Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 120%-ға орындалды — Е. Жамаубаев

Сейсенбі, 11 Тамыз 2020, 09:53:03

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 айдағы мемлекеттік бюджетінің атқарылуы туралы баяндады.

Биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 4 трлн 468 млрд теңге сомасында кіріс түсті немесе жоспар 94,7%-ға орындалды. Республикалық бюджетке 2 трлн 714 млрд теңге сомасында кіріс түсті немесе жоспар 83,3%-ға орындалды.

Кірістер бойынша жоспардың атқарылмауы 544 млрд теңгені құрады. Негізгі атқарылмау сомалары қосылған құн салығы және корпоративтік табыс салығына тиесілі болды.

Корпоративтік табыс салығының атқарылмауына келесі факторлар әсер етті:

  • негізгі экспорттық позициялар бойынша бағаның орта есеппен 16,1%-ға құлдырауы, бұл тау-кен секторындағы ірі салық төлеушілерден түсетін түсімдердің 120 млрд теңгеге азаюына әкеп соқтырды;
  • 830 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлемдер сомасының өткен жылдың 7 айымен салыстырғанда 184,3 млрд теңгеге төмендеуі;
  • екінші деңгейлі банктерден түсетін түсімдердің 30 млрд теңгеге азаюы.

Қосылған құн салығы бойынша жоспардың негізгі атқарылмау себептері:

  • 2019 жылдан бастап едәуір ауыспалы дебеттік қалдықтың болуына байланысты өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қосылған құн салығын қайтарудың 84,4%-ға немесе 218,3 млрд теңгеге өсуі;
  • «Электрондық шот-фактуралар» АЖ деректері бойынша сату айналымдарының 12,4%-ға азаюы. Негізгі төмендеу тау-кен өнеркәсібі саласына тиесілі, онда айналымдар 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 34,4%-ға немесе 3,5 трлн теңгеге төмендеген;
  • карантин режимі енгізілуіне байланысты іскерлік белсенділіктің төмендеуі шамамен 19,3 мың салық төлеуші төлемдерін 187 млрд теңгеге төмендетті;
  • Қазақстан Республикасының үшінші елдермен тауар айналымы 9,1%-ға, оның ішінде маусым айында 23,6%-ға төмендеуі және Қытай Халық Республикасынан тауарлар импорттайтын көлік құралдарының саны 16,7%-ға төмендеуі.

Жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 120%-ға атқарылды және 1 трлн 754 млрд теңгені құрады. Жоспар 294 млрд теңгеге асыра орындалды. Оның ішінде салықтар бойынша — 277 млрд теңге. Барлық өңірлерде кірістер жоспарлары асыра орындалды.

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,6%-ға, республикалық бюджеттің шығыстары 99,1%-ға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,5%-ға атқарылды.

Республикалық бюджеттің шығыстары 8 трлн 136 млрд теңгені құрады. 74 млрд теңгеге атқарылмаған. Оның ішінде үнемдеу – 13 млрд теңге, игерілмегені – 61 млрд теңге.

«Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді, шарттарды жасау рәсімдерін ұзақ өткізу, орындалған жұмыстар актілерін ұсынбау, карантиндік шектеулерге байланысты тауарларды жеткізбеу, нақты көрсетілген қызметтер көлеміне, орындалған жұмыс үшін төлеу», — деді министр.

Жергілікті бюджеттердің шығыстары 4 трлн 172 млрд теңгені құрады. 62 млрд теңгеге атқарылмаған.

Биыл өңірлерге сомасы 2,3 трлн теңгеге нысаналы трансферттер көзделген. Алдын ала деректер бойынша 1 тамызға оларға 1,1 трлн теңге бөлінді. Оның ішінде 98,3%-ы игерілген. Атқарылмағаны – 19 млрд теңге. Оның ішінде үнемдеу – 4 млрд теңге, игерілмегені – 15 млрд теңге.

Өткен 7 айда камералдық бақылаумен сомасы 7,5 трлн теңгеге 1 млн-нан аса мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды. Тексеру қорытындылары бойынша сомасы 647 млрд теңгеге бұзушылықтар ескертілді.

933 аудиторлық іс-шара өткізілді. Аудитпен 543 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылды. Сомасы 168 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Тауарлар жеткізілімін қалпына келтіру, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есеп бойынша көрсету жолымен 161,5 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды. Аудит объектілері қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 834 ұсыным берілді. Оның ішінде 691-і атқарылды.

2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспары 93%-ға орындалды. 2020 жылы 70 объектіні сату жоспарланып отыр. Оның ішінде 40-ғы сатылымға шығарылды. Есепті кезеңде сомасы 88,4 млрд теңгеге 6 объект сатылды. Сауда-саттықта 34 объект тұр. 4 объект қайта ұйымдастыруға және таратуға бағытталған. 26 объект жыл соңына дейін сатылымға қойылатын болады.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың айтуынша, өткен кезеңнің корытындысы ел экономикасы дамуына сыртқы факторлардың кері әсерін тигізгенін көрсетіп отыр. 

