Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

2020 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялар 3,1%-ға өсті — Р. Дәленов

Сейсенбі, 11 Ақпан 2020, 11:31:16

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР 2020 жылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және республикалық бюджеттің орындалуы мәселелері қаралды. ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов, Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов баяндама жасады.

Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов атап өткендей, 2020 жылдың бірінші айының қорытындылары макроэкономикалық көрсеткіштердің оң қарқынын көрсетті.

«Қаңтарда ЖІӨ өсуі 3,6%-ға дейін жеделдеді. Ал өткен жылғы қаңтарда 2,9% болған. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 3,1%-ға өсті. Жылдық инфляция 5,6%-ды құрады. Бұл 4-6% нысаналы дәлізі шеңберінде», — деді министр.

Экономиканың барлық базалық салаларында оң нәтижеге қол жеткізілді. Құрылыс 12,5%-ға, байланыс – 9,8%-ға, сауда 5,2%-ға, өнеркәсіп – 4,1%-ға, көлік – 3,6%-ға және ауыл шаруашылығы – 2,6%-ға өсті.

Өнеркәсіп өндірісі 4,1%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібі (7,8%) кен өндіру өнеркәсібіне қарағанда (2,8%) озық қарқынмен өсуде. 7 өңірде өнеркәсіп 4,4%-дан 19,5% аралығында өсті.

Өңдеу өнеркәсібі қарқынды өсім көрсетуде. Өңдеудің өсуі 7,8%-ға дейін жоғарылады. 5 өңірде орташа республикалық деңгейден жоғары өсуі байқалды. Оның ішінде 3 өңірде 15%-дан 40%-ға дейінгі аралықта өсу тіркелді. Атап айтқанда, Қостанай облысы аса жоғары өсім көрсетті. Бұған машина жасау саласы оң ықпал етті. Атырау облысы 18,2% және Түркістан облысы 15,2% өсім көрсетті.

Өңірлердің көбінде инвестициялар өсуде. Жалпы алғанда, инвестициялардың өсуі 3,1%-ды құрады. 7 өңірде өсім 20%-дан 76% аралығында болды. Ең жоғары өсуді Шығыс Қазақстан облысы көрсетті – 1,8 есе деңгейінде.

Экономиканың базалық салалары арасында ең жоғары өсу құрылыс секторында байқалды, ол 12,5%-ды құрап отыр. Ең жоғары өсімді Түркістан облысы көрсетті – 80%. Бұл Түркістан қаласын облыс орталығы ретінде дамытудың белсенді жүргізіліп жатқанын көрсетеді. 5%-дан (нысаналы өсу) жоғары өсімге 6 өңір қол жеткізді. 

Қаңтарда 732 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Маңғыстау облысында ең көп тұрғын үй пайдалануға берілді.

Ауыл шаруашылығында өсім 2,6%-ды құрады, оның ішінде мал шаруашылығы өнімдерін өндіру 2,8%-ға өсті. Жалпы, ауыл шаруашылығы бойынша 5 өңір орташа республикалық мәннен жоғары өсуге қол жеткізді.

Экономиканың өсуін қамтамасыз етуде өңірлер үлесі төмендегідей. Қостанай облысында 6 көрсеткіштің 5-уі бойынша орташа республикалық деңгейден жоғары қарқын байқалды. Павлодар, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарында 5 көрсеткіш бойынша орташа республикалық қарқыннан жоғары өсу байқалды.

Р. Дәленов Мемлекет басшысы Үкіметтің жыл басында өткен кеңейтілген отырысында бірқатар тапсырмалар берген болатын. Осыған байланысты, Үкімет 2020 жылы қол жеткізілуі қажет нысаналы индикаторларды айқындады.

Осы жылы бірінші кезекке келесі міндеттер қойылды:

  • ЖІӨ өсуін 4,7-5%-ға дейін қамтамасыз ету. Бұл 0,2 пайыздық тармаққа жоғары;
  • негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін жалпы ішкі өнімнің 20%-ына дейін және шағын және орта бизнестің үлесін 30%-на дейін жеткізу;
  • шикізаттық емес экспорт көлемін $18,6 млрд дейін ұлғайту, яғни бұл $3,4 млрд артық;
  • 15 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру, бұл 1,9 млн м2 жоғары;
  • 430 мың жұмыс орнын құру;
  • халықтың нақты табысын 6%-ға арттыру.

«Үлкен міндеттер қойылған. Оларды орындауға барлық ресурстар жеткілікті. Бүгінде белсенді жұмыстар жүргізілуде», — деді түйіндеп Р. Дәленов.

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов мемлекеттік бюджеттің кірістері есептілік кезеңнің жоспарына қарағанда 104,8%-ға, оның ішінде республикалық – 86,8%-ға және жергілікті бюджеттер – 153%-ға орындалғанын жеткізді. Республикалық бюджеттің кірістері 331 млрд теңгені құрады. 

«Жергілікті бюджеттердің өз кірістері 75 млрд теңгеге артығымен орындалып, 217 млрд теңгені құрады. Асыра орындалу сомасының 68 млрд теңгесі салықтық түсімдерге келеді», — деді Ә. Смайылов. 

