ҚР Президентінің Жолдауын АӨК саласында іске асыру: инвестицияларды және мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісін арттыру

Сейсенбі, 10 Желтоқсан 2019, 14:37:46

Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында агроөнеркәсіптік кешенге ерекше көңіл бөлді. Ел Үкіметіне саланы одан әрі дамыту бойынша нақты тапсырмалар берілді. Мемлекет басшысының тапсырмаларының қалай орындалып жатқаны және ауыл шаруашылығында қандай өзгерістер күтіп тұрғаны туралы PrimeMinister.kz материалында.

Қазақстанның қазіргі агроөнеркәсіптік кешені

Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлағандай, 2019 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша мал шаруашылығында жалпы өнім өндірісінің 3,9%-ға өсімі қамтамасыз етілді, оның ішінде ет - 5,5%, сүт — 3,2%. Мал шаруашылығы өндірісінің өсімі мал шаруашылығында несиелендіру бағдарламасының сәтті іске асырылуымен байланысты.

Биыл 10 айда 78,9 мың бас ірі қара мал басын сатып алуға 806 шаруашылық несиелендірілді, өткен жылдың осындай кезеңінде - 412 шаруашылық 39,1 мал басын сатып алды.

Бұл кезеңде азық-түлік өнімдерін өндіру 2,1%-ға, сусындар өндірісі 13,9%-ға артты.

Есепті кезеңде салаға 379,4 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың осындай кезеңіндегі деңгейден 37%-ға артық.

Дәл бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің АҚШ-қа жұмыс сапары аясында Америка Құрама Штаттарындағы аса ірі ет өнімдерін өндіруші - «Tyson Foods» компаниясымен келіссөздер өткізді. Қазақстанда заманауи агро-мультипротеин индустриясын дамыту бағдарламасын іске асыру туралы келісімге қол қойылды.

Кәсіпорын қазақстандық нарықтың қажеттіліктерін өтеп қана қоймай, өнімді шетел нарықтарына экспорттауға мүмкіндік береді, осылайша, елдегі жылдық ауыл шаруашылығы кірісін $1 млрд-тан астамға қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді.

«Tyson Foods – бұл әлемге танымал марка. Олар құс етін, сиыр етін, шошқа етін әлемнің 68 еліне экспорттайды. Бүгінгі таңда ол әлемдегі ең танымал брендтердің бірі. Олар қазір Қазақстанға өз инвестицияларымен кіруді көздеп отыр. Жалпы, Tyson Foods компаниясы Қазақстанда үш зауыт салуды жоспарлайды. Жалпы инвестициялар $1 млрд 250 млн құрайды. 100 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылып, тиісінше сиыр еті бойынша жаңа нарықтар ашылады деп болжанған. Tyson Foods компаниясы құрылысты екі жылда аяқтауды жоспарлап отыр. Зауыттарды Қазақстанның орталық, оңтүстік және солтүстік бөліктерінде салу көзделген», — деді ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров. 

Сонымен қатар Омаха қаласында Премьер-Министр Небраска штатының губернаторы Д.П. Рикеттспен және суару жүйелері нарығындағы көшбасшы «Valmont Industries» компаниясының президенті С. Каниевскимен кездесті.  Тараптар механикаландырылған суару, телекоммуникациялар, жаңартылатын энергетика, инфрақұрылымдық құрылыс, сондай-ақ аграрлық ғылым және білім салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын және тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Келіссөз қорытындысы бойынша А. Маминнің және П. Рикеттстің қатысуымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Kusto Group» қазақстандық компаниясы және «Valmont Industries» арасында Қазақстан Республикасында тиімді суару және ауыл шаруашылығындағы өнімділікті жақсарту қағидаттары туралы Келісімге қол қойылды.

Құжат Қазақстанда 2022 жылы қуаттылығы жылына 1 мың машина форнтальді және айналма суаруды құрайтын «Valley» ирригациялық жүйелерін өндіру зауытын салуды қарастырады. Америкалық ирригация технологиялары өсімдік шаруашылығының өнімділігін арттырып, ауыл шаруашылығындағы су шығынын 50%-ға азайтуға мүмкіндік береді.

Бұдан әрі Қазақстандағы кәсіпорын өндірісін телекоммуникацияларға, жаңартылатын энергия мен инфрақұрылымдық құрылысқа арналған жабдықтар шығаруға дейін кеңейту жоспарланған. ҚР-да өндірілетін өнім отандық нарық қажеттіліктерін қамтамасыз етіп қана қоймай, сыртқы нарықтарға экспорттық әлеуетті дамытуға жол ашады.

 

2019 жылғы 10 айдағы ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көрсеткіштері

Биыл жайсыз ауа райы жағдайларына қарамастан, бастапқы салмағында барлығы 19,7 млн тонна астық жиналды, орташа түсімділік 12,9 ц/га құрады.

Өңделгеннен кейінгі салмағында астықтың жалпы жиналуы 18 млн тонна көлемінде болжанып отыр, бұл елдің ішкі нарығының дәнге қажеттілігін толық өтеп, оның белгілі бір көлемін экспортқа тиеуге мүмкіндік береді.

Бастапқы салмағында 13,1 млн тонна бидай, 4,4 млн тонна арпа, 49,6 мың тонна қарақұмық, 595,8 мың тонна күріш жиналды. Бұл ретте арпаның жалпы жиналуы өткен жылғы деңгейге 185,3 мың тоннаға өсті, күріш — 57,3 мың тоннаға, көкөніс — 416,6 мың тоннаға, бақша дақылдары — 51,1 мың  тоннаға артты, жиналған картоп көлемі өткен жылғы деңгейде. 

Сонымен қатар, 2,6 млн тонна майлы дәндер, 345,5 мың тонна қоза, 660,5  мың тонна қант қызылшасы, 3,7 млн тонна картоп, 4,2 млн тоннаға жуық көкөніс пен 2,5 млн тонна бақша дақылдары жиналды.

