Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстанда Онкологиялық аурулармен күресудің 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспары іске асырылып жатыр — Б. Сапарбаев

Сәрсенбі, 16 Қазан 2019, 18:59:47

Нұр-Сұлтанда онкология көшбасшыларының Дүниежүзілік саммиті өтіп жатыр. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев саммит қатысушыларына арнайы сөзін арнады.

Елбасының арнайы сөзін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев оқып берді. 

«Барлық уақыттағы адамның ең басты құндылығы – денсаулығы. Қоршаған орта күйінің нашарлауы, қимыл-қозғалысы аз өмір салты, дұрыс тамақтанбау созымалы аурулардың, оның ішінде онкологиялық аурулардың да артуына әкелді. Қазақстан бұл жаһандық беталыстарға белсене үн қатуда», — делінген үндеу мәтінінде.

Еліміздің Тұңғыш Президенті 2018 жылы оның тапсырмасымен 2022 жылға дейінгі Онкологиялық аурулармен күрестің кешенді жоспары бекітілгенін атап өтті. Биыл Ұлттық онкология орталығының құрылысы басталды, онда обырды емдеу мен диганостикасының ең озық технологияларын енгізу жоспарланған. 

«Бірақ онкологиялық ауруларды, егер олар ертерек анықталатын болса, емдеу қиынға соқпайды. Бұл процестегі басты нәрсе – бірінші реттік медициналық-санитарлық көмек, тура бір жыл бұрын әлемнің 194 елі Бірінші реттік медициналық-санитарлық көмек бойынша Астана ДДСҰ Декларациясын бірауыздан қабылдады. Астана Декларациясы әлемдік қауымдастық көшбасшыларын медициналық қызметтермен жаппай қамтуға қол жеткізу және адамдардың денсаулығын сақтау үшін БМСК рөлін күшейтуге шақырды. Мықты бірінші реттік медициналық-санитарлық көмек көптеген аурулардың, оның ішінде обырдың да сапалы профилактикасын, ерте анықталуы мен тиімді емделуін қамтамасыз етеді», — делінген арнау сөзінде.

«Біздің еліміз үшін халықтың саулығы – тұрақты даму мен әл-ауқатының артуының басты негізі. Баршаңызға саммитке белсенді қатысқаныңыз үшін алғыс білдіремін, табыс пен жемісті еңбек тілеймін!», — деп түйіндеді Елбасы.

Өз кезегінде Бердібек Сапарбаев ел басшылығының тапсырмасымен Үкіметтің онкологиялық ауруларды азайту бойынша шаралар қабылдап жатқанын жеткізді. 

«Біз онкологиялық аурулардан өлім-жітімді азайту үшін шараларды барынша қабылдап жатырмыз. Тек өткен жылы бұл көрсеткіш 5%-ға төмендеді. Тиімді шаралардың бірі – диагностика және ерте анықтау. Бұл көрсеткіш соңғы кезде 26%-ға артты», — деді Б. Сапарбаев.

Вице-премьер Қазақстанда бұл мәселелермен арнайы ғылыми-зерттеу институты, Онкология орталығы мен еліміздің өңірлеріндегі 16 онкологиялық диспансер айналысатынын жеткізді. 

«Біз 2018-2022 жылдарға арналған Онкологиялық аурулармен күресудің Кешенді жоспарын жүзеге асырып жатырмыз, оның басты міндеті – бірінші кезекте профилактика, диагностика және онкологиялық көмек көрсетудің кіріктірілген моделін енгізу, кадрлар даярлау және қайта даярлау. Бұл жоспарды іске асыру үшін 35 млрд теңге бөлінген», — деді ол.

Кешенді жоспардың тағы бір маңызды пункті – халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Бүгінде Қазақстанда онкологиялық аурулармен байланысты денсаулық сақтау саласында АҚШ, Еуропа мен Азияның көптеген елдерімен байланыс орнатқан. 

