Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Тұтынушылардың энергетика компанияларының алдындағы дебиторлық қарызы 17 млрд теңгені құрайды — Б. Атамқұлов

Сәрсенбі, 30 Қыркүйек 2020, 14:53:05

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің селекторлық отырысында жылыту маусымына дайындық туралы мәселе қаралды. Қабылданған шаралар туралы энергетика министрі Н. Ноғаев пен индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндады. 

«Еліміздің біртұтас электр энергетикалық жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, тұтынушыларды электр және жылу энергиясымен сенімді жабдықтау мақсатында энергетикалық кәсіпорындардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы жалғасуда. Жүйелік оператор бекіткен кестеге сәйкес электр станцияларындағы 5 энергоблок, 31 қазандық, 22 турбина жөнделді. Ал 3 энергоблок, 28 қазандық пен 22 турбинаны жөндеу жұмыстары әлі де жүргізілуде», — деді Н. Ноғаев.

Министрдің айтуынша, аталған электр станцияларындағы жөндеу жұмыстары биылғы жылыту маусымының уақтылы басталуына әсер етпейді.

Жөндеу жұмыстарын кешіктіру, негізінен, төтенше жағдай мен карантин кезеңінде шетелден қосалқы бөлшектерді жеткізу кідірісімен және жөндеу жүргізетін мамандардың басқа елдерден Қазақстан Республикасының аумағына келуіне қойылған шектеулермен байланысты.

Электр желілері бойынша жалпы ұзындығы 25 828 км электр беру желісін, сондай-ақ 439 бірлік жоғары вольтты шағын станцияны жөндеу жоспарланған.

Бүгінгі таңда 25 152 км электр беру желісі мен 428 шағын станция жөнделді, бұл жылдық жоспардың 97% құрайды. Электр желілерін жөндеу бекітілген кестелерге сәйкес аяқталуы жоспарлануда.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша, 457 орталықтандырылған жылумен жабдықтау қазандықтарын жылыту маусымына дайындау үшін 1149 қазанның 1132-сі жөнделді. Бұл жылдық жоспардың 98,5% құрайды.

Электр станцияларында қажетті отын жинақтау жалғасуда. Энергия көздері қоймаларындағы көмір қоры 4,5 млн тоннаны құрайды, бұл өткен жылғы деңгейден 7% артық, ал мазут – 104 мың тонна, бұл өткен жылғы деңгейден 3% артық.

Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіндегі қазандықтардың отын қоймаларында 1 млн 41 мың тонна көмір, 35,5 мың тонна мазут жинақталған, бұл бекітілген нормаларға сәйкес келеді.

Биылғы жылдың қыркүйегінде Энергетика министрлігі жергілікті атқарушы органдардың өтінімдеріне сәйкес 2020-2021 жылғы күзгі-қысқы кезеңде әлеуметтік-өндірістік объектілер мен мекемелерге 237 мың тонна көлемінде мазут жеткізу кестесін қабылдады. Бұл ретте жылыту кезеңіне ұсынылатын «әлеуметтік мазут» бағасы МӨЗ зауыттарында 1 тоннасы үшін қосымша құн салығын қоса алғанда 58 мың теңге деңгейінде болады.

«Бүгінгі күн тәртібіндегі маңызды мәселе – энергия өндіруші кәсіпорындардың отын үшін кредиторлық берешегі. Ағымдағы жылғы 28 қыркүйегі жағдайында энергия өндіруші ұйымдардың «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ алдындағы берешегі 4 млрд 600 млн теңгені құрады. Сондай-ақ, энергия өндіруші ұйымдардың «Богатырь-Көмір» серіктестігі алдында жалпы сомасы 3 млрд 562 млн теңге берешегі бар», — деді Н. Ноғаев.