 

Суармалы жерлерді біртіндеп көбейту

Мемлекет басшысы Жолдауында 2030 жылға қарай суармалы жерлер санын 3 млн гектарға дейін кезең-кезеңмен арттыруды тапсырған болатын.

Ауыл шаруашылығы министрлігінде хабарлағандай, Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 41-ші тармағына сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерімен, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп 2030 жылға қарай суармалы жерлердің санын 3 млн га дейін кезең-кезеңмен арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу тапсырмасы берілді.

Жалпыұлттық жоспардың аталған пунктін уақытылы әрі сапалы орындау мақсатында 2030 жылға қарай суармалы жерлер санын 3 млн га дейін кезең-кезеңмен арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеудің Жол картасы бекітілді. Сонымен қатар қойылған міндетті шешу мақсатында жергілікті атқарушы органдарға Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен және «Атамекен» ҰКП-мен, сондай-ақ басқа да мүдделі органдармен бірлесіп жаңа суармалы массивтерді, ирригациялық желілерді салу үшін әлеуетті инвесторларды анықтау және жаңа суармалы жерлерді дамыту бойынша жобаларды іске асыру жөнінде хат жіберілді.

Қазіргі кезде жергілікті атқарушы органдар Жол картасын іске асыру бойынша тиісті жұмыстар атқаруда, ақпарат ҚР АШМ-іне ұсынылады.

Өз кезегінде, Ауыл шаруашылығы министрлігі ақпаратты алған соң талдау жасайды, оның нәтижелері әкімдіктермен кеңесте айтылады.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың қолданыстағы мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылға қарай аумағы 610 мың га болатын жаңа жерлерді айналымға енгізу жоспарланып отырғанын хабарлады.

«Бүгінде Қазақстанда 1,4 млн га суармалы жерлер бар. Егер оған жоспарланған 610 мың га қосатын болсақ, онда 2021 ж. қарай біз 2 млн га жетеміз. Ол үшін ауқымды жұмыстар жүргізілуде», — деді министр.

Суармалы жерлерді кезең-кезеңмен ұлғайту бойынша қойылған міндетті іске асыру мақсатында облыстардың әкімдіктері Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп МЖӘ тетігі бойынша жекеменшік әріптестіктің қатысуымен ирригациялық желілерді салу және жаңа суармалы жерлерді дамыту жобаларын іске асыру үшін әлеуетті инвесторларды анықтау бойынша жұмыстарды жандандыруда.

Аталған шараларды іске асыру суармалы жерлер көлемін 2030 жылға қарай 3 млн гектарға дейін арттыруға және ауыл шаруашылығы өнімдері көлемінің 4,5 есе өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Ол үшін мемлекет тарапынан барлық қолдау шаралары қарастырылған. Қазір америкалық компаниямен келіссөз жүргізілуде, әзірге шамамен Павлодар облысында, ирригациялық құрылымдарды шығару бойынша. Біз ирригациялық жабдықтарды осында, Қазақстанда шығару біздің тауар өндірушілерімізге бұл жабдықты төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік береді деп үміттенеміз», — деді С. Омаров.

Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің алаңында биыл қазан айында өткен баспасөз конференцияларының бірінде ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін өндірістік қызметке тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.  Мәселен, оның айтуынша, барлық заңнамалық негіздер қайта қарастырылған, қосымша өзгерістер енгізу жоспарланған. Министрлік ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтарып алу бойынша Жол картасын әзірледі. Осы Жол картасы аясында ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерге салынатын салық мөлшерін кезең-кезеңмен көтеру жоспарланған.

«Қазір облыстық мәслихаттарға пайдаланылмай жатқан жерлерге салынатын салықты 10 есеге дейін арттыру бойынша құқықтар берілген. Біз бүгінгі таңда осы салық мөлшерін 20 еседен 30 есеге дейін арттыруды көздеп отырмыз. Мысалы, Ресейде бұл салық қазір 100 есеге дейін көтерілген», — деді С. Омаров.

Сонымен қоса, ҚР АШМ ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтарып алу мерзімдерін қысқартуды жоспарлап отыр. Министрдің айтуынша, пайдаланылмай жатқан жерлер тек сот арқылы алынады. Бұл рәсімге 2-3 жыл уақыт кетеді. Сондықтан Ауыл шаруашылығы министрлігінің тарапынан егер жерлер пайдаланылмаса, онда жалға алу келісімшартын біржақты ретте бұзу туралы ұсыныстар енгізілуде.

Қазір Жол картасының жобасы мемлекеттік органдардың талқылауында жатыр. Ол қосымша жұртшылықпен талқыланатын болады.

 

Фермерлерді қолдауға басымдық беріледі

Мемлекет басшысы Жолдауында Үкіметтің басымдықты міндеті ретінде өнімдерін сыртқы нарықтарға өткізумен фермелерге қолдау көрсетуді атады.

ҚР АШМ ақпаратына сәйкес, фермерлерге олардың өнімдерін сыртқы нарықтарға өткізуде қолдау көрсету үшін нарықтарды ашу және АӨК өнімдерінің экспорты көлемін арттыру бойынша шаралар кешені іске асырылуда.

Нарықтарды ашу және экспортты ұлғайту бойынша шаралардың бірі - шетелдердің ветеринарлық және фитосанитарлық талаптарын келісу. Бұл келесі қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортына жол ашты:

  • Қытайға: сиыр еті, қой еті, тірі жылқы балық, бал. бидай, бидай кебегі, соя бұршағы, жоңышқа, рапс күнжарасы, арпа, жүгері, бидай ұны. 2019 жылы ҚХР-ға сүт өнімдерін, жүн шикізатын, зығыр тұқымын, шошқа етін жеткізу бойынша хаттамаларға қол қойылды.
  •  Иранға: мұздатылған және салқындатылған қой еті, сиыр еті, ІҚМ сорпалық өнімдері, тауық жұмыртқасы, тірі қой, арпа, күнбағыс тұқымдары, рапс пен зығыр. 2019 жылы 12 ақпанда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы министрлігінің және Иран Ислам Республикасының аулы шаруашылығы джихады министрлігінің арасында бидай сатуда ынтымақтастық мәселесі бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
  • ТМД елдеріне: тірі ІҚМ және ҰҚМ, сиыр еті, қой еті, балық, сүт өнімдері, жұмыртқа, жеміс-көкөніс, астық, жүгері, күріш, күнбағыс тұқымы, зығыр мен рапс.
  • ЕО елдеріне: балық, бидай, зығыр тұқымы.
  • БАӘ - ет және ет өнімдері, тауық жұмыртқасы, үй құсы.
  • Сауд Арабиясы Корольдігіне — союға ІҚМ және ҰҚМ.

Дүниежүзілік сауда ұйымының халықаралық сауда ережесі бойынша мал шаруашылығы өнімдері мен мал азығы экспорты экспорттаушы елдердің ветеринарлық және фитосанитарлық қызметтері инспекциясы немесе кепілдігінің қорытындысы бойынша Тізілімге енгізілген кәсіпорындардан ғана жүргізіле алады.

Мәселен, ҚХР Тізіліміне ҚР ветеринарлық қызметінің кепілдігімен Қытай нарығына балық пен балық өнімдерін жеткізуге құқылы 64 кәсіпорын, ауыл шаруашылығы малын өсірумен және союмен айналысатын 19 кәсіпорын ҚР ветеринарлық қызметінің кепілдігімен Өзбекстан Республикасының Тізіліміне енгізілген. 

Қазақстанның карантин қызметінің кепілдігімен қытай мамандарының инспекция жүргізуінсіз тізілімге 116 кәсіпорын енгізілді.

Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу Ережесіне сәйкес шығындар өтеледі:

  1. тауарлардың шетелдердегі жарнамасымен байланысты шығындар;
  2. шетелдік көрмелерге, жәрмеңкелерге, фестивальдарға тікелей қатысу шығындары;
  3. шет тілдеріне аударумен, әзірлеумен және шетелдерде тарату үшін арнайы каталогты басып шығарумен байланысты шығындар;
  4. шетелдерде филиалдарды, бөлімшелерді, сауда алаңдары мен қоймаларды ұстауға жұмсалатын шығындар;
  5. шетелдерде, электронды-тауарлық алаңдарда тауарлық белгілерді (брендтерді) тіркеумен байланысты рәсімдерді жүргізуге жұмсалатын шығындар;
  6. ұйым стандарттарын, немесе тауарларды шетелдерде өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруға құқығын растаумен немесе келісімшарт шарттарымен қоса алғанда, техникалық регламенттермен, стандарттармен белгіленген талаптарға тауарларлың сай болуы рәсімімен байланысты шараларды жүргізуге жұмсалған шығындарды; 
  7.   тауарларды теміржолмен, әуе жолымен, автомобильмен, теңіз көлігімен жеткізумен байланысты және тасымалдауды ұйымдастыруға жұмсалатын шығындар.   

 

Ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының шикізаттық бағыттылығынан көшу

Жолдауда қазірде көлемі 70%-ға жеткен ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының шикізаттық бағыттылығынан бас тарту қажеттігі айтылған, ал өңдеу кәсіпорындары небәрі 40%-ға жүктемеленген.

ҚР АШМ соңғы жылдары АӨК саласына шетелдік компаниялардың инвестициялары тартылып отырғанын растайды, оның ішінде өсімдікт шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласындағы жобаларды іске асыруды жоспарлағандары да бар.

2017 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында қытай инвесторы Xi’an AiJu Cereals & Oil Industry Group Co., Ltd-мен бірге шикізат бойынша жобалық қуаттылығы жылына 365 мың тоннаны құрайтын «Тайынша-Май» ЖШС май зауыты салынды, жобаның жалпы құны - $19 млн. Май зауытының өнімдері ҚХР-ға экспортқа жіберіледі.

Farm Frites Beheer B.V. нидерланды компаниясы Жамбыл облысында фри картобын өндіру бойынша зауыт құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Жобаның құны 46,8 млрд теңгеге бағаланады, өнімділігі - 70 мың тонна дайын өнімге дейін.

Сонымен қатар, қазір Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында 2017 жылдан бері дәнді дақылдарды терең өңдеуге маманданған «BioOperations» ЖШС (бұрынғы «Биохим» ЖШС) кәсіпорнының жұмысын қалпына келтріу және жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпы инвестициялар көлемі 11 млрд теңгеден астап. Бидай өңдейтін кәсіпорынның қуаттылығы жылына 172 мың тоннадан астамды құрайды. Кәсіпорын 2018 жылдан желімтек, крахмал мен мал азығын шығаруды бастады. 2019 жылдың соңынан бастап биоэтанол өндірісін бастау жоспарланған,  оның өнімділігі жылына 20 мың тонна биоэтанолды құрайды, біртіндеп 2022 жылға қарай 60 мың тоннаға дейін өседі.

Премьер-Министр Асқар Маминнің Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапары аясында Тайынша қаласында крахмал, желімтегі және биоэтанол шығаратын «Bio Operations» зауыты іске қосылды.

«Bio Operations» зауытының бас директоры Алмас Қалмұрзин атап өткендей, қазір кәсіпорында өндірістің екінші желісінің монтажы аяқталуда.

«Біз өндірісті екі есеге арттырамыз, кәсіпорынның қуаттылығы артады. Орта есеппен, жылына ол 20 мың тоннаға жуықты құрайды. Қазіргі кезде бізде таяу және алыс шетелдерге жеткізулер жүзеге асырылуда, оның ішінде АҚШ, Еуропа, Қытай елдері бар және жаңа нарықтар игерілуде. Бірінші кезекте олар – Оңтүстік-Шығыс Азия, Үндістан», — деді А. Қалмұрзин.

Тамақ және өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамыту үшін мемлекет  «Бизнестің жол картасы-2020» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру жүргізеді.

Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша кәсіпорындарыд салу мен жаңғыртуға салынған шығындардан 25%-ына дейін инестициялық субсидиялар, негізгі және айналым қаражатын толықтыруға алынған несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайтуға субсидиялар ұсынылады.