«Осы кері әсерді азайту және экономиканың ары қарай өсу қарқынын қалпына келтіру үшін қабылданған бағдарламаларды және дағдарысқа қарсы кешенді жоспардың шеңберіндегі іс-шараларды сапалы және уақытылы орындау қажет», — деді Ә. Смайылов.

Сонымен қатар ол осы мақсатта барлық тиісті қаражаттың бөлінгенін жеткізді.   

Жалпы алғанда, биылғы жылдың нақтыланған республикалық бюджеттің шығыстары 14,2 трлн тенгені құрайды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда ол 19%-ға көп. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары мұның дағдарысқа қарсы контрфискалдық саясат екенін атап айтты. 

«Осы қаражатты жыл соңына дейін толығымен тиімді игерілуін қамтамасыз ету керек. Министрліктер және жергілікті атқарушы органдар инвестиция тарту жөнінде Үкімет алдында міндеттеме алды. Инвестиция көлемін ағымдағы жағдайға сәйкес жақын арада қайта қарап, жаңадан бекіттік. Осы жұмыс әріптестерімнің ерекше бақылауында болу керек», — деп түйіндеді Ә. Смайылов.


 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
20 Қазан 2020, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 20.10.2020
20 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №664 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №663 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №662 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:02
Биылғы 9 айда Қазақстанда вакциналау жоспары 100% орындалды — ҚР АШМ
20 Қазан 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №660 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:27
Отандық кәсіпорындар тәулігіне 900 мың маска шығарады — Б. Атамқұлов
20 Қазан 2020, 10:17
Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қарады
20 Қазан 2020, 10:02
Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады
19 Қазан 2020, 17:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді
19 Қазан 2020, 12:42
20 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Қазан 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82
16 Қазан 2020, 19:47
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады
16 Қазан 2020, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қазандағы №642 Қаулысы
15 Қазан 2020, 17:36
Денсаулық сақтаудың дамуы және іскерлік белсенділіктің артуы — Алматының биыл 9 айдағы дамуына шолу
15 Қазан 2020, 15:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Hyundai автомобильдерін құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты
15 Қазан 2020, 13:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
14 Қазан 2020, 13:19
Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 19:12
Марат Күлдіков ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:43
Мереке Пішембаев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:37
Ибрагим Күлшімбаев ҚР төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 17:02
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
13 Қазан 2020, 13:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 13.10.2020
13 Қазан 2020, 13:14
Болжамды нақтылаудың негізгі міндеті дәрігерлерге материалдық қолдау көрсету және СOVID-19 бойынша алдын алу шараларын қабылдау болды — Ә. Смайылов
13 Қазан 2020, 13:01
Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 16,6%-ға өсті — Б. Атамқұлов
13 Қазан 2020, 11:35
Мемлекеттік бюджет шығыстары 99,5%-ға атқарылды — Қаржы министрлігі
13 Қазан 2020, 11:13
Ұлттық банк қаржылық қызметтерді алу үшін қашықтан биометриялық сәйкестендіру сервисін іске қосты
13 Қазан 2020, 10:22
Биыл 9 айда Қазақстанда денсаулық сақтауға салынған инвестиция 85,7%-ға артты — ҚР ҰЭМ
13 Қазан 2020, 09:49
Биылғы қыркүйекте нақты сектордың өсуімен қатар қызмет көрсету саласында белсенділік қалпына келе бастады — А. Мамин
12 Қазан 2020, 17:03
Өрт қауіпсіздігін сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу — Ю. Ильин ТЖМ жұмысы туралы айтып берді
12 Қазан 2020, 16:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №648 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №647 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №643 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:34
А. Маминнің Әбу-Даби қаласына сапары: ҚР мен БАӘ $6,1 млрд құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыруға келісті 
12 Қазан 2020, 12:44
13 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қазан 2020, 18:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №81
09 Қазан 2020, 19:23
Заңға енгізілген түзетулер, электронды әмиянға әлеуметтік төлемдер және зейнетақы жинақтарын пайдалану — Еңбек министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын қалай жүзеге асыруда
09 Қазан 2020, 16:57
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ЕАЭО-ның бәсекеге қабілеттілігін нығайту бастамасын көтерді 
08 Қазан 2020, 19:06
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Ресейдің ірі компанияларының басшылығымен бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
08 Қазан 2020, 18:44
Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар шешім қабылдады
08 Қазан 2020, 18:42
Мемлекет басшысы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады
08 Қазан 2020, 17:44
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы №638 Қаулысы
08 Қазан 2020, 15:57
Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы кешенді бітімгершілік оқу-жаттығу жиынына қатысты
08 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы №641 Қаулысы
08 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы №633 Қаулысы
08 Қазан 2020, 10:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы №636 Қаулысы
07 Қазан 2020, 23:04
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен келіссөз жүргізді
07 Қазан 2020, 16:10
Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық жөнінде кеңес өткізді
07 Қазан 2020, 14:11
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте сөйлеген сөзі
07 Қазан 2020, 10:53
ҚР Ұлттық ұланының кейбір мәселелеріне қатысты депутаттық сауал
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.