Жылыту маусымына дайындыққа жүргізілген талдау ағымдағы жылыту маусымын өткізуге ерекше назар аударатын бірқатар өңірлерді анықтап отыр. Мәселен, «БатысЭнерго» өңірлік электр желілік компаниясының электр желілерінің техникалық жағдайына ерекше көңіл бөлу қажет. Кәсіпорынды қаржыландыру проблемалары Батыс Қазақстан облысының электр желілерін толық көлемді жөндеуге, жаңғыртуға және реконструкциялауға мүмкіндік бермейді. Желілер тозған. Министр электр желілерін сенімді басқаруға алған компания өз міндеттемелерін іс жүзінде қажетті деңгейде орындамай отырғанын жеткізді.

Энергетика министрлігіне тұрғындардан Қарағанды облысы Шет ауданының тұтынушыларына электр энергиясын беруді және таратуды жүзеге асыратын «ШетЭнерго» серіктестігі қызметіне қатысты көптеген шағымдар келіп түсуде. «ШетЭнерго» серіктестігін тексеру нәтижелері бойынша, электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын электр желілерін пайдалану және олардың техникалық жағдайы бөлігінде бұзушылық анықталды. Бұған қоса, Серіктестік энергия беруші ұйымдарға қойылатын заңнама талаптарына сәйкес келмейді. Осыған байланысты, тексеріс материалдары құзыреті бойынша шаралар қабылдау үшін Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасына және Қарағанды облысының прокуратурасына жолданды.

Соңғы бірнеше жыл қатарынан қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайына байланысты «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның 2-ші жылу электр орталығының қазандықтары жиі ажыратылып отырды, соның салдарынан Теміртау қаласының тұрғындарын жылумен жабдықтау кестесі бұзылды.

Өткен жылыту маусымында осы 2-ші жылу электр орталығында температуралық режимді сақтамау бойынша 17 жағдай тіркелді. 

2020-2021 жж. жылыту маусымында қаланың жылумен жабдықтау жүйесі жұмысының режимдік картасына талдау жүргізілді. Талдау қорытындысы жылу энергиясының тапшылығын жабу үшін 2020 жылғы желтоқсанда пайдалануға беру жоспарланған №8 қазандық агрегаты және 2-ші жылу электр орталығын уақытылы пайдалануға беру қажет екенін көрсетті. Бұл агрегаттар уақтылы пайдалануға берілмеген жағдайда, жылу энергиясының тапшылығы болуы ықтимал.

Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне тұтынушыларды энергиямен сенімді және үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында 1-ші және 2-ші жылу электр орталықтарындағы 1-ші іске қосу кешендерін пайдалануға беруді жеделдету қажет. 

Түркістан облысында «Кентаусервис» кәсіпорны Кентау жылу электр орталығының жөндеу жұмыстарын қаржыландыруға көңіл бөлу қажет. Орталықты жөндеу жұмыстарына жалпы 1 млрд 844 млн теңге жоспарланған болатын, оның ішінде тек 479 млн теңге бөлінді, бұл жөндеуге талап етілетін қаржы қаражатының 26%-ын ғана құрайды.

Ағымдағы жылыту маусымы Нұр-Сұлтан қаласында 22 қыркүйекте, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында 21 қыркүйекте, Павлодарда 16 қыркүйекте, Солтүстік Қазақстан облысында 18 қыркүйекте, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында 25 қыркүйекте және Қарағанды облысында 28 қыркүйекте басталды. Ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап Ақтөбе және Атырау облыстарында жылыту маусымын бастау жоспарланып отыр. 

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде жылыту маусымын 15 қазаннан бастау жоспарлануда. 

Н. Ноғаев Ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес Энергетика министрлігі жергілікті атқарушы органдарға коронавирус инфекциясы жағдайына байланысты жылыту маусымын алдын ала бастау туралы ұсыныс енгізгенін айтты.

Биылғы 28 қыркүйектегі жағдай бойынша, күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорттарын алуға міндетті 293 энергетикалық кәсіпорынның 136-сына материал келіп түсті. 

Әзірлік паспортын қарау жөніндегі комиссия жұмысының нәтижелері бойынша 67 энергия кәсіпорны әзірлік паспортын алды, 69 материал қаралуда. Бүгін әзірлік паспорттарын алуға арналған өтініштерді қабылдаудың соңғы күні.

Министрдің айтуынша, энергия кәсіпорындарының әзірлік паспорттарын алуға арналған материалдарды ұсынбауының негізгі себептерінің бірі – ол үшін салынатын әкімшілік айыппұл мөлшерінің төмендігі. Энергетика кәсіпорындары күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындық шараларына шығындалғанша, айыппұл төлеген жеңіл де және ыңғайлы деп санайды.

Н. Ноғаевтың айтуынша, мәселен, энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмыс істеуге әзірлік паспортын алу мерзімін бұзуы – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Осыған байланысты энергетикалық кәсіпорындардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорттарын алмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті қатаңдату мәселесін пысықтау қажет.

Министрдің айтуынша, жалпы алғанда, 2020-2021 жж. күзгі-қысқы кезеңнен сәтті өту үшін:

  1. электр станцияларындағы, электр желілеріндегі барлық жөндеу жұмыстарын толық көлемде орындау; 
  2. отын жеткізушілер алдындағы берешекті жоюды қамтамасыз ету; 
  3. коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың жеткізушілер алдындағы дебиторлық берешегін жою бойынша шаралар қабылдау; 
  4. елді мекендердің білім беру, денсаулық сақтау, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін, әлеуметтік және мәдени объектілерін жылумен жабдықтау жүйесіне уақытылы қосуды қамтамасыз ету; 
  5. коммуналдық объектілерді және денсаулық сақтау объектілерін дербес резервтік электрмен жабдықтау көздерімен қамтамасыз ету; 
  6. жылыту кезеңінде электр станцияларына, қазандықтарға және тұрғындардың қажеттіліктеріне көмір мен мазуттың тұрақты жеткізілімін қамтамасыз ету қажет.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының жылу беру маусымына дайындығы туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндады.

Министрдің айтуынша, алдағы жылу беру маусымына сапалы және уақытылы дайындалу мақсатында Министрлік жергілікті атқарушы органдармен 2020-2021 жылдардағы жұмыс жоспарын бекітті, бекітілген жоспарға сәйкес облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне: 

  • 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін білім беру объектілерінің 100% дайындығын қамтамасыз ету; 
  • 2020 жылғы 15 қазанға дейін барлық коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала объектілерін, тұрғын үйлерді дайындауды аяқтау және барлық автономды жылу көздерін нормативтік отын қорымен қамтамасыз ету міндеті қойылды.

Бүгінгі күні 11 158 білім беру объектісі жылу беру маусымына дайын, бұл 99,6%.

Білім беру объектілері бойынша Батыс Қазақстан облысында (95,2 %) дайындық қарқыны төмен екені байқалады.

Жылу беру маусымына денсаулық сақтау объектілерінің 99,2% дайын, бұл 5 963 объект.

2 өңірде объектілердің жылыту маусымына дайындығы төмен екені байқалады: Батыс Қазақстан облысында (90,7 %) және Шымкент қаласында (93,6 %).

Жөндеу жоспарланған 47 653 тұрғын үйдің 46 561 немесе 97 % дайындалды. 

3 өңірде объектілерінің дайындық қарқыны төмен екені байқалады: Шығыс Қазақстан (94,3 %), Батыс Қазақстан (61,7 %) облыстарында және Шымкент қаласында (92,1%).

Жергілікті атқарушы органдар 10 662 қазандықты дайындады, бұл 98,6 %.

Қалған 143 автономды қазандық бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Батыс Қазақстан облысында жұмыс қарқыны төмен екені байқалады.

Жылу желілерін дайындауға келсек, ағымдағы кезеңге жоспарланған 5038 км жылу желілерінің 5 024 км немесе 99,1 % жөнделді.

Батыс Қазақстан облысының (73,1 %) дайындығы төмен екені анықталды.

