020, 09:06
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады
21 Наурыз 2020, 09:01
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
21 Наурыз 2020, 08:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №127 Қаулысы
21 Наурыз 2020, 08:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №126 Қаулысы
20 Наурыз 2020, 17:52
А. Мамин әкімдерге ірі кәсіпорындармен және ШОБ-пен бірлесіп жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды
20 Наурыз 2020, 12:00
Карантин енгізу қазақстандықтарды барлық қажетті өнімдермен қамтамасыз етуді шектемейді — Е. Тоғжанов
20 Наурыз 2020, 11:53
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлерінің 70%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшірілді
20 Наурыз 2020, 11:29
Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 32 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді
20 Наурыз 2020, 09:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді 
20 Наурыз 2020, 07:55
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі
19 Наурыз 2020, 20:56
ҚР аумағында COVID-19 таралуына жол бермеу шаралары туралы брифинг өтеді
19 Наурыз 2020, 19:34
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың есебін тыңдады
19 Наурыз 2020, 19:15
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының кіреберісіне қойылған бақылау-өткізу бекетіне барды
19 Наурыз 2020, 12:48
Қазақстан Президенті Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
18 Наурыз 2020, 21:17
Әлеуметтік маңызы бар өнімдерді импорттау үшін «жасыл дәліз» ашылды
18 Наурыз 2020, 18:59
Үкімет азық-түлік бағасының тұрақтылығын және үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді
18 Наурыз 2020, 13:17
Нұрсұлтан Назарбаев коронавируспен күреске 200 миллион теңге бөлуді тапсырды
18 Наурыз 2020, 13:15
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдерімен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізді
18 Наурыз 2020, 11:22
Мемлекет басшысы Премьер-Министр, Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы Асқар Маминді қабылдады
17 Наурыз 2020, 20:36
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына кіруді және шығуды шектеу туралы
17 Наурыз 2020, 18:50
2020 жылы «Бәйтерек» холдингі 19 мыңнан аса ШОБ жобасына қолдау көрсетеді
17 Наурыз 2020, 16:10
ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия биылғы 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін енгізді
17 Наурыз 2020, 15:46
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Расул Жұмалыны қабылдады
17 Наурыз 2020, 14:13
Р. Дәленов уақытша жабылған нысандарды қолдау шаралары туралы айтып берді
17 Наурыз 2020, 13:50
Баға өткен аптаның басындағы деңгейде болуы тиіс — Б. Сұлтанов сөзін қазақстандық кәсіпкерлерге бағыттады
17 Наурыз 2020, 13:41
ҚР-да жеке тұлғалардың тұтынушылық қарыздары бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен кезде сыйақы есептеуге тыйым салу енгізіледі — М. Әбілқасымова 
17 Наурыз 2020, 13:13
Әлихан Смайылов ТЖ кезеңінде бюджетті қалыптастырудың ерекше тәртібі туралы айтып берді
17 Наурыз 2020, 12:52
Қазақстанда 200 мың жұмыс орны ашылады — Б. Нұрымбетов азаматтарды жұмыспен қамту шаралары туралы
17 Наурыз 2020, 11:36
Қазақстанда ішкі нарықты отандық азық-түлік өнімдерімен толықтыру үшін қажетті жағдайлар жасалған — ҚР АШМ 
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі