Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Соңғы 7 жылда транзиттік жолаушылар ағымы 45 есе көбейді — ҚР ИИДМ

Дүйсенбі, 07 Қазан 2019, 13:15:03

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында елімізде азаматтық авиацияның дамуы туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, «Самұрық-Қазына» АҚ көлік және логистика жөніндегі басқарушы директоры Қ. Алпысбаев, ҚР энергетика министрі Қ. Бозымбаев, «Эйр Астана» АҚ президенті П. Фостер баяндама жасады. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов өз баяндамасында атап өткендей, азаматтық авиация саласы бүгінгі күні басым бағыттардың бірі. 

«Азаматтық авиациядағы негізгі көрсеткіштер динамикасы өсімді көрсетеді. Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша қызмет көрсетілген жолаушылар саны 6,3%-ға өсті, 5,6 млн жолаушы тасымалданды, бұл өткен жылдың ұқсас көрсеткішінен 1,8%-ға артық. Соңғы 7 жылда транзиттік жолаушылар ағыны 45 есеге артты. Біз ағымдағы жылы бұл көрсеткішті 1 млн транзиттік жолаушыға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз», — деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі. 

Жалпы елімізде 59 авиакомпания жұмыс істейді. 9 қазақстандық авиакомпанияның Еуропалық Одақ елдеріне ұшуға рұқсаты бар. Ішкі нарықта 8 қазақстандық авиакомпания 54 маршрут бойынша ұшуды орындайды. Әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде 893 әуе кемесі тіркелген.

Бүгінгі күні ИКАО стандарттарына сәйкес ұшу қауіпсіздігі деңгейі бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында 74% көрсеткішпен II-ші орынды иеленеді, әуежайлардың қауіпсіздік деңгейі 83%-ды құрайды. Қазақстанның авиациялық қауіпсіздік саласындағы жетістіктері ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде ИКАО Кеңесінің марапатымен атап өтілді.

Жалпы әуе кемелері паркінің өсуі және жаңаруы, сондай-ақ ұшу қарқынының ұлғаюы байқалады.

Ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап мемлекет 100% қатысатын «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамы жұмыс істей бастады. Осы ұйымның негізгі функциялары – авиакомпаниялар мен әуе кемелерін техникалық бақылау және қадағалау, ИКАО стандарттарына сәйкес персоналды оқыту. 

Енді Қазақстанға ұшу қауіпсіздігінің еуропалық стандарттарын енгізу бойынша техникалық қолдауды Британдық агенттіктің жетекші еуропалық сарапшылары көрсететін болады.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей, азаматтық авиация саласындағы проблемалық мәселелердің бірі — авиабилет құнының жоғары болуы, ол өз кезегінде әуе тасымалдарына баға белгілеу, авиаотын және жолаушылар ағынының деңгейі сияқты факторлармен байланысты. 

«Қазіргі уақытта авиабилет құны негізінен баға белгілеудің нарықтық және динамикалық механизмі (бәсекелестік, сұраныс, маусымдық, мереке және демалыс күндері) негізінде қалыптасады. Мемлекет тікелей реттемейді және тек авиакомпаниялар үшін бәсекеге қабілетті жағдайлар жасайды. Бәсекенің арқасында ғана біз авиабилет құнын төмендетеміз. Мемлекет өз кезегінде нарыққа тиісті қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруы тиіс. Сондықтан осы проблеманы шешу үшін Министрлік бірқатар шаралар қабылдауда», — деді сала басшысы.

Оның ішінде — ішкі бағыттар бойынша қазақстандық авиакомпаниялардың тұрақты жолаушылар рейстерін орындауына барлық шектеулерді алып тастау, алғашқы ұлттық лоукостер Fly Arystan-ды іске қосу, тікелей өндірушіден соңғы тұтынушыға дейін авиаотынды жеткізу тізбегін оңтайландыру, Нұр-Сұлтан қаласында «ашық аспан» режимін енгізу, барлық шетелдік авиакомпанияларға жетекші қаржы орталықтарына ұшуды орындау үшін бесінші әуе еркіндігін ұсыну, әуежайларда әуе кемелері мен жолаушыларға қызмет көрсетудің әлемдік стандарттарын енгізу, транзиттік жолаушылар ағынын ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізу.

Сонымен қатар Б. Атамқұлов азаматтық авиация саласы үшін отандық білікті кадрларды даярлау туралы айтып берді. Оның айтуынша, елімізде жалғыз оқу орны — Азаматтық авиация академиясы бар, оның қабырғасында жыл сайын 400-ден астам маман даярланып шығады. Жоғары білікті кадрларды даярлау мақсатында Министрлік Азаматтық авиация академиясын дамыту жоспарын әзірлеуде.

«2020 жылы біз сала бойынша барлық қолданыстағы оқу орындарын шоғырландырып, еуропалық стандарттарға сәйкес келетін азаматтық авиация саласындағы оқу орталығын құрамыз», — деді Б. Атамқұлов.

2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» жаңа мемлекеттік бағдарламасының жобасында азаматтық авиация саласын одан әрі дамытудың барлық шаралары мен механизмдері көзделген.

«Самұрық-Қазына» қорының басқаруындағы әуе компанияларының даму жоспарлары туралы толығырақ «Самұрық-Қазына» АҚ логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры Қ. Алпысбаев айтып берді.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның авиация саласында екі әуе компаниясы бар: Fly Arystan және Qazaq Air бөлімшелерімен «Эйр Астана» компаниясы. 2019 жыл соңында әуе кемелерінің паркі 41 бірлікті құрайды. Қызметкерлерінің жалпы саны 5,7 мың адамнан асады», — деді Қ. Алпысбаев.

Компаниялар 78 бағыт бойынша жолаушылар тасымалдайды. Оның ішінде 44 халықаралық, 34 ішкі бағыт бар. 

Қ. Алпысбаев атап өткендей, ҚР Үкіметінің тапсырмасы аясында қор компаниялармен бірлесіп тұрғындардың мобильділігін арттыру және қолжетімді бағаны белгілеу арқылы әуе тасымалының қолжетімділігін көтеру бойынша жұмыстар жүргізуде. 

«Биыл жыл соңына қарай Қор лоукостердің тасымалдау сыйымдылығы мен әуе кемелері паркін екі есеге арттыру жоспарланған, бұл ең төменгі тарифтер бойынша 100 мыңнан астам билетті қосымша сатуды ашуға мүмкіндік береді», — деп ақпараттандырды Қ. Алпысбаев. 

2020 жылы Қор компанияларының ұщақтар паркі 47 бірлікке дейін артады, оның ішінде Fly Arystan әуе кемелерінің паркін 10 бірлікке дейін ұлғайтады. Ұшақтар паркінің өсуін ескерумен 2020 жылы тасымалдау сыйымдылықтарының өсімі (шекті жолаушылар-шақырым) ішкі бағыттар бойынша 63%-ды, халықаралық бағыттар бойынша 14%-ды құрайтын болады. 

«Эйр Астана» АҚ президенті П. Фостер компанияның дамуы туралы айтып берді. 

«Қазақстанда әуе саяхаттарының ішкі нарығы 2010 жылы толық реттеусіздендірілді. Содан бері біз ең ырықты режимді қамтамасыз еттік. Мысалы, тек бір ғана бағыт «Алматы – Нұр-Сұлтан» бағытын алайық. Біз бүгінгі таңда осы бағыт бойынша жұмыс істейтін бес әуе желісін көріп отырмыз. Салыстыру үшін, «Лондон – Париж» бағыты бойынша – 3, «Франкфурт – Берлин» бағыты бойынша – 2, тіпті, «Вашингтон – Нью-Йорк» бағыты бойынша 3 әуе желісі ұшады. Сондықтан біздің ырықты режим 2010 жылы реттеусіздендірілген соң қалыптасты. Бұл жұмыстардың нәтижелерін бес әуе желісінің арасындағы айырмашылықты аңғарған соң көруге болады», — деді П. Фостер.

Энергетика министрі Қ. Бозымбаев авиациялық отын өндірісі және оның бағасы туралы баяндады. Ағымдағы жылы аяқталған қазақстандық МӨЗ-ді жаңғыртудың арқасында авиация отыны өндірісінің көлемі 2018 жылдың өндірісімен салыстырғанда 694 мың тоннаға дейін немесе 1,8 есе ұлғайды, авиакеросиннің импорт үлесі тұтынуда 2018 жылы 60%-дан 2019 жылы 4%-ға дейін төмендейді, қалғаны 30%-ға өсті.

«Авиаотын өндірісінің көлемі ішкі нарықтың қажеттіліктерін отандық МӨЗ-дің есебінен толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Қажет болған жағдайда өндіру көлемін жылына 850 мың тоннаға дейін арттыру мүмкін. Осыған байланысты, Энергетика министрлігі авиаотын нарығында жағдайдың тұрақты екенін және тапшылықтың жоқ екенін атап өтті», — деді энергетика министрі. 