Б. Атамқұлов атап өткендей, әкімдіктер инженерлік инфрақұрылымды, әлеуметтік сала объектілерін және тұрғын үйлерді жылыту маусымына уақытылы дайындауды күшейтуі қажет, әсіресе бұл денсаулық сақтау және тұрғын үй объектілеріне қатысты.

Сумен жабдықтау және су бұру желілерін дайындауға келсек, жөндеуге жоспарланған 14 213 км сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымының 14 089 км немесе 99,1% жөнделді. Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында жұмыс қарқыны төмен.

Автономдық қазандықтар үшін алдағы жылыту маусымына отын қажеттілігі 1 237 мың тонна көмір мен 214 мың тонна мазутты құрайды.

Бүгінгі күні 1 139 мың тонна көмір (92%) және 144 мың тонна мазут (67 %) дайындалды. 

Қазандықтар үшін мазутты сатып алудың қарқыны Ақмола – 2,3%, Жамбыл – 7,8 % облыстарында төмен екені байқалады. Әкімдіктер автономды қазандықтар үшін отынды уақытылы сатып алу және әкелу жөнінде шұғыл шаралар қабылдауы қажет.

Көмір өндіру және жөнелту туралы, министр көмір өндіруші компаниялар 2020 жылдың 8 айында 69 млн тонна көмір өндірді (көмір концентратын есептемегенде), бұл өткен жылдың тиісті кезеңіне сәйкес келеді деді. 

Көмірді экспорттау 18,5 млн тоннаны құрады.

2020-2021 жылдардағы кезеңде коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждықтар мен халыққа арналған көмір тұтыну көлемі шамамен 10 млн тоннаны құрады, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға 2,8 млн тонна, тұрғындарға – 7,2 млн тонна болады.

2020 жылғы 28 қыркүйектегі жағдай бойынша жалпы жоспарға сәйкес көмір қорымен коммуналдық-тұрмыстық сектор 76%, тұрғындар 65% қамтамасыз етілді.

«Барлық аймақтарда көмір қоры дайындалған және тапшылық жоқ. Өңірлер көмірді кестеге сәйкес жеткізіп жатыр», — деді Б.Атамқұлов.

Жылу беру маусымына дайындық басталғаннан бастап 2020 жылдың 1 мамырынан осы күнге дейін теміржол көлігімен 22 млн тонна көмір тасымалданды, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңіндегі көрсеткіштен 0,4 %-ға артық.

Сондай-ақ министр коммуналдық қызмет бойынша берешек өсіп кеткеніне көңіл аудару қажет екенін атап өтті. 

Бүгінгі күні коммуналдық қызметтер үшін тұтынушылардың берешегі 17 млрд теңгені құрады. 2020 жылдың өзінде дебиторлық берешек 3,4 млрд теңгеге артты. 5 аймақта өсім байқалады. Бұл Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Маңғыстау облысы және Қызылорда облысы.

«Бұл монополистердің сапалы және уақытылы қызмет көрсетуіне әсер етеді. Жалпы жылу беру маусымына дайындық бекітілген жоспарларға сәйкес жүргізіліп жатыр және тұрақты бақылауда», — деді Б. Атамқұлов. 

Министр алдағы жылу беру маусымына уақытылы дайындалу мақсатында әкімдіктер: 