«Онкологиялық аурулармен күрес белгілі бір елде немесе құрлықта ғана жүргізілмеуі тиіс, бұл – халықаралық проблема деп санаймыз. Егер әлем елдерінің барлығы бірлесіп жұмыс істейтін болса, онда онкологиялық аурулармен сырқаттану қатері азаяды. Сонда біз тиімді нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Бұл тұста мемлекет тарапынан ғана емес, онкологиялық науқастарға көмек пен қолдау көрсете алатын қаржылық мүмкіндіктері бар демеушілер тарапынан да қолдау қажет», — деп түйіндеді вице-премьер.

Онкологиядағы көшбасшылардың Дүниежүзілік саммитінің (WCLS) жұмысына әлемнің 70-тен астам елінен 350 делегат қатысуда. Шараға денсаулық сақтау министрлері, ақсүйек ханымдар, қалалар мен өнеркәсіптер көшбасшылары, аға басшылар және обыр ауруы мәселелері бойынша қауымдастықтардың басқа да ықпалды қатысушылары өздерінің UHC (United Health Сare – денсаулық сақтаумен жаппай қамту) жоспарына обыр ауруын енгізгенде елдердің бетпе-бет келетін негізгі проблемалары мен қол жеткізілген жетістіктерін талқылау үшін жиналды. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
25 Қазан 2020, 09:53
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №83
23 Қазан 2020, 18:49
Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс, мемлекеттік БАҚ-тарды біріктіру және ақпараттың қолжетімділігі мәселелері — Қазақстанда ақпарат жүйесінің дамуы
23 Қазан 2020, 18:34
Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады
23 Қазан 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезіне қатысты
23 Қазан 2020, 15:41
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
23 Қазан 2020, 15:02
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин және ЕО елшілері экономиканы қалпына келтірудегі ынтымақтастықты талқылады
22 Қазан 2020, 18:42
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысына қатысты
22 Қазан 2020, 18:20
Гүлмира Исаева ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
22 Қазан 2020, 17:24
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес ҚР экономикасын қалпына келтіру перспективасын қарастырды
22 Қазан 2020, 15:22
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанда электромобильдерді шығаруды дамыту жоспары туралы баяндалды
22 Қазан 2020, 14:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин кәсіпкерлік мәселесі бойынша Жобалық кеңсе отырысын өткізді
22 Қазан 2020, 12:03
Ауылдық медицина ұйымдарына жылжымалы медициналық кешендер табыс етілді
21 Қазан 2020, 19:12
Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бірінші отырысын өткізді
21 Қазан 2020, 17:27
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады
21 Қазан 2020, 17:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №673 Қаулысы
21 Қазан 2020, 17:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №667 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №666 Қаулысы
21 Қазан 2020, 15:45
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 13:06
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
21 Қазан 2020, 12:55
Азамат Әмрин ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 12:50
Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 11:47
Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуі
21 Қазан 2020, 09:56
Асқар Биахметов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Қазан 2020, 19:44
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
20 Қазан 2020, 14:51
Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасы мақұлданды 
20 Қазан 2020, 14:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин С. Чакрабартимен кездесу өткізді
20 Қазан 2020, 13:35
Медицина ұйымдарында жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қоры жасалған — А. Цой
20 Қазан 2020, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 20.10.2020
20 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №664 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №663 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №662 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:02
Биылғы 9 айда Қазақстанда вакциналау жоспары 100% орындалды — ҚР АШМ
20 Қазан 2020, 10:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №661 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №660 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:27
Отандық кәсіпорындар тәулігіне 900 мың маска шығарады — Б. Атамқұлов
20 Қазан 2020, 10:17
Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қарады
20 Қазан 2020, 10:02
Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады
19 Қазан 2020, 17:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді
19 Қазан 2020, 16:00
Мәдени мұра, салауатты өмір салтын ұстану, отандық киноны қолдау - Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай іске асырылуда
19 Қазан 2020, 12:42
20 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Қазан 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82
16 Қазан 2020, 19:47
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады
16 Қазан 2020, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қазандағы №642 Қаулысы
15 Қазан 2020, 17:36
Денсаулық сақтаудың дамуы және іскерлік белсенділіктің артуы — Алматының биыл 9 айдағы дамуына шолу
15 Қазан 2020, 15:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Hyundai автомобильдерін құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты
15 Қазан 2020, 13:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
14 Қазан 2020, 13:19
Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 19:12
Марат Күлдіков ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:43
Мереке Пішембаев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.