 

Бұл сала инвесторлар үшін несімен тартымды?

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығыныа шетелдік инвесторларды тарту өзекті міндет екенін атап айтты. Келіссөздер жүргізілуде, ҚР Үкіметі нақты нәтижелерге қол жеткізуі керек.

Аграрлық сектор бизнес үшін тартымды болып отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша, тек соңғы 5 жылда салаға $3,3 млрд (1,3 трлн теңге) инвестиция тартылды, оның ішінде жеке сектор 80%-ға жуық инвестиция салды, 2018 жылы — $936 млн (365,1 млрд теңге) салынды.

Сала мұнымен шектелмейді, оның өндіріс көлемін одан әрі ұлғайту үшін әлеуеті зор.

Географиялық орналасуын, жер ресурстарының байлығын, сондай-ақ қолайлы ауа райы жағдайларын ескере отырып, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені инвестициялар салу үшін аса тартымды секторлардың біріне айналуда.

Еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніне шетелдік те, отандық та инвестициялар тарту мақсатында кәсіпкерлікті қолдау бойынша тиісті жағдайлар жасау жұмыстары жүргізілуде: басымдықты бағыттарды субсидиялау, жеңілдікті несиелермен және лизингпен қамтамасыз ету, АӨК субъектілері үшін салық салудың арнайы режимдері.

АӨК саласында инвестициялық жобаларды іске асыру үшін 39 басымдықты бағыт бойынша инвестициялық салымдар салған жағдайда АӨК субъектісі жұмсаған шығындардың бір бөлігін өтеуді қарастыратын Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы жұмыс істейді.

Министрлік шетелдік инвесторлардың қатысуымен 49 инвестициялық жобаны іске асыруға мониторинг жүргізеді, оның ішінде $1 437,2  млн астам сомаға 25-ке жуық ірі инвестициялық жоба бар, оның 9-ы - жалпы сомасы $320 млн жуық, ТҰК қатысуымен, $2 391,0 млн сомасына 20 перспективалы жоба және  $207,1 млн сомасына пайдалануға берілген 4 жоба бар.

 

АӨК үшін 2019 жыл қандай болды?

Биыл 28 қазан күні Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Елбасы еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің алдына еңбек өнімділігі мен өңделген өнім экспортын 2,5 есе арттыру міндетін қойды, бұл қолданыстағы 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында көрініс тапқан. Бірақ, мемлекеттік бағдарламаны іске асыру осы Заңда көрсетілген өзгерістерді қолданыстағы заңнамада талап етеді. 

Жалпы, Заңда 13 кодекс пен 29 заңға 800-ден аса түзетулер - өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған. Заңда қолданыстағы және жаңа қаржы құралдарын жетілдіру, тауарларды тасымалдау және қозғалысы кезінде шекара маңындағы аумақтарда ветеринарлық және фитосанитарлық бақылауды күшейту және ветеринария және фитосанитария саласындағы барлық бақылау-қадағалау функцияларын Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктеу, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін өсімдіктерді қорғау құралдарының құнын төмендету бойынша мемлекеттік қолдауды кеңейту қарастырылған. 

Еліміздің ауыл шаруашылығын дамытуға инновацияларды тарту мақсатында Заңда бизнестің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қоса қаржыландыруға шығындарын субсидиялау қарастырылған.

 

Импортты алмастыру шаралары

Ветеринарлық қызмет тұрақты түрде басқа елдердегі эпизоотиялық жағдайларды зерттейді. Мәселен, малдар мен құстардың ауыруын болдырмау мақсатында елдерге қатысты ветеринарлық шаралар енгізіледі.

Комитет Ресей Федерациясы және Қырғыз Республикасына жақын маңдағы мемлекеттік шекарада бақылауды күшейтті, 32 ветеринарлық бақылау бекеттері қойылды.

Бақылау-қадағалау функциялары жергілікті атқарушы органдардан Комитетке қайтарылды, 694 штаттық бірлікті беру күтіліп отыр.

 

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау шаралары

2017-2021 жылдарға арналған ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасында келесі қолдау шаралары қарастырылған:

  • инвестициялық субсидиялау (АӨК-тің басымдықты салаларына салынған инвестициялардың 25%-ын өтеу. Сонымен қатар сатып алынған ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарына жұмсалған шығындар өтеледі).
  • пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды қалпына келтіру (негізгі қаражат бойынша сыйақы мөлшерлемесі 10%, ал айналым қаражаты бойынша 5% жылдыққа төмендейді).
  • кепілдендіру институттарын дамыту (кепілдікпен қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда жартылай кепілдендіру мен займды сақтандыруда қолдау көрсетіледі);
  • аграрлық қолхаттар тетігін енгізу (инвесторларға/кредиторларға ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін өнім түсімін оның нақты жиналуына дейін (болашақ өнім түсімінің кепілдігі есебінен) сату арқылы қаржыландыруға мүмкіндік береді);
  •  агросақтандыру жүйесін жетілдіру (сақтандыратын жағдайлар туындағанда көктемгі егіс жұмыстарына шығындардың 80%-ына дейін жабуға мүмкіндік береді, ал сақтандыру жағдайын анықтау “адами факторсыз”, объективті деректер бойынша, ресми статистика, жерді ғарыштан зондтау деректері негізінде жүзеге асырылады).

Аталған қаржылай қолдау шараларынан басқа, Ауыл шаруашылығы министрлігі тұқым шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімдерінің  өнімділігі мен сапасын арттыру тәріззді бағыттарды субсидиялайды, тыңайтқыштардың, гербицидтердің құнын арзандатады, суармалы суді жеткізу субсидияланады және басқа да көптеген бағыттар бар.

Қолданыстағы заңнамада ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін келесі арнайы салық режимдері қарастырылған:

  • ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнайы салық режимі;
  • шаруа қожалықтары және фермерлік шаруашылықтар үшін арнайы салық режимдері.