  • 2020 жылдың 1 қазанына дейін барлық объектілерді дайындауды толығымен аяқтауы, барлық автономды жылу көздерін нормативтік отын қорымен қамтамасыз етуі;
  • коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық берешекті азайтуы және ағымдағы берешектің өсуіне жол бермеу бойынша жұмысты жандандыруы және шаралар қабылдауы;
  • халықтың арасында әлеуметтік шиеленісті болдырмау мақсатында өңірлерде көмір жеткізушілермен белсенді өзара іс-қимыл жасауы;
  • тұрақты негізде коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждықтар үшін және халыққа көмір жеткізу бойынша мониторинг жүргізуі қажет екенін айтты.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
21 Қазан 2020, 09:56
Асқар Биахметов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Қазан 2020, 19:44
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
20 Қазан 2020, 14:51
Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасы мақұлданды 
20 Қазан 2020, 14:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин С. Чакрабартимен кездесу өткізді
20 Қазан 2020, 13:35
Медицина ұйымдарында жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қоры жасалған — А. Цой
20 Қазан 2020, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 20.10.2020
20 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №664 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №663 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №662 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:02
Биылғы 9 айда Қазақстанда вакциналау жоспары 100% орындалды — ҚР АШМ
20 Қазан 2020, 10:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №661 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №660 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:27
Отандық кәсіпорындар тәулігіне 900 мың маска шығарады — Б. Атамқұлов
20 Қазан 2020, 10:17
Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қарады
20 Қазан 2020, 10:02
Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады
19 Қазан 2020, 17:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді
19 Қазан 2020, 12:42
20 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Қазан 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82
16 Қазан 2020, 19:47
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады
16 Қазан 2020, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қазандағы №642 Қаулысы
15 Қазан 2020, 17:36
Денсаулық сақтаудың дамуы және іскерлік белсенділіктің артуы — Алматының биыл 9 айдағы дамуына шолу
15 Қазан 2020, 15:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Hyundai автомобильдерін құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты
15 Қазан 2020, 13:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
14 Қазан 2020, 13:19
Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 19:12
Марат Күлдіков ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:43
Мереке Пішембаев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:37
Ибрагим Күлшімбаев ҚР төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 17:02
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
13 Қазан 2020, 13:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 13.10.2020
13 Қазан 2020, 13:14
Болжамды нақтылаудың негізгі міндеті дәрігерлерге материалдық қолдау көрсету және СOVID-19 бойынша алдын алу шараларын қабылдау болды — Ә. Смайылов
13 Қазан 2020, 13:01
Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 16,6%-ға өсті — Б. Атамқұлов
13 Қазан 2020, 11:35
Мемлекеттік бюджет шығыстары 99,5%-ға атқарылды — Қаржы министрлігі
13 Қазан 2020, 11:13
Ұлттық банк қаржылық қызметтерді алу үшін қашықтан биометриялық сәйкестендіру сервисін іске қосты
13 Қазан 2020, 10:22
Биыл 9 айда Қазақстанда денсаулық сақтауға салынған инвестиция 85,7%-ға артты — ҚР ҰЭМ
13 Қазан 2020, 09:49
Биылғы қыркүйекте нақты сектордың өсуімен қатар қызмет көрсету саласында белсенділік қалпына келе бастады — А. Мамин
12 Қазан 2020, 17:03
Өрт қауіпсіздігін сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу — Ю. Ильин ТЖМ жұмысы туралы айтып берді
12 Қазан 2020, 16:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №648 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №647 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №643 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:34
А. Маминнің Әбу-Даби қаласына сапары: ҚР мен БАӘ $6,1 млрд құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыруға келісті 
12 Қазан 2020, 12:44
13 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2020, 18:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №81
09 Қазан 2020, 19:23
Заңға енгізілген түзетулер, электронды әмиянға әлеуметтік төлемдер және зейнетақы жинақтарын пайдалану — Еңбек министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын қалай жүзеге асыруда
09 Қазан 2020, 16:57
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ЕАЭО-ның бәсекеге қабілеттілігін нығайту бастамасын көтерді 
08 Қазан 2020, 19:06
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Ресейдің ірі компанияларының басшылығымен бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
08 Қазан 2020, 18:44
Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар шешім қабылдады
08 Қазан 2020, 18:42
Мемлекет басшысы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады
08 Қазан 2020, 17:44
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы №638 Қаулысы
08 Қазан 2020, 15:57
Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы кешенді бітімгершілік оқу-жаттығу жиынына қатысты
08 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы №641 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.