Кірістердің жоспары барлық өңірлерде артығымен орындалып отыр. Себебі, жылдың алғашқы айларына жергілікті бюджеттің кірістері төмен жоспарланған.

Сонымен бірге, орта және шағын бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығының жергілікті бюджеттерге түсуі де әсер етті. Есепті кезеңде бұл салық бойынша 27 млрд теңге түсті.

Ә. Смайылов мәлімдегендей, мемлекеттік бюджеттің шығыстары есепті кезеңде 1 трлн 50 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда олар 5,1%-ға өсті. Республикалық бюджет шығыстары 1 трлн 18 млрд теңгеге атқарылды немесе 94,3%-ға орындалды. Жергілікті бюджеттердің шығыстары 213 млрд теңгені құрады. 

Мемлекеттік сатып алу процедуралары және бюджеттің шығыстарының жұмсалу барысы бақылауда.

«Қаңтар айында 159 аудиторлық іс-шаралармен 96 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылды. Соның нәтижесінде 39 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тексеру кезінде атқарылған жұмыс, көрсетілген қызмет, тауарды жеткізіп берумен бюджетке қайтарумен, есепте көрсету және оны сәйкестендіру жолымен 33 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды», — деді Ә. Смайылов.

Есепті кезеңде жалпы сомасы 1 трлн 730 млрд теңгеге 396 мыңнан аса мемлекеттік сатып алу процедуралары камералдық бақылаумен қамтылды.

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі осы жылдың басты мақсаттары бюджеттің кірістері мен шығыстары бөліктерінің толықтай орындалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы пилоттық жобасын іске асыру, салық және кеден салаларындағы бизнес-процесстерді цифрландыру жұмысын жалғастыру, ағымдағы жылға арналған республикалық бюджеттің жобаларын қалыптастыру екеін атап өтті. 

Өз кезегінде Ұлттық банк төрағасының орынбасары А. Баймағамбетов осы жылдың қаңтар айында жылдық инфляция 5,6%-ды құрағанын хабарлады. Азық-түлік емес жылдық инфляция өткен айда акциздердің жоғарылауына байланысты бензиннің қымбаттауы есебінен 5%-бен салыстырғанда 5,2%-ды құрады.

«Азық-түлік инфляциясы өткен жылдың желтоқсан айындағы 9,6%-бен салыстырғанда жемістер мен көкөністерге, ет және ет өнімдеріне, нан-тоқаш өнімдері мен жармаларға, балыққа, майларға бағаның өсу қарқынының төмендеуі есебінен осы жылдың қаңтар айында 9,2%-ға дейін баяулады. Осылайша, өткен жылы белгіленген инфляцияға бұл өнімдер бағасының өсуінің қосқан үлесі біртіндеп төмендеп, 2020 жылы азық-түлік инфляцияның баяулауы күтілуде», — деді А. Баймағамбетов.

Осы жайдайда, биыл 3 ақпанда Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені және оның пайыздық дәлізін 9,25% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың азық-түлік нарықтарында бәсекелестікті арттыру және оңтайлы тарифтік саясат жүргізу жөнінде шараларды қабылдаған жағдайда базалық мөлшерлеменің ағымдағы деңгейі инфляция бойынша мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін болады. 

Ұлттық банк төрағасының орынбасары хабарлағандай, алдын ала мәліметтер бойынша, алтын-валюта резервтері биылғы қаңтар айында алтынмен жүргізілген операциялар мен оның бағасының артуы нәтижесінде 1,2%-ға $29,3 млрд-қа дейін өсті.

2019 жылдың желтоқсан айының соңында депозиттер көлемі бір айда 4%-ға артумен 19 трлн теңгені құрады. Ұлттық валютадағы салымдар 4,1%-ға, шетел валютасындағы салымдар 3,9%-ға өсті. Соның нәтижесінде депозиттердің долларландыру деңгейі алдыңғы жылғы желтоқсандағы 48,4%-бен салыстырғанда 2019 жылғы желтоқсанда 43,1%-ға дейін төмендеді.

«Теңгедегі салымдар бойынша мөлшерлемелер тартымды болып қала береді және шетелдік валютадағы 2%-бен салыстырғанда 14,5%-ға жетеді. 2019 жылдың желтоқсан айында экономикаға берілетін несиелер 13,9 трлн теңгеге дейін 1,4%-ға, оның ішінде бизнеске берілетін несиелер 1,2%-ға, халыққа берілетін несиелер 1,6%-ға артты», — деді А. Баймағамбетов.

 «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың 30 қаңтарындағы жағдай бойынша 173,4 млрд теңгеге 15 134 өтінім мақұлданды, оның ішінде 146,8 млрд теңгеге 12 777 қарыз берілді.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
27 Қыркүйек 2020, 17:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен Татарстан Президенті Р. Минниханов үш автомобиль жасау жобасын бастап берді
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
15 Қыркүйек 2020, 10:27
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жыл соңына дейін 6%-дан аспайды — ҚР СИМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.