Арнайы салық режимі қолданылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салықты, жер телімдерін пайдаланғаны үшін салынатын салықты, қосылған құн салығын қоспағанда салық сомасын  70%-ға төмендету қарастырылған.

Шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар үшін жердің бағалау құнынан 0,15%-дан 0,6%-ға дейінгі бірыңғай жер салығы белгіленген.

Шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, қоршаған ортаға эмисстя үшін төлем, жер салығы және жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлем, көлік пен мүлік салығы тәрізді салық түрлерін төлеуші болып табылмайды.

Шетелдік заңды тұлғалардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған арнайы салық режимдерін қолдану құқығы жоқ.

Сонымен қоса, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолжетімді несие қаражатымен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады, оның ішінде мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуді дамыту бар. Бұл шаралар бюджеттік және тартылатын қаражат есебінен қамтамасыз етіледі.

Бұдан басқа, Ауыл шаруашылығы министрлігі 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен өамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағытының операторы бола отырып, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтарды кәсіпкерлікке тарту жұмыстарын жүргізеді, ол үшін ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда бизнес жобаларын іске асыруды жоспарлап отырған Бағдарлама қатысушыларына несиелер/шағын несиелер беруді қарастырады.

Несиелендіру тетігі: шағын несиелендіру үшін Бағдарлама бойынша қаражатты облыс әкімдіктері бюджеттік несие ретінде ұсынады. Әкімдік бұл қаражатты  «Аграрлық несие ұйымы» АҚ (шағын қаржы ұйымдарын одан әрі қаржыландыру үшін) және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ (несиелендіру үшін) арасында бөледі.

«Еңбек» бағдарламасының шарттары: Бағдарлама қатысушылары жұмыссыздар, ҚР Үкіметі нақтылаған жұмыспен қамтылған тұлғалардың жекелеген санаттарынан тұлғалар, NEET санатындағы жастар, аз қамтылған көпбалалы отбасылар мүшелері, аз қамтылған еңбекке қабілетті мүгедек, өзі ісін енді бастаған немесе жас кәсіпкер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері, шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар, жұмыс мерзіміне қарамастан, зәкірлі кооперация қатысушылары бола алады.

 Ең жоғарғы несие/шағын несие сомасы:

зәкірлі кооперацияны дамыту үшін — 8 АЕК дейін;

басқа бағыттар бойынша — 2,5 мың АЕК дейін;

Несие мерзімі — 7 жылға дейін;

Сыйақы мөлшерлемесі — жылдығы 6%-дан аспайтын.

Бүгінгі таңда несиелендірудің қолданыстағы шарттары аясында ауылдағы ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылықтық емес бизнес түрлерін дамытуға бағытталған бірқатар бағдарламалар бар, Қордың барлық қолданыстағы өнімдері бойынша толық ақпаратты http://www.kazagro.kz сайтынан алуға болады.

Қазіргі кезде өсімдік шаруашылығында мемлекеттік қолдаумен негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының өндірісінің барлық циклі дерлік қамтылған. Өсімдік шаруашылығында мемлекеттік қолдау бойынша шаралар жүзеге асырылуда: басымдыққа ие ауыл шаруашылықы дақылдарын өндіру, тұқым шаруашылығыны дамыту, тыңайтқыштар сатып алу, гербицидтер сатып алу, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су жеткізу бойынша қызмет құны.

Өсімдік шаруашылығы саласындағы субсидиялау мақсаты - өндіріс көлемін ұлғайту, өнімнің түсімділігі мен өндірілетін өнім сапасын көтеру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың өндірістік қуаттылықтарын жүктемелеу және оларды отандық шикізатпен қамтамасыз ету. 

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді су үнемдейтін технологияларды енгізуге ынталандыру үшін АШМ 2014 жылдан бері АӨк субъектісі жұмсаған шығындардың, яғни, тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелері мен жабдықтарын сатып алуға жұмсалған шығындардың орнын толтыруды қарастырған инвестициялық салымдарда  бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау бағдарламасы іске асырылуда.

Бұл шаралар жыл сайын 20 мың га астамға су үнемдейтін суару технологияларын енгізуге мүмкіндік береді және а.ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша су үнемдейтін технологиялармен қамтылған алқаптар ауқымы 215,5 мың га құрайды.