Қазақстандық МӨЗ-де авиакеросинге көтерме баға тоннасына 578 USD/тоннасына 621 USD/тоннаға дейін құрайды, бұл ретте импорттық авиаотынға баға тоннасына 672 USD/тоннасына 700 USD/тоннаға дейін құрайды.

2018 жылдың желтоқсанынан бастап ҚР МӨЗ-інде авиаотынға көтерме сауда бағасының төмендеуі тоннасына 65 USD құрағанын атап өту керек.

Қ. Бозымбаевтың айтуынша, авиаотынға баға сұраныс пен ұсыныс негізінде нарықпен реттеледі. Бұл ретте Қазақстанның ішкі нарығындағы авиаотынға баға Ресейде өндірілетін керосин бағасына өлшемдес және нарықтық болмысын көрсетеді. 

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы А. Есімов, өз кезегінде, барлық тиісті органдар азаматтық авиация мәселелерін бірлесіп шешуге тиіс екенін атап өтті.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
05 Маусым 2020, 20:17
Тарихи ескерткіштер, спортшыларды даярлау және туризм индустриясы — Қазақстанда мәдениет пен спорт қалай дамуда
05 Маусым 2020, 19:09
Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізді
05 Маусым 2020, 17:29
Аты аңызға айналған Алматының апортын жаңғырту: кәсіпкерлерді қолдау және алма бақтарын ұлғайту қалай жүргізілуде
05 Маусым 2020, 16:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 03 маусымдағы №346 Қаулысы
05 Маусым 2020, 16:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 03 маусымдағы №344 Қаулысы
05 Маусым 2020, 16:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 02 маусымдағы №342 Қаулысы
05 Маусым 2020, 12:53
Айдын Ашуев ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды
04 Маусым 2020, 17:21
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді
04 Маусым 2020, 17:16
Қашықтан оқыту, 1 сыныпқа онлайн қабылдау, Абай атындағы мектептер желісін құру — былтырғы оқу жылындағы жаңашылдықтар қандай
04 Маусым 2020, 15:42
Қазақстан Президенті Ұлттық қауіпсіздік комитеті алқасының кеңейтілген отырысын өткізді
04 Маусым 2020, 13:00
А. Мамин: инвестициялар тарту — экономикалық өсімді қалпына келтірудің негізгі драйверлерінің бірі 
04 Маусым 2020, 12:15
Ерлан Байтұқбаев ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды
04 Маусым 2020, 10:15
Бірқатар өңірлердің әкімдіктеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына бақылауды күшейту тапсырылды
04 Маусым 2020, 08:55
Серік Шәпкенов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
04 Маусым 2020, 08:41
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
03 Маусым 2020, 21:56
2020 жылғы 4 айдағы АӨК қорытындысы: қуаттылығын арттыру, дақылдар алқабын ұлғайту және цифрландыру
03 Маусым 2020, 21:34
Жаңа кәсіпорындар, жолдар салу, баспанамен қамтамасыз ету — Қазақстанда өнеркәсіп саласының дамуы
03 Маусым 2020, 19:15
Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед әл-Джабермен кездесті
03 Маусым 2020, 19:00
Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
03 Маусым 2020, 18:24
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовты қабылдады
03 Маусым 2020, 16:24
Ақмәди Сарбасов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
02 Маусым 2020, 18:22
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
02 Маусым 2020, 18:19
Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
02 Маусым 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
02 Маусым 2020, 12:23
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.06.2020
02 Маусым 2020, 11:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №338 Қаулысы
02 Маусым 2020, 11:13
Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады — ҚР БҒМ
02 Маусым 2020, 10:40
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1 млн 220 мың адамды қамту жоспарланған - ЕХӘҚМ
02 Маусым 2020, 10:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин санитарлық талаптарды сақтай отырып, ҰБТ-ны сапалы өткізуді тапсырды 
02 Маусым 2020, 10:19
Халықты жұмыспен қамту бірінші кезектегі мәселе — А. Мамин  
01 Маусым 2020, 19:33
Қаржыландыруды және жергілікті қамтуды ұлғайту: Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
01 Маусым 2020, 18:57
Қазақстанда туристік нысандар жұмысының алгоритмі әзірленді
01 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
01 Маусым 2020, 17:03
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында қызыл су салдарынан орын алған техногенді төтенше жағдай туралы депутаттық сауал
01 Маусым 2020, 11:27
2 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
30 Мамыр 2020, 12:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63
30 Мамыр 2020, 09:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 17:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.