Жаңалықтар тізбегі
29 Ақпан 2020, 13:49
2 наурызда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
28 Ақпан 2020, 19:20
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ мемлекеттік тұрғын үй саясатын тиімді іске асыру үшін өз құрылымын оңтайландырады
28 Ақпан 2020, 13:11
ҚР Президенті цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады
28 Ақпан 2020, 12:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин «Samruk Business Forum» шарасына қатысты
27 Ақпан 2020, 19:56
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Атырау облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
27 Ақпан 2020, 15:21
Атырау облысындағы Қашаған кен орнында ілеспе газды өңдейтін ірі зауыт салынады
27 Ақпан 2020, 15:11
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин балық шаруашылығы саласын дамыту мәселесі жөнінде кеңес өткізді
27 Ақпан 2020, 10:40
Инвестициялар, балық шаруашылығы және ШОБ — Атырау облысы қай салаға басымдық береді
26 Ақпан 2020, 20:21
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
26 Ақпан 2020, 19:52
Қазақстанның Тұңғыш Президенті түрік саясаттанушысы, профессор Кюршад Зорлуды қабылдады
26 Ақпан 2020, 17:27
Қазақстан мен Өзбекстанның ІІ Аймақаралық ынтымақтастық  форумының қорытындысы бойынша $500 млн жуық болатын 52 келісімге қол қойылды
26 Ақпан 2020, 16:47
Нұрсұлтан Назарбаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады
26 Ақпан 2020, 15:02
Қазақстан Президенті Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Михаил Дорофеевті қабылдады
26 Ақпан 2020, 12:47
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады
25 Ақпан 2020, 20:26
Су тасқынына дайындық және бизнес ахуалды жақсарту: Үкімет отырысы қалай өтті
25 Ақпан 2020, 18:57
Жамбыл облысы Байзақ ауданының ауылдық елді мекендерін дамытуға қатысты депутаттық сауал
25 Ақпан 2020, 18:49
Жамбыл облысы Қордай ауданында 12 елді мекенді газдандыру жобаларын қаржыландыруға қатысты депутаттық сауал
25 Ақпан 2020, 18:40
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Өзбекстан Президенті Ш. Мирзиеевпен келіссөз жүргізді
25 Ақпан 2020, 18:07
Ветеринария және мал шаруашылығында қолданылатын биопреператтарға қатысты депутаттық сауал
25 Ақпан 2020, 13:59
ҚР ІІМ су басу қаупі туралы халықты хабардар ету бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде
25 Ақпан 2020, 13:38
Қазақстанда су тасқыны кезеңінің алдында гидротехникалық құрылыстарға талдау жүргізілді — ҚР ЭГТРМ
25 Ақпан 2020, 11:58
2025 жылға қарай ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны 4 млн адамға дейін ұлғаяды — Р. Дәленов
25 Ақпан 2020, 11:06
Қазақстанда төтенше жағдайлардың туындау қаупі аса жоғары жерлер көрсетілген Қауіптілік картасы жасалды
25 Ақпан 2020, 10:08
9 мың адам мен 1 730 бірлік техника су тасқыны жағдайының ықтимал күрделенуіне жедел әрекет етуге дайын — ҚР ІІМ
25 Ақпан 2020, 09:45
Бизнес ахуалды жақсарту бойынша 8-ші шаралар пакетін қабылдауды тездету қажет — А. Мамин
25 Ақпан 2020, 09:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин су тасқыны кезеңіне дайындықты қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тапсырды
24 Ақпан 2020, 20:58
Мемлекет басшысы Қазақстанның Украинадағы жаңадан тағайындалған елшісі Дархан Кәлетаевты қабылдады
24 Ақпан 2020, 18:12
Мемлекет басшысы «Air Astana» әуе компаниясының президенті Питер Фостерді қабылдады
24 Ақпан 2020, 14:53
ҚР Президенті Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясниковичті қабылдады
24 Ақпан 2020, 13:00
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ЕЭК Алқасының төрағасымен ЕАЭО дамытудың өзекті мәселелерін талқылады
24 Ақпан 2020, 12:21
Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тетіктеріне қатысты депутаттық сауал
24 Ақпан 2020, 10:55
Дәулет Бекманов ҚР ЦДИАӨ Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы болып тағайындалды
24 Ақпан 2020, 10:04
25 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
22 Ақпан 2020, 15:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №49
22 Ақпан 2020, 14:18
Мемлекет басшысы Қазақстанның Украинадағы, Ирак және Палестинадағы елшілерін тағайындады
22 Ақпан 2020, 13:17
Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік банк тікелей шетелдік инвестицияларды тарту мәселелерін талқылады
22 Ақпан 2020, 11:08
Қазақстан ЕАЭО шеңберіндегі өзара сауданы ретке келтірудің нақты шараларын ұсынды
21 Ақпан 2020, 17:53
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
21 Ақпан 2020, 17:12
Мемлекет басшысы бірқатар кездесу өткізді
21 Ақпан 2020, 16:33
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес салық саясаты мәселелерін қарады
21 Ақпан 2020, 12:57
Мемлекет басшысы Әзірет-Сұлтан мешітіне барды
21 Ақпан 2020, 10:17
Қайрат Рахымов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды
20 Ақпан 2020, 20:11
Арыстан Қабыкенов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Ақпан 2020, 17:05
Жүн саласын дамытуға қатысты депутаттық сауал
20 Ақпан 2020, 16:59
«Оңтүстік» АЭА дамыту мәселелеріне қатысты депутаттық сауал
20 Ақпан 2020, 16:19
Мемлекеттік сатып алулардың толық ашықтығын қамтамасыз ету: электрондық форматқа көшудің арқасында 2019 жылы үнемдеу рекордтық 361 млрд теңгені құрады
20 Ақпан 2020, 14:59
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына барды
20 Ақпан 2020, 12:31
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин елордадағы спорт және мәдени инфрақұрылымдардың салыну барысын тексерді
20 Ақпан 2020, 11:28
Майра Мелдебекова ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы болып тағайындалды
19 Ақпан 2020, 18:54
2020-2022 жылдары Қазақстанда жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға 9 млрд теңге бөлінеді 
19 Ақпан 2020, 17:27
Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
19 Ақпан 2020, 17:25
Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
19 Ақпан 2020, 16:43
Дастан Рыспеков ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып тағайындалды 
19 Ақпан 2020, 15:07
Мемлекет басшысы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевты қабылдады
19 Ақпан 2020, 11:35
Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі қалай дамуда және келешегі қандай
18 Ақпан 2020, 19:15
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Ескеевті қабылдады
18 Ақпан 2020, 18:37
ҚР Президенті Қарулы Күштердің Бас барлау басқармасының штаб-пәтеріне барды
18 Ақпан 2020, 17:42
Үкіметтік сейсенбі: геологиялық барлау бойынша жаңа мемлекеттік бағдарлама, электрондық сауда және бюджеттік шығындарды қысқарту
18 Ақпан 2020, 17:26
ҚР Үкіметінің отырысы, 18.02.2020
18 Ақпан 2020, 11:59
Семинарлар, конференциялар өткізу, автокөлік құралдары мен жиһаз сатып алу шығындары қысқартылады — Ә. Смайылов
18 Ақпан 2020, 11:42
2019 жылы қазақстандық интернет-дүкендерде сатып алу көлемі 422 млрд теңгені құрады
18 Ақпан 2020, 11:28
Мемлекеттік геологиялық барлау бағдарламасын жүзеге асыру: ҚР-да 6 трлн теңгеге дейін инвестиция тартылып, қосымша 20 мыңнан астам жұмыс орны құрылады
18 Ақпан 2020, 10:06
Үкімет басым емес шығыстарды 128,6 млрд теңгеге қысқартады
18 Ақпан 2020, 10:00
Үкіметте электрондық сауданы дамыту мәселелері қаралды
18 Ақпан 2020, 09:37
2025 жылға дейін Қазақстанда геологиялық барлауды дамытуға 800 млрд теңгеге жуық жеке инвестиция тартылады
17 Ақпан 2020, 14:24
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
17 Ақпан 2020, 12:34
Ержан Жылқыбаев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды
17 Ақпан 2020, 10:18
18 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
15 Ақпан 2020, 16:20
Қазақстан Президенті Кувейттің Премьер-Министрі шейх Сабах Халид әл-Хамад ас-Сабахпен кездесті
15 Ақпан 2020, 14:40
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
15 Ақпан 2020, 14:22
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №48
15 Ақпан 2020, 11:31
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ЕАЭО-ның бірыңғай нарығының ең жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге келісті
14 Ақпан 2020, 20:12
Қазақстан Президенті Германияның ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізді
14 Ақпан 2020, 16:43
Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінің жетілдірілуі: «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы, заманауи медициналық технологиялар және әлеуметтік сақтандыру
14 Ақпан 2020, 16:30
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
14 Ақпан 2020, 12:56
А. Мамин Катардың сауда және индустрия министрі Али бен Ахмед әл-Кауаримен кездесу өткізді
13 Ақпан 2020, 20:02
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Түркістан қаласына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
13 Ақпан 2020, 18:52
Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізді
13 Ақпан 2020, 18:51
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры Х. Клюгемен кездесу өткізді  
13 Ақпан 2020, 16:21
2019 жылы Түркістан облысының дамуы: экономикасы, жұмыспен қамту, туризмі
13 Ақпан 2020, 15:23
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан қаласында инфрақұрылымның салыну барысын тексерді
13 Ақпан 2020, 13:11
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
12 Ақпан 2020, 21:04
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Шымкент қаласына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
12 Ақпан 2020, 19:26
ҚР Президенті Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады
12 Ақпан 2020, 15:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шымкент қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді 
12 Ақпан 2020, 14:51
Мемлекет басшысы «Birgemiz» атты республикалық Волонтерлер фронт-офисінің ашылу рәсіміне қатысты
11 Ақпан 2020, 20:26
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
11 Ақпан 2020, 20:06
Ералы Тоғжанов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды
11 Ақпан 2020, 17:47
Асқар Маминнің тапсырмалары, министрлердің баяндамалары, үкімет кулуары — Министрлер кабинетінің кезекті отырысы
11 Ақпан 2020, 17:25
Роман Скляр су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша Ведомствоаралық мемлекеттік комиссия отырысын өткізді
11 Ақпан 2020, 16:05
Қазақстан Президенті Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
11 Ақпан 2020, 14:23
Мемлекет басшысы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
11 Ақпан 2020, 11:31
2020 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялар 3,1%-ға өсті — Р. Дәленов
11 Ақпан 2020, 11:28
11 ақпанда ҚР 217 азаматы Қытайдан Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді — ҚР СІМ
11 Ақпан 2020, 10:19
Қазір Қордай ауданындағы жағдай тұрақты — Б. Сапарбаев
11 Ақпан 2020, 09:45
Үкімет коронавирус инфекциясына қатысты жағдайды және ҚР азаматтарын қорғау шараларын қарастырды
11 Ақпан 2020, 09:32
Биылғы қаңтар айында экономиканың барлық негізгі салаларындағы оң қарқын ҚР ЖІӨ 3,6% өсімін қамтамасыз етті
10 Ақпан 2020, 20:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Жамбыл облысының жаңа әкімі Б. Сапарбаевты таныстырды
10 Ақпан 2020, 18:21
Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады
10 Ақпан 2020, 18:18
Жаңа заң аясында педагог біліктілікті арттыру курсынан үздіксіз немесе кезең-кезеңмен өте алады — Ш. Каринова
10 Ақпан 2020, 17:09
Қордай ауданында ақсақалдар кеңесі құрылады
10 Ақпан 2020, 16:42
Қазақстан Президенті Ішкі істер министрін қабылдады
10 Ақпан 2020, 15:10
Аттестаттаудан өткен барлық санаттағы педагогтер 2020 жылдың қыркүйегінен бастап үстемақы алатын болады — ҚР БҒМ
10 Ақпан 2020, 14:39
Қазақстан Президенті Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
10 Ақпан 2020, 14:38
11 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
10 Ақпан 2020, 14:23
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
10 Ақпан 2020, 13:18
Қ. Тоқаев Жамбыл облысындағы бірқатар шенеунікті қызметінен босатуды тапсырды
10 Ақпан 2020, 11:24
Үкімет комиссиясы Қордай ауданында болған оқиға салдарынан қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына барды 
09 Ақпан 2020, 20:25
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қордай ауданындағы ауылдардың тұрғындарымен кездесті
09 Ақпан 2020, 15:35
Бердібек Сапарбаев Қордай ауданында қаза тапқандардың отбасыларына барды
09 Ақпан 2020, 12:30
Бұзылған барлық үйлер қалпына келтіріледі — Б. Сапарбаев
09 Ақпан 2020, 11:41
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №47
09 Ақпан 2020, 00:48
Премьер-Министрдің орынбасары Қордай ауданындағы ауылдарда түнгі уақытта қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің қамтамасыз етілуін тексерді
08 Ақпан 2020, 23:24
Бердібек Сапарбаев Қордай ауданының тұрғындарымен кездесті
08 Ақпан 2020, 17:27
Үкімет комиссиясы Қордай ауданына барды
08 Ақпан 2020, 14:10
Жамбыл облысының Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясы құрылды
08 Ақпан 2020, 11:41
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты мәлімдемесі
08 Ақпан 2020, 11:04
Шолу: Қазақстанда экологиялық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілуде
07 Ақпан 2020, 18:22
Үкіметте Мемлекет басшысының Жолдауын іске асырудың аралық қорытындысы шығарылды
07 Ақпан 2020, 16:57
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
07 Ақпан 2020, 14:24
Б. Сапарбаев Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығына бірқатар тапсырмалар берді
07 Ақпан 2020, 12:30
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Көлік жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
07 Ақпан 2020, 10:22
Салықтан босату және тексеруге мораторий – алдағы 3 жылда Қазақстанда бизнес қалай дамиды
06 Ақпан 2020, 15:12
Мемлекет басшысы әлеуметтік кәсіпкерлік өкілдерімен кездесті
06 Ақпан 2020, 13:07
Динара Щеглова ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды
06 Ақпан 2020, 12:55
Жанат Жахметова ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды
05 Ақпан 2020, 19:16
Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
05 Ақпан 2020, 19:08
Б. Сапарбаев коронавирустың таралуына жол бермеу жұмыстарын күшейтілген режимде жалғастыруды тапсырды
05 Ақпан 2020, 17:23
Қ. Тоқаев Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Т. Хельмді қабылдады
05 Ақпан 2020, 16:42
Үкімет басшысы Қазақстанның ЕО-мен инвестициялық ынтымақтастығы жөніндегі диалогтың IV отырысын өткізді
05 Ақпан 2020, 16:11
Мемлекет басшысы Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовті қабылдады
05 Ақпан 2020, 12:54
Үкімет басшысы «One Web» басшылығымен ҚР-да жерсеріктік интернетті дамыту мәселесін талқылады 
05 Ақпан 2020, 11:49
Қазақстан Президенті Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярды қабылдады
05 Ақпан 2020, 11:13
«Педагог мәртебесі туралы» заң: мұғалімдердің жалақысын көтеру, құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау
04 Ақпан 2020, 19:00
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.02.2020
04 Ақпан 2020, 17:10
Үкіметтік сейсенбі: әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын белгілеу, цифрландыруды дамыту және коронавирустан қорғау бойынша ахуал
04 Ақпан 2020, 16:03
Сұңғат Есімханов энергетика вице-министрі қызметінен босатылды
04 Ақпан 2020, 15:54
Саннан ‒ сапаға: Б. Сапарбаев әлеуметтік МЖӘ-жобаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді
04 Ақпан 2020, 14:08
Б. Сұлтанов: Тауарларды шекара арқылы өткізу коронавирустың таралуына әсер етпейді
04 Ақпан 2020, 14:02
Қазақстанда Испания мен Франция елдеріндегі тәрізді көтерме нарықтар құрылады
04 Ақпан 2020, 12:29
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
04 Ақпан 2020, 11:31
Тауар өткізу инфрақұрылымы аясында 15 агро-логистикалық орталық құру жоспарлануда — ҚР СИМ 
04 Ақпан 2020, 10:43
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың екі жылында инновациялық экожүйеге 32,8 млрд теңге тартылды
04 Ақпан 2020, 09:48
Үкімет «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысын қарады
04 Ақпан 2020, 09:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді
03 Ақпан 2020, 18:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин импорт алмастыру және экспортты ілгерілету жөніндегі ВАК отырысын өткізді
03 Ақпан 2020, 17:17
Мемлекеттік инспекторлар еңбек заңнамасының бұзылуына еш кедергісіз әрекет етуі тиіс — Б. Нұрымбетов
03 Ақпан 2020, 15:24
Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға бөлінетін квота 40%-ға қысқартылды — Б. Нұрымбетов
03 Ақпан 2020, 15:14
113 мыңнан астам қазақстандық тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалана алады — ҚР ЕХӘҚМ
03 Ақпан 2020, 12:36
4 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
03 Ақпан 2020, 12:18
ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды
02 Ақпан 2020, 12:00
Қазақстан өз азаматтарын Уханьнан эвакуациялады
01 Ақпан 2020, 15:51
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №46
01 Ақпан 2020, 15:31
Мемлекет басшысының әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі тапсырмаларын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді
01 Ақпан 2020, 12:46
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті
01 Ақпан 2020, 11:35
А. Маминнің Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысу қорытындысы бойынша видеодайджест
01 Ақпан 2020, 11:29
А. Маминнің «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумына қатысу қорытындысы бойынша видеодайджест
31 Қаңтар 2020, 20:13
ЕАҮК: Алматыдағы Үкіметтік келіссөздер қалай өтті
31 Қаңтар 2020, 18:38
2019 жылдағы Алматы: өнеркәсіп өнімінің өсімі, инвесторларды қолдау және білім саласындағы жетістіктері
31 Қаңтар 2020, 18:28
Сарапшылар ЕАЭО туралы: ЕАЭО нарығында бәсекелестіктің күшеюі — еуразиялық интеграцияның басты жетістігі
31 Қаңтар 2020, 17:10
А. Мамин 2021 жылдың соңына дейін ЕАЭО-дағы мемлекеттік сатып алуларды толықтай электронды форматқа көшіруді ұсынды 
31 Қаңтар 2020, 15:01
Репортаж: Алматыда «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумы өтуде
31 Қаңтар 2020, 13:02
ЕАЭО Премьер-Министрлері «Digital Almaty» форумына қатысты
31 Қаңтар 2020, 10:58
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен келіссөз өткізді 
31 Қаңтар 2020, 10:28
Алматыда ЕАЭО одан әрі дамыту бағыттары талқыланды
31 Қаңтар 2020, 08:38
Артур ван Дизен: цифрландырудағы жетістіктер - ҚР Үкіметінің бағыттылығының нәтижесі
31 Қаңтар 2020, 08:30
Еуразиялық экономикалық одақ — инвестициялар мен жоғары технологияларды тартудың аймақтық орталығы
31 Қаңтар 2020, 08:00
ЕЭК министрі Т. Жақсылықов ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің отырысында қандай мәселелер талқыланатынын айтты
30 Қаңтар 2020, 20:27
Президент «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
30 Қаңтар 2020, 19:59
Қазақстан GIGA бастамасының Орталық Азиядағы көшбасшысына айнала алады — К. Фабиан
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі